Лондонның құпиясы

2014 жылғы қаңтар айының соңында Лондонға барып, үш ай ағылшын тілін тереңірек оқудың сәті түсті. Бұған дейін де әлемнің бірнеше ірі қаласында болып көргендіктен, үлкен шаһар маған аса таңсық емес еді. Бірақ мені: «Неге елдің бәрі Лондонға ғашық? Неге бәрі Лондонға көшкісі келеді?» деген сұрақтар мазалайтын. 

Бұл сұрақты Лондондағы байлар мен шенеуніктің балаларына қойса-ңыз, тұшымды жауап ала алмас едіңіз деп ойлаймын. Себебі, олар қаланың өмірі бітпейтін қырғын қы-зығын айтар еді. Адамды есінен тан-дыратын қызықтар әлемнің барлық қаласында бар. Сонда да бәрі Лондонға ынтық. Неге?!
...Қалаға жетіп, пәтерге орналасқан соң да осы сауал мені қаттырақ мазалай бастады. Себебі Лондон – сұп-сұр жайсыз қала боп көрінді. Жаңбыр жиі жауады. Күн сайын азанда ауарайын ойлап, уайымдап тұрғаның. Далаға не киіп шығарыңды білмей мазаң қашады. Үйден шыққанда аспан ашылып, күн жарқырап, адамды алдайды. Үйден ұзамай жатып, көкті бұлт қаптап, көше қуалай суық жел соға бастайды. Кей кезде орта жолдан кері қайтып, қалың киінуге тура келеді. Бір күнде аспаны бірнеше рет ашылып, бірнеше рет жаңбырлатып, артынша қайта тынышталып тұра берді. Одан да жаманы, ешкім үйінде жылу жүйесін толығымен қолданбайды. Орталық жылу жүйесі деген жоқ. Әр пәтерде жекелеген газ пеші. Оның өзін қожайын сағатпен ғана қосып, тез өшіріп, реттеп отырады. Киіміңді әзер кептіріп үлгересің. Себебі газ бен свет өте қымбат. Барынша үнем-деу үшін өте сергек жүреді. Ыстық суды да үнемдеу үшін душқа ұзағы-нан жиі шайына алмайды. Қысқасы, менің мазам одан сайын қашып, Лондонның рақатын көре алмай, езіле түстім.
Дегенмен уақыт өткен сайын, Лондонның сыры ақырындап ашыла бастады. Менің тобыма Мария есімді жас орыс келіншегі қосылды. Бірден тіл табысып кеттік. Алдын ала айта кетейін, ол жақтағы орыстарды ТМД аумағындағы этникалық орыстармен салыстыра алмайсыз. Олар осында келгелі талай нәрсеге көзі ашылған. Ресейдегі проблеманың түпкі себеп-терін жақсы біледі. Мариямен әңгіме барысында өзімнің ылғал мен суық-тан ығыр болып, қиналған жағдайым-ды айттым. Ол да мені басында қош-тап, қосылып отырды. Кенет кілт тоқтады да, өзінің Британияға келгені жайлы айта бастады. Ол: «Түсінесің бе, біз бұның алдында Москвада тұрдық. Күйеуім ағылшынға сауатты еді. Сауда саласын айналдырған. Ісі алға басқан соң келісіммен Лондонда тұрып жұмыс жасауға тура келді. Сосын мен де келдім. Екі жылдан бері пәтер жалдап тұрамыз. Өте қымбат. Тек қана свет пен газға бес жүз доллардан асыра төлеп жатамыз. Суды барынша беталды ағызбауға жанымды салам. Күйеуім тіпті телефоным артық қосылып қалса да ренжиді. Москвадағы тұрмысымыз бұл жақпен салыстырғанда әлдеқай-да жақсы еді. Жоғары жалақы, жылы пәтер, арзан тамақ дегендей. Бірақ мен енді ол жаққа өлсем де бармас едім. Душқа аптасында бір рет ша-йынып, түнде екі көрпе қабаттап жа-мылып жатсам да Лондоннан кетпей-мін, - деді.
– Неге?
– Себебі Москвада үрейленіп, күні-түні сақтанып жүруден шаршадым. Үйге сәл кеш оралсам, подъезге дейін жалғыз бара алмай, күйеуіме телефон соғамын. «Володя, далаға шық. Мені күтіп ал. Есік алдында күдікті кісілер тұр». Ол жүгіріп далаға шығады. Мен сырттан келген сайын осылай. Ресейдің жүйесінен мезі болғаным сонша, Москвадағы миллиондар маршына да қатыстым. Одан да түк шыққан жоқ. Қысқасы, мен өзімді осында келгелі ғана адам сияқты сезіне бастадым. Қала толған камера. Ешкімге күтіп ал деп жалынбаймын. Қалаған мезгілде қаланы аралап жүре беремін. Енді, міне, ағылшынды терең меңгеру үшін курсқа жазылдым. Бар ақшамды күйеуім төледі. Тіл білмесең, жақсы жұмыс та жоқ. Қысқасы, мен Лондонға ғашықпын, - деді.
Марияның әңгімесі маған да ой салды. Расында да, қаланы камера-мен торлап тастаған. Кез келген күдікті кісіні бір орталықтан бақылап отырады. Артық қимылын байқаса, сол мезетте ұстап алады. Егер жүріс-тұрысың жақсы болса, бірде-бір полиция сені тоқтатып тексермейді. Өзіңмен бірге құжат алып жүрмейсің.
Топта Украинадан келген Аня есімді қыз оқыды. Ол Запорожьеде мединститут бітірген. Бірақ соңғы бір жылда Лондонда қалу үшін бар күшін салды. Оның да үйленгелі жүрген жігіті – Лондонда тұратын Москваның орысы. «Отанға оралу» деген ой олар үшін өте қорқынышты. Аня: «Украинада қалсам, дәрігерге екі жүз доллардан артық жалақы төлемейді. Осынша біліммен кедейшіліктен көз ашпайтын болсам, жеті жыл несіне оқыдым?!» - деп таусылатын. Ол ол ма, орта жолда Украинада топалаң басталды. Олар Ресей БАҚ-тары тарататын ақпаратты көрмейді де, оқымайды да. Сондықтан Украина-ның неден күйреп жатқанын жақсы біледі. Егер оның визасы бітіп, еліне қайтатын болса, Лондонға қайта келуі неғайбыл еді. Тіпті заңды күйеуіне жете алмай қалу қаупі туды. Киевтегі үкіметтің бар-жоғы күмәнді қалыпқа түсті. Украин қызы жатпай-тұрмай бес ай оқып, ақыры керек деңгейді алды. «Емтиханнан өттің» деген хабар жет-кенде, қуаныштан жүрегі жарылып кетуге аз ақ қалды. Енді ол Лондонда дәрігер боп жұмысқа тұра алады. Оның ең төменгі жалақысы бес мың доллардан басталмақ. Аня: «Ата-анама көмектесіп тұра аламын» - деп қуанып тұрды.
Тағы бір топтасым – саудиялық Сағд есімді 40-тар шамасындағы жігіт болды. Ол жаны жайсаң, жомарт еді. Шылқыған бай. Елдің бәрін шай-кофемен жарылқап, көңілді жүреді. Ол темекі де тартатын. Шарап, сыра іше беретін. Саудиядан келсе де, Лондон тәртібін кәдімгідей меңгеріп алған. Өзгелердің діні, тілі, мәдениеті туралы жағымсыз пікір айтпайтын. Оның қалауынша қыдырып, сабаққа кешігіп келіп, қыздармен сыраханада сыра ішіп отырғанына қарап ешкім ол жайлы жаман ойламайтын. Себебі ол да үкіметтің бақылауынан ығыр болған кәдімгі адам еді. Үкіметтің зорлап таңған діні оған сол күйі сіңбеген. Ол Лондонға келгелі бірінші рет өзге де халықтармен, басқа да тілдер мен мәдениеттермен қоян-қолтық араласып, әлемді танып-біліп жатты. Сондықтан болар, Сағд әр елден келген қыз-келіншекті (курста жігіттер өте аз) мейрамханаға шақы-рып, әңгіме айтқанды жақсы көретін. Лондонның сан алуан өмірі оған сөзсіз ұнады.
Енді осы арада Ислам туралы да сөз қозғай кетудің жөні кеп тұр. Курс-қа Парижде тұратын Муғаз есімді бербер жігіт келді. Түрі мен діні араб-тікі демесең, ана тілі француз. Ағыл-шыншасы нашар, баяу сөйлейді. Өзі ақша жинап, екі апта тіл оқуға келіпті. Анығы – Лондонды бір көріп кетуге келген. Сол жігіт кітапханада отырған-да:
– Сіз қай елденсіз? - деді. Мен:
– Қазақстан, - дедім.
– Мұсылмансыз ба?
– Иә
– Ой, қандай жақсы болды. Мен бұл курста мұсымандар неге жоқ деп жүр едім. – Ол өзінен өзі дін жайлы әңгімені тарқатып әкетті.
– Францияда бізді ата-анамыз қатаң бақылайды. Араб тілін білме-сек те, Құраннан бірнеше сүре жатқа айтамыз. Құран болмаса, біздің басымыз бірікпес еді. Адам ретінде де дамымас едік, - деп қалтасынан кішкентай Құранды шығарып көрсет-ті. Мен оның діншілдігін ұға баста-дым. Ол бес жасында Францияға кө-шіп келген. Мектепті де, университет-ті де французша оқыған. Парижден жұмыс тауып алған. Өзіне жетерлік жалақысы бар. Францияның еркін қоғамындағы қызыл-жасыл қызықтар оған таңсық емес. Сондықтан, олар керісінше дінге берік болады. Муғаз:
– Мен өткен аптада жұма намазына жалғыз бардым. Алдағы жұмада Лондонның ең үлкен мешіті-не барып, жұма намазын оқып қайт-сақ, қалай қарайсыз? - деді. Мен ке-лістім. Жұма күні мені есік алдында асыға күтіп тұр екен. Метроның кар-тасын алдық та аттанып кеттік. Ол жолда келе жатып:
– Шіркін, мұндағы мұсылмандар неткен бақытты еді. Қарашы, қаншама мұсылман қыз ниқап, хид-жап киіп алып кетіп барады. Ешкім оларға тиіспейді. Егер мен ағылшын-ды меңгеріп алсам, Парижде бір күн тұрмас едім, - деді.
Бұл сөз маған қызық естілді.
– Елдің бәрі Парижді аузының суы құрып мақтайды ғой. Лондонның Парижден несі артық? - дедім.
– Лондон – әлем жұртының то-ғысқан жері. Бұл жерде бәріне орын бар. Бәріне бірдей тең дәрежеде құр-мет көрсетіледі. Францияда астыртын дискриминация бар. Олар бізді жақ-тырмайды. Жұмысқа өздерін ғана алуға тырысады. Дініңді бақылап, күдіктеніп, итіңді шығарады. Париж-де біршама тәуір. Онша тиіспейді. Бірақ басқа кішірек қаласына барсаң қысымға тап боласың. Олар бізді тек террорист деп қабылдайды, - деді.
Жарты сағат өтпей, орталық ме-шіт орналасқан Уайт Чапл стансасы-на келіп жеттік. Метродан тысқа шық-қан мезетте Лондон маған басқа қы-рын ашты. Қалада тек мұсылманша киінген қарақұрым халық. Ислам әлемінің барлық елінен келген мо-мындар толып жүр. Көшенің екі бе-тінде Ислам мәдениетіне қатысты киімдер мен бұйымдар сататын дү-кендер. Ислам туралы кітаптарда есеп жоқ. Біз мешітке жақын қалған-да Муғаз:
– Ана азаншының мұнарасын көрдің бе? - деді.
– Иә, көріп тұрмын.
– Ол бәрінен биік тұр. Қала әкімшілігі мешіттің маңайына одан биік ғимарат салуға рұқсат етпейді. Азанның даусын бөгейсіңдер, мұсыл-мандардың құқығы тапталады деп тыйым салған, - деді.
Мешітті барынша сапалы сал-ған. Мін таппайсың. Жұма намаздың парызы өз тәртібімен оқылды. Одан кейінгі сүннет амалдарын әркім өз білгенінше оқып жатты. Біреу пары-зын өтей сала шығып кетті. Енді бірі сүннет оқуға кірісті. Енді біреулер тәспі тартып жатты. Бірақ бірде-бір адам оларға келіп: – Бауырым, сенікі дұрыс емес. Сен сапта былай отыр. Намазды алай оқы, - деп түртпектеп жатқан жоқ. Исламның ең басты ере-желерін бұзбаса болды. Қалғандарын өз елінде үйренген тәртіп бойынша жасай береді.
Тысқа шыққан соң жұмаға жиналған қалың жұрт жаппай тамақтанып жатты. Бұл жерде «Мұсылман мұсылманға бауыр» дегенді барынша ұстануға тырысып жатыр. Бір-бірінің көңіліне қарап, барынша екі жаққа да тиімді сауда жасағысы келеді. Мейлінше арзандатып береді. Қаланың арзан жерлерінің бірі деуге болады. Сол маңайда мұсылмандарға арнап бірнеше мектеп те салып берген. Хиджап киген қыздар барынша дін талабына бейімделген мектеп формасын киіп, сабақтарына кетіп бара жатты. Әрине, ондағы халықтың арасында жергілікті ағылшындар да бар. Олар бейне-бір Англияда емес, Ислам елінде туып-өскен адамдар-дай, мұсылмандармен емін-еркін араласып-құраласып, әзілдесіп, шаруаларын жасап жатты.
Осындай оқиғалар барысында Лондонның артықшылықтары айқын-дала түсті. Курстағы ұстаздар: – Егер тілді дамытқыларың келсе, қалада баратын тегін жерлер өте көп. Бүкіл музей тегін. Билет сұрамайды. Кір де аралап жүре бер. Қаласаңдар сотқа қатысып, болмаса шіркеуге барып уағыз тыңдауға да болады. Не болмаса, осы маңайдағы жоғарғы оқу орындарына барып, тегін лекция тыңдауға болады, - деді. Оқу орындарының «Public seminars», яғни студенттерден бөлек кез келген адам қатыса алатын тегін дәрістері болады екен. Біз оқып жатқан Холборн ауданына атақты екі оқу орны тиіп тұрды. Бірі – Азия-Африка елдерінің тілі мен тарихын оқытатын SOAS университеті, екіншісі – атақты Лондон экономикалық LSE мектебі. Мен бірінші SOAS-қа бардым. Жүрексіне ішке кіріп, вахтадағы кезекші әйелге неге келгенімді айттым. Ол:
– Иә, әлбетте. Тек мына жерге аты-жөніңізді және уақытты жазып, қол қоя салыңыз, - деді. Мен солай жасадым да, артынан қобалжып тұр-дым. Менде құжат жоқ-тын. Әдетте, аты-жөніңді құжат бойынша тексеріп растау керек қой. Бірақ ол ештеме сұрамады. Қолыма тілдей қағаз берді де:
– G51 деген аудиторияға барып жайғаса беріңіз, - деді. Мен барып жайғастым. Лекция басталып, оқы-лып жатты. Мен болсам: «Қызық екен. Құжат сұрамайтын болса, несіне атыңды жаздырады? Ол жерге бөтен адамның да атын жазып кіріп кетсе, кім біліп жатыр?» - деп ойлап отырдым.
Мұндағы лекциялар да кейде қызық, кейде ішіңді пыстырып жібе-реді. Ең бастысы, сіз өзіңіз қалаған тақырыпқа қатысып, біліміңізді жетілдіре аласыз. Ал LSE-ге барғанда тіптен қызық болды. Есік алдында қызметші жастар тұр екен. Олар:
– Сіз қай лекцияға келдіңіз? - деді. Мен айттым.
– Төменге түсіп, оң жаққа бұрылсаңыз, сол жерде сіздің сабақ. Барып жайғаса беріңіз, - деді де өткізіп жіберді. Ішке кіріп, елмен бірге лекция тыңдап отырдым. Қазақстанда «жолда милиция тексеріп қалса, проблема болып жүрмесін» деп 99 құжатты тәулік бойы арқалап жүретін мен үшін мына сенім жүйесі өте қызық боп көрінді. Олар құжат та сұрамайды, секем де алмайды, күдіктенбейді де. Мен оның себебін ешкімнен сұрағаным жоқ. Бұл меніңше, «адамға сену» деген мәдениеттен шыққан сияқты. «Сіз білім қуған адамсыз. Сізден жаманшылық шықпайды. Біз сізге сенеміз» деген көзқарас. Адамға сенбей, одан күдіктеніп, тұла бойын тінтіп, сөмкесін ақтарудың адамға жағымсыз сезім қалыптастыратынын есепке алады. Мен бұл жерде талай рет тегін лекция тыңдап, ойларымды кеңітіп, тілімді дамыта алдым. Лондонның осындай нығметтерін көрген соң менің де ойым оңға қарай ойыса берді.
Біздің курсқа Холборн ауданы-ның кішігірім кітапханасы тиіп тұрды. Мен лекция жоқ күндері кеш батқан-ша сонда кітап оқып жаттықтым. Мұнда да қызық. «Кімсің? Қайдан-сың? Құжатың кәне?» - дейтін адам жоқ. Есік ашық. Кір де қалаған кіта-быңды алып оқи бер. Таба алмасаң, қызметші тауып береді. Мен бір күні оқығым келген кітапты ол жерден таба алмадым. Болмағасын сатып алдым. Қызметшіге келіп: «Кешіріңіз, мен өз кітабымды алып кіріп оқысам бола ма?» - дедім.
– Әлбетте, әкеп оқи беріңіз, - де-ді.
Солай жасадым. Кешкісін өз кітабымды сөмкеге салып шығып кеттім. Ешкім мені тоқтатып: – Тоқта. Дорбаңды аш. Мынау не кітап? Қайдан алдың? Мөрін көрсет, - деген жоқ. Қазақстандық ойларым тағы шырмады. Кітапханадан олардың кітабын алып кетсем не болады? Бұларды тонап тауыспай ма? Қымбат кітаптарын алып кетсе, кім біліп жатыр?
Бұл жерде де сенім. «Кітапхана-да жаман пиғылды адам болмайды» деген пікірге сүйенген. Осы сенім адамға адалдық сыйлайтын сияқты. Тіпті оларға барып: «Маған сенгенде-ріңіз үшін сіздерге шексіз ризамын!» - деп айтқың да келеді.
Әдетте, көп адам: «Ағылшындар суық, салқынқанды, эмоциясын біл-дірмейді. Ішің пысып кетеді» деп айтады. Бір қарағанда солай сияқты көрінеді. Курстың өзінің тәртібі бар. Яғни қозғауға болмайтын, тыйым салынған тақырыптар бекітілген. Көбі жеке басқа қатысты. Басында таныс-тық ресми басталады. Бәрі сіз-біз десіп жүріп тұрады. Бірақ олар да кәдімгі адам. Кейде жалығады. Он-дай кезде ереже, қағиданы жиысты-рып тастап, өздерінің күнделікті өмірі туралы баяндап, ағынан ақтарылады. Ондай кезде ешкім де: «Оны несіне айтып отырсыз? Сабақ өтейік те? Ақшаны не үшін төледік?» - деп айтпайды. Адамның ашылып сөйле-сетін кезі – ең рақатты кез. Қарап отырып: «Адам баласы барлық жер-де бірдей екен-ау» деген ойға бата-сыз. Олар да бақытты өмір сүргісі ке-леді. Олар да бала-шағасын сағынып, оларды жиі көргісі келеді. Олар да біреуден көңіл дәметіп, сыйластыққа зәру болып тұрады. Керек десеңіз, олар да лотореядан миллион ұтқысы кеп армандап күліп отырады.
Жөн білетін бір кісі: «Лондон-ның ішкі өмірін білгің келсе, күнде-лікті газет-журналдарын оқып отыр. Сонда ғана олармен сөйлескенде ор-тақ тақырып тез табылады», - деген еді. Кейбір газет тегін таратылады. Күн құрғатпай алып оқи бастадым. Бір күні баспасөздер: «Лондонның Хитроу әуежайында он шақты британдық әйел Сирияға соғысқа бара жатқан жерінен ұсталды. Бұл не деген сұмдық? Дереу мына мәселені қолға алу керек» деп шулай жөнелді. Мен: «Англияның қыздары ақымақ екен. Сирияға соғысқа аттанғаны несі?» - деп таңғалдым. Артынша, олардың суреттері жарияланды. Суретте мұсылманша киінген араб қыздары. Бірақ олар бәрі де – Лондонда туып-өскен, сол елдің азаматтары. Бірде-бір журналист: «Міне, көрдіңдер ғой. Исламшылар тағы да бүлдіріп жатыр. Бұл Ислам-ның пәлен тармағы. Түген шейхтан білім алған» деп жазбайды. Тек қана «Британ азаматтары» дейді, сонымен бітті. Оның соңынан жұмсақ үндеу-лер жарық көрді. Онда: «Құрметті британдық мұсылман бауырлар. Қыздарыңызға сақ болыңыздар. Теріс ниетті адамдар олардың басын айналдырып, соғысқа тартып жатыр. Жамағаттарыңдағы ішкі уағызды қа-дағалаңдар. Бұл олардың өмірі» де-ген сыңайда жазып жатты. Яғни ашық айқасқа шақыратын, не болмаса жаппай мұсылманды жерге тығып жіберетін риторика қолданылған жоқ.
Сауатты, көзі ашық мұсылман ғалымдар да баспасөз бетінде христиандарға өтініш-наздарын жазып жатты. Бір күні «Лондонның руханиятын көтеру керек» деген сыңайдағы мақаланы көзім шалды. Авторы – мұсылман. Ол Лондонның христиандарына қаратып: «Құрметті лондондық христиан бауырлар, сіздер мына қаладағы шіркеулерді қолға алыңыздар. Қазір қаладағы барлық мешітте Ислам діні дамып жатыр. Келушілер көбейген үстіне көбейе түсуде. Сіздердің шіркеулерде келуші азайып барады. Уағызға баратындардың жартысы туристер. Бұл жақсы құбылыс емес. Мен барлық діннің өкілдерімен арала-сып, тату тұрғым келеді», - деп жазды.
Әлбетте, әлемде бар барлық мәселе Лондонда да жетіп жатыр. Үйдің қымбаттауы, балаларды қорлау, қыздарды зорлау, ұйымдас-қан қылмыстық топтар, көшеде адам қағып кету, пәтер тонау, қаржылық махинациялар, тағысын тағы, кете береді. Тиісті органдар олармен тоқтаусыз айқасып жатыр. Одан бөлек надандықтан туындайтын қылмыс түрлерімен де жан-жақты күрес бір сәтке де тоқтамайды. Елді жаппай cауаттандыратын неше түрлі жобалар үздіксіз жүріп жатыр. Осын-шама мәселесі толып жатса да, бар-лық ел Лондонға ынтық.
Лондондағы ең соңғы күні мені әуежайға шығарып салған батыс-африкалық таксист те осы ойымды нықтады. Ол: «Әрине, Лондонда бәрі қымбат. Күн көру қиын. Осы жұмыс-тың өзін әзер тауып, тірлік етіп жүр-мін. Бірақ бәрібір мен үшін Лондон – жердегі жәннат. Бұл қала болмаған-да, менің бала-шағам ешқашан да бақытты болмас еді. Бір ұлым мен бір қызымды осында оқытып, маман етіп алдым. Олар жақсы жұмысқа тұрып жатыр. Құдай қаласа, алдым жарық. Келгелі бізді ешкім «Сен қарасың» деп, бетімнен қағып көрген емес. Еңбегіме сай жалақымды алып, тұр-мысымды түзеп келем. Құдайдың Лондонға назары түзу болсын» - деді. Мен көңілімдегі «Жұрт неге Лондонға ғашық?» деген сұраққа осылайша жауап таптым.

Санжар КЕРІМБАЙ,
Алматы-Лондон-Алматы

Қаралым саны 2190

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463