"Менің арманым, ойым - Қазақстанның мәңгілік болуы!"

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы тамыз айының соңында Ұлытау өңірінде берген сұхбаты Қазақстан бойынша кең талқыланып жатыр. Президенттің, әсіресе, ел тарихы, саяси жағдайы туралы пікірлерін «DANAkaz» оқырмандарына да ықшамдап ұсынуды жөн көрдік.

...Кеңес одағы кезінде барлық теміржол Ресейге қарай салынды. Ал көлденең жүретін, елді бір-бірімен қатыстыратын жол салынған жоқ. Ол Кеңес одағының да, Ресейдің де ешқандай жоспарына кірмеді. Қазақстанды ешкім ойламады. Енді, міне, еліміздің экономикасы ілгері-леп, 500 миллиард теңге ақша бөлі-нетін жағдайға жеткеннен кейін осындай 1200 шақырымдық темір-жол салынып отыр. Бұл – айта сал-ғанға өте оңай. Ал маңызына келсек, алдағы 50-100 жылда пайдаланатын игілігіміз.
...Мына өзіміз келіп отырған Ұлытау – өте қасиетті жер. Ұлытау деп аталуының өзінің тарихи мәні бар. Қазақтың ен даласының қай шетіне барсаң да, осындай қасиетті жерлер табылады. Шығысқа барсаң – Берел қорғаны бар, Орталыққа келсең – қалмақтармен соғысқан Аңырақай шайқасы өткен жер бар. Батысқа барсаң – Алтын Орданың хандары тұрған Сарайшық сияқты қасиетті мекен бар, Оңтүстікке барсаң – Түркістан тұр. Қазақстанда осындай қасиетті жерлер көп. Дегенмен Ұлытаудың орны бір басқа. Біздің жастарымыз оны біле бермейді. Біз өз тарихымызды жаңадан игеріп, біліп жатқан елміз. Қазақтың тарихы өте бай. Оны білуіміз керек, қолға алып та жүрміз. Тарих жылы деген жылды жарияладық. Дүние жүзінен – Қытайдан, Ираннан қазақ тарихының жазба жәдігерлерін жинадық. Қазақтың көп дүниелері атадан балаға ауызекі түрде беріліп келген.

Біздің елдігіміз, қазақ жұртының арғы түбі ғұндардан басталады. Ғұн-дардан кейін көк түріктерге жалғасады. Одан кейін Алтын Орда орныға-ды. Сөйтіп, хандық дәуірге ұласып, кейін біртіндеп Тәуелсіздікке келіп тіреледі. Осындай үлкен тарихымыз бар. Жастарымыз мұны білуі керек. Біз кеше ғана пайда бола қалған халық емеспіз. Бұл – жаңағы айтқан ғұндардың да, көк түріктердің де, Алтын Орданың да орталығы болған жер. Өзінің тұрған жері – Қазақстан-ның кіндік ортасы. Мұнда тұрған тау – аумағы 200 шақырым қырат-қырат таулар. Ең биігі – Әулиеата деп ата-лады. 1100 метр. Одан ағып жатқан, мына біз маңында отырған бұлақ Әулиебұлақ деп аталады. Осының бәрін ата-бабамыз бекер атамаған ғой. Жаздың күні осы жерді жайлаған қазақ малын Ұлытаудың етегіне ай-дап келеді. Батыстан да, Оңтүстіктен де, Солтүстіктен де, Шығыстан да ағылады. Мына таудан бұлақ ағады, төңірегі жайылымға қолайлы. Мың-даған, миллиондаған мал жатса да көрінбейтін шүйгін дала болған. Бар қазақ жан-жақтан келген соң киіз үй тігеді, ат шаптырып, той жасайды. Осы жерде қыз ұзатады, баласын үйлендіреді. Бір-бірімен құда болып тарасады. Мына елдің қызы былай кетеді, ана елдің жігіті мына жақтан қыз алады. Еліміз осылай араласады. Қазақтың кең даласында диалект сөздің жоқтығы содан деп ойлаймын. Батыс Қазақстанды, Атырау облысы мен Шығыс Қазақстанды, Оңтүстікті алып қарасақ, барлық әдет-ғұрпы-мыз, баланың тууы, қыз ұзату, үйлену тойы, сүндет тойы, өлгендерді жер-леу салты бір-бірімен үндес. Мысалы, Қытайдың солтүстігі мен оңтүстігінің, батысы мен шығысының арасы бізде-гі сияқты 3 мың шақырым болса да, Пекиннің адамы оңтүстіктің тілін тү-сінбейді. Бізде олай емес.

Ұлытаудың қасиеті осындай. Кең байтақ жерде қазіргідей ұшақ, темір-жол, автокөлік жоқ. Бір-біріне барып көмектескенше не заман? Әрқайсы-сы өзін өзі сақтап қалу керек болды. Сондай замандар өткен. Мысалы, Отан деген үлкен ұғым. Отанды қор-ғау дегенде, әрине, адам баласы ал-дымен өзінің шаңырағын ойлайды. Әкеңді, шешеңді, бауырларыңды, балаларыңды, немерелеріңді ойлай-сың. Сол жүрекпен, сол тілекпен Отаныңды қорғайсың. Сондықтан тарихыңды білген жөн болады. Тари-хын білмеген ұлттың болашағы да бұлыңғыр. Мысалы, керемет үлкен еменнің тамыры терең болмаса, ол дауылға шыдап тұра алмайды. Сондықтан тарихымызды таныту үшін қазір көп нәрсе жасап жатырмыз. Сондай тарихтың куәгері – Ұлытау. Оны білуіміз керек.
Кезінде мен астана болатын жер іздегенде Ұлытауды көрейін деп әдейі келдім. Қазақ жерінің нағыз орта тұсы екені рас. Бірақ қазіргі заман талабы-мен қарасақ, бұл жерде не жол, не су, не әуежай жоқ – ешнәрсе де жоқ. Бұл жерге қыруар қаражат керек болар еді. Бәрібір елдің ордасына лайықты жер емес-ті. Бірақ қасиетті мекен ре-тінде бағалана береді. Міне, теміржол, басқа да жолдар салынып жатыр. Келешекте туризм орталығы болып, халқымыз келіп тәу ететін қастерлі жер болып қала береді. Мұнда Жошы ханның ордасы болған деп те айтады. Жошының қазасын естірткен кезде «Ақсақ құлан» деген күй шыққан. Бұл мекеннің осындай кереметтерін тани білуіміз керек.

...Біз, жалпы, діннен де, тілден де айырыла жаздаған елміз. Кеңес одағы кезінде тікелей орыстандыру саясаты жүргізілді. Қазақтың тілі бір шоғыр қазақтардың тілі болып қалды. Ол қайда шығады? Кімге керек болады? Қазақтың шекарасынан асып шықсаң, бұл тілдің керегі бар ма, жоқ па? Бір жағынан алып қарағанда оның жөні бар. Біз еліміз үшін, жұртымыз үшін тарихымызды, мәдениетімізді, сана-мызды, ғұрпымызды өзіміздің тіліміз арқылы ғана жеткізе аламыз. Қазақ-тың кейбір сөз оралымдарын, Абай-дың сөз өрнегін басқа тілге, мәселен, орысшаға, ағылшыншаға аударып көрші. Ол мүмкін емес. Себебі тілдің өз қасиеті бар. Сондықтан тіл жоғала-тын болса, сол қасиет те жоғалады. Сол сияқты біз тәуелсіздік жылдарын-да дінімізге қайта оралып жатырмыз. Қарап отырсаң, қазақ ешқашан діні-нен айырылып көрген емес. Ешқандай уақыт үзілісі болмағандай, дінімен қайта қауышты да, әрі қарай жалғас-тырып жүре берді. Бұрынғыдай қо-рықпай, жасқанбай, дінге бас иіп, Құдайға құлшылық етіп, мешіттер салып жатырмыз. Қаншама азамат-тарды – білімді, дінді насихаттайтын молдаларды дайындап келеміз. Осы-ның барлығы дұрыс қой, дініміз де, дәстүріміз де қазаққа керек, әрине. Дегенмен, тек біздің дініміз ғана дұ-рыс екен деп жүрген басқа елдердің жағдайы мүшкіл болды. Мысалы, бір мұсылманның ішінен сүннит пен шиит болып бөлініп, қан төгіп жатқан халықтар қаншама? Бір діннің ішінде өзара ұғыспай, ағымдармен келіспей, соғысып жатқан католиктер қанша-ма? Сондықтан біз абайлауымыз ке-рек. Біздің дініміз керемет, басқа дін-дердің керегі жоқ демеген жөн. Біз-дің дініміз – өзіміздің дініміз. Бірақ басқаны да үйренуіміз, білуіміз, сый-лауымыз, құрметтеуіміз қажет. Сонда мұсылманның діні де құрметтелетін болады. Дінге бас ұрып жүріп, біз оның теріс жағына түсіп кетпеуіміз керек. Бізге зиян келтіретін дін ағым-дары бар. Қан төгіп, соғыспен, дінмен мемлекет орнатып, мемлекеттік дін жасаймыз деп жүргендер бар. Баяғы Мұхаммед пайғамбардың сахабала-ры тұсындағы, Әбубәкір, Омар, Осман, Әлидің кезіндегі халифатты қайтадан орнатамыз деген ұмтылыс жаулап алу ниетінен туған болатын. Біз бұдан ажырап, дінді шынайы имандылыққа жақындатып, оның жақсы жағын алуымыз керек. Құран-ның қасиетті үкімдерін орындау үшін кемтарларға көмектесу, бір-бірімізге жанымыз ашу, бауырмал болу, үлкен-ді сыйлау, баланы тәрбиелеп өсіру, Отанды, елді қорғау, бірлікке шақыру арқылы дінді өркендеткен жөн. Сон-да діннің мемлекетке зор пайдасы, үлкен қамқорлығы болады. Ол елдің басын біріктіреді. Міне, осындай исламды құрметтеуіміз керек.
...Мемлекеттік тілдің қолданы-луы, оның өркендеуі үшін барлық жағдай жасалды. Конституцияға «Мемлекеттік тіл – қазақ тілі» деп тайға таңба басқандай етіп жазылды. Солай ғой? Ешкімге қазақ тілінде сөй-леме деп, кедергі жасап отырған бір адам жоқ. Өзіміз қазақша сөйлеуіміз керек. Қандай мінбеден қазақша сөй-лесең де, ешкім «тәйт, былай тұр» деп айтпайды. Қанша адам отырса да, соларға арналған аудармасын беріп, қазақ тілінде сөйлеуге болады. Біз тілімізді құрметтей білуіміз керек. Ешкімге анау сөйтпеді деп уәж айту-дың жөні жоқ.

Мен бәрін білемін, біздің жазу-шыларымыз, мәдениет өкілдері «Біздің тіліміз жетімдік көріп келеді, тәуелсіздіктің жиырма жылы ішінде байғұс тіліміз жетімдіктен шықпай жүр» деп айта береді. «Бақытсыз-бын» деген адам бақытсыз болады. «Бақыттымын» деп жүрсе, бақытты болады. «Тіліміз бар» деп жүрсе, тіліміз бар болады, «тіліміз жоқ» деп жүрсе, тіліміз жоқ болады. Қай-қай-дағыны, ақырзаманды басқа орнат-пай, Тіл туралы заңды қолданып, өзі-мізбен өзіміз қазақша сөйлесуіміз керек. Тілді қолданып, батыл сөй-леуіміз керек. Тілдің майын тамызып сөйлеп, басқа жұртқа үлгі көрсетуіміз керек. Әйтпесе, жыл сайын 100 мың-нан астам бала мектеп бітіреді, со-ның 80 пайызға жуығы қазақ тілінде оқыған. Қазір орыстыкі болсын, бас-қаныкі болсын, барлық мектептерде қазақ тілін оқыту міндетті болып са-налады. Қай мектепке барсаңыз да, 6-7 сыныптағы қай баланы кездестір-сеңіз де, ол қазақша, орысша, ағыл-шынша сөйлеп тұрады. Міне, біздің тілге деген қамқорлығымыз осы. Мүмкін, жұрт «біздің Президентіміз неге қазақша сайрамайды, ылғи да біраз сөйлеп келіп, орысшаға ауысып кетеді» деп ойлайтын шығар. Мен мұның бәрін білемін.

Біз тәуелсіздік жариялағанда Қазақстандағы қазақтың саны 40 па-йыз болатын. 40 пайыз! Басқалар «Сендер азсыңдар мына мемлекетте, қайдағы тәуелсіздік сендерге?» деп айтпайтын ба еді? Дегенмен елге соның бәрін түсіндіріп, күресе жүріп, біз тәуелсіздік жарияладық. Қазір, міне, қазақтың саны 65 пайызға жет-ті. Қазақстан халқының саны сол кез-дегіден азайып, біразы көшіп кетті ғой. Ресейге көшті, еврейлер көшті, немістер көшті, анау көшті, мынау көшті... Осы тұста халық 13-14 мил-лионға жуық болған еді. Қазір 4 мил-лиондай халық қосылып, 17 мил-лионнан астық. Тіпті Кеңес одағы ке-зіндегіден де көбейіп барамыз. Құдайға шүкір, жыл сайын халқымыз-дың саны артуда. Оның ішінде қазақ-тың саны көбеюде.
...Сондықтан мен бұл жерде де сабырлылық керек деп ойлаймын. Болашақ біздің қолымызда. Болашақ бізге бетін бұрып тұр. ...Қазір өз тағ-дырын Қазақстанмен байланыстыра-тын адамның бәрі баласына қазақ тілін үйретіп жатыр. Ал енді тарихын, болашағын қазақпен бірге деп сана-майтындар бәрібір кетеді. Оған біз тыйым сала алмаймыз, салып та отырған жоқпыз.

...Біреулер «Ресей бізді қайтадан басып алатын болды» деп қорқақтай-ды. Олай емес. Қазақстан, Ресей және Беларусь елдері жиналып, үш Президент мәселе қараған кезде, біреуі қарсы болса, ешқандай шешім қабылданбайды. Консенсус деген сол. Егер екеуінің шешімі жақпайтын болса, мен қарсы болам, мәселе ше-шілмейді. Сондықтан бәрінің құқығы бірдей. Әдейі сөйттік.

...Егер де бұл жағдаймен келіс-пейтін болса, Қазақстанның ол эко-номикалық одақтан шығып кетуге құқы бар. Мен бір рет айттым, тағы қайталап айтам, тәуелсіздікке нұқсан келтіретін болса, ондай ұйымдарда Қазақстан ешуақытта болмайды. Біз-дің ең жоғары бағалайтын байлығы-мыз – Тәуелсіздік. Ата-бабамыздың қанымен, терімен келген тәуелсіздікті біз ешкімге бере алмаймыз. Оны қа-сық қанымыз қалғанша қорғауымыз керек. Сондықтан бұл жөнінен еш-қандай күдік болмасын. Үйде отырып алып, дастарқан үстінде «ойбай, сөй-тіп кетті, бүйтіп кетті, анау сөйтті» дейтін түк білмейтін дилетант адам-дардың сөздеріне құлақ қоюдың жөні жоқ. Қандай аргумент бар, мы-салға келтіріңдерші маған? Қай жер-де не болып жатыр екен? Қазақ бол-сын, орыс болсын, барлық іскер адамдармен сөйлессең, бәрі мұның пайдалы екенін айтады.

...Сондықтан Қазақстанның бо-лашағы жарқын деп санаймын. Се-бебі біз ешбір елге тиісіп көрген ха-лық емеспіз. Ешбір елге жау емеспіз. Төңірегіміздің ешқайсысы да бізге жау емес. Бізге сырттан келіп тиісейін деп тұрған ешкім жоқ. Дегенмен қан-дай жағдайда да өз қауіпсіздігімізді ойлап, Қарулы Күштерімізді сайлап, іші-сыртымызды, етек-жеңімізді жиып, сақ отыруымыз керек. Осылай төңірегіміз бейбіт, өзіміз бейбіт, іші-міз бүтін, бірлігіміз берік болса, ұтыл-маймыз. Қазақтың бірлігі – мына көп-ұлтты халықтың бірлігі. Біз бірте-бірте жарқын болашаққа жетеміз деп санаймын.

Менің арманым, ойым – Қазақстанның мәңгілік болуы. Сондықтан Мәңгілік Ел деген идеяны ұсындым. Мәңгілік ел болу үшін бә-рін жасап жатырмыз. ...Менің арма-ным, ойым осы. Лайым, солай бол-сын! Қазақстанның болашағы өте жарқын! Біздің балаларымыз бен немерелеріміз бұдан да керемет елде өмір сүреді деп ойлаймын.

www.akorda.kz
сайтынан алынды

Қаралым саны 4318

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463