Ақбалшықтағы қос құлпытас

БҚО, Жаңақала ауданындағы Бірлік ауылынан аудан орталығына баратын жолда Ақбалшық ауылы бар. Бесқасқа Байсейіт Құмарғали ақсақал Қайыржанов: «Менің әкемнің зираты жанында үш құлпытас бар еді, оқып берші» деп өтінгесін, Ақбалшық ауылының құбыла бетіндегі көне қауымға бардық. Мұндағы үш құлпытас та арабша жазылған екен. Біреуінің жазуы дұрыс көрінбеді, өше бастаған. Екіншісінің жоғарғы жағында: «1877» деген сандар ойып жазылған.

1 қатарда: Чиркач руғы (шеркеш руы)
2 қатарда: Жауғашты тайфесінің
3 қатарда: Ниязбек Жалпұқ ұғлы
4 қатарда: офат 46-інчі иәшінде
5 қатарда: 28-інчі сәуірде
6 қатарда: (оқылмады)
7 қатарда: (тасты) қойды ұғлы Дәулет, Ғалимардан деген жазулар бар.
Бұл тас екі адамға қойылған екен. Сол замандағы ең озық үлгіде жасалған, бай адамдардікі екені көрініп тұр. Тасты ойып емес, жазуын сыртқа шығарып, бедерлеп жазған. Яғни хан, сұлтандардың құлпытастарындағыдай хұснихат.
Екінші жағында:
1 қатарда: Чиркач руғының
2 қатарда: Ниязбек Жалпұқ
3 қатарда: ұғлының бәйбішесі
4 қатарда: Бәтимә Ақсарқызы
5 қатарда: офат 32-інчі иәшінде
6 қатарда: 1869-інчі иылде
7 қатарда: 25-інчі хамал йулдыз-
8 қатарда: нде. ...

Үшінші құлпытаста: (Адай деген жазу басылған тастың үстіңгі жағы сынып, қайтадан цементпен жапсырыпты.)
1 қатарда: Адай
2 қатарда: руғының
3 қатарда: Тәзіке та-
4 қатарда: (та)йфесінің Та-
5 қатарда: (Та)йкын баласы
6 қатарда: Сұлтан
7 қатарда: (адайдың жебе таңбасы)
Осы құлпытастың қыбла жақ бетінде: “Офат болды 51 йашында 1887 илде. Қойды ағасы Болат мырза”.
Осы ескерткіштерге қарағанда, бұл өңірді 1870 жылдың шамасында қалмақ та емес, орыс пен хохол да емес, өзіміздің қазақтар мекендеген.

Оқыған: Мұратбек қажы ЖАХАТОВ,
Жаңақала аудандық мешітінің имамы,
Батыс Қазақстан

Қаралым саны 1482

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463