Алтай Көлгіновтің Орал қаласына әкім болғанына екі жылға жуықтады. «Болашақты» бітіріп, ел үшін еңбек етіп жүрген азаматты Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып жүргенде-ақ журналымыздың осы айдарына сұхбатқа шақырғанда: «Әр адам өзін сөзбен емес, іспен танытқаны жөн, әлі ауыз толтырып айтар іс қылған жоқпын» деп бас тартқан еді. Қала әкімі қызметіне ауысқан кезде де осы ұстанымда болған. Жақында тағы да ұсыныс жасап, келістік. Міне, Орал қаласының әкімімен адам әрі маман ретінде жақынырақ таныс болыңыз.
– Сіз «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде білім алдыңыз. Ол жақтағы білім сапасын қалай бағалай-сыз? Бүгінгі күні және болашақта ше-телде оқитын жастарға уақытын ұқыпты, мүмкіндігінше мазмұнды өткізіп, керегін молырақ алу үшін қандай кеңес айтар едіңіз?
– Елбасымыздың тікелей бастама-сымен ашылған «Болашақ» бағдарла-масы еліміздің жастарына зор мүмкін-дік ашты. Олар әлемнің үздік оқу орын-дарында білім алып, өз саласы бойын-ша білікті маман болып оралады. Олар миллиондардың арманы болған әлем-нің ең таңдаулы оқу орындарында бі-лім алуға қол жеткізуде. Біздің ел жастары үздік оқу орындарында білім алып қана қоймай, көптеген елдің білімді жастарымен тәжірибе алмасып, дүние-таным көкжиегі кеңейе түседі.
«Болашақтықтар» деп «Болашақ» бағдарламасымен білім алғандарды ғана емес, сонымен қатар еліміздің соңғы технологияларын игерген, үш тілді еркін меңгерген, қоғамда белсен-ді, өз тарихы мен салт-дәстүрін сый-лайтын кезкелген Қазақстанның жас азаматын атауымыз керек.
– Сіз қазір Орал қаласының әкімі-сіз. Қазақстан батыс қақпасында тұр-ған шаһарда шешімін таппаған әлеу-меттік мәселелер бар ма? Сіз әкім бо-лып тағайындалған кезде бірінші ке-зекте қандай мәселелерге көңіл бөл-діңіз?
– Қаламыздың ең басты «бас ау-руы» – жол, тозығы жеткен инженерлік инфрақұрылымдар мен әлеуметтік ны-сандар, апатты үйлер, қала тазалығы, аулаларды абаттандыру мәселелері. Бұл үнемі жасалуы тиіс шаруа, бұрын да атқарылған, алда да талай іс жасал-мақ. Қала – тірі ағза ғой. Жыл сайын ір-гесі кеңіп, шағын аудандар бой көтере-ді, тыңнан жол салу, коммуналдық желілер тарту қажеттігі пайда болады. Бұрыннан келе жатқан инженерлік инфрақұрылымдар пайдалану мерзімі аяқталып, тозығы жете бастайды. 2013-2014 жылдары бюджет қаржысы мен мемлекеттік кәсіпорындардың өз күші-мен қаладағы жылу желілерінің 31 ша-қырымы, «Батыс су арнасы» ЖШС-на қарасты 15 шақырымға жуық су құбы-ры, 7 шақырымдай кәріз жүйесі ауыс-тырылды. Бір қарағанда, ауыз толтырып айтарлықтай дүние. Бірақ, жалпы жағ-дайды сараптап, пайызға салып жібер-сек, екі жылда жылу желілерінің тозы-ғы жету көрсеткіші 56,1-ден 52,7%-ге, яғни 3,4 пайызға ғана төмендеген. Су желілерінің тозығы жету көрсеткіші 69,4%-дан 66,6%-ға, кәріз желілері 69%-дан 67,8%-ға азайған.
Бұдан нені аңғарамыз? Жоғарыда атап өткен күрделі проблемаларды тү-бегейлі шешу үшін қомақты қаржы, қар-қынды құрылыс қажет. Жөндеу, жаң-ғырту, жаңарту жұмыстары олардың ескіру, тозу үрдістерінің алдын орап, екі-үш есе жылдамдықпен жүруі тиіс. Сонда ғана нақты нәтиже болады. Бұл бағытта көңіл қуантары – былтыр об-лыс орталығында жол жөндеу жұмыс-тарына баса мән берілді. 2014 жылы шаһарымызда осы мақсатқа 4,9 млрд теңге бөлінді, 2013 жылғы көрсеткіш 2,2 млрд., 2012 жылы 1,1 млрд. теңге болатын. Соңғы 5 жылда жол жөндеуге қаралған қаржы 8 еседен астам ұлғай-ды. Осының арқасында былтыр жалпы ұзындығы 40 шақырымды құрайтын қала көшелері жөнделді. Кесте бойын-ша кейбір көшелердің құрылысы биыл аяқталуы тиіс, дегенмен негізгі жұмыс көлемінің 90 пайызға жуығы былтыр ат-қарылды. Осы жылы да жолдарды жөн-деу жайы назардан тыс қалмайды.
Мемлекет басшысы Н. Назарбаев-тың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолда-уында айтылғанындай, әлемдік эконо-микалық дағдарыстан туындаған қар-жылық қиындықтардың ықпалынан ел тұрғындарын қорғау мақсатында Ұлт-тық қордан қажетті қаржы қаралды. Жаңа экономикалық саясатқа сәйкес бұл қаржы негізінен экономикалық өсім мен жұмыспен қамтуда үлкен тиімділігі бар бағыттарға жұмсалатын болады.
– Өзіңіз басшы болғалы қолға алын-ған нақты қандай жоба бар?
– Қалада қолға алынған жоба аз емес. Бірақ бұл істі тікелей маған теліп қоюға болмас. Жалғыздың үні, жаяудың шаңы шықпайтынын бабаларымыз баяғыда айтып кеткен. Бұл жұмыстың барлығы облыс басшылығының қолдауымен, об-лыс және қалалық мәслихат депутатта-рының атқарушы билікпен тізе қосып бірге қимылдауының нәтижесінде, қо-ғам өкілдерінің белсенді жұмысы арқа-сында мүмкін болды. Баһадүр Бауыржан Момышұлының: «Мен істедім дегенше, мың істеді десеңші. Ер істеді дегенше, ел істеді десеңші», - дегені бар ғой. Қала-ның күнделікті мың сан тірлігі қалалық әкімдікте, оның бөлімдерінде қызмет атқаратын жүздеген мемлекеттік қыз-метшінің, құрылыс жұмыстарын атқар-ған мердігер кәсіпорындар мен комму-налдық мекемелерде қызмет атқара-тын мыңдаған қала тұрғындарының ең-бегімен бітіп жатыр.
– Дегенмен қалада соңғы кезде қолға алынған жобалар туралы нақты айтсаңыз?
– Біз жаңа жоба бастамас бұрын кей-бір себептермен аяқталуы кейінге шеге-рілген «сақалды» құрылыстарды қолға алдық. Соның бірі – Жайық өзені жаға-лауын абаттандыру жайы. Бүгінде қала тұрғындары жағалауға келіп, Ақ Жайық-тың әдемі көрінісін тамашалауына, та-биғатта тынығуына мүмкіндік бар. Қа-лалық мәдениет және демалыс саяба-ғында Шаған өзені арқылы өтетін көпір құрылысы да тәмамдала келді. Жақын арада арғы жағалауды абаттандыру жұ-мысы басталып, биыл тұрғындардың игілігіне беріледі. Бірнеше жыл бойы көпшілік, спорт сүйер қауым асыға күт-кен Деркөл шағынауданындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені де күні кеше, жыл соңында пайдалануға беріл-ді. №20 мектептің алдындағы сквер тап-сырылды. Өзге де көпшіліктің қажетіне жараған жобалар бар.
Біз былтыр аула аумақтарын абат-тандыруға назар аудардық. Бұл бағдар-лама облыс орталығында бұрын да бол-ған. Бірақ соңғы 3 жылда үзіліп қалған. Өткен жылы қалада 22 аула абаттанды-рылды. Бұл мақсатқа 370 млн. теңге қа-ралды. Тұрғындардың талап-тілегі еске-ріліп, аулаға кіреберіс жолдар, автокө-лік қоятын тұрақтар асфальтталды. Ба-лаларға ойын алаңы жасалды. Бұл өз ке-зегінде бүлдіршіндердің бос уақытын мәнді де сәнді өткізуіне, тұрғындарға оңтайлы болуына оң әсер етеді. Жалпы, тұрғындар тарапынан бұл бағдарлама үлкен сұранысқа ие. «Біздің аулаға қа-шан кезек келеді, бізді ұмытып кеттің-дер ғой» деген сауал қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі-не жиі жолданады. Орал қаласында 386 аула болса, соның 130-дайы абаттанды-руды талап етеді. Оның бәрі бір жылда жөнделмесі белгілі. Қазір жоба-жоспа-рымыз әзір. Қаржылық қиындыққа тап болмаса, бұл жүзеге асады. Депутаттар-мен, қоғам өкілдерімен кеңесе отырып, қай аула бірінші кезекте жөнделетінін шешетін боламыз.
Ал болашақ жоспарға келсек, алда атқарылар іс ұшан-теңіз. Кезек күттір-мес мәселенің бірі – апатты үйлердің жайы. Бүгінде 33 апатты үйде 357 отба-сы тұрып жатыр. Құрылыс компанияла-ры апатты үйлерді сүріп тастап, орнына 9 қабатты үй салады. Ескі үй тұрғында-рына бұрынғы баспанасына тең аумақ-та пәтер береді, қалғанын өздері сата-ды. Ал инженерлік инфрақұрылымды жеткізіп беруді мемлекет өз мойнына алады. Қазір бұл жоба мемлекеттік са-раптамадан өтуде, алғашқы тоқсанда нақты жұмыс басталады. Осы қанатқақ-ты жоба сәтті жүзеге асса, қаладағы қал-ған апатты үйлерге де кезек келеді.
Тұрмыстық қатты қалдықтар поли-гонын қазіргі орнынан 7 шақырым әрі-ге ауыстыруды көздеп отырмыз. Қазіргі полигон 1975 жылы салынған, мерзімі 25 жылға есептелген. 40 жыл өтті. Поли-гон тозды, қоқысқа толды. Жаңасы са-лынғасын, ескі орынды топырақпен жа-бамыз. Ал болашақ полигонда қоқыс сұ-рыпталып, өңдеуші зауыт жұмыс істеуі тиіс. Бұл іске жеке инвесторларды тар-туға ынталымыз. Жалпы қай мәселеге келсек те, оны шешуде жүйелілік керек. Бұл тұрғыда министрліктермен, олар-дың аумақтық басқармаларымен, өңір-дегі өзге де әріптестерімізбен тиісті жұ-мыс жүргізудеміз.
– Жақында Орал қаласының бас жоспары жасақталып, үкіметте бекі-тілді. Шаһардың болашақ дамуы қа-лай болмақ?
– Иә, 2010 жылы бастап жасақтал-ған жаңа бас жоспар қараша айында об-лыстық мәслихат сессиясында талқы-ланып, депутаттар тарапынан қолдау тапты. Желтоқсанның 9-да бұл құжат Үкімет қабырғасында қаралып, бекітіл-ді. Үкімет төрағасы Кәрім Мәсімовтің алдында жоспарды өңір басшысы Нұрлан Ноғаев сәтімен қорғап шықты.
Тарихқа үңілсек, қаланың алғашқы бас жоспары 1969 жылы қабылданып-ты. Келесі бас жоспар 1985 жылы бекі-тілсе, одан кейінгі үшінші бас жоспар 2002 жылы жасақталып, 2005 жылдың 10 ақпанында Үкімет қаулысымен бекі-тілген, 2015 жылға дейін есептелген. Өзі-ңіз білесіз, шаһар тұрғындары жылдан-жылға өсіп келеді. Оған табиғи өсіммен қатар, ішкі миграция да әсер етуде. Мы-салы, 2004 жылы тұрғындар саны 227 мың адамды құраса, 10 жылдың ішінде бұл көрсеткіш 24%-ға артып, бүгінде 300 мыңға жуықтады. Осы кезеңде 60 мың-дай сәби дүниеге келген. Ширек ғасыр-дан соң қала тұрғындары жарты мил-лионнан асып жығылмақ. Урбанизация үрдісінің қарқынды жүруінен де шығар, Орал қаласы еліміздегі жедел дамып келе жатқан қалалардың қатарына қо-сылды. Осыған байланысты облыс орта-лығының болашақ дамуын, жаңа шағын-аудандар мен өзге де құрылыс нысан-дарының орнын, халық санына сәйкес инженерлік инфрақұрылымды жоспар-лау қажеттілігі туды. Ескі жоспар саны күрт өскен қала халқының қажеттілігін өтей алмайтын еді.
Оқырманға қызықты болар, бас жос-пардың негізгі басым бағыттарын айта кетейін. Үш өзеннің ортасында орналас-қандықтан, Орал қаласының дамып-ке-ңейер бағыты санаулы. Яғни шаһар ке-лешекте солтүстік-шығыс және оңтүстік-батысқа қарай өседі. Әбілқайыр хан атындағы көше солтүстікке қарай ұза-рады. Осы даңғыл бойына көпқабатты үйлер бой көтерсе, оңтүстік-батыста Деркөл шағынауданы мен Зачаганск кентінде құрылыс қарқын алады. Тари-хи мәні бар ескі ғимараттарды сақтай отырып, тозығы жеткен ескі үйлерді сү-ріп тастап, орнына жаңасын салу, зиян-ды өндірісті қала сыртына шығару да жоспарда көрініс тапқан. Жұрт жұмыс-қа баратын, қызметтен қайтатын уақыт-та қала көшелерінде көлік кептелісі үй-реншікті көрініске айналып барады. Мұ-ны болдырмас үшін бірнеше айналма жол салу жайын бас жоспарға енгіздік. Қала сыртында көлік-логистикалық ор-талықтар салынады. Сонда транзиттік көліктер шаһарға кірмей, орағытып өтетін болады. Бұл қала экологиясын бұзбас үшін, әрі қаладағы көлік тасқы-нын азайту үшін жасалады. Сонымен қа-тар 5 көпір салу көзделген. Оның үшеуі Шаған, екеуі Жайық өзені арқылы өте-ді. Бұл, әрине, бірер жылдың шаруасы емес, онжылдықтардың еншісіндегі дү-ние. 2050 жылға дейінгі облыс орталы-ғының даму тұжырымдамасында осы-ны ескердік.
Бас жоспардың бүге-шігесін әлі де баяндай жатармыз. Бұл жерде ең бас-ты мақсат Орал шаһарының қазіргі әсем де көркем келбетін, тарихи ерекшелігін, экологиялық тазалығын, жасыл желегін сақтай отырып, одан әрмен абаттанды-ру. Қала дамуының басты стратегиялық құжатында тұрғындар өсімінің қарқыны-на сәйкес қала дамуының барлық түйін-ді мәселелері белгіленген.
– Сіз көп тілді меңгергеніңізді біле-міз. Алайда өз тіліңізде жетік сөйлей-тін санаулы шенеуніктің бірісіз. Жалпы, қазіргі жастардың тіл, дін, діл, ұлттық сана бағытындағы тәрбиесі туралы не айта аласыз? Көңіліңізден шыға ма?
– Жылы лебізіңізге рақмет! Иә, ме-нің бірнеше шет тілін білетінім рас. Бі-рақ ана тіліме ешқайсын теңгерген емес-пін. Мектепті, университетті орыс тілін-де оқысам да, үйде тек қана қазақша сөйлесіп өстік. Бұған әкемнің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің маманы болғанды-ғы, өскен ұямда қазақы салт-дәстүрді бе-рік ұстануы әсері еткен шығар. Жалпы, ана тілін білу – әркімнің парызы. Себе-бі өз тілін, тарихын меңгермеген жан та-мырсыз қаңбақ тәрізді. Қапырықта қу-рап кетеді, жел тұрса домалап ала жөне-леді. Ұлтының тілінен, салт-дәстүрінен бейхабар адам өзгенің ығына жығыл-ғыш келеді. Жастар саясатын мемлекет-тік саясаттың басым бағыттарының бірі ретінде айқындап келе жатқан Елбасы-мыз: «Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса, ол елдің ең-сесі биік болады» деген. Ал жастарымыз-дың намысы биік, рухы асқақ болуы үшін, ең алдымен, олар ұлттың тарихын терең білуі, діні мен дәстүрімен жан-жақты таныс болуы тиіс. Қуаныштысы, елдің ертеңгі тізгінін қолына алатын осындай жас ұрпақ өсіп келеді. Түрлі кездесулерде, іс-шараларда оған көзім жетіп жүр. «Ақыл – жастан, асыл – тас-тан» деген, жаңа техника мен техноло-гияны меңгерген жастардың байрағы-мызды биіктетіп, тәуелсіздіктің тұғырын нықтай түсеріне сенім мол.
– Ғалымдар мен тарихшылар Орал қаласының тарихы тереңде дейді. Бірақ қала іргесіндегі ортағасырлық Жайық қалашығы орнын ашық аспан астындағы музейге айналдыру жоспа-ры кешеуілдеп келеді. Осы бағытта қандай ойларыңыз бар?
– Дұрыс айтасыз. «Біздің тарих – бұл өзі қалың тарих, оқулығы жұп жұқа бі-рақ-тағы» - деп Қадыр Мырза Әлі аға-мыз айтқандай, тарихымыздың ақтаң-дақ тұстары аз емес. Соның бірі Орал қаласының тарихына қатысты. Бұрын шаһардың негізін көшіп келген өзге ұлыстар қалады деген пікір үстемдік құрса, оның жаңсақ екенін соңғы жыл-дары археолог ғалымдарымыздың зерт-теуі дәлелдеді. Оралдан күнбатысқа қа-рай Круглоозерный ауылының жанынан табылған ескі қала орны шартты түрде Жайық қалашығы деп аталғанымен, ма-мандардың болжамынша, бұл қала та-рихи деректерде кездесетін Шакафни қаласының орны болуы әбден ықтимал. Алтын орда дәуіріне тиесілі бұл қала-ның үлкен сауда жолының бойындағы әскери-әкімшілік қоныс болғаны дау ту-ғызбайды. Мұның өзі Орал шаһарының тарихы біз білетіннен тым тереңде жат-қанын айғақтайды. Осы тарихтың жаңа парақтарын көпке көрсету, өзгелерге та-ныту мақсатында алдыңғы жылы отан-дық және шетелдік ғалымдардың ба-сын қосып, үлкен ғылыми тәжірибелік конференция ұйымдастырсақ, былтыр қала күнін «Жайық-Сарайшық-Лаэти» тарихи-танымдық экспедициясынан бастадық. Әрине, экспедиция дегенде бір-екі күнде ел таңғаларлықтай тари-хи жаңалық ашып тастау мақсат емес. Көздегеніміз – Орал өзені алабындағы осы ортағасырлық қалалардың тарихы-на, көшпелілер өркениетіне ел назарын аударту болатын. Сондай-ақ шаһар ме-рекесіне орай «Орал жауһарлары» деп аталатын арнайы кітап әзірледік. Бұл кі-тапта көне қала орнынан табылған әше-кей бұйымдар, зергерлік дүниелер, бас-қа да құнды жәдігерлер көрініс тапқан. Облыстық археология орталығымен бір-лесе жоспарлаған өзге де жұмыстары-мыз бар. Оны уақытында білесіздер. Жалпы, қала тарихы өте бай. Ал тарих – бәрімізге ортақ. Ендеше, тарихты бұрма-лап, қаланы меншіктеуге ешкімнің қа-қысы жоқ. Жоғарыда атап өткендей, ша-һардың тамыры Алтын орда дәуірінде жатса, одан кейін патшалық Ресейдің отаршыл саясатын жүзеге асырудағы ті-рек қалаға айналғаны, өзге ұлыстардың қонысы болғаны да ақиқат. Кеңестік ке-зеңде көптеген өндіріс орны, зауыт-фа-брика салынды, тұрғын үйлер бой көтер-ді. Ал еліміз егемендік алғаннан кейін қала дамуы жаңаша қарқын, басқаша сипат алды. Бүгінде мұнда ондаған ұлт пен ұлыс өкілдері тату-тәтті, жарасым-ды тірлік кешіп жатыр. Осы тұрақтылық-ты сақтау, тыныштықты көздің қарашы-ғындай қорғау – озық ойлы әрбір аза-маттың парызы.
Еуропа мен Азия құрлығының тоғы-сында, Жайық, Шаған, Деркөл секілді үш өзеннің құйылысында орналасқан Орал шаһары қашан да туристердің зор қызығушылығына ие. Қаланың ескі бө-лігіндегі XIX ғасырдан қалған тарихи ғи-мараттар мен сәулет ескерткіштері Орал қаласын өзгелерден оқшаулап, түр-маз-мұн жағынан байытып тұрады. Алаш ар-дақтыларының да ізі аз емес. Жалпы, Орал қаласының қазақ тарихында, мә-дениетінде алар орны ерекше. Болашақ жоспарымыздың бірі – ұлыларымызды ұлықтау, тарихи тұлғаларымызды наси-хаттау мақсатында бірнеше ескерткіш тұрғызу. Соның бірі – батыр апаларымыз Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Хиуаз Доспановаларға арналған. Жеңіс-тің 70 жылдығы қарсаңында бой көте-ретін бұл ескерткішке қатысты жергілік-ті мүсіншілер өз жобаларын ұсынуда. Сонымен қатар таяу болашақта «Атриум» сауда үйінің қасындағы шағын скверге күй атасы Құрманғазының шәкірті Динаға домбыра ұсынып тұрған сәтін бейнелей-тін ескерткіш бой көтереді. «Қазақстан» кинотеатрының алдындағы скверге көр-некті мемлекет қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың мүсінін орнату ту-ралы жергілікті «Қонаев қорынан» келіп түскен ұсыныс бар. Оны жүзеге асыру-дың жолдарын қарастырып жатырмыз. Ал қазақтың Қадыры атанған жерлес ақын Қадыр Мырза Әлінің ескерткіші ақын атындағы мәдени орталық алдын-да салынатын болады. Басқа да жоспар-лар жоқ емес.
– Бәрекелді, ойға алған жоспар-лар жүзеге асуына тілекшіміз. Енді сауалды жеке өзіңізге бұрсақ. Спорт-тың қандай түрі жаныңызға жақын?
– Мен спортпен кәсіби шұғылда-нып көргенім жоқ. Бірақ мемлекеттік қызметші ретінде саламатты өмір сал-тын серік қылуды және насихаттауды өз борышым деп білемін. Сол себепті қалада өтетін бұқаралық-спорттық ша-ралардан шет қалмауға тырысамын. Өз әріптестерімнің де спортпен айналыс-қанын жөн көремін. Жалпы біз, қалалық әкімдік қызметкерлері әрбір сейсенбі күні жұмыстан соң, кешкісін жиналып волейбол ойнап тұрамыз, бейсенбі – футбол күні. Ал жексенбіде мұз айды-нына жиналып, коньки тебеміз, қыста шаңғыға шығамыз. Бір сөзбен айтқан-да, спортты серік қылған адамның тәні сау, рухы биік болатынын ешқашан ұмыт-пауға тырысамыз. Осы саланың дамуы-на да жіті көңіл бөлудеміз. Былтыр Деркөл шағынауданында дене шынықтыру-са-уықтыру кешенін пайдалануға берсек, тағы бір спорттық кешеннің құрылысы Зашаған кентінде басталды. Сонымен қа-тар 2013-2014 жылдары облыс орталы-ғында жасанды жабыны бар көп функ-ционалды 21 спорттық алаң пайдалану-ға берілді. Саламатты өмір салтын ха-лық денсаулығының кілтіне айналдыру керек деген Елбасы тапсырмасын орын-дау – басты мақсатымыз.
– Оралға келген соң тағы да кіш-кентайлы болдыңыз. Есімін кім деп қойдыңыз? Өз отбасыңыз туралы ке-ңірек айтып берсеңіз?
– Мен көп балалы отбасында туып өскенмін. Әкем биыл 75-ке, анам 71-ге келеді. Екеуі де бейнетінің зейнетін кө-ріп, елдің тыныштығын тілеп отырған жандар. Әкем – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагогикалық инсти-тут бітірген. Ұстаздық қызметтен басқа, біраз жыл құқық қорғау органдарында еңбек етті. Ал өзімнің отбасыма келсек, зайыбым Жанар қазір үйде, бала тәр-биесімен отыр. Тұңғышым – Зейнеп мек-тепте оқыса, ұлымның аты – Абылай. Ал алдыңғы жылы қарашада осы Жайық жерінде дүниеге келген кіші қызымның есімін ата-әжесінің қалауымен Айзере деп атадық. Тек кенжемнің ғана емес, үлкендерінің де есімін ата-анам қойды.
– «DANAkaz» журналына тілегіңіз?
– Әрбір басылымның өз аудиториясы, өз оқырманы бар ғой. Менің пайымда-уымша, «DANAkaz» журналының оқыр-маны – өз Отанын, тілі мен дәстүрін, та-рихын шын сүйетін ұлтжанды азамат-тар. Әрқашан патша көңіл оқырманда-рыңыздың көңілінен шығып, ізденістен танбай, зиялы қауымды тағылымды туындыларыңызбен қуанта беріңіз де-гім келеді. Рухани жағынан алғанда ұлт-тың жоғын іздеп, барын түгендеудегі ең-бектеріңіз ұшан-теңіз. Осы қызметтері-ңізге табыс тілеймін!
– Әңгімеңізге көп-көп рақмет! Ең-бегіңізге жеміс тілейміз!