Отаннан көшкен себебі, қазақтың құнарлы жерлерін Ресей үкіметі күштеп тартып алыпты. Ол жерлерді қазақтар әлдеқалай пай-далана қойса, оларға айып салыныпты. Қарапайым халықтан ретсіз алым-са-лық алуды да көбейтіпті. Және де «Ақтабан шұбырынды» деген ашаршы-лық та болыпты. Отаннан көшіп Тәжікстанға келген екен. Ол кісілердің аузы дуалы, өзі кереметті, киелі адамдар болуы керек. «Біз қиыншылық көріп көшіп келдік, бізге қоныс бер» деп арызданған екен, Тәжікстан үкіметі қа-былдап, «Қаратау, Түйебақырды деген таулар жайылымың болсын» деп Қолап өңіріне орналастырған екен. Қолапқа қоныстанып отырған екен.
Тәжікстанға көшіп барғасын бір-неше жылдан соң шалдар жиналыс жа-сап, «Бұл жерде де Ресей үкіметінің қоластынан құтыла алмаймыз-ау» де-ген ой-пікірге келіпті. Ишанқажы деген кісіні «Сіз қоныс қарап келіңіз» деп шалдар батасын беріп, желмаяға мінгі-зіп жөнелткен екен. Ол кезде барлық мемлекеттің шекарасы ашық болады екен. Ол кісі Ауғанстан, Иран, Пәкістан, Түркия сияқты бірнеше мемлекетке барған екен. Аралап, қайта оралып келген екен. Сонда халқын жинап, бы-лай деген екен:
– Ал, ағайындар, біз Ресейдің қол-астынан құтылу үшін көшуіміз керек. Бұл орыстың мұсылманға қысым көр-сетуі анық. Бірнеше мемлекетке бар-дым. Ауғанстанға қоныс аударсақ бо-лады-ау деп келдім, қалай қарайсың-дар? - деген екен. Сонда бұл кісінің сө-зіне наразылық білдіргендер де болып-ты. «Шалдардың миы азайған ғой, елді тағы да босқыншылыққа ұшыратайын деп отыр» деп күңкіл шығарғандар көп болған екен. Сонда Беркін бабамыз тұрып айтқан екен: «Жауды көрмей тұрып қорық» деген нақыл сөз бар. Қиындық басымызға келмей тұрып көшейік, ағайын!» - деген екен. Жуассопы, Ишан қажы, Сүйін қажы, дамолла Ғарифолла деген кісілерме-нен бірнеше ерген көштің алдына тү-сіп, тыныштық уақытта Ауғанстанға кө-шіп барған екен. Ауғанстанның Құндыз қаласындағы Седірек ауылына қоныс-танып отырған екен.
Бірнеше жылдан соң Совет үкіметі толық күшіне еніп, мұсылманға тыныш-тық бермеген екен. Байды, молданы ұстап, мал-мүлкін тартып алған екен. Содан соң Тәжікстанда қалған қазақтар да Ауғанстанға көшкен. Шекарадан өтерде қатты қиындық көріпті. Талай адам суға ағыпты. Талай адам оққа ұшыпты. Сонда «баяғы шалдардың айтқаны келді-ау!» деп халық жылап-ты. Әке баладан айырылыпты. Бала әке-ден айырылыпты. Өлгені өліп, қалғаны Ауғанстанға өтіп барыпты. Ауғанның ұрылары да талап алыпты. Бұрынғы кеткен қазақтардың барына ботадай боздап, қойдай маңырап барып қосыл-ған екен. Сондай қиындықтың бәрін көріп барғасын «Біз дін ислам деп се-нің топырағыңа орыстан қашып көшіп келдік. Бізге қоныс бер» деп Ауғанстан өкіметіне арызданған екен. Ауғанстан өкіметі қабылдап, Бағлан қаласының Ақмол деген ауылына, Құндыз қаласы-ның Шардара, Айлабат, Седірек ауыл-дарына, Имамсайып қаласының Бескепе, Ақмешіт, Кәлбат деген ауылдарына қо-ныстанып отырып өмір сүрген.
Ауғанстанға барғасын бірнеше жылдан соң жоғарыда аты аталған шалдардың бәрі де қайтыс болыпты. Жуассопы, Ишанқажы Имамсайып зия-ратының аумағына жерленіпті. Беркін бабамыз Құндыз қаласының Сәдірек ауылының оңтүстік жағындағы адыр-дың үстіндегі қорымға жерленіпті. Ол кісілердің соңынан да ел билейтін ақсақал азамат кісілер аз болмапты. Ерназарбек, Бүркітбай ақсақал, Өтеш ақсақал, Тәжі батыр, Майлаш батыр, Дастанбек, Өтеген ақсақал, Әбдіразақ уәкіл, Әбдіқали палуан сияқты азамат-тар елді билеп, ауғанның, басқа ұлттың иегінің астында жүрмей, өз басына ауыл болып, мешіт салып, имам ұстап, ислам дініне балаларын оқытып, қа-уым болып, дамолла Мақаш ақын (ахун) үлкен жұма мешітінің имамы болған. Ол кісінің алдынан көптеген шәкірт діни білім алған. Қазақтан білім алған шәкірттерінің есімі – молда Қанағат әжі, молда Мырзакәрім ақын, дамолла Әбдірахман, Шәкәрхан ишан, молда Ислам, дамолла Әбдіқаһар, Мінһәж мақсұм, дамолла Алдаһияр, дамолла Мұхаммед Үмбәр және басқа көптеген шәкірт діни білім алып, молда болған.
Сүттей ұйып, тыныш отырған сол елге де Ресей өкіметінің адамдары ты-ныштық бермеген екен. Орыстың мың-даған солдаты өзеннен өтіп, Шардара-да отырған қазақ ауылын өртепті. Адам-дары арғы жағындағы Қарабатыр та-уына қашып кетіпті. Ауылда «бізге не қылар дейсің?!» деген шалдар қалған екен. Ол кісілерден жетеуін ұстап алып-ты. Оларды Құндыздың Айлабат ауы-лының тұсындағы Жібек жолдың жа-ғасының батыс жағына апарып атқан екен. Ол кісілердің қаны төгілген жерге бір топ тал-терек көгерген. Әлгіге дейін қурамайды. Ол талды жоғалтып, егін егемін деген кісілерге Алла Тағаланың құдіретімен көптеген зиян жетіпті. Сол үшін сол талдарға осы күнге дейін еш-кім тиіспейді. Керек десе бір бұтағын да сындыра алмайды. Тұсынан өткен адамдар қол жайып, Құран оқып өтеді.
«Орыстың тарлан ат мінген солдат-тары піркәз қылып шыққан екен, ал-дында жүрген жалшылары – Тәжікстан-да қалып кеткен қазақтар екен» деген аңыз әңгімелер де болыпты. Қазақпен бірге барған басқа ұлттардың, өзбектің лақай руынан және қоңырат руынан Тәжікстанға көшіп барған жұрт Айлабат, Алшын, Седірек, Көртөбе деген ауыл-дарда қазақтармен қоныстас отырған екен. Сол ауылдың бәрін өртеп, көпте-ген адамды өлтіріп, орыстар Тәжікстан-ға қайтадан өтіп кетіпті.
– Бұл орыс мұсылманға не қылма-ды. «Дін ислам» деп бұл ауғанға келіп едік, орыстарға жол беріп, үйімізді өр-теткізді. Бұл не қылғаны?! - деп қазақ-тар наразылық білдіріпті. Лақайдан Ыбырайымбек, қоңыраттан Өтембек пен Қалдарбек, қазақтан Ерназарбек, Майлаш және Тәжі батыр ауғанның қорлығына көнбейміз деп қол жинап аттаныпты.
Осылайша қазақ пен өзбектен шық-қан батырлар Ауғанстан өкіметімен со-ғысыпты. Арада үш-төрт жыл өтіпті. Ауған өкіметіне бұлар зор соққы беріп-ті. Ауған өкіметі басқа амал таппай, «Екі жағымыз да мұсылманбыз ғой, ұрысты қояйық, келісейік» деп елші жіберіпті. Талқан облысының Азарбақ деген ауылына шақырып, көкпар шап-тырып, құрметтеп күтіпті. Сол жерде бұлар қауіп-қатерсіз, бейжай жатыпты. Сол күні ауғанның сансыз солдаты ке-ліп, алаңсыз жатқанда тиісіпті. Қазақ-тар жауға берілмей, өлгені өліп, қалға-ны көшті алдына салып, ауғандармен атысып, Дархаттың тұсындағы Амуда-рияның гүзерінен көшті Тәжікстанға өткізіпті. Тәжікстан өкіметінің шекара бастығы көшті қабылдапты. Көш Совет өкіметінің қолында қалыпты. Батырлар бұл өкіметке де бағынбай, Тәжікстан тауына шығып кетіпті.
Тәжікстанның шекара бастығы көштегі әйел, бала-шағаға ас-ауқат беріп, құрмет көрсетіпті. Сосын Тәжікстан астанасына алып келіпті. Бұларды тек-серіп, қал-жағдай сұрапты. «Бұрын қай ауылда тұрған болсаңдар, сол ауылда-рыңа, жәйларыңа барыңдар» деп ше-шім шығарып, рұқсат беріпті. Қазақ өз еліне, лақай өз еліне, өзбек, қоңырат-тар өз еліне, әрқайсысы ауыл-ауылына тарап кетіпті. Баяғы батырлар тауда жү-ріп, совет өкіметіне қарсылық жасапты. Бір-екі жыл тиіп-қашып ұрысып жүріпті. Совет өкіметі: «Келсін, өкіметке бағын-сын» - деп жарлық шығарыпты. Батыр-лардың бірнешеуі бұл келісімшартты қабылдапты. Оларға әуелі құрмет көр-сетіп, сыйлық беріпті. Бұлар бала-шаға-сына қосылып, шамалы уақыт жүрген соң біртіндеп қалаға шақырыпты. Өкі-меттің шақыртқан адамы ауылға қай-тып келмепті. Көптеген батырды сөйтіп өлтіріп жіберіпті. Жолдасбай, Қиятбай, Жұмабатыр, Әбдіқали палуан сынды бірнеше батырды ұстап, Сібірге айдап-ты. Бұны есіткен Қалдарбек, Өтембек, қазақтан Ерназар Ауғанстанға қайтадан өтіп кетіпті. Өтембекті Ауғанстанға барған соң Құшшы деген бір өзбек ауы-лының адамдары Ауған өкіметінен сый-лық аламыз деп өлтіріпті. Қалдарбек, Жүсіпбек деген кісілер тікелей Ауғанстан өкіметіне барып бағыныпты. Ауған өкі-меті кешірім беріп, Құндыз қаласының Алшын деген ауылына қоныстандырып-ты. Үйлі-жайлы болып, бала-шағалы болып қартайып, өз ажалынан қайтыс болыпты. Ерназарбекті ауған өкіметі күшпен қолға түсіріпті. Ауғанстанның астанасы Кабул қаласының түрмесінде жатып қайтыс болыпты. Ыбырайымбек-тің қайда кеткенін ешкім білмейді.
Сол кездері мұсылмандардың ақыл-парасаты бар, сана-сезімі мол, білімді кісілерін орыс кінәлап, Сібірге айдап, түрмеге жіберген ғой. «Ажалсыз пенде өлмейді» деген шын сөз. Сол Сібірден де қайта келіп, бала-шағасына қосылған адамдар болыпты. Әбдіқали палуан деген кісі менің нағашым еді. Сол кісі де Сібірге айдалып кеткен. Сі-бірдің «Түндіксіз қарағай» деген орма-нындағы лагерьде болыпты. Түрмедегі-лерге ағаш кестіріп, жұмыс істетеді екен. Олар аш болыпты. Әр адамға кү-ніне бір уақыт – түсте ғана бір котелок быламық береді екен. Аштықтан қал-жыраған тұтқындар түрме бастықтары жеген балықтың қылқан-сүйегін тас-тайтын жерін бағып тұрады екен. «Бірі-мізді-біріміз итеріп, балықтың сүйегін жинап, аузымызға салғанда, майдай еріп кететін еді» деп көрген қиынды-ғын ауылға келген соң айтып отыратын.
Нағашым қапысын тауып сол түр-меден қашып шығыпты. Тау-тасты ара-лап «Тәжікстанның бағыты осылай шығар деп» - бет алдына кете беріпті. Бірнеше күн жол жүріп, шаршап, шал-дығып, өкпесі күйіп, өкшесі тиіп, бір төбенің үстінде есінен танып ұйықтап жатып қалыпты. Қанша уақыт жатқа-нын білмейді. Алла Тағаланың жәрде-мімен есін жиып, жан-жағына қараса, бір топ ақ үй тіккен ауылды көріпті. «Жолығады өлі балық өлмегенге» де-ген сөз шын болды-ау!» - деп ақ боз үйдің қасындағы шеткері бір қара үйге тәуекел деп: «Ассалаумағалейкум!» деп кіріп барыпты. Төрінде үлкен қа-рия кісі отыр екен. – О, кел, балам! - деп құрметтеп қарсы алыпты. Сусын-ның орнына сүт беріп, аздап ауқаттан-дырыпты.
– Я, балам, қайдан жүрсің? - дейді қарт.
– Ата, түйе қарап жүр едім, - деп жауап беріпті.
– Онда шаршаған екенсің, жатып деміңді ал, балам! - депті. Жатып ұйық-тап қалыпты. Біраздан соң:
– Түрегел, балам, - деп шал оятқан екен. Оянып қараса, қамыр ауқат (ас – DK) дайындап қойған екен. Ауқатты тоя жеп, қанағаттанғасын:
– Ал, балам, сен жасырсаң да мен біліп отырмын. Түрмеден қашқан бала-сың ғой. Ал енді мен саған жақсылық жасайын, - деп өзінің балдарының бі-реуін шақырып дайындапты.
– Өзің бір атқа мін, қонақ баланы бір атқа мінгіз, адасып келген бала екен. Бұл жігітті өзінің ауылына жеткі-зіп қайт, балам, - деп тапсырыпты. Неше күндік азық-ауқатын дайындап, екеуі екі атпен жол жүріпті.
Бірнеше күн жол жүргесін Тәжікстан-ның маңайына жеткенін байқапты.
– Ал енді саған рақмет, інім, бұл жағын өзім тауып алармын, қызметіңіз Алладан қайтсын, атаға көптен көп сәлем айт, жақсылығын ұмытпаймын, - деп ризалығын білдіріп, баланы қайта-рыпты. Содан соң өкімет адамдары кө-ріп қалмасын деп қауіптеніп, орманды, таулы жерлермен жүріп, ауылына жетіпті. Барса, ауылы жоқ екен. Жол жағасындағы орманға тығылып, өтіп бара жатқан адамдарға қарап жатып-ты. Бір кезде өзіне таныс, жақсы көре-тін жолдастарының бірі жолдан өте бе-ріпті.
«Не болса да тәуекел, осы кісіге жолығайын» деп алдын тосып:
– Ассалаумағалейкум! - деп сәлем беріпті. Әлгі кісі бетіне тіке қарап:
– Әй, сен кімсің? Баяғы Әбдіқали емессің бе? Сені де тірі көретін күн бар екен ғой? - деп құшақтасып көрісіп, қуанғаннан көз жасы моншақтап жыла-ған екен. Әлгі кісі нағашымды үйіне ер-тіп барып, ешкімге сездірмей, бірнеше күн қонақ қылып, құрметтеп:
– Я, жора! Қиындық заманға кез болдық қой. Елдің көбі тағы да Ауғанстанға өтіп кетті. Сенің інің де бала-шағаңды өз отбасымен қоса алып, шекара өтіп кетті, - депті.
– Олай болса, Ауғанстанға менің де өтуімнің жолын істе, - депті палуан. Сөйтіп, жолбасшы тауып, Ауғанстанға өтіп кетіпті. Аман-сау бала-шағасына қосылыпты.
Сол жылдары Ауған өкіметі мына-дай заң шығарған екен:
– Қарапайым халық өкіметке ба-ғынсын. Қайдан келдің? Сен кімсің? - деген сұрақ болмасын. Қай ұлт болса да, Ауғанстан өкіметінің азаматтығын алсын. Тыныштық өмір сүре берсін! - деген тәртіп болып, халыққа кешірім берген екен. Әр ұлт өз алдына ауыл болып, ынтымақтасып отырып, өмір сүріпті.
Сонымен, Ауғанстанға барған қазақтардың бәрі де 1977 жылға дейін тыныш өмір сүрдік. Кеңес солдаттары Ауғанстанға басып кіргенде Ауған елі көтеріліс жасап, соғыс басталды. Қара-пайым халықтың күн көруі қиын бол-ды. Барлық елге бүлік түсті. Мал-мүлкін тастап, қашуды бастады. Біз де Түркияға, Иранға қоныс аудара баста-дық. Бір мыңдай отбасы Иранға бар-дық. Ирандағы қазақтар Гурган, Бендертүркпен, Аққала, Кумбеткәус деген қалаларда отырады екен. Біз де соларға араласып, он-он бес жылдай отырдық. Ағайындардың көмегіменен ешқандай қиыншылық көрмей өмір сүрдік. 1991 жылы «Қазақстан егемен-дік алды, мемлекет болды» - деген жақ-сылық хабар есіткесін, қуанышымыз қойнымызға сыймай, жүрегіміз жарыл-ғандай қатты қуандық. «Біз Отанымыз-ға барамыз» - деп Президентіміз Нұрсұлтанға өтініш жаздық. «Біз Ауғанстан азаматы емеспіз, біздің ұлты-мыз – қазақ, Отанымыз азат болды, енді өзіміздің Отанымызға, елімізге, топыра-ғымызға, жерімізге, мемлекетімізге ба-рамыз», - деп Иран өкіметіне де өтініш жаздық. Өтінішіміз қабылданып, 1993 жылы бірінші Алла Тағаланың жәрде-мімен, екінші Елбасы Нұрсұлтан аға-мыздың Жарлығымен Қазақстанға кө-шіп келдік. Қазір Түркістан қаласының Ынтымақ ауылы, Сұлтанбек Қожанов атындағы көшеде тұрамыз.
Біздің арғы атамыз – Беркін. Беркін атамыздың Молла Естай есімді бір ба-ласы болған. Молла Естай атамыз Ауғанстанның Құндыз қаласының Шардара ауылында өмір сүрген. Сол жерде қайтыс болып, жерленген. Молла Естайдың Ықсан, Құрбан, Тәліп, Имамеддин, Рахима, Меңгүл есімді төрт ұлы, екі қызы болған. Бұл кісілер Пұлқұмыр қаласының Гүргіреуік деген ауылында отырған. Мен Тәліптің ұлы Темірқұл қажы, 1936 жылы Ауғанстан-да дүниеге келгенмін. Екі әйелімнен жеті ұл, екі қыз көріп отырмын.
Құрметті «DANAkaz» журналының оқырмандары, Кіші жүз байбақты ше-жіресіне жетік ағайындар! Қарттардан қалған көмескі дерек бойынша біз Дат-тың Адамбай деген ұрпағынан тараған екенбіз. Беркін атамызды «хан» деп те атаған көрінеді. Бірнеше ғасыр атажұрт-тан қол үзіп, ұзап кеткендіктен, елде қалған ағайындарды іздейміз. Мүмкін тарихшы ғалымдар бір мәлімет айтар. Ата-тек шежіресін тарқатып, ұмытыл-ған ата-бабамызды жалғап берсеңіз-дер, алғысымыз шексіз болар еді.