Қошақанның көз жасы

Жанерке Ғабдрашитова бүгінде Орал қаласындағы №19 мектептің 9-сыныбында оқиды. Төмендегі тырнақалды туындысын кішкентай қаламгер 6-сынып оқып жүр-генде жазған екен.

Жаз кезі. Ауылда демалып жүр-генмін. Атам «қырдан қошақан алып келейік» деді. Жиенім Аронды ертіп, машинамен жолға шықтық. Аяғы бай-лаулы қошақанды атам машинаның артына салды. Жол бойы қошақан машинаның жақтауына қайта-қайта басын соғып, маңыраумен болды. Алғашында мен қошақанның қылық-тарын қызықтап, қайта-қайта қарау-мен болдым. Бірақ көздері мөлдіре-ген, аппақ, әп-әдемі қошақанның қазір сойылатынын ойлағанда денем түршігіп кетті. Оның дауысы да енді аянышты, жалынышты шыға баста-ғандай көрінді. Жиенім Арон екеу-мізге «сендер сияқты кішкентай бала-мын ғой, аясаңдаршы» дегендей маңырайды. Біз ауылға келдік. Көрші аға мен атам қошақанды машинадан түсіріп, сарайға қарай айдады. Бірақ ол өзіне қауіп төнгенін сезгендей, аяқтарын жерге тіреп алып, жүрмей қойды. Мен маңырап тұрған қоша-қанның көзінен мөлтілдеген жас көр-дім. Әрі қарай қарауға шыдай алмай, жүгіріп, үйге кіріп кеттім.
Ертеңіне мен сарайда жатқан қо-шақанның аппақ терісін көрдім. Аула-да атам оның басын үйтіп жатты. Ал менің көз алдымнан жылап тұрған қо-шақанның мөлдіреген көз жасы кет-пей қойды.

Қаралым саны 1133

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463