Қазір «Қазақ әдебиеті» сабағы. Тұрсынай апай экология тақырыбына шығарма жазыңдар деп тапсырма бер-ген. Өзге балалар бастап та кетті. Мен ғана не жазарымды білмей, әлі отыр-мын. Есіме теледидардан үнемі көретін Кусто мен оның командасы жүргізетін табиғат туралы қызғылықты фильмде-ріңіз түсті. Біз, атам екеуміз, оның әр көрсетілімін асыға күтіп жүреміз. Енді, міне, ойланып-ойланып, сізге хат жазып отырмын.
Сіздің өзіңіз секілді ержүрек коман-даңызбен бірге жер бетіндегі қаншама адам табиғат әлеміне сапар шеккендей болатынын білесіз бе?
Әсіресе, дельфиндер туралы көр-сеткендеріңізді сағаттап қарай аламын. «Киттер мен дельфиндер қырғыны» деп аталатын бір фильміңізде тау бо-лып үйіліп, қызыл қанға бөгіп жатқан олардың өлігін көрсетті. Балықшылар-дың өздеріне адасқан кезде бағыт көр-сеткені үшін оларға айтатын алғысы, міне, осы.
Балық аулау бүгінде 90 миллион тоннаға жеткені жөнінде айттыңыз. Құ-ныс балық, мөңке, миро секілді балық-тар мүлде құрып кетіпті.
Өндіріс қалдықтары төгіліп, су қой-маларының ластанып бітуіне байланыс-ты өзін-өзі жағалауға лақтырып, өліп жат-қан су жануарлары туралы да айттыңыз. Байғұстар-ай, не жазығы бар еді?!
Табиғат байлығын ысырап ету мұ-нымен де бітпейді екен...
Сіз, әлбетте, Қазақстан туралы есті-ген боларсыз. Ол жер көлемінен әлем картасында тоғызыншы орынды алып жатыр. Біздің де елімізге келіп, біз ту-ралы кино түсіріп, әлемге көрсетсеңіз ғой. Еліміздің табиғаты сан алуан. Ер-тегідей әдемі жерлер, шипалы өзен-көлдер, асқар-асқар таулар, төрт түлік малымыз бен мәуелі бақша, баулары-мыз бар. Шөл мен шөлейт те табылады.
Мүмкін, сізді біздің ауылға шақы-рудың да сәті түсер.
Әжемнің айтуынша, табиғат бұрын-ғыдай емес, азған. Бұрын мыңдаған құ-лан-киік көлікпен жарысып, жосып жү-реді екен. Қоян, қырғауыл, түлкі деген-дер жыртылып-айырылады дейді. Ал, балықтың көптігі сондай, адамдар оны қолмен де ұстап ала береді екен. Қазір, Қазақстанда «Қызыл кітапқа» енбеген аң мен құсты табу қиын екен, Кусто ағай. Мектептің әдебиет оқулығында Қадыр Мырза Әли деген қазақ ақыны-ның «Қызыл кітап» деген өлеңі бар.
Аңшылыққа қалай жұрт қызығады,
Қан жуады олардың ізін әлі, - де-ген жолдарын біз, оқушылар жаттап алып, айтып жүреміз.
Жеріміздің байлығы, өзімізге сор болып жабысқан секілді. Қойнауы шұ-рық-тесік, мұнай, көмір, қорғасын, те-мір, сынап, уран секілді кен өндіріледі.
О-о-о, Сіз атом жарылыстарының зардаптарын көрсеңіз ғо-о-ой!!...
Бос жатқан жері көп деп, дамыған елдер өз өндірістерінің улы қалдықта-рын біздің жерімізге төгеді екен. Сол үшін үлкен ақша төлеуге де дайын көрінеді.
Білесіз бе, Кусто ағай, біздің де Каспий мен Арал секілді шалқар теңіз-деріміз бар. Дәлірек айтқанда, Арал те-ңізі бұрын болған, ал қазір жоқ. Бұрын-ғы теңіздің орнында мыңдаған шақы-рым аппақ сор жатыр екен. Содан ба, ол айналаның тұрғындары түрлі ауруға шалдығып, адам айтқысыз азап көру-де. Дүниеге екі қолсыз келген соң, баш-пайларымен сурет салатын Аралдың кішкентай тұрғыны жайында журнал-дан оқығанмын. Рас айтам.
Арал теңізі құрып кетті, Кусто ағай!
Қалпына келтірмекші болғанымыз-бен, бұрынғыдай қайда-а-ан болсын!
«Ал, Каспий ше?» - деп сұрағыңыз келетін болар? Каспийдің де халі мүш-кіл. Қойнауынан мұнай өндіруге бай-ланысты оған да қауіп төнуде. Қара уылдырығы үшін аулап-аулап, бекіре балығы да құрып кетуге жақындады. Сіз тезірек келсеңіз, ең болмағанда, Каспийді құтқарып қалуға болатын шығар.
Қазақстандықтар өздерінің байлы-ғын мүлде бағаламайды екен деп ой-лап қалмаңыз. Біздің елде табиғатты қорғауға өз үлесін қосып жүрген жақсы адамдар да өте көп. Тәрбие сағатында апай бізге арнайы су қоймаларында миллиондап балық өсіріп, кейін өзен, көлдерге апарып жіберумен айналыса-тын жандар жөнінде оқып берді. Сонда қуанғанымыз-ай! Сондай-ақ бізде, Ақсу Жабағылы, Үстірт, Қорғалжын, Науры-зым, Барсакелмес секілді көптеген қо-рықтар бар. Ондағы аң-құстың, өсімдік-тің көптеген түрлері мемлекет қорғауы-на алынған. Ағаш егіліп, жасыл орман алқаптарына айналып жатқан жерлері-міз де бар.
Біздің көрші ауылда жыл сайын бір-неше мың қырғауыл өсіріп, оны еркін-дікке жіберіп, олардың көбейгенін қа-лайтын кәсіпкер азамат өмір сүреді.
Менің атам да жақында ауыл ше-тіндегі алаңқайға 200 түп ағаш отыр-ғызып, сыртына қоршау жасады. Күнде суарып жүрміз. Жұрт атама сыртынан «алжыған шал» деп күліп жүр. Мейлі, күле берсін. Атам екеуміз оған бола қайғыра қоймаймыз.
Біздің еліміз табиғи газға бай болса да, әлі күнге үйді тезек жағып жылыта-мыз. Тезектің бір арбасын 20 000 теңге-ге сатып аламыз. Ақшасы жоқтар орман ағаштарын кесіп, отқа жағады. Өмір бо-йы от жаққан соң, біздің ауылдағы бай-ғұс әжелердің белдері бүгіліп қалған.
Атам айтады: «Жак-Ив Кусто аға-йың қайтыс болған, бұл көзі тірісінде жасаған саяхаттары, сол кездегі жазба-лар» - дейді. Менің атам өтірік айтпай-тын адам. Әйтсе де, бұл жолы менің оған сенгім келген жоқ. Мүмкін емес, сіз секілді ғажайып жан мәңгі жасай беруге тиіс. Әйтпесе, табиғатты адамдар-дан кім қорғайды? Кім әлемге сіз секіл-ді дабыл қағады? Ол құрып бітеді ғой.
Менің осы хатымды оқитыныңыз-ға, елдегі барлық өзен-көлдер құрғап, жан-жануарлар, ормандар мен өсімдік-тер құрып кетпестен бұрын, міндетті түрде, біздің ауылға да келетініңізге сенемін.
* * *
Мен Сізді күтіп жүрмін, Кусто ағай!