Қазақ әйелдері, әсіресе, ханымдар ері алдында ешқашан бүркеншектеу дегенді білмей, орынды жерінде ақыл қосып, шаруасын қашан да оңға басты-рып отырған. Солардың бірі – Кіші жүз ханы Әбілқайырдың зайыбы, ел басқа-ру ісіне араласқан қайраткер, дипломат Бопай ханым туралы сөз қозғамақпыз. Ол 1693/1695 жылы Елек өзені бойында дүниеге келген. Шыққан тегіне қатысты әртүрлі пікірлер айтылады. Тарихшы ғалым, зерттеуші Қ. Есламғалиұлы төре тұқымынан, ал қайсыбір авторлар Еділ қалмақтарына қарсы жо-рықтарда қолбасшылығымен танылған Сүйіндік батырдың қызы дейді. Әбілқа-йыр мен оның заманын көп зерттеген ғалым С. Өтениязов Бопай – Адай қызы деп келтірген.
Әбілқайырдың Бопай сұлуға үйле-нуі, алғаш танысуы, баянды махаббаты жайында ел ішінде аңыз-әңгімелер көп кездеседі. С. Өтенияз бен Ш. Өтенияз 2010 жылы «Арыс» баспасынан шық-қан “Әбілқайыр хан” кітабының 206-бетінде:
«…Кіші жүздегі әйгілі батыр Жәні-бек пен Әбілқайыр жол жүріп келе жа-тып, күн батар алдында бір ауылға тү-седі. Ауыл иесі аса бай, жасы үлкен кісі екен. Оның бой жетіп отырған қызы Бопай сұлуды көрген Әбілқайыр ес-ақы-лы кетіп ғашық болады. Келесі күні жол-ға шыққан Әбілқайыр күтпеген жерден сол ауылда қалатынын айтады да, Жәнібек батырға өз жөнімен кетуге ту-ра келеді. «Қайтсем де, Бопай сұлуды алмай тынбаймын» деп Әбілқайыр қа-лады. Ол өзінің кім екенін жасырып, Бопайдың әкесінің малын бағуға жал-данады. Ұзын бойлы, батыр тұлғалы, жігіттің сұлтаны Әбілқайыр батыр жыл-қышы болып жүрсе де, аз уақыттың ішінде ауыл адамдарына жақсы қыры-нан танылып, құрметке ие болады. Әри-не, көп ұзамай Бопай сұлуға да ұнап қалады. Сырын ашқан жас батырды Бопай сұлу да жан-тәнімен ұнатып, ға-шық болады. Ғашықтар ажырамастай дәрежеге жеткенде Әбілқайыр Бопай сұлудың әкесінің рұқсатын сұрайды. Әкесі сұлтан деген аты болғанымен, жалғыз атты кедей жігітке қызын бергі-сі келмей, түрлі айла-шарғы ойлап та-бады. Соның бірі ретінде «Қалыңмалға ала аяқты 90 күрең және 60 ақсұр ат әкелесің, әйтпесе, қызымды бермей-мін» деп шарт қояды. Осындай ауыр шартқа амалсыз келіскен жас батыр «Бір айдың ішінде айтқан қалыңмалыңызды әкелемін» деп аттанып кетеді. Бопай сұлудың әкесі «Кедей жігіт бұл шартымды орындай алмас» деп үміт-тенген еді. Әбілқайыр әлгі айтқан жыл-қыны таныс-тамыры, ағайын-туысы, бә-рінен сұрағанымен, ешқандай нәтиже шықпайды. Шарқ ұрған жас батырдың аянышты күйін естіген Жәнібек батыр Әбілқайырға керекті 150 айғырды өз жылқысынан шығарып береді. Оған қо-са, ол өзі барып, Бопай сұлудың әкесі-не барып, қазақтың әдет-ғұрпы бойын-ша құда түседі» деп көрсетеді.
Бопай ханым Әбілқайырдың екінші әйелі болған, бірақ соған қарамастан, оның есімі бәйбішесі ретінде үлкен құр-метпен айтылады. Оның осынша құр-метке ие болуы ақылдылығы, парасаттылығы, беделділігінде болса керек. Ханымның көз тартар көркі 1736 жылы Хан Ордасында болған ағылшын сурет-шісі Джон Кэстльдің де ерекше наза-рын аударған. Суретші Бопай ханымды ұлы Әділмен бірге келе жатқанын бей-нелеген. Сонымен бірге Бопайдың зе-ректігі мен тапқырлығы жөнінде бірша-ма деректер келтіріп, өз күнделігінде «Ең жасы үлкен бәйбішесі-ханшасы төрде отырды, оның үстіне кигені қы-зыл жібектен, алтын жіппен өрнектел-ген, басындағы әшекейлі биік бас киімі түріктің сәлдесіне ұқсайды және алтын-мен кестеленген» деп көрсетеді.
Бопай ханым ханның меймандарына қошемет көрсете отырып, олар-дың халық тағдырын қозғаған пікірле-ріне де құлақ түріп, арасында ой сабақ-тап, ел басқаруға да атсалысып отыр-ған өз заманының зерделі де зерек, ақылды да алғыр адамы болған. Хан-мен де, қарамен де, жатпен де, жақсы-мен де тіл табысып кететін ханымның осы мінезін үлкен де, кіші де қадір тұ-тып, ұдайы құрметтеген. Сол арқылы ханның беделін биіктетіп, абыройын асырып отырған. Бопай ханым күйеуі Әбілқайырдың түпкі мақсаты Жайық казактарының, орыс бодандығындағы башқұрттар мен Еділ қалмақтарының шапқыншылықтарын тоқтату, жоңғарларды түпкілікті талқандау екендігін және бүкіл күрделі мәселелерді уақыт-ша болса да, Ресей империясын пайда-лану арқылы шешуге тырысқандығын терең ұғынған. Сондықтан да Әбілқайырдың осы бағыттағы саяси қадамдарына қолдау көрсеткен. Оны ханымның 1722 ж. 22 қарашада орыс патша-йымы Анна Иоановнаға, 1748 ж. 5 қа-занда Елизавета Петровнаға, Орынбор әкімшілігінің басшыларына жазған хат-тарынан айқын көреміз. Оның Анна Иоановна патшайымға 1731 жылдың қаңтарында жазған хатында:
«Биік мәртебелі сіздің жарлығыңыз бойынша ұлық дәрежелі Мәмет мырза біздің қазақ жеріне келіп, күллі қазақ хандарын, сұлтандары мен бек-терін бүкіл қарашаларымен бірге өзі-ңізге бодан етті. Барлық қожайындар, хандар мен сұлтандар сіздің биік мәр-тебеңіз үшін өз қарауындағылардан зе-кет жинап, түлкі, қарсақ терілерін ұлы құзырыңызға жеткізетін елшілер аттан-дырады. Ұлық мәртебеңіздің құлақкес-ті құлы біздің еліміз барша хандардың ең басы Әбілқайыр хан өзінің бүкіл ба-лаларымен бірге бодандығыңызға ен-ді, сол үшін де, биік мәртебелі императорлық ұлы мейіріңізден біздей құлда-рыңызды қағыс тастамауыңызды өтіне отырып, бұрын бастан кешкеніңіздей қисапсыз көп қиындықтар енді қайта-ланбас деп сенеміз. Биік мәртебелі өзі-ңіздің бізді дұшпандардан қорғайтыныңызға сенім артып, әзір қауіп-қатер-ден арылғандаймыз. Құдіреті күшті та-ғаладан сізге көп жыл жасар ұзақ ғұ-мыр бер деп тілейміз. Биік мәртебелім, құлақкесті құлыңыз Әбілқайыр ханның ханшасы Бопай ханым ең ізгі ілтипатпен құттықтай келіп, өзіңізге тарту ре-тінде он түлкінің терісін жіберіп отыр» делінген.
Ханға Нұралы, Ерәлі, Қожахмет, Айшуақ, Әділ сияқты бақандай бес ұл тауып берген абыройы асқақ абзал ана Бопай ханымға патша ұлықтарының өзі де баса көктеп кіру былай тұрсын, батып тіл қата алмаған, оны Орынбор губернаторы Иван Неплюевтің Сыртқы Істер алқасына Әбілқайыр ханның өлі-мі жайында жазған хабарламасынан да аңғаруға болады.
«Әбілқайыр ханның ажалының өзі де аяқ астынан болды. Жұмыс ыңғайымен Қарақалпақ жұртына барған хан ойламаған жерде Барақ сұлтанмен ұшырасып қалады. Батыр сұлтан парсы шахының қолдауымен Хиуаға хан бол-ған баласы Қайыпқа Барақтың қызын айттырып, құда түскен екен. Батырдың айдап салуымен беттескен жерде хан мен сұлтан қақтығысып қалады. Дау-дың басы Барақтың Азия саудагерлері-нің ерсілі-қарсылы жүргенде оның ұлысына соғып отыруы талабынан туа-ды. Керуендер онсыз да көп тоналып жүрген соң бұған хан қарсылық білді-реді. Осыдан жанжал шығып, Әбілқайыр опат болады. Алайда оны Бопай ханымға естірте алмай отырмыз» деп жазады генерал.
Күйеуінің қазасынан кейін де Бопай-дың өзінің ел алдындағы жауапкерші-лігі арта түседі. Әбілқайыр саясатының жалғасы баласы Нұралы әке орнын ба-су арқылы жүзеге асатынын терең ұғын-ған Бопай батыл, ойлап-пішілген қа-дамдар жасайды. Орта жүз бен Кіші жүздің беделді билері мен батырларының Нұралыны хан көтеруге келісімін алғаннан кейін ғана Бопай патшайым Елизавета Петровнаға, келесі күні бри-гадалық генерал А. Тевкелев пен Орын-бор губернаторы И. Неплюевке қисын-ды өтініш хаттар жолдайды.
1748 жылғы 5 қазандағы ұлы пат-шайым Елизаветаға жазған хатында:
«Жаратқан иенің сүйіспеншілігіне бөленген нұр сипатты, шарапатында шек жоқ, мейірбанды падишамыз, бүкіл Ресейдің билеушісі, мархабатты ел басшымыз Елизавета Петровна.
Қырғыз-қайсақ кіші ордасының ханы Әбілқайырдың ханымы Бопай ханша сіздің назарыңызға мынадай өтініш-тілегін салғысы келеді.
Біріншіден, императорлық ұлы мәртебеңізге адал берілген менің ерім Әбілқайыр хан бұл жарық дүниеден баз кешті. Төменшік күңіңіз мен жесір, шиеттей бала-шағасы жетім қалды. Биік мәртебелі алдияр падишам, жо-ғары құзырыңызға жан-тәнімен адал берілген Әбілқайыр ханның көзі тірі кезіндей бізді қажет кезінде мархабат мейіріңізден тыс қалдырмауыңызды өтінемін.
Екіншіден, ерім Әбілқайыр ханның орнына біздің жағдайымызды жетік бі-летін, өзіңіздің ұлы құзырыңыздағы құ-пия кеңесшіңіз әрі сардар Неплюев пен бригадир Тәуекелевтің және өзіңіздің күллі қырғыз халқының ақылымен мұ-рагер ретінде менің үлкен ұлым Нұра-лыны хан етіп сайлады.
Үшіншіден, халқымыз аталмыш ұлым Нұралыны хан етіп сайлағанмен, биік мәртебелі патша ағзам, өзіңіздің ұлы жарлығыңызсыз оның басты хан боларлық жағдайы жоқ.
Сол үшін де биік мәртебелі алдияр патша, аталмыш ұлым Нұралы сұлтанның әкесі Әбілқайыр ханның орнына нағыз басты хан болуына жарлық етіп, оның хандығын жоғары құзырыңызбен алтын мөрі бар сенімхатпен марапаттауыңызды сұраймын.
Мейірімі шексіз мархабатты мем-лекет басшысы, сіздің патшалық биік мәртебеңізден риясыз берілген құлы-ңыздың өтінішіне мейірбан қолыңызды қоюыңызды сұраймын».
Осы хаттарды жеткізу үшін аталмыш екі жүздің 8 беделді биі Орынборға, одан кейін Санкт-Петербургке аттанады.
Нұралыны «қырғыз-қайсақ ханы» етіп бекіту туралы Елизавета Петровнаның 1749 ж. 2 мамырдағы жарлығы, онда Бопай ханымның хатына да сілте-ме жасалуы, канцлер А. Бестужев-Рю-миннің Бопайға арнайы хат жазып, пат-шайым атынан сыйлық жолдауы ха-ным саясатының жеңісі еді. Бопай ха-ным Әбілқайыр әулетінің дәрежесі мен беделін көтеруге ұмтыла отырып, орын-сыз қантөгістің болмауын, ел іргесінің сөгілмеуін қалады. Ол күйеуі Әбілқайырдың кегін алу үшін Барақ сұлтанды жазалауды орыс әкімшілігі арқылы заң-дастырып алуға тырысты. Қоғам дамуы-ның негізгі көзі тыныштық екенін, тірлі-гін ат үстінде өткізген халықтың бола-шағы бұлдырлығын ұғынған ханым орыс әкімшілігін Елек өзені бойында қала салдыртуға да үгіттейді. Бопай орыс-жоңғар қарым-қатынастарында-ғы және сол кездегі қазақ қоғамындағы шешімін таппай жүрген кейбір мә-селелерді талқылау үшін Орынбор әкім-шілігінің басшыларымен кездесіп, ке-ліссөздер жүргізіп отырған. Жалпы Бопай ханымның халқымыздың игі жақсыларының, батырлар мен билер-дің арасында, Қазақ-Ресей қатынастарында орасан зор ықпалы болған. Ха-нымның өзінің жеке вензелі (мөрі) бол-ғандығы орыс жазбаларында нақтылы көрсетілген. Үлкен ұлы Нұралы жазған хаттарда да Бопай ханымның мөрі қа-тар басылған деректер кездеседі. Мә-селен, Нұралы ханның патшаға, губер-наторға жазған хаттарда Бопай ханым-ның мөрі басылған қолы болмаса, Нұралының сөзіне сенбейтіндей жағ-дайлар болыпты. Орыс ғалымы А. Лев-шиннің ғылыми еңбектерінде Бопай ханымның жеке мөрі болғандығы ата-лып, ханым жайлы «Бопай өзінің ақыл-дылығы арқасында бүкіл Кіші жүздің құрметіне бөленді және кейде оны басқаруға үлкен ықпал етті» деп жаза-ды. Бопай ханым 1780 жылы қайтыс болып, Ақтөбе мен Батыс Қазақстан облыстарымен шектесетін Орынбор облысының Елек ауданындағы Димит-ров селосы маңындағы бұрын Мешіт аталатын төбеде жерленген.
Бір қолымен бесікті, екінші қолы-мен ел тыныштығын тербеткен қазақ әйелдері көп болды. Солардың ішінде тарихта аты танылған екі Бопай бар, бірі – Кенесары ханның қарындасы ба-тыр Бопай, екіншісі Әбілқайырдың се-німді әрі ақылды серігі болып, ханмен бірге дипломатиялық қатынастарды реттеп отырған, қазақ халқының басы-на ел болу не мүлдем жоғалу қаупі төн-генде ханның саясатына қолдау білді-ріп, әйел заты қатыспайтын құрылтайға барып, қазақ хандығының ішкі және сыртқы мәселелерін шешуге атсалысқан Бопай ханым еді. Бопай ханымды билікке араласқан қайраткер қазақ әйелдерінің көшбастаушы болды деп айтуға болады. Ел, жер тұтастығы үшін күрескер Бопай ханым тұлғасы – шоқ-тығы биік, аласармайтын бейне. Үш ға-сыр өтсе де, оның есімі қазақ тарихының бетінде әрдайым зерттеліп, зерде-леніп, ешқашан көнермек емес.