Таскешу тиындары - тарихи дерек көзі

Гүлайна САЛИХОВА,

Атырау облысы тарихи-өлкетану мұражайы археология ғылыми-зерттеу бөлімінің маманы

2008-2010 жылдар аралығында «Атырау облыстық тарих және археология орталығы» А. Ғарифолланың жетек-шілігімен Атырау облысы, Мақат, Жылыой, Қызылқоға аудандарының түйіскен жерінде орналасқан Таскешу керуен сарайына археологиялық қазба жұмысын жүргізді. Себебі керуен сарай еліміздің тарихы мен мәдениеті-нен хабар беретін өте құнды ескерткіш болатын.

Керуен сарай Сағыз өзенінің сол жағалауында, Мақат поселкесінен шы-ғысқа 35 шақырым жерде орналасқан.
Таскешу керуен сарайының пішіні төрт бұрышты жалдан тұрады, құландының көлемі – 42×42 м. Ортасында көлемі 30×30 м шамасындағы ауласы бар. Қақпасы оңтүстік жағында орна-ласқан.
Керуен сарай түгелдей күйдірілген қыш кірпіштен қаланған. Қазба жұмыс-тарының нәтижесінде керуен сарайдың батыс қанаты топырақтан тазартылды. Бұл жерде барлығы 11 бөлме ашылды. Ғимараттың барлық бұрышы дөңгелене мұнара түрінде қаланғаны анықталды. Қабырғаларының орта тұсы да ойыс келген мұнаралармен бекітілген. Бөлмелердің ішінде суфа-лар орналасқан. Кейбір суфалардың бойына пеш кандары жүргізіліп, жылы-тылатын болған. Қазбадан түрлі қыш ыдыстардың бөліктері, мал және ба-лық сүйектері, металл бұйымдар мен шыны сынықтары табылды.
Керуен сарайдан жиналған жәді-герлердің ішінде 6 мыс тиын бар. Қаз-ба кезінде табылған тиындар басқа жә-дігерлермен салыстырғанда, нақты мә-лімет беретіні белгілі. Олар керуен са-райдың қашан тұрғызылып, қай заман-да қызмет атқарғанын анықтауға мүм-кіндік туғызады.
Қай қоғамда да ақшаның өте күр-делі және мазмұнды тарихи ескерткіш екені белгілі. Ақшада кездесетін сурет-тер мен жазулар, олардың көркемдік және эпиграфиялық жағы, дайындау техникасы мен материалы – осының барлығы сол жер тұрғындарының эко-номикалық және саяси тарихын, көне рухани және материалдық мәдениетін оқып білуде өте құнды дерек.
Табылған тиындардың екеуі таби-ғи фактор, уақыт әсерінен өзгеріске ұшырап, оларды анықтау мүмкін бол-мады.
Таскешудің нумизматикалық мате-риалдарын сараптап көрейік:
Бірінші мыс тиын
Беткі бетінен – «әл.....сұлтан......» деген араб қарпімен жазылған жазуды оқуға болады. Жазудың астына «бақыт түйіні» өрнегі салынған.
Артқы бетінде «Хорезм» деген сөзге келіңкірейтін, ұқсас жазу бар. Со-ғылым жылын «?17» деп оқуға келеді. Бұл тиынды Өзбек ханның соғылымы деп санап отырмыз. Шамасы хижра жыл санауымен 717 жылы соғылған. Бұл грегориан жыл санауы бойынша 1317-1318 жылдарға сәйкес келеді.

Екінші мыс тиын
Беткі бетінде екі басты қыран белгіленген. Одан жоғары жұлдыз со-ғылған. Қыран қанатын екі жаққа жай-ған. Қыран құс ептілік, қырағылық, күштілік, қорғаушы сияқты әрекеттері-мен қазақтарды бәле-жаладан қор-ғаған. Қазақтардың фольклорында қы-ран құс – еркіндіктің, ерліктің символы. Аққу – махабат пен пәктіктің иесі. Ал жапалақ, қарға, көкек қараулықтың, жамандықтың белгісі ретінде суреттеледі (2).
Артқы бетінде жазу жазылған. Жәнібек ханның Сарай-әл-Жадидте соғылған тиындарының типінен.

Үшінші мыс тиын
Беткі беті – оң жаққа бет алған аң, оның арқасында шығып тұрған күн бейнеленген.
Артқы бетінде төрт бұрыш шаршы ортасынан екіге бөлінген, ішіне жа-зу жазылып, олар да бөлініп тұр. Астын-да хижра жыл санауымен соғылған жылы (73?) жазылған. Бет-бедеріне қа-рап, Өзбек ханның соғылымына ұқсас-тырамыз.

Төртінші мыс тиын
Беткі бетінде шеңбер ішіне «ба-қыт түйіндері» деп аталатын өрнектер-дің бір түрі салынған.
Артқы бетінде ортадағы шеңберді айналдыра жазу жазылған. Жазу сыр-тынан тағы шеңбер салынған. Ол шең-бердің сыртынан нүктелі картуш жүргі-зілген. Бет-бедеріне байланысты Тоқта-мыс ханның Қажы-Тарханда соғылған тиындарының типінен екені анықталды.
Тарихтан белгілі, Алтын Орда мемлекетінде 1311-1341 жылдары билік құрған Өзбек ханның кезінде империя гүлденудің ең жоғары деңгейіне жеткен. Ол билік еткен жылдары көптеген қалалар бой көтеріп, сауда-керуен жолдары қалпына келтірілді. Мемлекеттің әр түрлі өңірлерімен тығыз қарым-қатынас орнады. Еуропадан Азияға дейінгі керуен жолдары өз дамуының шегіне жетіп, Сағыз, Жем өзендері бойында, Үстіртте мықты дамыған көптеген қоныстар, керуен сарайлар, елді мекендер пайда болды. Жошы ұлысында ірі реформалар жүргізіліп, күшті экономикалық өркендеу болды. Экономиканың өркендеуі ақша айналысында аса зор қаражат ағынын қажетсінді. Ислам дінінің мемлекеттік дәрежеге көтерілуі тиындардың бедерінде бейнелене бастады. Аллаға, Мұхаммед пайғамбар атына мадақ сөздер жазылған тиындар шығарыла бастады. Сондай-ақ күштің, биліктің символдары салынған тиындар да кездеседі.
Оның ұлы, кейін таққа отырған Жәнібек хан кезінде де империяның сауда-экономикалық өркендеуі жалғасты. Жәнібек ханның тиындарына екі басты қыран мен гүлді өрнектің салынуы басым болған. Жәнібек хан 1359 жылы дүниеден өтті. Бұдан кейін Алтын Орда тарихында Бердібек ханнан басталған «Ұлы кесапат» деп аталатын қиын кезең өтті. Бұл кезең ақ ордалық Тоқтамыстың 1380 жылы Алтын Орданың билік басына келуімен тұрақталды. Осы ханның атымен импе-рияның барлық тиын соғатын орындарында тиындар соғыла бастады. Қала-ларға сауда жасау үшін Хорезмнен, Қырымнан, Қажы-Тарханнан, астаналық Сарай қаласынан әкелінген теңге-лер, негізінен күміс, мыс тиындар кеңі-нен пайдаланылған.
Қазақстан аумағында ақша айна-лымы мыңдаған жыл бұрын пайда болғанына осындай сандаған тиындардың соғылымы куә.
Керуен сарайдан табылған тиындар мен басқа да көптеген жәдігерлер Мақат ауданындағы Доссор поселкесінің мұражайына тапсырылып, экспонаттар қатарын толықтырды.
Батыс аймағындағы керуен сарайларға бұрын қазба жұмыстары жүрмегені белгілі. Болашақта бұл тарихи-мәдени ескерткіш тереңірек зерттеліп, қалпына келтірілсе, өлке-мізге туристерді көптеп тартуға зор мүмкіншілік берер еді. Сонымен қатар, Батыс Қазақстан аймағын сақ-скиф тайпаларына туыстас савромат-сармат тайпалары мекендегені тарихтан белгілі. Ойыл, Жем, Еділ, Жайық, Сағыз өңірлерінде, Каспий ойпатында ұлан-ғайыр территорияда мәдениеті мен этникалық жағынан туыс тайпалар топ-тары мекендегенін ескерсек, тарихтың ашылар сырларының әлі де көп екенін аңғарамыз.
Қорыта айтқанда, жерасты байлы-ғымыз, мұнай ондаған жылдан соң сарқылар. Ал мәдени жәдігерлер, біз-дің бабаларымыздың мыңдаған жыл бойы қалдырған мұрасы ұрпақ үшін мәңгі сақталуы тиіс.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Назарбаев Н. Ә. Тарих толқынында. Алматы, 1999.
2. Қиясбек Ғ. Қ. Ежелгі көшпелілер өнеріндегі грифонның қазақ-мифоло-гиясындағы жаңғырықтары. // Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстанның археология ғылымдарының жетістіктерімен келешегі» тақыры-бы бойынша Халықаралық Марғұлан оқуларының еңбектері. Қызылорда, 2001. 91-б.
3. АЦИА., Таскешу керуен сарайында жүргізілген археологиялық қазба жұмысының ғылыми есебі., Атырау. 2008-2009.
4. Самашев З., Бурнашева Р., Базылхан Н., Плахов В., Сарайшық тиындары., Алматы., 2006.
5. Шельди Н., Булгаро-татарские монеты XIII-XV веков., Казань., 2002.
II-ші Халықаралық «Каспий-Арал өңірінің тарихи-мәдени мұралары» ғы-лыми-практикалық конференциясының материалдар жинағы., Ақтау., 2010.

Қаралым саны 1858

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463