Осындай кезекті үлкен шараның бірі – 2015 жылдың 25-26 қыркүйек күндері Атырау қаласында Қазақстан Республи-касы Білім және ғылым министрлігі, Атырау облыстық әкімдігі мен Х. Дос-мұхамедов атындағы Атырау мемле-кеттік университетінің ұйымдастыруы-мен өткен «Қазақ хандығынан – еге-мен Қазақстанға» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция бо-латын. Конференцияға шетелден, Үкі-мет пен Парламенттен, Қазақстанның басқа қалаларынан қонақтар келді. Атап айтсақ: Фостер Гултум – Индоне-зия Республикасының ҚР Төтенше жә-не Өкілетті елшісі, Христиан Камилл – Швецияның ҚР Төтенше және Өкілетті елшісі, Маммадов Рашад Эйнаддин оглы – Ақтау қаласындағы Әзірбайжан Республикасының бас консулы, бірінші санатты Төтенше және Өкілетті елші, Гийом Касперски – Франция елшілігінің ҚР мәдениет және ынтымақтастық сұрақтар жөніндегі кеңесшісі, Хайдар Мансура – Дели университетінің про-фессоры, И.Ганди атындағы Ұлттық өнер орталығы, Пужол Катрин – Париж қаласындағы Шығыс тілдері мен өрке-ниеті Ұлттық институтының профессо-ры, Патрис Нодэн – Пуатье университе-тінің профессоры, Лю Син Фен – Үрімжі қаласындағы Синьцзянь экономика жә-не қаржы университетінің профессоры, Бекмаханова Найля Ермұханқызы – про-фессор, Мәскеу қаласындағы Ресей Ғы-лым академиясы Ресей тарихы институ-тының бас ғылыми қызметкері, Мейер Михаил Серафимович – профессор,
М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мем-лекеттік университеті, Азия және Афри-ка елдері институтының президенті, Сыздықова Жібек Сапарбекқызы – про-фессор, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, Азия және Африка елдері институты дирек-торының орынбасары, Салаев Бадма Катинович – профессор, Элиста қала-сындағы Қалмақ мемлекеттік универ-ситетінің ректоры, Еңсегенов Сәрсен-бай Құрманұлы – Қазақстан Республи-касы Парламенті Сенатының депутаты, Ізмұхамбетов Бақтықожа Салахатдин-ұлы – Атырау облысының әкімі және өзге де ғалымдар қатынасты.
Әсіресе, Үндістан-нан келген ғалым Мансура Хайдардың баяндамасы мазмұн-ды болды. Ол Қазақ хандығының негізгі тарихын жазған Мұхаммед Хайдар Дулати ұрпағы ретінде оның еңбектерін зерт-теген екен. Үнді тарих-шыларының еңбекте-рінде Дулатиға қатыс-ты деректер мен мәлі-меттердің шынайы жа-зылғаны да, ішінара бір жақты мәліметтер де ұшырасады. Бірақ қалай болғандада басқа да та-рихшылардың барлығы дерлік Дулати-дің Кашмир, күншығыс тарихында алар орнының аса зор болғанын мойындап қана қоймай, атақты «Тарих-и Рашиди-ге» сүйеніп жазады. Осының өзінен Дулатидың өзінен кейінгі ғасырларда дүниеге келген оқымысты, тарихшы-лардың барлығына дерлік ықпалы зор болғаны байқалады. Қазақ хандығы-ның шежіресі ғана емес, сонымен бірге әлемнің төрт тарабын — Күншығыс, Ба-тыс Европа, Америка елдеріне таралып, әлем халықтарының игілігіне айналған «Тарих-и Рашиди» расымен де адам-заттың ортақ мәдени, әдеби, тарихи қазынасына қосылған зор туынды.
Үндістандық ғалым, парсы, ағыл-шын, орыс тілдерін жақсы білетін про-фессор Мансура Хайдардың үздіксіз зерттеу жүргізіп, Мұхаммед Хайдар ту-ралы кітап жазып, ағылшын тілінде Үн-дістанда жариялауы айтулы оқиға бол-ды. Оның «Мирза Мұхаммед Хайдар Дуглат в персидских источниках» атты зерттеуі орыс тіліне аударылып, Алма-тыда бұдан бұрын, 2010 жылы жарық көрген. Бұл кітап жазба деректерге сү-йеніп жазылған. Мансура Хайдар Дула-ти туралы үнді, басқа да ел ғалымда-рының Кашмирді жаулап алуына қа-тысты қарама-қайшы тарихи оқиға ло-гикасына сыя бермейтін сын пікірлері-нің негізсіздігін дәлелдеп, ашып көрсе-тіп берген.
Профессор Мансура Хайдар Дулати – соңғы жылдары тың деректер негізінде тынымсыз ізденіп, зерттеу жұмыстарын жүйелі әрі тиянақты жүргізуінің арқа-сында қазақ ғылымына да сүйкімі ар-тып келе жатқан санаулы шетелдік дулатитанушылардың бірі.
Пленарлық мәжілістің бірінші жар-тысы «Атырау» мәдени орталығында өтсе, екінші жартысы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік универ-ситетінде жалғасты. Пленарлық мәжі-лістердің модераторы ф.ғ.д., профес-сор, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ректоры Бейбіт Баймағамбетұлы Мамраев бол-ды. Конференцияның екінші күнінде секциялық отырыстар болды. Біз «Қа-зақ хандығының құрылғанына 550 жыл. Отандық тарихты зерттеу әдіснамасы мен оқыту әдістемесіндегі жаңаша көз-қарастар» тақырыбындағы секциялық мәжіліске қатысып, «Әбдіжәлел қожа мен оның ұрпақтарының қоғамдық-саяси қызметі» атты баяндама оқып, жи-налған тарихшылар талқысына салдық.
Мәжілістен кейін конференция де-легациялары Махамбет ауданы Сарай-шық ауылында орналасқан көне Сарай-шық қаласына барды. Ең алдымен, ауылдың көрікті жерлерімен танысып, жеті хан жерленген күмбезді, мешіт пен мұражайды аралап, Ноғайлы елі тари-хынан бастап көне Сарайшық қаласы туралы біраз мәліметтерге қанықтық.
Атырау қаласындағы Қазақ ханды-ғының 550 жылдығына арналған «Қа-зақ хандығынан – егемен Қазақстанға» атты халықаралық ғылыми-практика-лық конференция бізге ұнады, себебі шараның ғылыми және мәдени ұйым-дастырылуы өте жоғары деңгейде өтті. Конференцияның ғылыми тәжірибелік тағылымының мол болғандығын баса атап өтер едік.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш, та-рихымыз бүтін болғай!
Ұлдай АХМЕТОВА,
тарих ғылымдарының докторы,
Жансұлтан НҰРМҰХАНОВ,
2 курс магистранты,
Атырау қаласы