– Қыздар, біздің еліміз Қазақстанға, Орал қаласына қош келдіңдер. Жалпы осы сапарларың, келген мақсаттарыңыз жөнінде айтсаңыздар.
– Рахмет. Біздің қазақ жеріне келгендегі мақсатымыз – қазақ тілін үйрену, тәжірибе алмасу, адамдармен қарым-қатынас орнату. Сонымен бірге сіздердің салт-дәстүрлеріңізді жете білсек және халық аспаптарымен таныссақ дейміз.
– Өздеріңіз жайлы кеңірек таныс-тырып өтсеңіздер.
Регина: – Мен 1994 жылы 29 қаң-тарда Башқұртстан Республикасы, Салауат қаласында дүниеге келдім. Отбасымда әкем, анам және өзімнен кейінгі Марсель атты жалғыз бауырым бар. Әкем 20 жылдай ішкі істер орган-дарында қызмет жасады. Қазір зейнет жасында. Анам үй шаруасында. Мектепті қызыл дипломмен бітіріп,
М. Ақмолла атындағы Башқұрт мемле-кеттік педагогикалық университетіне «Башқұрт тілі мен әдебиеті һәм араб тілі» мамандығына оқуға түстім. Қазір 3-курс студентімін.
Ақсәскә: – Мен 1991 жылы 21 қазанда Башқұртстан Республикасы, Сибай қаласында дүниеге келдім. Ата-анамның екеуі де мұғалім. Жалғыз інім бар. Ол қазір Сибай мемлекеттік уни-верситетінде дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша білім алып жатыр. Біз екеуміз де ата-анамыздың жолын жалғастырғалы жүрміз. 9-сы-ныпты қызыл куәлікпен бітіріп, Сибай педагогикалық колледжіне оқуға түстім. Колледжді үздік дипломмен бітіріп, М. Ақмолла атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық универ-ситетіне «Башқұрт тілі мен әдебиеті һәм ағылшын тілі» мамандығына оқуға түстім.
– Жалпы, біздің еліміз туралы қандай пікірдесіздер? Қазақ елі дегенде ең бірінші ойларыңызға не келеді?
– Біз башқұрт, қазақ – бұрыннан түбі бір түркі тілдес халықтармыз. Тіліміз жағынан да, салт-дәстүрімізбен де, дінімізбен де, түр-сипатымызбен де ұқсаспыз. Әсіресе, біз башқұрттар, қазақтарға көбірек жақынбыз. Біздің атақты батырымыз Салауат Юлаевтың Е. Пугачевпен бірігіп, патша үкіметіне қарсы көтеріліске шыққанын және де ол көтеріліске қазақтардың да қосыл-ғанын және олардың осы Орал қала-сында болғандығын білеміз. Біз қазақ-тарды өзіміздің бауырымыз деп, бүгінгі қазақ елін тәуелсіз, зайырлы мемлекет ретінде танимыз. Сіздердің Президент-теріңіз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев-ты мықты саясаткер, әділ басшы, елін сүйген, елі сүйген көшбасшы деп ой-лаймыз. Біздің сіздермен таныстығы-мыз Президенттеріңіз арқылы десек те болады.
– Біздің жастармен қалай тіл та-бысып жатырсыздар? Тіл айырмашы-лығы кедергі келтірмей ме?
– Келгенімізге көп болмаса да ортамен үйренісіп қалдық. Айналамыз-дағы жандардың барлығы да жылы шырай білдіріп, қонақжайлық таныту-да. Бұл – біз үшін үлкен қуаныш. Груп-паластарымызбен де таныстық, тіпті оларда қонақ болып та үлгердік. Олар бізге қазақ халқы туралы көптеген қы-зықты мәлімет берді. Мысалы, алма-ның отаны – Алматы қаласы екенін, сонымен қатар қызғалдақтың отаны да Қазақстан екенін біз алғаш рет осы қазақ достарымыздан естіп білдік. Тіпті бізге салт-дәстүрлері туралы дa көпте-ген қызықты әңгімелерімен бөлісті. Салт-дәстүріміз жағынан да ұқсастық-тарымызды талқылап үлгердік. Мыса-лы, сіздердегі «бесік» бізде де бар, бірақ заманауи үлгіде. Сонымен қатар қазақ халқына да, бізге де ортақ қыз алып қашу, беташар, қалың мал беру секілді дәстүрлер бар. Әңгіме бары-сында қазақ достарымызбен бүркіт туралы сөз таластырып, әрқайсысымыз оны өзімізге қарай тарттық. Осындай бір қызықты отырыс болған. Ал енді тіл жағына келетін болсақ, соншалықты көп түсінбеушілік болған жоқ. Себебі айтып өткеніміздей тіліміз, өте ұқсас, тіпті түсінбей жатқан жағдайда орыс тілінде ойымызды жеткіздік.
– Бос уақыттарыңызды қайда жұ-мсайсыздар, немен айналысыздар?
Регина: – Мен бос уақытымда ән айтамын, бимен шұғылданамын. Көп тіл білсем деймін. Қазіргі кезде араб, түрік, қазақ тілдерін үйренудемін. Со-нымен қатар қолөнермен де айналы-самын. Университеттің белсенді сту-денттерінің бірімін. Ғылыми жобалар, мақалалар жазамын. Шынымды айт-сам, негізінде менде көп бос уақыт бола бермейді.
Ақсәскә: – Ал мен бос уақытымда кикбоксинг, самбомен айналысамын. Баскетбол ойнағанды жақсы көремін. Қытай, ағылшын, қазақ тілдерін үйре-нудемін. Қызықты сәттерді қалт жі-бермей, фотоға түсіруге әуеспін. Му-зыкалық аспаптарды үйренуге де қы-зығушылығым зор. Мысалы, қазір мен сіздердің ұлттық аспаптарыңыз – дом-быраны үйреніп жүрмін.
– Сіздерге Орал қаласы ұнады ма?
– Ұнады. Өте әдемі қала екен. Қа-зақ драма театрының сәулеті де кере-мет. Бізге театр директоры Қуаныш Амандықов ағамыз театрдың бір ай-лық репертуарын тегін тамашалауға мүмкіндік беретін билет сыйлады! Қазақ өнерімен, туысқан халық мәде-ниетімен танысуға тамаша мүмкіндік берген ағаларымызға сансыз алғыс айтамыз.
– Болашақта қандай жоспарлары-ңыз бар?
Регина: – Алла бұйыртса универси-тетті қызыл дипломға тәмамдап, магис-тратураға түссек деген арманымыз бар. Өз елімнің білікті маманы болғым ке-леді. ІІД-ға жұмысқа орналасып, тұр-мыс құрып, ана атану секілді жоспар-ларым бар (жымиып).
Ақсәскә: – Өз еліме оралған соң қазақ тілінің ерекшелігі туралы ғылыми жоба жазып, домбырада ойнағым ке-леді. Оқуымды ойымдағыдай тәмам-дап, өзге елге магистратураға тапсыр-сам деймін. Тұрмысқа шығып, ақылды әрі дені сау ұрпақ тәрбиелегім келеді. Білім және ғылым министрлігінде жұмыс жасағым келеді. Және тағы бір арманым – кикбоксингтан чемпион атану (жымиып).
– Ендеше, сіздерге тек қана сәтті-лік, шығармашылық табыстар тілей-міз.
– Рахмет. Сіздерге де алғысымыз шексіз. Сонымен қатар өзіміздің уни-верситетіміздің факультет деканы Самситова Луиза Хамзақызына және педагогика ғылымдарының докторы, профессор Абат Сатыбайұлына Қазақстанға келу құрметіне ие болға-нымыз үшін үлкен алғысымызды білді-реміз.
Сұхбаттасқан:
Гүлгүл ТҰРАҚБАЕВА, Гүлназ ӨТЕСОВА,
БҚМУ студенттері