ЖАЙЫҚ ҚАЛАШЫҒЫ - ҚАЗАҚ ТАРИХЫНЫҢ БІР ПАРАҒЫ

Мұрат ҚАЛМЕНОВ, 

тарих ғылымдарының кандидаты, Батыс Қазақстан облысы тарих және археология орталығының ғылыми қызметкері

Қазақтың тарихы мен мәдениеті бірнеше мыңжылдықты қамтитыны көзі ашық адамға ешқандай күмән тудырмайды. Қазіргі уақытта қазақ ұлты-ның шығуы, қазақ мемлекетінің пайда болуы, мәдениеті мен дәстүрінің қа-лыптасуы, басқа этностармен қарым-қатынасы тарих ғылымында өзекті мә-селелердің санатына кіреді.

Жазба деректерге көз жіберсек, Қазақ мемлекеті 1470 жылдарға келіп толық қалыптасқанын білеміз. Бұл ке-зеңге келіп Қазақстанның оңтүстік-шы-ғыс аймақтарында (Жетісу мен Шу өзе-ні алқабы) Жәнібек пен Керей сұлтан-дар басшылығымен бірнеше ру-тайпа біріккен, «қазақ» этнонимімен тарихи аренаға жаңа мемлекет шыға бастады (Кляшторный С.Г., Турсунов С.И., 1992, 224-240 б.). XVI ғасырдың басында, Қасым ханның тұсында Қазақ хандығы нығайды: мемлекет шекарасы кеңейді; Түркістан, Отырар, Сайрам, Сауран, Сығанақ, Созақ, Шымкент сияқты ірі қалалар хандықтың құрамына кірді; Қазақ мемлекеті Азия мен Еуропаға белгілі бола бастады.

Қазақ халқы мен Қазақ хандығының пайда болуы туралы айтатын болсақ, онда Қазақ даласында мемлекеттілік-тің келіп шығу тарихы бірнеше мың-жылдықты қамтитынын міндетті түрде айта кетуіміз керек.
Қазақстанда алғашқы адамдар 1 млн жыл бұрын ежелгі тас заманында пай-да болып, ұзақ эволюциялық жолды өт-кенін мемлекетімізде жүргізілген ар-хеологиялық зерттеулердің қорытын-дылары айқын дәлелдеп берді. Тас за-манында (палеолит) адамзат баласы әр түрлі тастардан құралдар жасауды, от-ты пайдалануды, ыңғайлы жерлерді үй-жай ретінде паналауды үйренген. Осы кезден бастап қоғамда діни түсі-ніктер мен көркем өнер пайда болған (История Казахстана,1996, 68-84 б.; Деревянко А.П. ж.б., 2000).
Адамзат тарихында неолит пен энеолит кезеңдерінде тарихқа «неолит революциясы» атауымен кірген маңыз-ды өзгерістер болды. Бұл заманға келіп адам баласы аңшылық, балық аулау мен терімшіліктен (қожалықтың ием-дену түрі) егіншілік пен мал шаруа-шылығына (қожалықтың өндіріс түрі) өте бастады. Қазақстанның солтүстік аймақтары адамзаттың жылқыны қол-ға үйреткен алғашқы орындарының бірі болды. Б.з.д. V-IV мыңжылдықта неолит пен энеолит кезеңіндегі Ботай мәдениеті бұған айқын дәлел бола ала-ды (История Казахстана, 1996, 85-100 б.; Зайберт В. Ф., 1993; Калиева С. С., Логвин В. Н., 1997). Ал үш жарым-төрт мың жыл бұрын, қола дәуірінде Қазақстанды «андронов» пен «беғазы-дандыбай» мәдениеттерінің ру-тайпа-лары мекендеген. Олар егіншілік және мал шаруашылығымен айналысып, екі немесе бірнеше жылқыны байлап, әскери арбаны меңгерген жауынгерлер болған. Екі дөңгелекті арбаларды тау жартастарында бейнелеген петроглиф-тері осы күнге дейін сақталған. Олар-дың жерлеу орындары – ауқымды тас немесе топырақ үйінділері Сарыарқа даласындағы Беғазы мен Дандыбай, Арал маңының Түгіскен қорымдарын-да орналасқан. Жерлеу орындарына қайтыс болған адаммен қоса оның бал-тасын, қоладан жасалған қанжар мен найзаларын да, ал кейбір ескерткіш-терде жауынгер арбаға байланған жыл-қыларын да жерлеген. Бұл кезең адам-дары тек тамаша әскерилер мен егінші-лер бола қоймай, сонымен қатар қола-дан балта, қанжар, әшекейлер жасай білген жақсы металлург болған (Исто-рия Казахстана, 1996, 101-156 б.; Маргулан А. Х., 1998).
Б.з.д. VIII-VII ғғ. Қазақстанда маңыз-ды тарихи өзгерістер болды. Бұл кезең-де тарихи аренаға андроновтарды ауыс-тырған сақтар шыға бастады. Оларды «сақ» деп парсылар, қытайлықтар «сэ» деп, ал гректер «скиф» - деп атады. Олардың әлеуметтік-тұрмыстық фор-мациясы көшпелі, жартылай көшпелі және отырықшы болған. Алдымен олар тамаша шабандоз болғанын жаз-ба деректерден білеміз. Сақтар шауып келе жатқан жылқының үстінде садақ-тан атып үйренген ең алғашқы халық болып есептеледі. Сақ әскери шабан-дозының негізінде дүниежүзілік әде-биетте кентаврдың (жылқы-адам) көр-кемдік бейнесі пайда болды. Даланың ер мінезді жауынгерлері б.з.д. VII ғ. Кавказ тауларын асып, Алдыңғы Азияға дейін жеткен. Сақтардың атты әскері бірде Урарту қалалары бекіністерінде, бірде Палестинада, бірде Мысырда пайда бола бастады. Атап айтқанда, сақтар Урартудың Тейшебани бекінісін қиратқан (Байпаков К. М., 2007, 10 б.). Б.з.д. VI-III ғғ. сақтар қазіргі Қазақстан территориясында алғашқы мемлекет құрған. Оның орталығы Жетісу мен Оң-түстік-Шығыс Қазақстанда жайласқан. Сақтардың өз жазуы, аңыз-әңгімелері және көркем өнері болған. Әдебиетте «аң стилі» деп аталып кеткен сақ өнері дүниежүзілік көркем өнерінде абырой-лы өз орнын алады. Андроновтар да, сақтар да, оларды ауыстырған үйсіндер де қазақ халқының арғы ата бабалары болып есептеледі.
Б. з. I ғасырында саяси аренаға түрік-тердің келуі дүниежүзі тарихында ма-ңызды кезеңнің бірі болып есептеледі. Түріктің ұлы саяси және әскери қай-раткері Күлтегінге арналған ежелгі тү-рік жазба дерегінде былай деп жазыл-ған: «Жоғарыда Көк Аспан, төменде Қоңыр Жер жаратылысымен екеуінің арасында адамның балалары жара-тылды. Адам балаларын менің арғы аталарым Бұмын қаған мен Істеме қа-ған басқарды. Олар таққа отырғаннан бастап түрік халқының мемлекетін сақ-тап, заңдарын енгізіп, қадағалап отырды» (Мелиоранский П. М.,1899; Малов С. Е., 1951). Түріктердің импе-риясы Тынық мұхитынан бастап Қара теңізге дейін созылды. Бұл кезде мем-лекеттің этникалық құрамы да біраз өзгерді. Түркі тілдес тайпалар басым болып, Алтай мен Жетісу олардың ор-талығына айналады. Б. з. VI ғасырдың ортасынан бастап жазба деректерде «түрік» термині – қытайша «туцзюе», соғдыларша «турк» пайда бола бас-тайды.
VI ғасырдан тап сол моңғолдарға (XIII ғ.) дейін Қазақстанда Батыс Түрік, Төргеш, Қарлұқ қағанаттары, оғыздар-дың, қараханилердің, қимақтардың, қыпшақтардың мемлекеттері өмір сүр-ді. Моңғолдардан кейін жергілікті эт-ностар найман, керей, жалайыр және тағы басқа тайпалармен бірігіп, Алтын Орда, Ақ Орда мемлекеттерін құрды. Бұл құбылыс Қазақ хандығының қа-лыптасуына және көптеген тайпа бірі-гіп, қазақ ұлтының пайда болуына түрткі болды (История Казахстана, 1996, 296-346 б.; История Казахстана, 1998, 224 б.). Бұл мемлекеттердің эко-номикасы аралас түрде болды – мал шаруашылығы егіншілікпен көршілес болып, дала мен қала бір-бірін толық-тырып отырды.
Б. з. д. II ғ. бастап қазақ даласы мен қалаларынан өтетін континенттерді бі-ріктірген жол тораптары пайда болған. Бұл жолдар бірнеше жүз жыл Шығыс пен Батыстың қаншама мәдениеттері мен өркениеттерін бір-бірімен жақын-датып тұрды. Осы жолды 1877 ж. не-міс географы Фердинанд Пауль Виль-гельм фон Рихтгофен «Ұлы Жібек жо-лы» деген атпен тарихқа енгізді (Внуков Н., 2000, 72-74 б.). Ұлы Жібек жолы – адамзаттың бір-бірімен қарым-қатынасында көрнекті жетістіктерінің бірі. Бұл жол торабында өркениеттер-дің, мәдени байлықтардың, діндердің, тауарлардың екіжақты қозғалысы бол-ды. Ал енді сол замандағы қаланың инфрақұрылымы қандай болғаны ту-ралы ортағасырлық араб жазба дерек-тері ауқымды мәліметтер береді. «Қала – екі қаладан тұрады, біріншісі екіншісінің қақ ортасында (их-дахума фи васат ал-ухра) орналасқан. Кіші қала (ал-мадина ас-сугра) шахристан деп аталған. Ол бірнеше қақпа-дарба-засы бар бекініс қамалынан тұрған, ал үлкен қала (ал-мадина ал-кубра) кіші қаланы қоршап, оның да қақпа-дарба-засы бар бекініс қамалы болған. Сон-дай-ақ үлкен қаланың айналасы жү-зім бақтармен, ал бақтар егіншілік жерлерімен қоршалған» - деп Закария Казвини жазып кеткен (Буниятов З. М., 1986, 101 б.). Йакут ал-Хамави ортаға-сырлық қалаға мынадай сипаттама берген: «Кахандиз сөзінің мағынасы – қала ортасындағы қамал (цитадель), ал Хорасан мен Мавереннахр тұрғын-дары бұл сөзді кухандиз деп айтады. Бұл сөз «ежелгі бекініс» мағынасын білдіреді, кухун – «ежелгі», ал дуз (даз) – «бекініс». Кейін ала бұл сөзбен қала-дан аулақ жердегі емес, ал қала орта-сындағы бекініс қамалын атап кет-кен...» (Буниятов З. М., 1986, 103 б.). Бұндай инфрақұрылымды қалалар тек моңғолдарға дейінгі заманға тән. Моңғолдар басып алғаннан соң қала сыртқы айналасында бекіністер бол-маған. Оған түрткі болған Шыңғысхан-ның Үргенш қаласын бірнеше ай ала алмай қоршауда ұстағаны, осы оқиға-дан кейін олар жаулап алған қалала-рында бекіністермен қоршауға тыйым салды.
Батыс Қазақстан аумағында Алтын Орда кезеңімен белгіленіп, Ұлы Жібек жолының солтүстік тармағының жүйе-сінде орналасқан Жайық қалашығын айта кеткеніміз орынды. Қаланың ау-мағын оңтүстік және оңтүстік-шығыс-тан Жайық өзенінің терраса баурайы шектесе, ал басқа жағынан табиғи жы-ралар қоршап тұр (Байпаков К. М. ж. б., 2005). Аумақтан қандай да бір антро-погендік қоршаулардың іздері табыл-мады, жоғарыда айтып өткеніміздей, бұл қаланың – Алтын Орда заманына тиісті екенінің тағы бір дәлелі. Ар-хеологиялық нысаналардың іздері бай-қалатын ауданның аумағының көлемі қазіргі таңда 10 га құрайды. Археоло-гиялық қазба жұмыстары нәтижесінде қалашық аймағында бірнеше тұрғын, қоғамдық және шаруашылық нысан-дары болғандығы анықталды. Қазір бізге белгілілері – кірпіш және әктас, сонымен бірге қыш ыдыстарды күйді-ретін пештер (Калменов М. Д., 2013 а, 37-45 б.), қала моншасы, тұрғын үй-жайы және қалашық бейітіндегі кесе-нелер.
Кірпіш күйдіретін пеш қалдығының орны көлемі 10х10 м шұңқырда орна-ласқан (Калменов М. Д., 2013 б, 205-214 б.). Пештің тік бұрышты болып келген пішіндегі жағу камерасының қалдығы сақталған. Ескерткіштің қа-бырғалары кірпіштен тұрғызылған. Осындай кірпіш күйдіретін қондырғы-лар Еділ маңы және Жайық өңіріндегі Алтын Орда дәуіріне тиісті қалалары-на Орта Азиядан келгендігін ғалымдар тұжырымдайды. Бұндай нысандар кірпіштерді, жылтыр тақташаларды, үлкен ыдыстарды (хумдар) және тағы басқа керамикалық бұйымдарды күй-діріп жасауға арналған. Бұндай пеш – Жайық қалашығынан саны жағынан та-былған екінші нысан. Сонымен қатар өңірімізде орналасқан Жалпақтал қалашығында да дәл осындай ескерт-кіш қазба жұмыстары кезінде табыл-ды (Марыксин Д. В., Джубанов А. А., 2009). Осы пештің оңтүстік-шығыс қа-бырғасынан 1 м қашықтықта адамның мәйіті табылды. Мәйіттің жерлеу ғұр-пы өте қызық. Басын солтүстік-шығыс-қа қаратып, денесін сол жағына бүйір-летіп, қолы мен аяқтарын бүктетіп, те-гіс жерге қойған. Зерттеу кезінде мәйіт шұңқырының іздері байқалмады. Мәйітті тазалау жұмыстарында бірне-ше жерден қызыл түсті минерал – охраның (жоса) қалдықтарын кездес-тірдік, сонымен бірге мәйіт желкесінің айналасында құмыра ыдыс та табыл-ды. Ыдыс жақсы сақталып, тек жоғар-ғы бөлігі сынған. Құмыраның ішінде жас қозының немесе лақтың екі қа-бырғасы табылды. Енді осы ғұрыпқа түсініктеме айтатын болсақ, адамзат ертеде табиғат тылсымдарынан қорқа бастағасын әр түрлі діни сенімдерді ойлап шығара бастады. Сондай сенім-дердің бірі – егер адам ол дүниелік болса, қандай да бір уақыттан соң бұл дүниеге қайта оралатынына сенді. Ға-лымдардың дәріптеуі бойынша, аяқ-қолдарының бүктетіліп жерленуі ол ана құрсағында (эмбрион) жатырған-дай болып, ал қызыл охра қанды елік-тетіп (имитация), қандай да бір уақыт өткеннен кейін ол адам қайта туыла-ды деп сенген. Мұндай жерлеу ғұрпы археологияда соңғы қола (б. з. д. XVIII-XII ғғ.) дәуірінің қима ағаш тарихи-мә-дени қауымдастығына (Срубная куль-турно-историческая общность) тән. Ендеше, қалашық аумағында қола дәуіріне тиісті мекен орындарының болуы сөзсіз, өйткені егер жерлеу ор-ны болса, онда табиғи түрде осы адам-дардың тұрғын орындары болу мін-детті.
Кірпіш күйдіретін пештен батыс ба-ғытта 50 м қашықтықта әктас күйдіре-тін пештің қалдығы табылды (Калменов М. Д., 2013 в, 357-363 б.). Орта ғасырлардан бастап осы күнге дейін құрылыс жұмыстары кезінде не-гізгі құрылыс материалдарын бір-бірі-мен байланыстыру, ғимарат іші-сыр-тын өрлеу т. б. үшін әкті пайдаланып келеді. Оларды күйдіріп алу үшін ар-наулы пештер жасаған. Жайық пеші цилиндр пішінді болып, терең шұң-қырға кірпіштермен тіктелген. Қазіргі таңда 13 қатар кірпіш сақталған. Қа-бырғаның ішкі жағы жоғарғы темпе-ратура ыстығынан қожданып кеткен. Пештің ішкі диаметрі – 2,30 м. Төменгі бөлімінде, оңтүстік жағында жоғары бөлімі арка пішіндес кіру орны болып, ол жан-жағына кеңейтілген. Ал одан сәл төменде ауа шығатын кішкене те-сікшесі орналасқан. Пештің түбі саз балшықпен сылақталып, жоғарғы тем-ператураның әсерінен 5 см тереңге дейін күйген. Түбінен 70-80 см биіктік-те кемер-кертпеш салынған, бұл эле-менттің сыртқы жағы әктастан ағарып кеткен. Сондай-ақ осы жерде күл мен әктастың қалдықтары шоғырланған. Пештің сыртының оңтүстік бөлімінде тереңдігі 1,30 м болатын терең шұңқыр тазаланды. Шұңқырдың ішінде ірі-ірі әктастың сынықтары тасталған. Бұл шұңқыр – өртеуге дайындалған әктас-тарды жинап қоюға арналған орны.
Аталған нысаналармен қатар қала кварталындағы тұрғын үйдің ауласын-да құмыра ыдыстарды күйдіруге ар-налған пеш анықталды (Отчет..., 2015, 15-18 б.). Ескерткіш жоспарда дөңгелек пішінді болып келіп, диаметрі 1,25 м құрайды. Жоғарғы бөлімін тазалау ке-зінде пештің іші әктастарға толтырыл-ғаны белгілі болды. Бұл тастарды ал-ғаннан соң пештің ортаңғы жабыны аршылды. Жабын қалың балшықтан жасалған. Жабынның төрт жерінде жоғарғы бөлімге ыстық ауаны шыға-ратын тесікшелері орналасқан. Ескерт-кіштің сыртқы жағының солтүстік-ба-тыс бөлімінде дөңгелек пішінде бол-ған, пеш оттығының алдындағы шұң-қыры бар. Оның диаметрі – 2,10 м, ал тереңдігі – 1 м. Шұңқырдың еденінде күл қалдықтары анықталды. Шұңқыр-дың айналасын тазалау кезінде оңтүстік-батыс бөлімінде мыс теңге табылды. Теңге жақсы сақталмаған, соның кесірінен оның түрін дәл анықтап айту қиындау. Ресейлік нумизмат П. Н. Петровтың болжамы бойынша теңге Жошы заманына тиісті болып, Өзбек хан дәуірінде басылған болуы мүмкін, жылынан тек Хижра-ның 7?? саны оқылады (1330-1340 жж.). Алдағы жылдардағы қазба жұ-мыстары кезінде де мыс теңге табыл-ған еді (К. М. Байпаков ж.б., 2005, 86 б.). Қайткен жағдайда да табылған нумизматтық материалдар XIV ғ. қала-ның гүлденгенінің дәлелі болып табы-лады.
Сонымен, қазба жұмыстарының нәтижесінде құмыраны күйдіруге ар-налған пештің жоғарғы бөлімі сақтал-мағаны белгілі болып, пеш іші мен шұң-қырында әктастардың шоғырлануы кейінгі дәуірде нысананы осындай тас-тарды күйдіруге пайдаланғаны көрініп тұр.
Жалпы халық тұтынатын құрылыс-тың бірі – сол заманда «хаммам» деп аталатын, қаланың моншасы болған, ол қаланың ортасында орналасқан. Моншаның қалдығы қазіргі таңдағы жер деңгейінен 150-170 см тереңдікте жайласқан. Үстіңгі қабаты аршылғаннан соң күйдірілген кірпіштермен тіктелген құрылыстың элементтері табылды. Бұл құрылғылар моншаның сыртқы қабыр-ғасы, сонымен бірге ішкі құрылысының бөлшектері болған. Ең қызықтысы – бұл жерде ақаба ағынды сулар бір жерге жиналатын жүйесі болған. Ағын сулар қыш құбырлардың көмегімен ор-талық бір орға жиналған. Қазба жұмыс-тары кезінде осындай құбырлар көптеп табылды. Моншаның жалпы көлемі 110-120 шаршы метр аумақты қамти-ды. Орталық зал – сегіз бұрышты, оған шығыс және батыс бағыттан шағын шо-мылу бөлмелері жапсарыла салынған. Монша жерасты жағу жүйесімен жы-лытылған. Қызу өткізетін жүйелер еден астынан барлық ішкі бөлмелерге тара-тылады. Шомылу бөлмелеріне су қыш құбырлармен жеткізілген. Қазба жұ-мыстары кезінде қыштан жасалған шы-лапшын-ләгендер де табылды. Шомы-лу бөлмелерінің құбырларының шығу көзінде шағын қыш ыдыстар қойылған.
Монша орғасырлық мұсылман қа-лаларында, мешіттен кейінгі, басты ха-лық пайдаланатын орын болғанын біз тарихтан жақсы білеміз. Сондықтан да бұл орындарды безендіру барысында өз кезеңіндегі озық архитектуралық үл-гілерді қолданған. Зерттеу кезінде ғи-мараттың сырттарын безендірген жыл-тыратылған тақшалалардың сынықта-ры көптеп табылды.
Ал енді қаланың тұрғын үйлер кварталына келсек. Қазба жұмыстары нәтижесінде бірнеше мекен орындар-дың қалдығы зерттелді. «Кіші тұрғын-жай» мекенінің орнында қазба жұмыс-тарынан соң, оның қызметі және тіктеу әдістері, сондай-ақ қандай құрылыс материалдарынан пайдаланғандығы туралы көптеген мәліметтер алынды. Үй-жайдың тұрғындарға арналған бөлі-гі өз алдына бөлек құрылыс түрінде бо-лып, екі бірдей бөлмеден тұрған. Бөл-мелер бір-бірінен күрделі қабырғалар-мен бөлінген (қабырға қалыңдығы – 0,8 м). Мекен-жайдың кіріп-шығу есігі солтүстік қабырғада орналасқан. Бөл-мелердің іші арнаулы жылу жүйелері-мен жылытылған. Тұрғын бөлмелердің айналасында қосымша шағын бөлме-лер орналасқан, олар заттар қоятын бөлмелер, қоймалар болғаны айқын. Мекен-жайдың ауқымды ауласы бо-лып, ол жерде шаруашылыққа арнал-ған жайлар орналасқан. Зерттелген тұрғын үйлердің құрылымына келетін болсақ, олардың материалдары, тіктеу техникасының әдісі, бөлме ішінің жы-лыту жүйесі Орта Азияның қала мәде-ниетінің элементтеріне өте ұқсас бо-лып келеді (Неразик Е. Е., 1976, 123-156 б.).
Қалашықтан 1,5-2 км арақашықтық-та, солтүстік-батыс бағытта «Желтау-Свистун гора» биіктігінде қалашықтың орталық бейіті орналасқан. Бейітте ер-те темір ғасырына тән обалар мен ор-та ғасырларға тиісті кесенелер орналас-қан. Олардың ішінде анағұрлым таны-малы – үш кесене. Біріншісі – екі каме-ралы немесе «кіші кесене» деп аталған. Бұл ескерткіш жоғарғы тап өкіліне тиіс-ті болуы мүмкін. Ғимараттың материал-дары жергілікті жерде өндіріліп, олар жоғарыда айтылған құрылыс материал-дарын күйдіретін пештерде жасалғаны анық. Кесененің архитектуралық әдісі ХІІІ-ХІV ғасырлардағы Алтын Орда дәуі-ріне тиісті осындай құрылыстарына тән болып, жоспарда төрт бұрыш пішінде тіктеліп, күйдірілген кірпіштерден қа-ланған. Қазба жұмыстары кезінде сыр-ты шынымен құйылып, өсімдік тектес оюлармен айшықталған қаптама тақ-тайлар көптеп табылды, бұндай жәді-герлер Алтын Орда қалаларының құ-рылыс ғимараттарында көптеп кезде-седі.
Бейіттегі зерттелген екінші нысана – «Үлкен кесене». Кесене екі камералы болып келген. Кесене үстінде көлем-дері әр түрлі пішіндегі күмбез болған-дығы болжамдалады, олар өзіндік та-бандар мен өтпелі қондырғыларға ор-натылған болуы мүмкін. Күмбездердің сыртқы бөлігі көк жылтыр қаптамалар-мен көмкерілген. Ескерткіштің алдың-ғы беті (фасады) орталық монумен-тальды портал түрінде дайындалған. Кесененің ішкі бөлігі алтын жалатылған көк түсті қаптамамен, полихромды жазбамен безендірілген. Бірінші бөл-мені зияратшылар Құран сүрелерін оқуға немесе басқа да діни шаралар үшін пайдаланған болуы мүмкін. Ал не-гізгі бөлмеде 10 жерлеу орны анықтал-ды. Ал орталық 1 жерлеу орны басқа-лардан ерекше болып келіп, орынның айналасы қызыл кірпіштермен биікте-тіліп, сырты жылтыратылған қыш тақ-тайшалармен безендірілген. Кесене туыстық немесе қандай да бір діни ғұ-лама жерленіп, кейін ала, оның қасына мурид-оқушылары немесе ағайын-ту-малары жерленген болуы мүмкін, се-бебі бір жерлеу орны негізгі болып, ал қалғандары соңынан қойылған.
Қала бейітіндегі үшінші кесене дөңгелек пішінді болып келген (Калменов М. Д., 2014, 201-208 б.). Ар-хитектуралық тұрғыдан кесененің қа-бырғасы күйдірілген және қам кірпіш-тердің ортасына қож және кесек тас-тарды салып, аралас тәсілмен тіктеген. Қазба жұмыстары кезінде ескерткіш қабырғасы кірпіш қалауының ең тө-менгі қатары сақталғандығы белгілі болды, ал бүтін кірпіштер мүлдем сақ-талмаған, олардың тек сынықтары кез-деседі. Кесененің жерлеу камерасы оң-түстік-шығыс секторындағы тонаушы-лық шұқыры кесірінен бұзылған. Жер-леу камерасын тазалау кезінде іші то-лығымен күйдірілген және қам кірпіш-тер сынықтары шашылып жатырғаны белгілі болды. Камера жоспарда дөңге-лек болып келген, диаметрі – 5, 10 м. Кесененің қабырғаларының қалыңды-ғы 2,20-2,25 м, бұндай қалыңдық ныса-на қабырғаларының биік болғанын дәлелдеп тұрған сияқты. Қазба кезін-де камера ортасында 70 см тереңдікте адам сүйектері табылды. Сүйектер ша-шыраңқы күйде, анатомиялық емес жағдайда жатты. Дөңгелек құрылыс-тың шығыс пен батыс бөлімінде балшық пен қызыл кірпіштер үйілген тайыз екі шұқыр орналасқан. Шұқырларда мате-риалдардың шоғырлануы бұл жерлер-де қандай да бір архитектуралық құры-лыстың болғанын айғақтап тұр.
Қорытындап айтқанда, Жайық қала-шығы Алтын Орда дәуірінде жоғарғы өркениетті, өзінің өндірісі мен қолөне-рі дамыған орталық болғанын археоло-гиялық зерттеу нәтижелері нақты ныса-на-жәдігерлермен дәлелденіп отыр. Жайық – осы бүгінгі Орал қаласының іргетасы. Кейінгі кездері Орал қаласы-ның негізін 1613 жылы казактар салды деген көзқарас кең таралуда. Қазіргі таңдағы зерттеу жұмыстары көрсетіп тұрғандай, казактар келместен бұрын осы жерде өркениеті дамыған үлкен қала болған, ал казактар бұл жерге қандай себептермен және қандай мақ-сатта келгенін тарихи деректерден жақ-сы білеміз. Бұл біздің өңірімізде қала-лық мәдениеттің ХІІІ ғасырда-ақ қалып-тасқандығы дәлелденіп отыр. Сондық-тан да тарих және мәдениет ескерткіші болып есептелетін Жайық қалашығы жоғарғы ғылыми тұрғыда терең зерт-теліп, оның нәтижелерін насихаттау өзекті ғылыми және мәдени маңызға ие. Бұл тарих ғылымында анағұрлым дұрыс зерттелмеген орта ғасырлардағы тарихымыз туралы білімімізді кеңейту-ге, қазақ халқы мен Жайық өңірінің басқа да халықтарының этногенезедік процестерін тереңірек түсінуге және бұрмаланған тарихи фактілер мен ше-шімдерден ашық түрде бас тартуға мүмкіндік береді.

Пайдаланған әдебиеттер:
1. Кляшторный С. Г., Турсунов С. И. Летопись трех десятилетий, Алма-Ата, 1992.
2. История Казахстана, том 1, Алматы, 1996.
3. Деревянко А. П., Петрин В. Т., Таймаганбетов Ж. К., Исабеков З. К., Рыбалко А. Г. Отчет. Раннепалеолити-ческие микроиндустриальные ком-плексы в травертинах Южного Казах-стана, Новосибирск, 2000.
4. Зайберт В. Ф. Энеолит Урало-Ир-тышского междуречья, Петропавловск, 1993.
5. Калиева С. С., Логвин В. Н. Ското-воды Тургая в третьем тысячилетий до нашей эры, Кустанай, 1997.
6. Маргулан А. Х. Бегазы-Дандыбаев-ская культура Центрального Казахстана, Соч. Т.1, Алматы, 1998.
7. Байпаков К. М. Великий Шелко-вый путь на территории Казахстана, Алматы, 2007.
8. Мелиоранский П. М. Памятник в честь Кюль-Тегина. С-Петербург, 1899.
9. Малов С.Е., Памятники древне-тюркской письменности. Тексты и ис-следования, Москва-Ленинград, 1951.
10. История Казахстана, Алматы, 1998.
11. Внуков Н. Великие путешествен-ники. Биографический словарь, Москва, 2000.
12. Буниятов З.М. Государство Хорезмшахов–Ануштегинов (1097-1231), Москва, 1986.
13. Байпаков К. М., Смагулов Е. А., Ахатов Г. А. Средневековое городище Жайык, Алматы, 2005.
14. Калменов М. Д. Объекты строи-тельства на городище Жайык (13-14 вв.) // «Вестник МИЦАИ» Международ-ный Институт Центральноазиатских ис-следований, №18, Самарканд, 2013 а.
15. Калменов М. Д. Кирпичеобжига-тельная печь с городища Жайык // «По-волжская Археология», № 4 (6), Казань, 2013 б.
16. Отчет о курганного комплекса Жалпактал 1 и городища Жалпактал в 2009 году. Исполнители: Марыксин Д. В., Джубанов А. А.
17. Калменов М. Д. «Печь для сжи-гания извести с городища Жайык» // «Археология Восточно-Европейской степи», Материалы IV Нижневолжской международной археологической кон-ференций, Саратов, 2013 в.
18. Отчет о научно-исследователь-ской работе Археологические исследо-вания объектов историко-культурного наследия по теме «Городище Жайык», исполнитель: к.и.н. Калменов М. Д., Уральск, 2015.
19. Неразик Е. Е. Сельское жилище в Хорезме (I-XIV вв.) // Труды Хорезмской Археолого-Этнографической Экспеди-ции, 9 том, Москва, 1976.
20. Калменов М. Д. «Круглое погре-бальное сооружение с городища Жайык» // Материалы 4 -международной науч-ной конференции «Кадырбаевские чтения – 2014», Актобе, 2014.

Қаралым саны 2752

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463