Құлпытас құпиясы шешілер күн жақын

Соңғы жылдары Батыс Қазақстан облысы аумағындағы эпиграфикалық ескерткіштерді толыққанды зерттеу мәселесі жиі көтеріліп келеді. Өткен жылдың қыркүйек айында «Нұр Отан» партиясының Батыс Қазақстан облыс-тық филиалы жанындағы «Мирас» қо-ғамдық кеңесі осы тақырыпқа арнал-ған кеңейтілген отырыс өткізді.

Кеңес төрағасы Жантас Сафуллин, облыстағы бірқатар ЖОО басшылары, ғалымдар мен мамандар осы маңызды тақырып-ты жан-жақты талқылады. Бұл жұмыс-тарды жүйелі жүргізу үшін арнайы нұс-қаулық жарық көрді. Ал 2015 жылдың ақпан айының 18-і күні «Нұр Отан» партиясының БҚО филиалы, Батыс Қазақстан облыстық мәдениет, мұра-ғаттар және құжаттама басқармасы, «Жайық Пресс» медиахолдингі және «DANAkaz» тарихи-танымдық журналы өзара бірлесіп жұмыс істеу жөніндегі меморандумға қол қойды. Мұндағы басты мақсат – облыс аумағындағы көне қорымдардың барлығын тіркеуге алып, құлпытастарды реттік сандар-мен белгілеп, жазбаларды аудару жұ-мыстарын бастауға уағдаласу болатын. Меморандум негізінде облыстың бар-лық аудандарының мәдениет бөлім-дері осы игі іске жұмылдырылып, ауылдық округ әкімдері мен сала бас-шылары өз жұмысын бастауға кірісті.
Құлпытастарды зерттеу бағытын-дағы түсіндіру жұмыстары сәуір айы-ның 16-17-ші жұлдызы Теректі, Бөрлі, Шыңғырлау аудандары орталықта-рында жергілікті жұмыс тобына істің мəн-жайын түсіндіріп, арнайы нұсқау-лықпен таныстырудан басталды. «Нұр Отан» партиясы БҚО филиалының «Мирас» қоғамдық кеңесінің төраға-сы, «Жайық Пресс» медиахолдингінің бас директоры Жантас Сафуллин, «DANAkaz» тарихи-танымдық журна-лының редакторы, құлпытастардағы араб тіліндегі жазбаларды кирилли-цаға аударушы Қазыбек Құттымұрат-ұлы жұмыс сапарымен аталған аудан-дарда болып, жұмыс тобының мүше-лерімен кездесті.
Теректі ауданының, Федоровка ауы-лында басталған кездесуге аудан әкі-мінің орынбасары Алтай Тоғжанов төр-ағалық етіп, бірқатар селолық округ-тердің әкімдері мен сала басшылары қатысты. Сонымен қатар зерттеу жұ-мыстарына жергілікті имамдарды тар-ту, олардың да осы іске араласып, тас-тардағы көне жазбаларды оқуға атса-лысуына мүмкіндік туды. Жиналыста сөз алған «Жайық Пресс» медиахол-дингінің бас директоры Жантас Набиоллаұлы құлпытастарды зерттеу-дің маңыздылығына тоқталып, тари-хымызды тереңірек тану мақсатында-ғы жұмыстарға тек экспедиция мүше-лері ғана емес, ел болып жұмылу қа-жеттігін баса айтты.
«DANAkaz» журналының бас ре-дакторы Қазбек Құттымұратұлының пікірінше, «Құлпытастарды тарихи ес-керткіш ретінде мемлекеттің қорғауы-на алу керек. Алдағы жаз айларында біздің өңірге Алматы, Астана қалала-рынан үлкен ғалымдар жұмыс сапары-мен келмек, сол кезде бірінші зерттеу экспедициясы осы Теректі ауданынан басталмақ. Кездесуде атқарылатын жұмыстарды тағы бір мәрте пысықтау, құлпытастарды табу, тазалау, жазба-ларды суретке, бейнетаспаға түсіру, тіркеу ережелерін еске салу мәселе-лері сөз болды. Сондай-ақ жиналған-дар назарына арнайы дайындалған нұсқаулық ретінде бейнефильм ұсы-нылды.
Бұдан кейін жұмыс сапары Бөрлі ауданында жалғасты. Аудан әкімі аппаратының жетекшісі Мұхтар Дәулетжанов төрағалық еткен басқо-суға осы іске тікелей жауапты аудан-дық мәдениет бөлімінің басшысы Алпамыс Көшкінбаев қатысты. Ауыл-дық округ әкімдері мен тарихқа жана-шырлық танытып жүрген белсенділер өз ойларын ортаға тастап, жүйелі жұ-мысты жүргізудің тиімді тетіктеріне тоқталды.
Мәселен, Бөрлі ауданындағы Бөр-лі ауылы маңындағы қараусыз қалған құлпытастарға қамқорлық қажеттігі байқалуда. 1930 жылдары большевик-тер осы маңайдағы қазақ қорымда-рындағы жүздеген құлпытасты МТС құ-рылысына пайдаланып, іргетасқа қа-лап жіберген. Бұл ғимарат кейін ұзақ жыл Бөрлі ауыл шаруашылық технику-мының оқу шеберханасы болған.
2007 жылы Батыс Қазақстан облысы-ның сол кездегі әкімі Нұрғали Әшімов-тің тікелей тапсырмасымен «Нұр Отан» партиясы бастама көтеріп, арнайы тех-ника, адамдар бөлініп, шеберхананы бұзған екен. Құрылысқа пайдаланған құлпытастардың біразы алынып, ауыл шетіндегі қорымға апарылған. Ескерткіштері бүлінген марқұмдардың рухына бағышталып ас берілген. Алай-да бұзылған ғимараттың қоқысы ара-сында бөлшектелген көне құлпытастар әлі де көп екен. Бабалардың қабіртасы әлі де болса жер-жерде шашылып жа-тыр. Жан шошырлық бұл көрініс жаға-мызды ұстатқаны рас. Діннен безген саясаттың салқын желі әлі күнге МТС аумағында есіп тұрғандай.
Бөрлі ауданынан кейін жұмыс то-бы Шыңғырау ауданына ат басын бұрды. Аудан әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов бастаған жиналысқа барлық ауылдық округ әкімдері түгел жиналды. Құлпытастарды зерттеуге шыңғырлаулықтар сақадай сай отыр-ғандай көрінді. Бүгінде әр ауылдық округ әкімі өз территориясына жауап-ты ретінде бекітіліп, қорымдардың ті-зімін дайындапты. Ендігі жұмыстың нәтижесі уақыттың еншісінде.
Басқосулардан тыс уақытта жұмыс тобы Шыңғырлау ауданы орталығынан шамамен 30 шақырым жердегі Мола-лысай қорымына барып, ондағы құл-пытас мәтіндерін Қазбек Құттымұрат-ұлы түгелдей оқып шықты. Біз көрген бұл жердегі 6 құлпытас ХІХ ғасыр ес-керткіштері екен. Қабіртастар Кіші жүз-дің Табын руына жататын адамдарға қойылған. Осылайша, өңір құлпытаста-рын зерттеу жұмыстары басталып, ал-дағы уақытта өзге аудандарда жалға-сын таппақ. Жаз айларында бұл игі бастаманы қолға алып, қоңыр күзге қарай облыстың барлық қорымдары сарапталып, ғылыми жинаққа енгізіл-мек.

Бағдад ІЗМАҒАНБЕТ,
журналист

Қаралым саны 1183

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463