Әкесінен аңға баруға ұлықсат сұрайды. Бірақ әкесі ұлықсат етпейді. Бір күні әкесі аң-ға кеткенде артынан баласы да аңға шығады. Тауларды аралап, ұзақ уақыт жүріп, ешбір аң кездестіре алмай отырғанда бір күзенді көреді. Күзенді қуады, бірақ жете алмайды. Күзенге жете алмауды ар көріп, одан сайын қуа береді. Күзен өте алыста көгеріп көрін-ген бақшаға қарай қашады. Ақырында бақшаға баладан бұрын жетіп, ғайып болады. Аты да, өзі де шаршаған бала атын отқа жіберіп, өзі ұйықтап қалады. Ұйықтап жатса, біреу оятады. Оянса, аты да, қару-жарағы да жоқ. Баланы патшаға алып барады. Бұл патша пері-нің патшасы, манағы бақшаға кіріп ға-йып болған оның қызметкері екен. Бұл перілер Әли батырдың батырлығына қызығып, оны қанша өз қарауына ал-ғысы келсе де қолдарына түсіре алмай жүреді екен. Енді оның баласын алдап алып келіп, өз қызметтерін істеткісі ке-леді. Патша балаға қалағанынша мүлік және өзінің қызын беріп, оның пері-лердің дініне кіріп, перілердің жерін қорғауын өтінеді. Бірақ, бала оған көн-бейді. Сондықтан оны тереңдігі қырық құлаш зынданға салып, атын темір үйге қамап қояды.
Патшаның қызы балаға ғашық бола-ды. Ол түнде балаға келіп, оны сүйетінін, оның құтылуына көмектесетінін айтады. Бала зынданнан шығу үшін атым және арқан керек дейді. Атты алу үшін өзінің бір киімін қызға береді. Патша қызы ба-ланың киімін киіп, ат тұрған темір үйдің жел жағына барса, ат темір үйді бұзып шығады. Қамаудан шыққан атты және арқанды апарып, зынданнан баланы шығарып алады. Сөйтіп, бала қару-жарағын да алып, қыз екеуі қашып кетеді. Ертеңіне пері патшасы біліп, қуғыншы жібереді. Бала қуғыншы кө-рінгесін аты мен қызды ілгері жіберіп, жаумен өзі соғысады. Патшаның жі-берген әскерін түгелдей жеңеді. Арты-нан патшаның өзі келіп соғысады. Ба-ла үш күннен кейін жараланып, соғыса алмайтын болады. Енді патшамен өзі-нің қызы соғысып жатқанда баланың әкесі Әли батыр түс көреді. Түсінде ба-ласының осындай нашар халде екенін көреді. Түс көргесін әкесі де келіп, жа-уын жеңіп, үйлеріне қайтады.
Ертекті жазып, тапсырушы
Р. ЖАРАСОВА