Бесік жыры
Діни-аңыздарда бесік жырын ең алғаш орындаған Хауа ана деп айты-лады. Бірде ол егіз ұлын жұбата алмай, қиналып отырады. Сол кезде көктен жеті періште түсіп: «Алла, Алла, Алла» деп, Алланың атын әдемі әуезге салып әндетеді. Әдемі әуенге елтіген Хауаның бөбектері жұбанып, тәтті ұйқыға кете-ді. Ән анасына да ұнап қалады. Ол пе-ріштелерге “Маған да үйретіңдер” - деп өтінеді. Періштелер келісіп, Хауаға жеті күн бойы әлди әуендерін үйретіпті.
Кейін Хауа ана өзінің барлық бала-ларын сол әнмен тербетуді әдетке ай-налдырады. Бұл әуез дами келе бесік жырына айналған екен. Қазақтағы «әл-ди, әлди, әлди-ай» деп басталатын бе-сік жырының төркіні Хауа ананың «Алла, Алла, Алла-ай» деген әуеннен шыққан деседі.
Ертеде бесік жырын үйретудің ар-найы мектебі болыпты. Бесік жыры-ның мазмұнына, әуезіне қатты мән бе-реді. Тәжірибелі аналар оның иләһи мазмұндарын таза сақтап, келіндеріне үй-ретіпті. Бесік жыры жайлы "Алла-на-ме", "Әлдинаме" деген ескіше жазыл-ған кітаптардың да болғанын айтады. «Аналар әлдисіз жасай алмас» деген нақыл сөз содан қалған дейді.
Осыған орай, біз ғасырлар сүзгісі-нен өткен, иләһи мазмұндағы, мағы-насы терең, мәні жағынан әлемдік классикалық бесік жырларымен теңе-се алатын бесік жырын ұсынамыз.
Менің балам осы ма?
Басында бақыт құсы ма?
Ғайып ерен, қырық шілтен
Бөбегімнің досы ма?
Әлди, әлди, әлди-ай.
Лә иләһә иллалла,
Иллаллада пайда бар.
Мұхамбеттің үмбеті
Осындай бала қайда бар?
Әлди, әлди, әлди-ай.
Балам менің Жүсіптей
Болар ма екен келбетті?
Ажарың айдай толсын деп,
Иллалалап тербеттім.
Әлди, әлди, әлди-ай.
Ер Дәуіттей қайратты
Ұста болар ма екенсің?
Дос жаранға айбатты
Нұсқа болар ма екенсің?
Әлди, әлди, әлди-ай.
Тақ Сүлеймен нәбидей
Патша болар ма екенсің?
Халқың үшін қамданып,
Атқа қонар ма екенсің?
Әлди, әлди, әлди-ай.
Қазығұртқа кеп тоқтаған
Нұхтай болар ма екенсің?
Отбасыма орнаған
Құттай болар ма екенсің?
Әлди, әлди, әлди-ай.
Ымыранның ұлы Мұсадай
Досы болғын Құдайдың.
Қызыр ерсін қасыңа
Тәңірден соны сұраймын.
Әлди, әлди, әлди-ай.
Ғайсадай нұр бітімің
Салих болар ма екенсің?
Хақтың жолын таныған
Ариф болар ма екенсің?
Әлди, әлди, әлди-ай.
Әзіреті Мұхамбет
Сәруары болған ғаламның.
Рахматының тамшысы –
Нұрынан сен жаралдың.
Әлди, әлди, әлди-ай.
Төрт шадияр – достарың,
Жадыңа тоқы, құлыным.
Нұрланып иман – бостаның.
Жүзіңнен тамсын шырының.
Әлди, әлди, әлди-ай.
Ғайып ерен, қырық шілтен,
Тоқсан тоғыз мың машайық.
Сексен сегіз серулер,
Әлдилетіп қосайық.
Әлди, әлди, әлди-ай.
Әлди, бөпем, құт бөпем,
Бұл сөзімді ұқ, бөпем.
Лә иләһә иллала
Көкейіңе тұт, бөпем.
Әлди, әлди, әлди-ай.