Атеизм, әсіресе, кеңестік дәуірде Одаққа бағынған халықтар арасында, соның ішінде Қазақстанда да мейлін-ше күшейген еді. Ол халқымызды ру-хани тоқырауға ұшыратты. Осының әсерінен Қазан төңкерісіне дейін Қазақстан Республикасының аумағын-да қанша адамның Меккеге барып қажы болғаны туралы нақты деректер әлі жинақталмауы да өкінішті-ақ.
Қажылыққа барған қазақтар ту-ралы тарихи деректерді мұрағаттардан ізін суытпай іздестіруге кешегі қылы-шынан қан тамған коммунистік пар-тияның саясаты мүмкіндік бермеді.
Сонымен, қолда бар деректерге қарағанда, Ішкі (Бөкей) Орда мұсыл-мандарының Меккеге сапар шегуі 1811 жылдан бастау алып, 1914 жыл-мен аяқталады. Оның да өзіндік себебі бар, 1914 жылы бірінші жиһангерлік соғыс басталып, адамзат баласы иман-дылықтан айырылып, қызыл қанға бөкті. Осы бір ғасырдан астам уақыт ішінде Бөкей Ордасына қарайтын 641 адам қажыға баруға мүмкіндік алған.
Қажыға бару, әсіресе, 1885 жылы (74 адам), 1901, 1903 жылдары (101 адам), 1914 жыл (267 адам) ерекше көзге түседі. Керісінше, 1811, 1812, 1862, 1863, 1879, 1883-1884, 1911-1912 жылдары қажылыққа бару сирексіп,
4-5 адам ғана Меккеге сапар шегу мүмкіншілігіне ие болған. Патша үкіме-ті қазақтардың қажылыққа сапарын арнайы қаулы шығару арқылы Ресей Ішкі Істер министрлігінің бақылауына беруі біраз жайтты аңғартса керек. Ре-сейдегі мұсылмандардың түрік, араб елдеріне пікірлес, жақтас деп санауы ерекше әсер етті, әсіресе, «Джихад», «Яғни мұсылмандар дінсіздерге қарсы қасиетті соғыс ашу» деген мұсылман-дар ұранына қосылып кетеді деп қа-уіптенеді.
Бұған 1853-1855 жылдардағы Ре-сей империясының Түркиямен арадағы соғыс та өз әсерін тигізбей қоймайды.
Сондықтан да патша шенеуніктері қажылыққа баруға ашық түрде қарсы-лық жасамағанымен, Меккеге бару-шылардың жолына әр түрлі тосқауыл қоярлық айла-әрекет ойластырып, сай-қалдық саясат ұстады. Бірақ патша шенеуніктері қаншама әрекет жасап, қитұрқы саясат қолдағанымен, қажыға барушылардың сапарын пышақкесті тыя алмады. Мұны 1807 жылы 83000, 1814 жылы 70000, 1854 жылы 5000, 1855 жылы 8000, 1856 жылы 120000, 1857 жылы 140000, 1858 жылы 160000 адамның қасиетті де киелі Меккеге қажылыққа барғаны дәлелдесе керек.
Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағатында бөкейлік қа-жылар туралы мәліметтер сақталған. Енді тарихи деректерге жүгінейік.
1862 жылдың 2 қыркүйегінде Ішкі Орда істерін Уақытша басқару кеңесінің төрағасы В. В. Плотниковқа Бөкей Ор-дасының Торғын бөлігінің қазағы Ораз-бай Кедейниязовтан, Ахья (Жақия –
А. А) Шойтасов және молда Сырлыбай Жәнібековтен мұсылмандық парызда-рын өтеу үшін Меккеге 1 ай мерзімге жіберу туралы өтініш түскен.
«1863 жылы Бөкей Ордасының қа-зақтары беріш Бегіс Алдоңғар Қарақұлов (куәлік №391), Тобыш адай Беркәлі Бегайев, Қылышкесті шеркеш Ыдырыс Тоқтабаев, Тағаш есентемір Досалы Қыстаубаевтарға Меккеге баруына қар-сылық болмады» деген №672 қатынас қағазы Орынбор және Самар губерния-ларын басқарушы генерал-губернатор Һәм генерал-лейтенант Ладыжинский-дің қолымен 1863 жылғы 26 мамыр күні Ішкі Орданы басқаратын Уақытша кеңеске жіберілген.
Тарихи құжатта көрсетілген Бегіс беріш Алдоңғар Қарақұловтың ата-те-гін таратсақ, төмендегі жағдайдың куә-сі боламыз:
Сүгірбайдан – Қарақұл, Қарақұлдан – Алдоңғар, Алдоңғардан – Құбай, Құбайдан – Ахмет, Ахметтен – Қабижан, Төлеген. Қабижаннан – Аққали (осы мақаланың авторы), Төлегеннен – Ұлжан (бүгінгі күндері М. Өтемісов атындағы БҚМУ-да қызмет атқарады, тарих ғылымдарының докторы).
Алдоңғар қажы Қарақұлов және басқа бөкейлік қазақтардың Меккеге баруы жөніндегі материалдар Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағатының 78-қорында сақталған. Мұрағат деректері Бөкей Ордасы қа-зақтарының мұсылмандық парызын өтеу үшін Меккеге барған сапарына нақты дәлел болатыны анық.
Өлкенің абыз ақсақалы, көнекөз шежіреші, Тұщықұдық селосының тұрғыны Сидеғали Нұрманов (1900-2004) ақсақалдың айтуынша, «Алдоңғар қажының тек 100 нар түйеден тұратын келі-келі түйесінің басы Жалтыр көлінен су ішіп шығып жатқанда аяғы енді келіп жататын еді», - деп еске алуы біраз жайтты аңғартса керек-ті. Қажының әулеті жаз жайлауын аталған көлдің маңын жай-лаған. Елтай ауылында тұрған қажы-ның қызы Нәйла апамыздың (1880-1985) айтуынша, үшінші рет қажылық-қа барған сапарында сол елде бақи-лық болған. Дүйім жұрт қажыны ина-батты, қадірлі азамат деп санаған. Сол үшін де Алдоңғар қажының ұрпақтары Қабижан мен Төлегенді «қажының тұ-қымы» деп құрметтеп, сыйлады. Алда-рынан кесе өтпеді. Қажыға жұрттың ті-легі, қажылық шарапаты тиген болуы керек, артында оты өшпей, өркені жа-йылған ұлағатты ұрпақтары қалды. Оның жарқын мысалы: Қабижан Ахметұлы сонау сұрапыл жылдары тылдағы еселі еңбегі үшін 1945 жылы 18 жасында-ақ «Отан соғысы жылда-рындағы жанқиярлық еңбегі үшін», кейін «Жеңістің 40, 50, 55 жылдығы» медальдарының иегері болды. Бүкіл-одақтық Кәсіподақтар Орталық Кеңе-сінің төсбелгісін алды. Інісі Төлеген ауыл шаруашылығының майталманы, білікті маманы болды. Атырау облысы Индер ауданының Амангелді атында-ғы кеңшарын республикаға танытқан директор, есімі Қазақ КСР-ның Алтын кітабына жазылған шебер ұйымдасты-рушы, білгір басшы.
Генерал-адъютант Костинин 1863 жылдың 4 қазанында Ішкі Орданы бас-қаратын Уақытша кеңеске (№3892 қа-тынас қағаз) Бөкей ордасы Торғын бө-лігінің хорунжийі Шөкеевке Қыстаубаев, Байшурин және Аманиязовқа Одесса қаласына бару үшін рұқсат билет бер-гені үшін сөгіс жариялаған. Сонымен бірге кеңес мүшелеріне алдағы уақыт-та Меккеге бару жөніндегі рұқсат би-летін қатаң түрде, кеңеспен келісу ар-қылы, соның рұқсатымен ғана беру жөнінде қаперлеріне сала кетуді де ұмытпаған.
Біздіңше, бұдан байқайтынымыз, біріншіден, қажылық сапарға аттана-тын қазақтар бақылауға алынған, екін-шіден, мұсылмандық парызын өтеу жолында рұқсатты тек генерал-губер-натор келісімімен жүргізілген.
Ал 1864 жылдың маусымында байбақты руы Бұғынай бөлімінен Айтқұл Бисенбайев, Ұзақ Белкенбаев, Баянды Төкебаев, Бегей Тайманов, Бағыр Таңов, Шоқан Қойбақов, Төлей Жаманов, Ірісия Боранбаев, Жарылғас Күсепов, Өскенбай Жанкейшев, Илмұхаммед Исенбаев және Ақтан Байтұрсынов, ұзын саны 24 адам қажылық парызын өтеу үшін генерал-губернатордан рұқсат алып, сапар шеккен.
Ол кезде Меккеге барып, қажы атану өмір мен өлімнің тайталас бәйге-сіне басын тіккен, ділі мен діні үшін арын да, малын да жұмсағандардың ғана қолынан келген. Қажылық шама-сы жеткендерге ғана парыз болған.
Бұл ауыр да қиын, ұзақ сапар шы-ғынсыз да өтпеген. Бірақ оларда қажы атанып, бақилық дүниеге аттану «ша-Һид өлімі» деп табылды. Мысалы, 1881 жылы Бөкей Ордасынан Меккеге аттан-ғандардың ішінен Алдоңғар Қарақұл-ұлы, 1885 жылы Тоқпан Есжанұлы, Бөкей Арыстанұлы, Тәжібай Нұрбайұлы елге оралмады. Оған дәлел – 1885 жылы Ысқақ Өтепұлы қайтыс болар алдында өзімен елден сапарлас болған Мұхамед Нұрмұхамедұлына «Артында қалған дүние-мүлкін әйелі Зылиха мен ұлдары Ғабдеш пен Ғабдуллаға бөліп беруді тапсырады, өзіндегі ақша қара-жатын шариғат бойынша сол жерде таратып бердік», - деп Молдамұрат Бақтыбайұлы мен Фазиулла Өтепғали-ұлы куәлік етеді.
«Шынтемір Жантекин де артында қалған бар мал-мүлкін әйеліне, 4 ұл мен 5 қызына бөліп беруді тапсырды», - деп Шүкірәлі Жарқынұлы да куәлік жасайды.
Қажылыққа барған қазақтың бір-сыпырасы жол тауқыметі мен азабына шыдай алмай ауырып, біреулер жасы жеткендіктен ұзақ жолды көтере алма-ды. Бірақ оларды туған халқы мен елі қаумалап жерлемеді демесе, қасында-ғы сапарлас жолдастары мұсылман салты бойынша ақ жауып арулап, мүр-десін Жер-анасына тапсырды. Олар-дың туған топырақтан алыс жерде қай-тыс болар алдында айтқан аманатта-рын сапарластары ел-жұртына, аға-йын-туғанына жеткізіп, өздері куәлік еткен жазбаша аманаттарын губерна-торға, Ішкі Орда басшыларына тапсыр-ған.
Бөкейліктер Меккеге қажылық сапарларына қай бағытпен аттанды деген сұрақ туындайды. Біздіңше, Кавказ арқылы сапарға шығуы ыңғайға келеді. Себебі ол кезде Бөкей Ордасы мен Атырау қазақтары құмық, шеркеш, қарашай, шешен т.б. Кавказ халықта-рымен сауда-саттық жасасып, зергер-лік бұйымдар соқтырып, аралас-құра-лас жүріп, тіл табысқанын тарихи де-ректер дәлелдейді.
Жиддадағы Ресей консулы Стамбулдағы елшімен келісе отырып, патша үкіметінің комиссиясына: «Қа-жылық сапарына қатысушылар Қара теңіз порттарына, Орта Азия мен Кав-каз мұсылмандарын Закаспий-Кавказ теміржолдарымен Батум мен Транс-сібір теміржолымен Новоресей, Севастополь және Одесса порттарына бағыттаған жөн болар» деп жазды.
Қажыға сапарларында Ішкі істер министрлігі тарапынан арнайы куәлік алған бөкейліктер Батумға не Одессаға барып, шетелдік төлқұжат алып, каран-тин тіркеуінен өткен. Кемемен ұзақ са-парға аттанарда да, қайтар жолдарын-да да Одессада карантиннен өткендігі жөнінде төлқұжаттарына белгі соқты-рады. Карантиннен өткен адамның аты-жөні, мерзімі көрсетіліп, жолаушының тұрғылықты жеріндегі үйезге, губер-нияға жазбаша түрде хабарлаған. Қа-жылық сапардан оралғандар Ішкі Орда Уақытша кеңесіне алған төлқұжатта-рын тапсыруға міндетті болғанымен, көпшілігі құжаттарын тапсырмаған. Құжаттық өтеуіне қалдырылған 15 рубль ақшаларын да қайтарып алуды қажет етпейді.
Қазақстан Республикасы Орталық мұрағатында тек қана санаулы бөкей-ліктің құжаттары сақталған.
Меккеге барып, қажылық парызын өтеген мұсылман қажы атанып, бірін-шіден, иман келтіре тұрып, өз жүрегі арқылы Алла Тағаламен байланысқа түседі, өзіне шынайы, болмыстық жол-ды таңдайды; екіншіден, қажылық са-пардағы ауыр да азапты көріністер мұ-сылманның есінен ешқашан да шық-пайтын болады; үшіншіден, қажылық сапар кезінде әр түрлі елдерді, қала-ларды, мәдени-тарихи орындарды көрген адамдардың жалпы мәдениеті байиды, көргені мен түйгені көбейеді; төртіншіден, қажылыққа барып келген соң ислам дінінің бұрын сезінбеген та-ғылымдарын, өзі білмеген қасиеттерін біледі; бесіншіден, қажылық сапар ба-рысында әр ел мен жұрттан келген мұ-сылмандар өздерінің бейтаныс елдер-ден келген дін бауырларын көріп, та-машалап, олармен жақын танысады, араласып-құраласады. Қажылықтың ендігі бір ерекше қасиеті мынада: қа-жыға баруға ниет еткен адамдар алыс-қа ұзақ жол жүрер алдында парызда-рын, адам ақыларын өтеуге тырысады, туған-туысқандарымен қоштасып, халдеседі.
Сөйтіп, мұсылмандық парызын өтеу жолдарында қасиетті қажылық сапарда бөкей ордалық қажылар осындай сәттерді бастан кешкендері ешбір шүбә келтірмесе керекті.