Әбілқайыр Мұқамбет Ғази бәһәдүр хан

Гүлмира ЕЛЕМЕСОВА,

Бөкей ордасы тарихи-музей кешенінің кіші ғылыми қызметкері

Қазақ хандығының төрт ғасырға со-зылған шерлі шежіресінде жиырмадан астам хан билік құрған екен. Олар өз замандарының қалыптасқан жағдайы-на байланысты қал-қадірінше хандық туын жықпауға тырысты. Қазақ ханды-ғының негізін қалаған екі ұлы тұлға – Керей мен Жәнібек. Орда Еженнің ұр-пақтары болып келетін Керей мен Жәнібектің шығу тегін жазба деректер-де Жошы хан, одан Орда Ежен – Сарта-қай – Қоныша – Баян хан – Сасыбұқа – Ерзен – Шымтай – Орыс хан тарайды. Орыс ханның бес ұлының үлкені – Тоқтақия, оның ұлы – Болат, одан – Керей. Ал төртінші ұлы – Қойыршық, оның ұлы – Барақ хан (1428 ж. өлген). Барақтың ұлы Жәнібек.

Жәнібек ханның ұрпақтары ХІХ ға-сырдың бірінші ширегіне дейін қазақ хандығын басқарды. Осы Жәнібек хан-ның ұрпақтарының бірі – қазақ тарихындағы соңғы хандық құрылым – Ішкі Бөкей хандығының негізін қалаған Бөкей хан мен оны жаңартқан Жәңгір ханның арғы ата-тегі Кіші жүз ханы Әбілхайыр хан екені белгілі. Әбілқайыр хан – Жәнібектің бесінші ұрпағы. Егер Шыңғыс ханнан бастап таратсақ, хан әулетінің он сегізінші ұрпағы. Жәнібек-тің тоғыз ұлы болған. Жәнібек ханнан – Жиренше, Махмуд, Әдік, Қасым хан, Жәдік, Жаныш, Қамбар, Тыныш, Ұзақ (Үсек, Өсеке).
Өсеке сұлтаннан Бөлекей Ноян, одан – Ырыс сұлтан, одан – Қожа сұл-тан, одан Абдолла туған. Абдолладан Жолбарыс, Әбілқайыр, Нияз, Досалы деген төрт ұл ел билігіне араласқан, тарихта өзіндік орны бар адамдар. Бұлардың ішінде үлкені Жолбарыс – Ұлы жүзге жиырма жыл, Әбілқайыр Кіші жүзге отыз жыл хан болып өтті. Нияз бен Досалы – өзіне қарасты аймақтың беделді сұлтаны. Әбілқайырды шығу тегіне қатысты екіжақты төреден және қарадан шыққан деген пікір айтылады. Ал көрсетілген деректер оның төре тұқымы екенін дәлелдейді. Әбілқайыр ханның ұрпақтары да ел билігіне араласып, халыққа қызмет еткен айтулы тұлғалар.
Әбілқайыр хан ел ісін басқаруға ара-ласып, әрқашан қолдаған жұбайы Бопай сұлудан алты перзент сүйген. Со-лардың бесеуі ұл, біреуі қыз бала. Ұл ба-лалары: Нұралы (1710/11-1790) – 1748-1786 жылдары Кіші жүз ханы, Ералы – (1720-1794) 1791-1794 жылдары Кіші жүз ханы Қожахмет (1722-1749), Айшуақ – (1723/24-1810) 1791-1805 жылдары Кіші жүз ханы, Әділ (1730-1750). Әбілқайыр балаларының ішінде Қожахмет пен Әділ жастай қайтыс бол-ған. Қызы Зылиха шамамен 1745 жыл-дары дүниеге келген еді. Себебі әкесі Әбілқайыр хан қаза болғанда ол әлі кішкентай болатын.
Әбілқайыр ханның Бопай сұлудан соң алған екі әйелінің бірі қалмақтың торғауыт руынан. Одан Шыңғыс деген ұл мен бірнеше қыз дүниеге келген.
Соңғы әйелі башқұрт елінен. Одан Әбілқайырдың Қаратай деген ұлы туған.
Бопай сұлудан туған бес арыстан көп немере сүйген. Соның ішінде, көп әйел алған үлкен баласы Нұралы хан-ның 75 перзенті болды. Ұлдарының са-ны – 40. Атап өтсек, Есім, Бөкей, Ғизалы, Қожахмет, Бабық, Шошқара, Бөлеке, Бердіғали, Пірәлі, Бегәлі, Елтай, Есенәлі, Жалтыр, Ишалы, Қаратай, Қондырау, Жиенәлі, Құлтай, Мыңдалы, Сейдалы, Сығай, Көбей, Жарас, Қорқылтай, Айтөре, Артыққали, Шоқа, Мұхаметқали, Абылай, Арыстан, Бердәлі, Орман, Өзбекәлі, Жүсіп, Дербісәлі, Фазылбек...
Кіші жүз ханы Әбілқайырдың бүгінге дейін қоғамдық-саяси қызметі, тарихи келбеті танымал тарихшылар тарапы-нан сан мәрте талқыланып, зерттелуде. Қазақ елінің басына түскен ең бір қиын заманда өмір сүрген Әбілқайыр бар-лық өмірін сыртқы жаулармен, яғни Ресей мен Жоңғарияға қарсы соғыспен өткізді. Жоңғар шапқыншылығына қар-сы күресте қазақ халқының рухын көте-ріп, болашаққа деген сенімін оятқан, әскери біліктілігімен танылған ханның Бұланты өзенінің жағасындағы (1728), Аңырақайдағы (1729-30) жоңғарларды талқандаған соғыстарда үш жүздің жа-сақтарын ортақ жауға қарсы күресін ұйымдастырып, халықты ерлік істерге жұмылдырудағы орны ерекше.
Менің пайымдауымша, Әбілқайыр хан өз мүддесін көздеп, бүкіл қазақ елін басқаруда ойы болса да, елінің бо-лашағын ойлап, халқының тыныштық-та бейбіт өмір сүруін қамтамасыз етіп, жерін сақтауға тырысқан. Оның жоңғар шапқыншылығы кезіндегі ерлігі, қазақ халқының өз елін сақтай алатындығы-на сенімін арттырып, қазақ жауынгерлеріне жоңғарды жеңуге болатындығына көзін жеткізді. Әбілқайыр қазақ хандары мен сұлтандарының алауыздығы артып, сыртқы қауіп күшейген шақта Ресей империясына арқа сүйеу-ді ойлап, 1730 жылы Ресейге әскери одақтастық ұсыныс жасайды. Ұсынысы өтпеген соң, 1731 жылы бодан болуға келісіп, шартқа қол қойса да, ел еркін-дігін берген жоқ. Басқару жүйесіне де, өзінің саясатына да орыс билігін кіргіз-беді. Ресейдің қол астына өту арқылы халықты сырт жаудан қорғауға тырыс-ты, әскери күш-қуатын күшейткісі кел-ді. Егер Әбілқайырға дейінгі хандардың, атап айтсақ, Тәуке ханның Ресей-мен одақтасу туралы ұсынысы кезінде қабылданса, әскери қуаты күшейтілген болса, қазақ елі 1723 жылы «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» қайғы-сына ұшырамас па еді?!
Тарихшы И. Ерофеева: «Ханның түсі-нігінше, келісімшарт уақытша ес жиып, күшейіп алғанша қажет болған. Демек, «бодандық» оның түсіне де кірмеген» деп көрсетеді. Оған Орынбор әкімшілі-гімен қатынастың шиеленіскен тұсында Әбілқайырдың «Мен өз еркіммен кел-дім, өзім шығамын» деген сөзі нақты айғақ болатындығын ашып жазған. Ел мүддесі үшін патшалық Ресейдің қол астына сөз жүзінде кірдім десе де, іс жүзінде дербестігін сақтады. Оны «Ме-ні қан майданда жаулап алған жоқсың, орыс бодандығын өз еркіммен қабыл-дадым» деген сөзінен-ақ аңғаруға бо-лады. Әбілқайырдың түпкі мақсаты Жайық казактарының, орыс бодандығындағы башқұрттар мен Еділ қалмақтарының шапқыншылығын тоқтату, жоңғарды түпкілікті талқандау екенді-гін және бүкіл күрделі мәселелерді уа-қытша болса да, Ресей империясына бодан болу арқылы шешу еді.
Әбілқайыр хан – халқымыздың ба-сындағы қанды тарихи оқиғалардың ішіндегі Еділ-Жайық үшін күресте аса ірі тарихи тұлға. Еділ-Жайық үшін Ресей империясы мен қазақ елі арасында 150 жылға созылған қанды қырғын болды. Осы екі өзен аралығын сақтап қалу үшін де күрес жүргізді. Оны қазақтардың Жайық өзенінің бойындағы алқап-та мәңгілік көшіп-қону құқығын бел-сенді қорғап, «Жайық өзені қашан сар-қылып, арнасы кеуіп қалғанша қазақ-тар оның бойынан кетпейді» деген сөзі дәлелдейді. Бірақ ханның арман-мақ-саты орындалмай, 1748 жылы Барақ сұлтанның қолынан қаза табады. Бөкей ордасы тарихи-музей кешені қорында Орынбор архивінен әкелінген Кіші орда ханы Әбілқайырдың өлімі және Ресейдің қазақтарымен қарым-қатына-сы туралы іс пен Әбілқайыр ханның өлімінің себебі туралы хаттың көшір-месі сақталған.
ХVІІІ-ХІХ ғасырларда Еділ-Жайық аралығындағы жер Ресей патшасының жаулап алу саясатының нәтижесінде қазақтар өздерінің атақонысынан айырылды.
ХІХ ғасырдың басында Кіші жүздің қоғамдық-саяси өмірінде айтарлықтай өзгерістер болды. Әбілқайыр хан өлгеннен соң Кіші жүзде хандық билік әлсірей бастады. Нұралы, Ералы, Шерғазы, Айшуақ хандар билік тізгінін жалғастырып отырды. Патшаның таға-йындауымен хандық билікті қолға ал-ған Жантөре ханға қарсы Қаратай сұл-тан бастаған Кіші жүз сұлтандарының қанды көтерілістері орын алады. Осы кезеңде Кіші жүздегі билер кеңесінің төрағасы Әбілқайырдың немересі Бөкей сұлтан ел ішіндегі берекесіз өмірден көп зардап шеккен қара халықтың қа-мы үшін, әрі атақонысты қайтару мақсатында Еділ-Жайық аралығына кө-шіп келді. Бұл қазақ тарихындағы ірі оқиғалардың бірі – Бөкей хандығының құрылуына әкелді. Орыс географиялық қоғамының негізін қалаушылардың бірі Алексей Ираклиевич Левшиннің «Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-казак далаларының сипаттамасы» еңбегінде «Еділ-Жайық арасын басыбайлы Орыс империясына қосып алды. Жайық қа-ласына казактар қоныстанып, Жайық өзені екі жақ кемерімен казак әскерлеріне беркітіліп берілген. Міне, басы-байлы өздеріне қаратып алған жерді Әбілқайырдың немересі Бөкей сұлтан, кейіннен хан, ақылымен, әдіс-тәсілімен атажұртқа 1801 жылы Жайық өтіп қо-ныстанады. Жан-жағын қаптаған ресей-ліктердің ортасында «қазақ аралындай» өмір сүрді. Оның ісін жалғастырған ұлы Жәңгір хан ұлтының орыстанып кетуіне жол бермес үшін біліктілік-пен жұмыстанды».
Бұл – Қазақ елінің батыс шегін Әбілқайырдың өзі, оның ұрпақтары көз-дерінің қарашығындай қорғап сақтаған-дығының дәлелді айғағы. Батыр қол-басшы, көреген саясаткер Әбілқайыр ханнан бастау алған хандық билікті жалғастырған ұрпақтары Бөкей мен Жәңгір Еділ-Жайық арасын қазаққа құтты қоныс жасап, кейінгілерге аманаттап кетті.

Қаралым саны 2463

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463