...1989 жылдың қысы, жаңа жыл қарсаңы Мен Орал қаласындағы «Культпросветучилищенің» жатақхана-сында (қазір бұл жерде облыстық са-лық комитеті орналасқан) жатырмын. Көңілкүйім жоқ, болашағым бұлың-ғыр. Көңілімнің хошы қайдан ғана бо-ла қойсын, осыдан тура бір ай бұрын Шолоховтағы (қазіргі аты – Ақсоғым, теректі ауданына қарайды) орта мек-тептен «әкемді танытып», оқудан шы-ғарып жіберсе. Бәрі неден басталып еді өзі...
1987 жылдың жаңа оқу жылы бас-талудан сәл бұрын, мен 3-іншіден 4-сы-ныпқа ауысар алдында Шолоховта орын алған шұғыл жағдайға орай біз-дің үйде кішігірім отбасылық жиын бол-ды. Мәселенің мәні – Шолоховта ме-нің үлкен апам Ләззат және жездем Мейрам тұратын, жездеміз ағаш шебе-рі болып жұмыс істейтін. Сол жездеміз жұмыс бабында жарақат алғанға ұқ-сайды, түсінгенім – оң қолын абайсызда пилорамға кестіріп алып, аудандық ау-руханаға жеткізілген, сонда біраз ем-дом алып жататын сияқты. Соған апа-мызға екі жас сәбиін бағуға және қора-дағы азын-аулақ малын қарасуға кө-мекші бала керек. Үйдегілер бірауыз-дан ағам Ерланның баруын хош көрді. Ерлан менен 6 жас үлкен, маған қара-ғанда естияр, жоғарғы сыныпта оқиды. Мен болсам бес баланың кенжесі, ер-кесі дегендей. Ол хабарды ести сала, «мен барамға» салдым. Малды да ба-ғатын, балаға да қарайтын, апамның айтқанын екі етпейтін болып ант-су іш-тім. Оның өзіндік себебі де жоқ емес, Гагарин атындағы Жаңақала бастауыш мектебінен орта мектепке «шөлмегім толып» әрең көшкенмін. Өзімше жаңа жерге барып, жаңа өмірді бастамақ-пын...
Ақырында менің дегенім болып, ертесі күні заттарыммен Орал қаласы-на жүретін сары автобуста отырдым. Студент апайым Гүлайым Оралдан қарсылап алып, ары қарай Шолоховқа жүретін автобусқа отырғызып жіберді. Сөйтіп, 4-сыныпты мен апа-жездемнің ауылында жалғастырдым.
Шолоховта жаңа өмірді бастау қай-дан болсын! Бұрын әке-шешенің қасы мен қабағынан ығып жүргенде жай жүре алмайтын басым, мында «әй дейтін әже, қой дейтін қожа» жоқ, шөлмектен босатып жіберген жындай болдым. Ләззат апам мінезі жұмсақ, жайлы адам еді. Өзі музыка мектебін-де қобыздан сабақ береді. Алғашында ұстаздар «Ләззаттың інісі ғой» деген-дей, маған барынша оң көзбен қарап жүрді. Кейін мен оқып жатқан мектеп-тегі ата-аналар жиналысына шақырту көбейе бастады, ол жиындардан апа-мыз біресе жылап, біресе күліп келеді. Жылап келетіні – тәртібім нашар, сын көтермейді. Күліп келетіні – сирек те болса, белгілі бір пәндерден мақтау қа-ғаз алып тұрамын. Негізінен, гумани-тарлық бағыттағы, тарих, әдебиет, орыс тілі сияқты сабақтардан үлгері-мім тым тәуір. Бірақ таразының басы-на түскен кезде тәртіп мәселесі бәрібір алға шықты. Оқу жылының 1 тоқсанын да тәмамдап үлгермей жатып мені оқудан шығарды да жіберді.
...Осылардың бәрі көз алдымнан тізбектеліп өтіп шықты. Соңғы жина-лыстан есімде қалғаны: «не Құспанов-ты оқудан шығарыңдар, не мен кете-йін жұмыстан!» - деп ызбарланған сы-нып жетекшім; маған қолдау білдіргісі келген, алайда кейбірі жаңадан таға-йындалған мектеп директорының қа-тулы қабағынан ыққан, ал кейбірінің ай-тарға сөзі де таусылған болуы керек – әдебиет пәнінің мұғалімі Өленғали ағай, тарих, орыс тілі т.б. мені үнсіз көзбен шығарып салған ұстаздарым.
Содан Оралға «Культпросветучи-лищеде» оқитын апам Гүлайымға ке-ліп, бір айдан бергі жатысым мынау енді. Ауылға барайын десем, әкемнен сескенем. Әкем ауыр мінезді, салмақ-ты адам еді. Қазір ойлап отырсам, ма-ған қол тигізбек түгілі, дауыс көтеріп көрмепті. Бірақ «Әкең ренжиді, әкең білмесін...» деп әрқашан отбасындағы әке культін жоғары қоятын анамыздың тәрбиесі ме, әйтеуір, әкемізді ренжіту-ден өлердей қорқамыз...
Ақыры маған Құдай берді! Бір күні мен жатқан бөлменің есігі қағылып, артынан апамның: «Әпөк (мені ерке-леткенде айтатыны), сүйінші, Нұржан армиядан келе жатыр!» - деген дауы-сы естілді. Мен қатты қуандым! Бірін-шіден, екі жыл шетелде әскерде жүр-ген ағама деген сағынышым болса, екіншіден, ағама ілесіп ауылға, Жаңа-қалаға бармақпын. Ол кезде баласы-ның әскерге кетуі, әсіресе, аман-есен келуі ұлан-асыр той ғой! Демек, әкем де бірнеше күн тойлайды. Отбасында-ғы осы қуаныш менің қылмысымды жуып-шайып кетсе керек...
Ұшқыр қиялым осылай деді. Көп айтып қайтейін, негізгі оқиға желісі мынау:
Ауылға ағаммен бірге бардым, маған көңіл аударған адам бола қойған жоқ, ағасымен бірге келген шығар деген болу керек. Айтқандай, біз келгесін-ақ үйге «қуаныш құтты болсын» айта келушілер қарасы кө-бейді. Ал мен болсам анамды оңаша-лап алып, өзімді оқудан шығарып жі-бергенін, енді қалайда ауылға тез ара-да мектепке орналасу қажеттігін айтып түсіндірдім. Анам байғұс шапқылап жүріп, қателеспесем, сол кезде дирек-тордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқаратын Жансалқам есім-ді құдағайын тапқан. Ол кісі мені көр-мей жатып-ақ: «Темақаңа тартқан бала болса түсінікті, өзім тәрбиелеп аламын, келе берсін» дегенін айтып қуантты. Осының бәрін анам әкемізге білдір-мей, қонақтық әрі жұмысының ара-сында істеп жүр. Содан не керек, құ-жат бойынша мен ешқашан Шолохов-та оқымаған, бастан-аяқ Жаңақала бас-тауыш және орта мектебінде оқып ке-ле жатқан оқушы болып шыға келдім. Сөйтіп, құжат түзелді. Апайым Жансал-қам Рахымғалиқызын мінезі қатал адам деп естідім, ол кісіні де көрудің сәті түсті. Сол жылы тіл-әдебиетке ыңғайы бар балаларға арнап профильді сынып ашып жатыр екен, мені бірден соған қабылдапты.
Қиюы келіспестей болған ісімнің жөнделіп, оңға басқанына қуанғаным-ай! Әйгілі Қожа құсап айна алдында өз-өзіме ант бергенім бар, бірақ оны жазып келістіре алатын емеспін.
Сонымен сабақ басталып кетті. Оқуға барынша көңіл бөліп, тәртіпті болып-ақ жүрмін. Біздің сыныпта бәрі ерекше болатын. Мектеп бойынша басқа сыныптар кабинеттен кабинетке көшіп оқыса, біз ғана 20-кабинеттен ауыспай оқушы едік. Кабинет іші толы-ғымен қазақша безендірілген. Мыса-лы, сыныптың артқы жағы – жартылай киіз үй, оның іші толған ұлттық нақыш-тағы тұскілем, өзіміз үйден тоқып әкелген қамшы (алты өрім, сегіз өрім қамшылар менің қолымнан шыққан), найза, қалқан (ердің бес қаруы), қол-өнер туындылары т.б. толып тұратын. Әрқайсымыздың астымызда құрақ көрпе, оны әрбір қыз бала үйден өз-дері тігіп әкелген еді. Апайымыз бізді қазақылыққа, ұлтжандылыққа, еңбек-қорлыққа баулыды, үйретті.
Осылай, тәп-тәуір-ақ жүріп едім. Бі-рақ ол да көпке созылмады. Бір күні мынадай оқыс оқиға болды. Менің сы-ныбымда оқитын Қ. деген оқушы үзі-лістен мұрны қанап келді. Сөйтсек, оны көрші сыныпта оқитын Э. сабап жіберіпті. Э.-ні танимын, бұрын мені-мен көрші тұрған, мінезі шатақ, бұзық бала. Қ. үшін Э.-дан кегін қайтаруды менен ешкім талап етпесе де, өзіме міндет санадым. Келесі үзіліс үлкен үзіліс еді. 45 минутқа әрең шыдадым. Қоңырау соғыла сала, сыртқа Э.-ні із-деп шықтым. Бір қызықтың боларын сезген сынып балалары соңымда жүр. Э. анау бір топтың ортасында жүр екен. Көрген бойда оған қарай жүгір-дім, мені көре сала ол да қашты. Арты-нан тырқыратып қуып жүріп, Э.-ні са-бадым. Ол кетті бақырып жылап, мен сол жерде балалармен ойнап қалып қойдым. Ойынның қызығына беріліп, ішке қоңырау соғылғанын байқамай қалыппыз. Балалармен жүгіріп сынып-қа келсек, жас мұғалима тұрып тұр да, оның орнында сынып жетекшіміз
Ж. Рахымғалиқызы отыр екен. Ал оның алдында бірдеңелерді айтып Э. тұр. Тіпті мұрнының қанын да сүртпе-ген, мені көре сала қорсылдап жылап жіберді. Бәрі түсінікті болды. Мен бір-ден өзіме әбден үйреншікті болған тақта алдына (сабақ айту үшін емес, әрине) барып тұрдым, басымды сал-быратып жібердім. Көз алдыма бұған дейінгі оқиғалар тізбегі келе қалды, неге екенін білмеймін, анамды аяп кеттім. Енді мені оқудан шығарса, ол кісі қандай жағдайда болмақ?! Осы кезде менен басқаларына апайым белгі берді ме, білмеймін, бәрі орын-дарына жайғасты. Э. солығын баса алатын емес. Кенет апайым Э.-ға қара-та былай деді (ол сөздер күні бүгінге дейін есімде): «Әй, Э., сен неге Абзал-дан таяқ жегеніңді айтасың да, өзіңнің біздің Қ.-ға тиіскеніңді айтпадың? Орыста мақал бар: «Какой привет, та-кой ответ» деген, Абзалдыкі...»
Осы сәтте көзім алды бұлдырап, құлағым шыңылдап кетті. Апайыма риза болып, бойымды ерекше сезім биледі. Бірақ басымды көтере алар емеспін. Бір заманда барып, апайым-ның: «Абзал, сен неге тұрсың? Отыр орныңа!» дегенін естігендей болдым. Апайым бір ауыз сөз айтпаса да, бұл жағдай маған қатты әсер етті...
Жасыратын несі бар, мақтанқұмар едім. Апайым сол мінезімді біліп, оны пайдалы бағытқа қолдануды мақсат еткен болуы керек, мені ылғи да бас-қалардан ерекшелеп, «Құспанов бі-леді, Құспановтың қолынан келеді» деген сияқты қолдау, қолпаштау сөз-дерін аямайтын. Бірде мектепте әртүр-лі пәннен жарыс өтті. Одан жеңгені ау-дандық олимпиадаға қатысады. Соған Нұрболат Қарменов есімді сыныпта-сым екеуміз өттік. Менде «қалайда ауданаралық жарыстан жеңіп, облыс-тық олимпиадаға қатыссам» деген сти-мул пайда болды. Сол сәтті ойласам, жүрегім кеудеме сыймай кетеді. «Қан-шама адамға, әсіресе, өз анама анау айтқандай бұзылған бала емес екенім-ді дәлелдер едім» деймін. Сонымен аудандық жарыс та өз мәресіне жетті. Барлық ауылдан келген балалармен бірге мен де қорытынды нәтижені кү-тіп тұрмын. Басқа пәндерден орын ал-ған балалар бүкіл мектеп оқушылары-ның алдына шығып, сый-марапатта-рын алып жатыр. Олар шыққан сайын балалар дүркіретіп қол соғады екен. Кезек қазақ тілі мен әдебиеті пәніне де жетті. Өз есебімде шығарманы жаман жазбаған сияқтымын. Тек қазақ тілінен кей сұрақтарға қате жауап беріп жүр-месем деп тілеп тұрмын. Комиссия құ-рамына жетекшілік етуші өз апайым екен, алайда құрамындағы мүшелер де осал емес. Арасында сол кездегі мектеп директоры марқұм, Алма апай да бар. Ол кісі директор ғана емес, Нұрболаттың анасы. Әуелі ынталан-дыру сыйы берілді. Одан кейін 3-орын аталды, 2-орынға келгенде апайым ұзағырақ сөйледі, жазылған шығарма-ларға кеңірек тоқталды, арасында бі-ресе менің, біресе Қарменовтың фа-милиясы аталып қалады. Маған соңғы-сы көбірек айтылғандай көрінеді. Жү-регім тарсылдап, тыпыршып кеттім. Кенет (апайымның осы сөзі менің кө-кейімде әбден жатталып қалды) ол кісі Қарменов Нұрболаттың шығармасын талқылап, мақтап-мақтап келді де, «Алайда Қарменовтың жазған шығар-масы Құспановтан бір мысқал кем» деп солқ еткізді. Менің басым айна-лып, құлағым шыңылдап кеткендей болды. Ұзын сөздің қысқасы, мен апа-йымның қолдап-қолпаштауымен, кө-термелеуімен сол жылы облыстық олимпиадаға аудан намысын қорғауға аттандым...
Апайым туралы әлі де біраз айта түссем болар ма еді. Бұл жерде атап өтпеген «ерліктерім», артынан ұялып, қызаратын жағдайларым жетіп-арты-лады. Бір нәрсе анық – апайым шы-нында мінезі қатал адам еді, бірақ ол қаталдығын маған бірде-бір көрсеткен емес. Бір-де бір рет менің намысыма тиетін сөз айтып немесе менің қандай жағдайда мектепке орналасқанымды есіме салған емес. Мен, шынымды айтсам, өзімнің небір қылықтарым үшін апайымның алдында әлі ұяла-тындай жағдайдамын.
Апайымыз бізге «Әр қазақ «Абай жолын» кемінде үш мәрте оқып шы-ғуы керек» дейтін. «Адамда мінез болуы керек, мінезі бар адамнан ғана бір нәрсе шығады» деп Абайдың інісі Оспанды мысалға келтіруші еді. Жансалқам Рахымғалиқызының менің жасөспірім санама еткен әсерін, адам болып қалыптасуыма сіңірген еңбегін қанша айтсам да тауыса алмаспын.
Ол кісі қазіргі кезде зейнет жасына жетті. Жанұясы керемет. Жолдасы Бақытжан ағай Әубекеров те мұғалім, мектеп директоры болды. Туған ауы-лыма, Жаңақалаға жолым түскен са-йын әркез апайымның үйіне соғамын. Үйі бау-бақша, гүл, қашан барсаң да жайнап тұрады. Сан ұрпаққа білім бер-ген апайым Жансалқам Рахымғалиқы-зына ұзақ ғұмыр тілейміз! Туған-туыс, ұрпағының ортасында бақытты болып жүре берсін.
Жақында мектеп бітіргенімізге жиырма жыл толып, Жаңақалаға, білім алған мектебімізге бардық. Ең алды-мен, баяғы қазақы жасаулы, өзіміздің меншікті №20 кабинетті іздеппін. Бұ-рынғы ұлттық нақыштағы сыныптан түк қалмағаны өкінішті. Бұрын Жаңа-қала білім жағынан болсын, спорт жа-ғынан болсын, облыста елдің соңында қалып көрмеген еді. Соның бәрі осы Жансалқам сияқты апайларымыздың еңбегі ғой...