Қазақ поэзиясы мен прозасындағы алыптардың ортамыздан күн санап мәң-гілікке аттануы қатты алаңдатады. Әрине, олардың еңбектері ұрпағына әлі талай азық болары анық. Бірақ осылардың орнын басатын ақын-жазушы, зиялыларымыз бар ма?! «Жоқ» деп ауызды қу шөппен сүрткен жөн болмас. Бірақ, жағдайдың мәз емес екендігі анық. Мемлекет бұл саланы жүйелі қолдап, нақты жұмыстанбаса, уа-қыт өте «әй, қап» деп сан соғар кез де алыс емес.
Халықтың материалдық жағдайын жақсартуды мақсат етіп, рухани жағына жете мән бермеу аурудың нақты диагно-зын білмей қате емдеумен бірдей. Мәң-гілік елдің іргетасын қалаушыларды бүгін тәрбиелемесек, кеш болады. “Ештен кеш жақсы”, қолында биліктің кілті бар бас көтергендер, мәселеге мән беріп, қолға алыңыздар!
Ақбай БАРЖЫҰЛЫ