– Нұржан Серікұлы, «Болашақ» президенттік бағдарламасының құ-рылғанына 20 жылдан астам уақыт өтіпті. Нәтижесі қандай?
– «Болашақ» халықаралық шәкірт-ақысы Қазақстан Республикасы Пре-зиденті Н. Ә. Назарбаевтың 1993 жыл-ғы 5 қарашадағы Қаулысымен бекітіл-ді. Бағдарлама барысында бүгінге де-йін 11727 шәкіртақы тағайындалды, соның ішінде 8435 шәкіртақы иегері – шетелде білім алып, Отанға оралған тү-лектер. “Болашақтықтардың” 53%-ы – қоғамдық-гуманитарлық мамандықтар бойынша, 38%-ы – өнеркәсіптік-өнді-рістік сектор, 7%-ы – денсаулық сақтау саласының және 2%-ы – шығармашы-лық мамандықтар бойынша білім же-тілдірген.
Бастапқыда, 1994 жылдары гумани-тарлық, экономикалық мамандықтарға басымдық берілсе, он жылдан астам уақыт өткен соң техникалық мамандық-тарға көбірек назар аударылды. ҚР Президенті «2004 жылға арналған ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыт-тары» атты халыққа Жолдауында ин-дустриалдық-инновациялық стратегия-ны жүзеге асыру басталғаны жөнінде жариялаған еді. Нұрсұлтан Әбішұлы жоғары технологиялық және ғылымды қажет ететін өндірістер үшін кадр даяр-лауды міндеттеді, ал 2005 жылы өзінің кезекті «Қазақстан экономикалық, әлеу-меттік және саяси жедел жаңару жо-лында» атты Жолдауында шәкіртақы иегерлерінің санын үш мыңға дейін арттыру туралы хабарлады.
Қараңыз, 1994-2004 жылдары инже-нерлік-техникалық мамандықтар бо-йынша түлектер бар-жоғы 15% болса, 2005-2012 жылдары аталмыш көрсет-кіш 35%-ға дейін артты. Бүгінгі таңда түлектердің басым көпшілігі ақпарат-тық технология және жүйелерде – 37%, мұнай-газ өнеркәсібінде – 12%, маши-на жасау және автоматтандыруда – 8%, құрылыста – 4%, биотехнологияда – 3%, әуе-ғарыштық технологияда – 3%, энергетикада – 3% көрсеткіш иеленіп, қызмет атқаруда. Сонымен қатар «бо-лашақтықтар» аграрлық индустрия, кен өндіру өнеркәсібінде және метал-лургияда, жеңіл өнеркәсіпте, көлік ин-дустриясында, химиялық өнеркәсіпте және т.б. салаларда еңбек етуде.
– Ғаламдық экономикалық дағда-рысты есепке алғанда, шетелдік білім алу қаншалықты маңызды?
– Есіңізде болса, ҚР Президенті өзі-нің жуырдағы «Қазақстан жаңа жаһан-дық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауында «жаһандық дағдарыс – бұл тек қауіптілік емес, со-нымен қатар жаңа мүмкіндіктер» деп атап өтті. Тіпті Тәуелсіздігіміздің қалып-тасуының алғашқы онжылдығында да ҚР Президенті бұл кезеңнің еліміздің дамуындағы қиын жылдар екендігіне қарамастан, бағдарламаны тоқтатқан жоқ. Әрине, біздің еліміз қарқынды да-мып келеді, сонымен қатар жаһандық экономикалық дағдарыс жағдайында түрлі қиындықпен бетпе-бет келдік. Сол себепті ауқымды жобаларды жүзе-ге асыру үшін әлемдік шаруашылық жүйесіндегі нағыз қазақстандық тетік-терді іздеу және игеруге жол ашатын, сондай-ақ шетелдік серіктестермен бірге алдыңғы қатарлы ірі жобаларға қатысатын мамандар аса қажет. Яғни «Болашақ» бағдарламасы аясында алынған білім шәкіртақы иегерлеріне тек белгілі бір бағдар бойынша білім иеленуге ғана емес, сонымен қатар ке-лешектегі мүмкіндіктерді көзбен көру-ге де мүмкіндік береді.
Және әлеуметтік капитал көзқарасы тұрғысынан алғанда, бұл – шетел сту-денттерімен жаңа байланыс орнату. Өзара әрекет ету барысында олармен бірге жаңа идея және жаңа түсінік ие-ленесіз, ойлаудың жаңа стилін қалып-тастырасыз. Осылайша, «Болашақ» бағдарламасының 23 жылдық қызметі кезеңінде шәкіртақы иегерлері Ұлы-британияда (40%), АҚШ-та (23%), Ка-нада, Германия, Ресейде (16%), Ирлан-дия, Швейцария, Қытайда (3%), Малай-зияда (2%), сондай-ақ алыс және жа-қын шет елдегі басқа да елдерде (16%) білім алды. Бұл дегеніңіз – басқа ұлт өкілдеріне өз еліңді және өз аймағың-ды таныстырудың және біздің мәде-ниетіміз бен салт-дәстүріміздің ерек-шелігін көрсетудің шынайы мүмкіндігі. Мысалы, шетелде білім алып жүрген кезеңде біз Оңтүстік-Шығыс Азия, Ла-тын Америкасы және басқа да елдер студенттерінің қатысуымен АҚШ уни-верситеттерінің бірқатар кампусында бірнеше мәрте еліміздің таныстыры-лымын өткіздік.
Өзіңіз ойлап көріңізші, «Болашақ» бағдарламасы басталғалы бері түрлі мамандық бойынша әлемнің отыздан астам елінде білім алған шәкіртақы ие-герлерінің әрқайсысы еліміздің жеткен жетістігі жөнінде айтады. Менің ойым-ша, елімізді «жарнамалаудың» бұдан асқан жолы жоқ.
– Ел арасында «Болашақ» бағдар-ламасының түлектері ауыл-аймаққа баруға құлықты емес деген пікір қа-лыптасқан. Бұған айтар ойыңыз қан-дай?
– Бұл, расымен де, көкейкесті сұрақ, дегенмен қазіргі таңда үрдіс өзгеріп ке-леді. «Халықаралық бағдарламалар ор-талығы» АҚ-ның («Болашақ» бағдарла-масының операторы – автордың ескерт-песі) мәліметі бойынша, «Болашақ» бағдарламасын жүзеге асырудың бар-лық кезеңі бойынша 6126 түлек мони-торингте, олардың 5997-сі жұмыспен қамтылды, ал 129 түлек қызметке ор-наласу барысында.
Жоғарыда атап өткенімдей, ҚР Пре-зиденті өзінің жуырдағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауында «барлық инвестициялық жобалар тіке-лей аймақтарда жүзеге асырылатын-дығын» айрықша атап өтті. Осыған орай экономикалық өсімнің аймақтық драйверін қалыптастыру мақсатында ҚР Президенті 6 макроаймақ, яғни Оң-түстік, Солтүстік, Орталық-Шығыс, Ба-тыс, Алматы және Астана үшін жеке бағдарламалар жасау қажеттігі жөнін-де айтты. Сол себепті даярлық бағыты шамасындағы түлектердің сұранысын қарастырған жөн. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысында 158 түлек, Сол-түстік Қазақстан облысында – 42, Пав-лодар облысында – 126, Қарағанды об-лысында – 103, Шығыс Қазақстан об-лысында – 123, Атырау облысында – 389, Маңғыстау облысында – 113, Ба-тыс Қазақстан облысында – 110, Ақтө-бе облысында – 91, Астана қаласында – 2674, ал Алматы қаласында – 1784 тү-лек қызмет етуде. Яғни аймақтық ша-мада пайыздық көрсеткішпен: Астана қаласында – 43,5%, Алматы қаласында – 29%, ал қалған аймақтарда 25%-ды құ-райды. Батыс Қазақстан облысының Маңғыстау облысынан кейін (Астана және Алматы қалаларын есептемеген-де) 6-орында тұрғандығын атап өту керек.
Тағы бір мәселе – алынған білімді аймақтық экономика жағдайында қа-лай тиімді қолдану керек? Сөз жоқ, аталмыш әсерді сандық көрсеткішпен өлшеу қиын, дегенмен «Болашақ» шә-кіртақысының 20 жылдығына орай 2013 жылдың 29 қарашасында өткізіл-ген форум аясында ҚР Президенті
Н. Назарбаев ұсынған «Қазақстан – 2050» Жалпыұлттық қозғалысы идеясының аясына еліміздің аймақтарынан «Бо-лашақ» бағдарламасының қаншама түлегі біріккендігіне көз салыңызшы. Нақты мысал келтірер болсам, мәсе-лен, Ерназ Есбергенов – Балқаш қала-сының тумасы, «Болашақ» бағдарла-масы бойынша Рочестер технология-лық университетін (АҚШ) «Өндірістік және технологиялық процестерді бірік-тіру магистрі» мамандығы бойынша тәмамдаған, Нұржан Мұқашев – Семей қаласының тумасы, Мичиган универси-тетін (АҚШ) «Денсаулық сақтауды бас-қару бойынша магистрі» мамандығы тәмамдаған. Екеуі де өндірістік компа-нияларда жұмыс істеу бойынша түрлі тәжірибелері және түрлі мамандық ие-лері екендіктеріне қарамастан, бірігіп, индустриалдық-инновациялық даму аясында бизнес-процестерді жетілдіру, соның ішінде отандық компаниялар шығаратын өнімдер сапасын жалпы басқару бойынша компания құрды. Жә-не мұндай мысалдар жетіп артылады.
– Сіз өзіңіз де «Болашақ» бағдар-ламасының түлегісіз. «Болашақ» бағ-дарламасы бойынша таңдаудан өту процесі және шетелдік ЖОО-ға түсу қаншалықты қиын?
– Өзім туралы айтсам, 2008 жылдан бастап ауыл жастары, ғылыми және пе-дагогикалық қызметкерлер, соның ішін-де мемлекеттік қызметшілер үшін де квота енгізілді. Сол сәттен бастап «Бо-лашақ» халықаралық шәкіртақысын «мемлекеттік қызметші» санаты бойын-ша иеленуге дайындығымды бастап кеттім. Яғни 2008 жылы құжаттарымды тапсырдым және конкурстың барлық үш айналымынан өттім. Бірінші айна-лым үміткердің мемлекеттік және ше-тел тілдерін білу деңгейін анықтады, сонымен қатар психологиялық диаг-ностика жүргізілді. Аталмыш диагнос-тика үміткердің шетелде оқуға және тұ-руға қабілеттілігін қарады. Бірінші ай-налымнан сәтті өткендер екінші айна-лымға жіберілді. Екінші айналымда үміткердің кәсіби даярлық деңгейі, Қазақстан Республикасының Консти-туциясын, Қазақстан тарихын, мемле-кеттік рәміздерді білуі, сондай-ақ үміт-кердің оқытудың таңдаған бағыты бо-йынша даярлығы анықталды. Үшінші айналымды Республикалық комиссия сараптады. Шетелде кадр даярлау бо-йынша республикалық комиссия оты-рысының хаттамасы негізінде 2009 жылдың сәуірінде «ХБО» АҚ менің Америка Құрама Штаттарында «Қар-жы» мамандығының магистратурасы бойынша оқуымды ұйымдастырды.
Әрине, бүгінгі таңда бағдарламаға енгізілген өзгеріс көп. Мысалы, 2016 жылдан бастап «ЖОО түлегі» санаты жойылды және «магистратураға инже-нерлік-техникалық қызметкер» жаңа санаты енгізілді; үміткерлердің квота-лық санаты үшін дипломның орташа балы жалпы 4.00 GPA (Grade Point Ave-rage) – білімді бағалау жүйесінде 2.67-ден 3.00 балға дейін арттырылды; ағыл-шын тілін меңгеру деңгейіне қойыла-тын талаптар IELTS (International English Language Testing System) – ағылшын ті-лін білуді тестілеудің халықаралық жү-йесі бойынша 4.0-тен 5.0 балға дейін арттырылды; үміткерлердің еңбек өті-ліне қойылатын талаптар өзгертілді (магистратура және докторантураға жалпы өтіл 2 жылдан төмен болмауы тиіс, тәжірибеден өту үшін – маманда-нудың таңдалған саласындағы 12 айды қосқанда, 3 жылдан кем емес).
Сонымен қатар мамандарды «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының көкей-кесті жобалары үшін кешенді даярлау қарастырылған. 2016 жылы «Астана» Халықаралық қаржы орталығы (70-қа-дам, ҚР Ұлттық Банкінің өтінімі), ҚР Жо-ғарғы соты жанындағы Халықаралық кеңес (25-қадам, ҚР Жоғарғы сотының өтінімі), «Азаматтарға арналған Үкі-мет» Мемлекеттік корпорациясы (100-қадам, ҚР Инвестиция және даму ми-нистрлігінің өтінімі) үшін тәжірибеден өтуге арналған мақсатты топтар құры-латын болады. Ағымдағы жылдан бас-тап кәсіби тәжірибеден өтетін барлық санат салалық заңнамадағы өзгеріс-терге сәйкес, Республикалық комиссия шешімі негізінде анықталатын болады.
– Қазақстанның өзге аймақтарын-дағы үміткерлермен бәсекелестікке түсу қиын болған жоқ па?
– Керісінше. Сол сәтте конкурсқа қа-тысу үшін құжат тапсырған барлық үміт-кер бір-біріне көмектесуге тырысты. Белгілі жерде бір-біріне көмектесіп, кей сәттерде материалдарымен бөліс-ті. Конкурстан өту барысында әр үміт-кер мен білмейтін бір нәрсені білетін-дігі ақиқат қой. Сондай-ақ «ХБО» АҚ менеджерлерінің еңбегін де атап өткен жөн, тілдік курстардан өткенде, АҚШ университетінің бизнес-мектебіне түс-кен кезімде олар белгілі тақырыптар бойынша жан-жақты кеңес берді.
Жалпы алғанда, бизнес-мектептер-дегі жақсы білім, сөз жоқ, аса пайдалы. Жалпыға мәлім, Батыста білімге деген көзқарас басқаша – олар білімді инвес-тиция деп қарайды. Сол себепті жақсы бизнес-мектепте сіз білім алып қана қоймай, түрлі жобалар бойынша жұ-мыс істейтін түрлі елдің студенттерімен байланыс орнатып, өмірлік тәжірибеге қанығасыз.
Жалпы, шетелдік ЖОО бизнес-мек-тептеріне түсу процесі соншалықты қиын емес. Ол үшін бірнеше тест тап-сыру қажет: TOEFL (Test of English as a Foreign Language) – шетелдік ретінде ағылшын тілі бойынша тест тапсыру не-месе IELTS (International English Langua-ge Testing System) – ағылшын тілін білу-ді тестілеудің халықаралық жүйесі, сон-дай-ақ арнайы GMAT тесті (General Ma-nagement Admission Test) – менедж-мент саласындағы білім деңгейін және біліктілікті анықтаудың электронды тесті. Бұлар бойынша балл шетелдік оқу орындарының талаптарына қарай түрленеді.
– «DANAkaz» журналы оқырман-дары арасындағы жастар қауымына тілегіңіз?
– Айналамыз күн санап өзгеріп жатыр, сол себепті біздің жастарымыз жү-йелі түрде заманауи білімге ұмтылып, халықаралық деңгейде бәсекеге қабі-летті болуы үшін талмай-тынбай білім алуға міндетті. Жақсы шетелдік ЖОО-ға түсу ғана емес, сонымен қатар ол жақ-қа қандай мақсатпен бара жатқаны-ңызды білу де маңызды. Әр адам өз алдына заманауи өмірге сай шынайы мақсат қоя білуі тиіс. Яғни жоспарлау және өз мақсатын басқара білуде ман-саптық та, тұлғалық та өсудің мүмкін-дігі бар. Ал мемлекет бұл үшін – біздің білім алуымыз және өсуіміз үшін бар-лық жағдайды жасап отыр. Естеріңізде болса, ҚР Президенті «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекет-тің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын-да «Мемлекет сіздердің алдыңыздан жаңа мүмкіндіктер ашу үшін барлығын жасайды. Мұндай мүмкіндіктер сіздер-дің ата-аналарыңыздың ойларына да кіріп-шықпаған» деп атап өтті.
Сол себепті біздің жастарымызға қол жеткен жетістікпен тоқтап қалмай, елі-міздің дамуына айтарлықтай үлес қосу үшін ҚР Президенті Н. Назарбаевтың жалпы идеясы маңына топтасуды ті-леймін. Өйткені «Болашақ» бағдарла-масы – аталмыш бағдарламаның түлек-теріне ғана емес, сонымен қатар ҚР Пре-зиденті – Ұлт Көшбасшысы Н. Назарбаев-тың бес институционалдық реформаны жүзеге асыруға арналған «100 нақты қа-дам» жалпыұлттық жоспарын іске асы-рушы барлық қазақстандық жастарға арналған келешектің даңғыл жолы.
– Сұхбатыңызға рақмет!