Осыған орай Жетпіс палуанның Сейфолла Құмарұлы есімді аталас ұр-пағы редакциямызға арнайы келді. Ол Жетпіс Бақтыбайұлына байланысты өзі білетін шежірелік деректермен бөлісіп, палуанның жерленген жеріне де бас-тап барды. Жетпіс палуанның басына орнатылған құлпытастағы араб қарпі-мен жазылған мәтін оқылып, оның нақты қай жылдар аралығында өмір сүргені анықталды. Аталмыш мәлімет-тер «DANA kаz» журналының бетінде басылды. Сейфолла Құмарұлының ар-қасында палуанның Орал қаласында тұратын тікелей ұрпағы Жандыр Ғаб-басовпен жолығудың да сәті түсті. Жандыр Баязитұлы атақты алаш қай-раткері Ғаббас Жетпісовтың немересі болып шықты. Жандыр ағамыздың әкесі, 1925 жылы туған Баязит Ғаббас-ұлы көзі тірісінде өз әкесі Ғаббас Жет-пісұлының Уфадағы қызмет атқарған ғимаратына, Сайқұдықтағы палуан Жет-піс атасының зиратына арнайы барып, аталмыш сапарларын келер ұрпақ үшін бейнетаспаға жазып қалдырған. Ол ма-териалдар бүгінде ұрпақтарының қо-лында көздің қарашығындай сақтаулы тұр. Сейфолла Құмарұлы ата-баба тари-хын түгендеуге келгенде елгезектік таны-тып, Жетпіс палуанның Ақтөбе облы-сында тұратын ұрпақтарына да хабар-ласты. Олардан хат арқылы қызықты дерек алдырды. Төменде Сейфолла ағамыздың шежірелі әңгімесі мен аталмыш хат мәтінін сол күйінде ұсынып отырмыз.
«Әкем Құмар 1899 жылы Сайқұ-дық ауылдық кеңесіне қарайтын Хан-дық қыстағында дүниеге келген. Жас кезінде Тайпақтың Энгельс колхозында сиыр баққан. 1941 жылы Ұлы Отан со-ғысына алынып, Ленинград майданын-да соғысады. Ленинград блокадасын алуға қатысқан. Соғысты Финляндия-ның Хельсинки қаласында аяқтаған. Соғыстан кейін Өлеңті совхозының үшінші бөлімшесінде көп жыл шопан болып, 1970 жылы 22 желтоқсанда дүниеден озды.
Әкемнің әкесі – Байғали. Ол да Хан-дықта қарапайым шаруасымен күнелт-кен. 1869 жылы туған. 1911 жылы елді оба жайлағанда 42 жасында қайтыс болған. Бейіті Хандықтан үш шақырым жерде, Сапы қыры деген көкпекті қыр-да. Жаман аурумен ауырғанды ортақ қорымға қоспай, бөлек жерлеген. Ол жерге тек обадан қайтқан екі-үш кісі жерленген.
Өзім Сайқұдық ауылында туып, сондағы қазіргі Жұбан атындағы, бұ-рынғы сегіз кластық Өлеңті мектебін бітірдім. 1969-1971 жылдар аралығын-да әскерде болдым. Автокөлік жүргізу-шісі болып көп жыл жұмыс жасадым.
Мәулім Тана Бақтыбайдан Меңді-құл мен Жетпіс палуан туады. Мен Меңдіқұлдың бесінші ұрпағымын.
Қалқаман –
қол бастаған батыр
Сайқұдық қарттарының айтуынша, тана ұрпағы Қалқаман атамыз жауын-гер, қол бастаған батыр екен. Жаугер-шілік заманда көп олжа түсірген. Со-ның ішінен қалмақтың бір жас қызын екінші әйелдікке алған. Одан Меңдіғұл, Есенғұл, Құрман, Игілік аталарымыз ту-ған. Қалқаман атамыз екінші әйелден туған төрт баланы қазіргі Мәулімберлі деп аталатын маңайдан Өлеңті өзені-нің бойына әкеліп қоныстандырған.
Төбе төрелері және
Шыңғыс төрелері
Біздің жақтың төрелерін Төбе төре-лері деп атайды. Жәнібек жақтың төре-лерін Шыңғыс төресі дейді. Өлеңтінің төменгі жағы, Жыланды деген жерде Төре төбесі деген жер бар. Төрелер сол жерді мекен қылған.
Қоске биді Маңғыстауға
жерлеген
Таналарда сал-серілік көп кездес-пейді. Олар көбіне оқыған және шаруа-мен айналысқан. Би-батырлары, бо-лыстары көп болған.
Тананың Қалқаманы Меңдіғұлдан тараған Қоске би болған. Билік сөздері сақталмаған. Үлкендердің айтуынша, Қоскені Маңғыстау жеріне апарып жер-леген.
«Жетпісті көтергенде
жеті жыланға талғадым»
“Жетпіс тұла бойынан өлмейді, оның тек басы осал”, - депті анасы. “Неге?” дегенде, – Жетпісті көтергенде жеті жыланға талғадым. Енем жетінші жыланның басын жегізбеді. Содан оның басы осал, - деген екен.
Жетпіске зерлі шапан жапқан
Жетпіс губернатордың бас палуа-нын жыққанда орысты жыққан қандай қазақ деп көрмекке көп адам ағылған. Сонда Тананың байлары Жетпіске көз тиеді деп алтындаған зерлі шапан жа-уып, аулаққа алып кеткен.
«Қапым бар,
қайта күресем»
Күресте жеңілген орыс палуаны көп ұзамай Жетпіс атамызды іздеп келеді. «Қапым бар, қайта күресем» депті. Ауылдың үлкендері қазақта қайта күреспейді деп күрестірмей қойған. Содан орыс ызаланып кетіп, өрістен келе жатқан бұқаны мүйізінен ұстап, шиырып-шиырып лақтырып жіберген екен.
Бұл әңгімені жеткізуші – Құттығай ұрпағы Бабақұмар деген атамыз. Баба-құмар 1893 жылы дүниеге келіп, 1973 жыл шамасында дүниеден озды.
Ертедегі Сайқұдық қарттарының бәрі Жетпістің әкесі Бақтыбайдың аға-йынын Құттыбай емес, Құттығай деп атаушы еді. Ал Батыс Қазақстан облысы энциклопедиясында Жетпіс Құттыбайұлы деп жаңсақ жазылған.
Жетпістің құлпытасы
Хандықта
Таналар мекені – Құттығай, Сәлеке, Дәуренбай, Қосшығырға дейінгі жер-лер Жетпістің иелігінде болған.
Жетпіс атамыздың құлпытасы, қыс-тауының орны Хандықта. Хандық Сайқұдық ауылынан оңтүстікке қарай 15 шақырым, Сайқұдық – Тайпақ үлкен қара жолының оң жақ бетінде бір ша-қырымдай жерде. Хандықта Жетпіс құ-дығы деп аталатын құдықтар көп. Олар Жетпіс бейітінен жүз метрдей қашық-тықта орналасқан.
Жетпіс қайтарып алған
Таласкөл
Сәлекенің ар жағында, Сайқұдық-тан 22-25 шақырымдай жерде Жетпіс-тің иелігінде болған шабындық көл бар. Ол Таласкөл деп аталады. Себебі Әлтекенің Мамат бөлімі шабындыққа кіргенде Таналар Жетпіс атамыздың ықпалымен шабындықты қайтарып ал-ған. Осы себептен көл Таласкөл атанған.
Жетпіс палуан
өте иықты болған
Жетпіс палуан өте иықты болған. Есікке сыймағандықтан, бір қырындап кіреді екен. “Ұртымды тістеп алам” деп үлкен жіліктердің тұтас етін турамай, ортасынан бір рет қана тіліп жейді екен.
Дүйсенғали – Дәулетияр мешітінің
бас азаншысы
Әкем Құмардың айтуынша, 1932 жылғы аштықта Кеңсуаттан Сайқұдық-қа дейінгі аралықта отырған тоқсан үй Тана Орынбордың Бірінші май, Құрма-наев аудандарына көшкен. Содан бір-екі жыл өткенде жартысы Сайқұдықта-ғы қоныстарына қайта көшкен. Ал жар-тысы сонда қалған. Әкелеріміз елге қайтып оралғандардың қатарында бол-ған. Орынбор жаққа Меңдіғұл, Игілік ұрпақтары көшкен. Олар қазіргі таңда сол аудандарда тұрады. Сайқұдықты Тайпақтың сегізінші ауылы деп ерте-дегі атауымен айтып, Дәулетияр ме-шітін де біледі екен. Олардың арасын-да «DANA kаz» журналында құлпытасы табылды деп жарияланған Бостан ұр-пақтары болуы мүмкін. Бірінші май Оралдан 150 шақырым жерде. Сейіттің Дүйсенғалиі (ақын Сағынғали Сейітов-тың әкесі) 1920 жылдарға дейін Дәуле-тияр мешітінің бас азаншысы болған. 1921 жылы репрессия лебінен сеске-ніп, Алматыға көшкен. Онда ОГПУ-да жасайтын Жетпіс палуанның баласы Ғаббасты сағалап барған. Сағынғали сол кезде төрт жасар бала екен, - дейді әкем Құмар.
Сайқұдықтағы Дәулетияр мешіті екі қабатты болыпты. Татар құрылысшыла-ры салыпты. Мешіттің төбесіне шық-қанда Жымпиты ауылы көрінеді екен. Дәулетияр ишан Қалқаман Тананың Қосдәлет бөлімінен өрбіген.
Сегізек –
Жиембет Таналардың жері
Сегізек, Темірбек деген көлдерді Жиембет Тана ұрпақтары жайлаған екен. Сегізек бұрынғы Тайпақ совхо-зының аумағында Базаршолан ауылы-ның маңынан күншығыс бетте 25-30 шақырым жерде орналасқан. Алаша-лардың Байбарақ батырға қойған бел-гісі осы жерлерге жақын (Аты аңызға айналған Емен Желкенің руы ел ауы-зындағы дерек бойынша, Сегізек Тана деп айтылады. Облысымызға танымал музей қызметкері Сара Танабаева Жиембет Тананың Сегізек аталығынан тарайды. Автор.)
Берқайыр Аманшин
Таналар қорымын аралаған
1971 жылы жазушы Берқайыр Аманшин Өлеңті бойындағы ескі қорымдарды түгел аралапты. Қасында Өлеңті совхозының бірінші ферма мең-герушісі Сағынтай Жазықбаев деген кісі бірге жүрген. Сағынтай – тілші Тілес Жазықбайдың әкесі. Сағынтай Адай руының Кеңшалбар бөлімінен тарайды.
Жетпістің үлкен баласы
атты казактардың қолынан
қаза тапқан
Жетпістің үлкен баласы Берқайыр Хандықта ауылнай болып тұрыпты. 1921 жылы атты казактар Атырауға қа-рай босқанда Хандықтың үстінен өт-кен. Берқайыр қасына бір кісі ілестіріп, казактардың алдынан шығып, «қай от-рядтансыңдар?» деп өзі тиіседі. Қарулы казактар оларды күштеп Өлеңті өзенінің арғы бетіне әкетіп, Қараоба деген жердегі түйеқораға қамаған. Қо-раның аузына қарулы күзет қойыпты. Сонда Берқайырдың қасындағы кісі ай-тыпты: – Амалын тауып, түнде қашып кетейік, - деп. Берқайыр «Бізді не қыл-сын, таңертең босатып жіберер» депті. Бірақ атты казактар түйеқорадан жеті шақырымдай шыға бере, Кеңсуат де-ген көлдің қасында Берқайырдың ба-сын шауып кеткен. Ол кезде әкем Құмар 22 жастағы жігіт екен. Берқайырдың сүйегін Хандықтағы Жетпіс атамыздың қасына жерлеген. Берқайырдың астын-дағы жүйрік жиренқасқа атты казактар алып кеткен.
Жетпістің Ғаббасы репрессияға ұшыраған
Жетпіс палуанның ұлы Ғаббас Фран-цияның бір қаласында 1917 жылдары заң академиясын бітірген. Содан кейін Алматы ОГПУ-ында жұмыс істеген. 1930 жылдары Уфа губерниясының проку-роры болған. 1937 жылы Ақтөбе облы-сының прокуроры болған. Сонда көп кешікпей репрессияға ұшырап, тұтқын-далады. Тағылған айып – Алаш Орда үкіметіне іштей жақтас болдың деген. Тергеу кезінде Ақтөбенің төртінші тер-геу изоляторында екі айдай отырған. Орыс лейтенанты тергеген. Қараша айында атылып кеткен. Ақтөбеден отыз шақырым жердегі Түйетөбе деген үл-кен төбеде репрессияға ұшырағандар жерленген. Сондағы тасқа жазылған ті-зімде Жетпістің Ғаббасының аты-жөні бар.
Самара облысының Краснояр ауда-ны Хилков кеңшарында Жетпістің Айт-жан деген баласы, Сұлу деген қызы жерленген.
Жетпістің тікелей ұрпақтары Оралда
Ғаббастың 1925 жылы туған Баязит деген баласынан тараған Жандыр, Қайыржан, Ғалымжан, Асылжан деген шөберелері бар. Жандыр мен Асылжан Орал қаласында, ал Қайржан мен Ғалымжан Самарада тұрады. Қайыр-жан Самара қаласында, Ғалымжан Красноярдағы Хилков ауылында тұрады.
Сағынғалиді түйенің қомына жасырған
1920 жылдар шамасында Атырауға қарай босқан ақ казактар Сайқұдық ауылдық кеңесіне қарайтын Хандық қыстағының үстінен өткенде Сейіттің Дүйсенғалиі 3-4 жастағы баласы Сағын-ғалиді шөгіп жатқан түйенің қомына жасырып, аман алып қалған. Бұл әңгі-мені ақын Сағынғали Сейітовтің әкесі Дүйсенғалидің өз ауызынан естідім.
Ғаббас атылған соң
Ақтөбеде Жетпістің Ғаббасы халық жауы атанып атылғаннан кейін үкімет адамдары Ғаббастың жанұясын қыс-тың күнінде жүк вагонына тиеп, сонау Забайкальедегі бурят жеріне апарып түсіріп кеткен. Бір жылдай бурят жерін паналап, кері Башқұртстанға қарай ке-ліп, одан кейін Самараның Краснояр ауданы Хилков ауылына келіп тұрақ-тапты. Ғаббастың Мәкка деген қызы 1916 жылы, Баязит деген баласы 1925 жылы туған. Мәкка 1968-71 жылдар аралығында Ақтөбе облысындағы Ле-нин аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқарды.
Хат
Мәмбетқұлов Ермектен. Ақтөбе облысы,
Қарғалы ауданы, Ш. Қалдаяқов ауылы.
Ж. Ғаббасовқа. Орал қаласы, Школьная көшесі, 16
Жетпіс ата
Атаның әкесі – Бақтыбай. Анасының атын білмеймін. Әкесі жетпіске келгенде анасы ауырып, төсек тартып жатқан. Шалы балгер шақыртып, құмалақ салдыртады. Құмалақшы айтады: – Кемпірің жылан етіне жерік.
Шал кемпірден сұрайды: – Жылан етін жегің келе ме?
Кемпір айтады: – Неге екенін білмейм, жылан етін жегім келеді.
Жылқы баққан адам бір жылан, қой баққан адам бір жылан, екі жылан әкеліп береді. Бір жыланды отқа қақтайды. Біреуін тұтас, біреуінің жартысын жейді. Сондай рахаттанған, төрт қабат көрпеден тері өтіп кеткен. Тоғыз айдан кейін дүниеге Жетпіс ата келеді. Атаның көзі жылан көз болады. Түрі суық болады, өзі жамбасы жерге тимеген палуан болады. Жетпіс ата жеті ай ауырып жатқанда қытайдың бір палуаны іздеп келеді. Ата айтады: – Алыстан іздеп келді ғой, мені далаға шығарыңдар.
Екі-үш адам көмектесіп далаға алып шығады. Қытаймен күресіп, оны алып жығады. Сонда қытай айтқан: – Жетпіс жеті ай ауырмағанда менің сүйектерімнің бәрі сынады екен.
Сонда алған медалі, басқа да медальдары Қызылордада тарихи музейде бар деп естідім.
Жетпіс атада төрт ұл, үш қыз – жеті бала болған. Ұлдары: Берқайыр, Қазмағанбет, Ғаббас, Айтжан.
Қыздары: Зыли, Зылиха, Рәбиға.
Ұлдарының ішінде Берқайыр атаға тартқан деседі. Денелі, ірі кісі болған. Ол кісінің өзін көтеретін жалғыз аты болған, бөтен ат көтере алмаған.
Қыздардың ішінде Зылидың көріпкелдігі болған. Алдына келген кісінің не істегенін және не істейтінін айтып беріп отырған.
Ал Рабиға апай емші болған, кісі емдеген. Кіші ұлы Айтжан молда болған. Мен тікелей Айтжанның қызымын. Бірақ мені алты айлығымда Қазмағанбетұлы Мусаға берген. Сөйтіп мен Мусаның қызы болдым. Туған жылым 1938, 4 тамыз.
Менің Рабиға апайдан және анамнан естігенім осы.
Қуандықова Роза Мусақызы