ЕЛ ЕСІНДЕ САҚТАЛҒАН

Аққали АХМЕТ,

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті Гуманитарлық ғылымдар және шетел тілдері факультетінің деканы, тарих ғылымдарының докторы

Совет үкіметі кезін қазіргі жас ұрпақ Қазақстанның басы бұғауда, бай-лығы талауда болған кезең деп біледі. Алайда сол уақыттың өзінде ел үшін еңіреп қызмет еткен ағаларымыз аз болмаған. Солардың бірі – қа-зіргі Атырау облысы Исатай (бұрынғы Новобогат) ауданын ұзақ жыл бас-қарған Мадияр Қостамбаев.

1941-1945 соғыс жылдарында Мадияр Қостамбаев 1-хатшы болған Қазақстанның қиян шетіндегі Новобо-гат ауданы СССР Қорғаныс Комитетінің “Қызыл Туын” екі мәрте жеңіп алып, мәңгі ескерткішке алып қалу құрметіне ие болған. Тарихи құжатқа Иосиф Ста-линнің өзі қол қойыпты. Бүгінде сол қызыл барқыт ту облыстық тарихи-өл-кетану мұражайында сақтаулы тұр.
...1943 жылы Ұлы Отан соғысының қызып тұрған кезеңі, сәуір айының ба-сында, қиын-қыстау сәтте Мадияр Қос-тамбаев Новобогат аудандық партия комитетінің бірінші хатшылығына сай-ланды.
– Біз 1942 жылдың қаңтарында со-ғысқа аттандық. Майданнан аман ора-лып, аупарткомға келсем, екінші хатшы ғана бар екен, ол менімен жөнді аман-даспай, үлкен үстелдің ар жағынан қо-лының ұшын ғана ұстатты. Келесі күні біріншіге кіріп жағдайымды айттым. Ол өте ақжарқын, кең пейілді, келісті адам екен, туған бауырындай қарсы алып, сөйлесе бастады. Колхоз басқармасы-нан бастап әр түрлі қызмет ұсынды. Менің соғыста жүргенде отбасымның да орны жоғалған, күйеуге тиген апам-нан басқа етжақыным да жоқ еді. Осы-ны айтып, «Елге барайын, есімді жинап, етегімді жабайын, шоңқалдың түбі бол-са да, отымды жағайын, маған бірер ай уақыт беріңіз» - дедім. Ол бұған келісіп, сол жерде сауда мекемесінің бастығын шақырып алып, той-садақа жасайтын азық-түлік босаттырды, ауданның қала-ған колхозынан алатын етіп бір бас сиырға қағаз бергізді. «Ашта жеген құй-қаның дәмі кетпейді», қан майданнан жүдеп-жадап келгенде М. Қостамбаев-тың осы қабылдауын ұмыта алар емес-пін, - деп еске алады соғыс және еңбек ардагері, ақтоғайлық Меңдіғали Мырзағалиев.
Аққыстау ауылында тұратын еңбек ардагері Сағира Аманғалиеваның есін-де де тек жақсы естеліктер сақталған:
«Мен 1944 жылдан ауаткомда жұ-мыс жасадым. Мадияр ағамен 3-4 жыл жұмыстас болдым. Әй, несін айтасың, мен өмір бойы партия қызметінде күн кештім, сол жылдарда өзім істес болған он хатшыдан ондай адамды көрмедім-ау! Бір жылы ағай ауырып, Астраханға дәрігерге барып келді. Ол жылдарда майданға берген көмектің қарымтасы-на ара-тұра жылы киім-байпақ, тон бе-ріліп тұратыны бар еді. Мәкең жоқта осындай киім келді де, оны екінші хат-шы Көбдік Байқұтов бөлді. Ойымда еш-теңе жоқ, әлдебір қағаздармен Қостам-баевқа кіріп, қарап болғанша төмендеу жақта отырғанмын, аяғында ақ байпақ Байқұтов кіріп келді. Мәкеңнің көзі бір-ден оның аяғындағы байпаққа түсті. Бұны сезіп қалған ол да айтып жатыр:
– Иә, бәлен байпақ келіп еді, бөліп бердім, сіздікі қоймада тұр.
– Жақсы болған екен, ал мына қыз-дар алды ма?
– Бұлар енді командировкаға көп шықпайды ғой, әрі размері келмеді, - деп күмілжіді екінші.
– Командировкаға шықпаса, ауыл-да-ақ киіп жүреді, кең болса, ретін та-уып ауыстырып алады, екеумізге бө-лінген байпақты осы екі қызға (аппа-ратта екі қыз едік) беріңіз және осы қа-зір, - деді ағай едәуір зілмен.
М. Қостамбаев аппарат қызметкер-леріне: «Шыншыл, адал, тәртіпті болың-дар! Жұмыспен, болмаса, жеке шаруа-мен келген адамдар сендерден қуанып шығатын болсын» деуші еді. Соғыс бі-тіп, сәл-пәл тыныс кеңейді. Сол жыл-дардағы аппарат мәжілістерінде «Бі-раз жұмыс істедік, енді майданнан бі-лімді, шыңдалған жастар келіп жатыр, орнымызды соларға берейік» - деп та-лай айтты. Өзі Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің мүшесі болатын. 1948 жылы Орталық Комитетке арыз беріп сұранып, туған жері Батыс Қазақ-стан облысына кетті. Дастарқанынан да талай дәм таттық, үйінде қонақ болған-нан кейін көрші-көлемдегі жоқ-жітіктеу адамдарды сарқытқа шақыртатын. Рай-комның еден жуушысы мен күзетшісі-не дейін болатын олардың ішінде...»
– Әлі есімде, 1943 жылы 8-класта оқып жүріп, «Социалистік құрылыс» га-зетіне Новобогат ауданының Мемле-кеттік Қорғаныс Комитетінің “Қызыл Туын” жеңіп алғанын айтып, аудан бас-шысының атын атап, шағын хабар жа-зып едім. Халық М. Қостамбаевты қат-ты сыйлаушы еді. Ол туған жеріне көш-кенде жиналған көпшілік жүк тиеген машинаға жаяу еріп, он шақты шақы-рым жерге дейін шығарып салып еді. Сонда Мәкеңнің «Новобогат ауданы-ның үлкендерінен бастап уілдеген ба-ласына дейін ризамын» деп көзіне жас алып, қимай қоштасқаны көз алдымда – дейді Хамитқала ауылында тұрған ең-бек ардагері Жолдас Абдолов.
Ел-жұрттың есінде тек жақсы қыры-мен қалған Мадияр Қостамбаевтың жеке іс қағазына үңілсек:
М. Қостамбаев 1896 жылы Орал губерниясы Ілбішін уезінің Сахарный поселкесінде шаруа отбасында дүниеге келген екен. Әкесі бай-кулактарға жал-данып жұмыс жасап, 1920 жылы қай-тыс болған. Жас Мадияр 1916 жылы бірінші дүниежүзілік соғыстың қызып тұрған шағында Минск губерниясына тылдағы қара жұмысқа жіберіледі. Ол жақтан 1917 жылдың шілде айында аман-есен оралады. Орыс поселкесін-де туып, орыс-казактарға жалдана жү-ріп, орыс тілін меңгерген Мадияр одан әрі білімін жетілдіруге құлшынған. 1924-1926 жылдары Сахарныйдағы са-уатсыздық жою мектебінде білім алса, 1930-1931 жылдары Қызылорда қала-сында партком хатшылары курсында білім жетілдіреді. 1933 жылы Орал қа-ласындағы партия қызметкерлерінің Жоғарғы ауыл шаруашылығы мектебі-не курсант ретінде қабылданып, 1936 жылдың тамызында аяқтап шыққан. М. Қостамбаевтың өз қолымен толтыр-ған автобиографиясындағы алған білі-мі туралы нақты деректер осы.
М. Қостамбаев 1919-1920 жылдары жалдамалы батырақ, №6 ауыл кеңесі-нің орындаушысы, 1920-1922 жылдар аралығында Орал округі Гурьев уезін-дегі Сарайшық поселкесінде балық шар-уашылығында жұмысшы болып еңбек етеді. 1922-1923 жылдары қатты ауы-рыпты. Сырқатынан айыққан соң 1923-1928 жылдар аралығында туған ауылы Сахарныйда әртүрлі қызмет атқарады. 1928-1930 жылдары аудандағы орман шаруашылығы мекемесіне орманшы болып орналасады. 1930 жылы ол Қа-зақ мемлекеттік сауда ұйымының да-йындау пунктінің меңгерушісі және по-селкелік партия ұйымының хатшылы-ғына сайланады. 1931-1932 жылдары №42 «Ленин жолы» ет-сүт совхозында жұмысшы кәсіподақтар ұйымының төр-ағасы, 1933 жылы №446 совхоздың партия ұйымы хатшылығы қызметін ат-қарады. Жоғарыда аталғандай, 1936 жылдың тамыз айынан желтоқсан айы аралығында Ілбішін аудандық партия ұйымында нұсқаушы болса, ал 1937 жылдың қараша айына дейін аудандық партия комитетінің үшінші хатшысы бо-лады. Сол жылы Қазталов ауданының бірінші хатшылығына жоғарылатыла-ды. 1939 жылы үкімет іскер азаматты ең жауапты қызмет – Батыс Қазақстан облысы атқару комитетінің төрағалығы қызметіне жібереді.
Мұрағат деректері М. Қостамбаев-тың қай жерде қызмет етсе де, ұйым-дастырушылық қабілетімен көзге түс-кенін көрсетеді. 1945 жылы Новобогат аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы М. Қостамбаевқа Гурьев об-лысының партия комитеті берген мінездемеде мынадай жолдар бар: «М. Қостамбаев – қажырлы, табанды қызметкер, шаруашылық және саяси тапсырмаларды аудан колхоздары соң-ғы 2-3 жылда жүйелі түрде жоғары орындап келеді...»
М. Қостамбаев басшылық жасаған тұста ауданнан сегіз Еңбек Ері шықты. Ол аудандық партия ұйымының бірінші хатшылығы қызметінде жұмыс жасай жүріп, халықтың есінде адамгершілігі-мен, парасаттылығымен қалды.
Ұлы Отан соғысы жылдары М. Қос-тамбаевтың басшылығымен аудан ең-бекшілері қоғамдық шаруашылықты нығайту, Қызыл Әскерді, елімізді азық-түлік, шикізатпен қамтамасыз етуде жанқиярлықпен еңбек етті. Ол азамат басқарған жылдары ауданда мал шар-уашылығының майталмандары өсіп шықты. Осындай қажырлы ұйымдасты-рушылық еңбегін бағалаған үкімет оны 1941-1945 жылдары ауыл шаруашылы-ғын өркендетудегі үздік табыстары үшін ең жоғарғы мемлекеттік награда – Ленин ордені және «1941-1945 жылда-ры Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерен еңбегі үшін» медалімен марапат-тады. Сол жылы Қазақ КСР Жоғарғы Ке-ңес Президиумы Құрмет грамотасымен ұлықталды.
Соғыс жылдарында аудан еңбекші-лері Отан қорғау қорына ақшалай-зат-тай көмек ұйымдастыруда асқан бел-сенділік көрсеткен. Әсіресе, «Қазақстан колхозшысы» атты танк колоннасын жасақтауға ақша жинау кезінде облыс-та алдына жан салмаған осы Новобогат ауданы болған. Тек бір ғана «Қызыл ба-лық» колхозының басқарма төрағасы Қуанәлі Құрмашев 150000 (жүз елу мың) сом ақша беріп, Сталиннің атынан ал-ғысхат алған. Аудан халқы мұндай нау-қанға құлшына кірісіп, алты күн ішінде 1 млн. ақша жинап берген.
Атырау облысы Исатай ауданы Тұ-щықұдық ауылының тұрғыны, еңбек ардагері Қарасай Сапарұлы мынадай бір қызық оқиғаны еске алады:
«1948 жылы Гурьев облыстық пар-тия конференциясы өтеді. М. Қостам-баев та осы жиналысқа қатысады. Об-лыстық партия комитетінің бірінші хат-шысы С. Ф. Галиев Қостамбаевтың аты-на ауыр сындар айтады. Бұл сын жарғы бойынша белгіленген дағдылы партия-лық сын емес, қолдан құрастырылған қып-қызыл жала болып шығады. Жап-қан жалаға төзе алмай, М. Қостамбаев өзінің делегаттық мандатын пайдала-нып, мінбеге 2-3 рет көтеріледі. Соңғы сөйлегенде М. Қостамбаев ойын бы-лайша түйіндепті-мыс:
– Те сволочи, клеветники, которые информировали Вас, опозорили не меня, а Вас перед сидящими здесь делегата-ми. То, что они передали вам про меня это чистая дезинформация, одним сло-вом, ложь. Я не зажиточный крестья-нин, я батрак по социальному проис-хождению. Это я могу доказать десяти-кратно. То, что Вы сын казачьего кула-ка, я тоже могу доказать не десять, а стократно», - деп, мінберден түсіп кетіпті.
Залда бірнеше минутқа созылған үнсіздік орнайды. С. Галиев қапелімде есін жия алмай қалады. Бұл сөздердің не себепті осылай айтылғанын Ғ. Маш-тахов ағамыз былайша түсіндіретін. Но-вобогат ауданының бүкіл Одаққа та-нылғанын, оның бірінші хатшысының (өзі қарайлас лауазымды адамдардың жүзінің біріне ғана бұйыратын) Ленин орденімен марапатталуын көп адам бақталастықтан көтере алмайды, көре алмайды. Оның ішінде облыстық пар-тия комитетіндегілер де бар. Осы се-беппен М. Қостамбаевты қызметінен кетіру ісі қолға алынады. Сол партия конференциясы алдында хал-ахуалды білу үшін бірнеше өкіл жіберіледі. Амалдап, қарағайды талға жалғап отырған ұжымшарларда қай бір шаруа ойдағыдай оқсап тұрсын. Бір колхозда малдың қысқы азығы тапшы болса, екіншісінің аула-қорасы жөндеусіз бо-лады. Осындай кемшіліктер аяқ басқан сайын кездесе береді. Соғыстан кейінгі ауыр кезең ғой, колхозшылардың ара-сында аш-жалаңаштары да кезігеді. Осының барлығы жіпке тізіліп, бірінші хатшының мойнына артылады. Оның темірдей қатаң тәртіп орнықтырған та-лапшылдығын қатыгездік пен деспот-тық деп санайды. Оның үстіне, М. Қос-тамбаев байдың баласы екен, оны жа-сырып келген деген сөз және қосарла-нады. Сол тұста әлеуметтік текке (со-циальное происхождение) үлкен мән берілетін. Таптық күрес халық санасы-нан әлі кете қоймаған кез болатын. Осының бәрін баяндамашы партия конференциясында делегаттардың ал-дына жайып салады. Сол конференция-дан кейін М. Қостамбаев қызметтен ке-туге арыз берсе керек дейтін Ғатекең. Соның артынша С. Галиев те өзінің жы-лы орнымен қоштасыпты. Осы әңгіме-лердің түйінін жасарда «Мадиярдың кристалдай таза болмысына кір түсір-меуге келгенде ешкімнен, еш нәрседен тайсалмай, отқа да, суға да түсе алатын жаужүрек батылдығы (бүкіл делегат-тардың алдында «сволочи» сөзін ай-туын қараңыз), өжет, өршілдігін оның аупарткомның бірінші хатшысы деген биік мансапты қызметі өзінің ар-намы-сы алдында түкке тұрмайтындығын бү-кіл ел алдында дәлелдеген еді», - де-ген-ді ағамыз.
Сол М. Қостамбаев ауданда басшы-лық жасаған жылдардың бірінде Бегай-дар ауылдық кеңесіндегі «Партсъезд» колхозында жем-шөп тапшылығынан үлкен мал шығыны болады. Бұл жәйтті аудандық атқару комитетінің комиссия-сы мұқият тексереді, басқарма төраға-сы Әбутәлі Неталиевтің (жазушы Нәби-ден Әбуталиевтің әкесі) партиялық мә-селесі аупартком бюросында қарала-ды. Оның жіберген кемістік қателіктері-не бұлтартпайтын дәлелдер келтіріле-ді. Мәселені талқылаған бюро мүшеле-рі оны партия қатарынан шығарып, ісін сотқа жолдау байламына тоқтайды. Тек ұсынысты дауысқа қою ғана қалады. Соңғы сөзді М. Қостамбаев алады. Ол бюро мүшелерінің жасаған ұсыныста-рын түгелдей қолдайтындығын айта келіп, олардың қаперіне ұсынысты да-уысқа салмас бұрын бір мән-жайды шешіп алғысы келетіндігін айтады. «Маған ауданның бірінші басшысы ре-тінде осы елдің малы мен жанының басын бүтін сақтау жауапкершілігі де жүктелген. Бұл іс сотқа түскен соң заң шеңберінде қатаң жазаланатындығын, оның айдалып кететіндігін бәрің де бі-ліп отырсыңдар. Неталиевтің артында шиеттей бала-шағасы бар. Отбасының күнелтіс көзі жоқ. Екі сиыр, бір аттан басқа малы жоқ. Мен оның ісінің сотқа жолдануына қарсы болмай-ақ қояйын. Бірақ оның отбасын асырауды қайсың мойындарыңа аласыңдар, сол адам-ның кім екенін білгім келіп отыр», - депті. Біреудің отбасын асырап-сақтай-мын деп кім шыға қойсын, бәрі де то-сылып, үн қатпай қалады. Бұдан кейін сөзін Мадияр былай жалғастырыпты: «Менің ұсынысым: Неталиев партия қатарынан шығарылсын, колхоз бас-қармасы төрағалығынан түсірілсін, қа-тардағы колхозшылыққа жіберілсін», - дейді де, - Менің ұсынысым өтсе, енді оны анда-мұнда сүйрелемей, үйіне жі-беріңдер, бала-шағасына қауышып, от-басын асырасын», - депті.
Хатшының ұсынысы дауысқа қойы-лып, ол өтіп шығады. «Маған енді сот-талудан басқа жол қалған жоқ» деп бә-рінен түңіліп отырған Әбутәлі мына ше-шімді естігенде еңіреп жылап жіберіп-ті. Қатал хатшы аталынып жүрген М. Қос-тамбаевтың қай істің де байыбына ба-рып, екшеп-текшеп, жеті өлшеп, бір ке-сіп, ақылға сыйымды, ойға қонымды шешім тапқыштығы, қара қылды қақ жарып айтатын әділдігі оның беделін бұрынғыдан бетер асқақтата түседі.
Осындай бір әңгімені ана бір жыл-дары марқұм Қабдел Наурызғалиев ағамыз да айтып еді. Қабдел ағамыз сол Қамысқалада Қостамбаевтармен көрші тұрыпты. Өзі бір колхоздың қой-машысы болғанға ұқсайды. Оның ай-туында Мадияр шақырылған қонақ-тыққа бармайды (партиялық тәртіп со-лай болса керек), өзі де қонақ шақыр-майды. Бір күні түс әлетінде Мадияр-дың әйелі Ажар кіріп келеді. Қысылып-қымтырылып бұйымтайын айтады: «Мадиярдың өзіне ғана шақтап дайын-даған түстік бар еді, қасына облыстан келген уәкіл еріп келіп отыр. Нан тап-шылау болып қалды, бір азғантай нан болса», - дейді. Пісіп тұрған бір таба тарының нанын Қайша апай қолына ұс-тата салады. «Түгел алмаймын, маған мына бөлігі жарайды» деп, үштен бір бөлігін ғана кестіріп алып кетеді және кешке дейін алған нанын ұннан пісіріп қайтаратындығын айтады. Қайша апай: «Біз көршіміз ғой, ондайды айта көр-меңіз, кері қайтарамын деп мазаланба-ңыз», - деп әзер көндіреді. Соңынан бір жолығысқанда Ажекең Қайша апай-ға: «Ағаң тарының нанын жеп көрме-ген екен, сенің пісірген наныңды сүйсі-ніп жеді», - депті. «Ол кезде Ақкүтірде барлық колхоз тары егеді, оны орып, колхоз қоймаларына сақтайды. Сол қоймада тіреліп тұрған тарыдан қанша аламын десе де, ешкім қолынан қақ-пайды ғой. Осындай мүмкіндік бола тұра, Мадиярдың біреуден бір қап тары алу ойына да кіріп-шықпапты.
М. Қостамбаевтың ындын тазалы-ғы жөнінде күні бүгінге дейін ел есінде сақталып келе жатқан бір әңгімені еске түсірсек. Сол жылдары дүкендерде прес-телген тақта шайлар ғана болатын. Бір жылы осы күнгі тұтынып жүрген түрлі шайлардың партиясы түседі. Тұтыну-шылар Одағының төрағасы Мадиярға сый-сияпат жасап, үйіне осы шайдан сөлкебай сыбаға жібереді. Мадияр келгесін зайыбы Ажар біреудің үйге шай әкеліп тастағанын айтады. Мадияр сол бойда шайды кері қайтартады. Жә-не келесіде мұндай «мырзалық» жа-сайтындарға жаза берілетіндігін ескер-теді. Осыдан кейін бұл әдет қайталан-бапты.
Ел есінде осындай әңгімелердің бі-разы сақталған еді, ұмытылғандары қаншама дерсің. Сайып келгенде бәрі-нің айтар түйіні – Қостамбаевтың елден ерек өмір кешпегендігін, «көппен көр-ген ұлы той» деп, халық нені ішіп, нені кисе, соны солармен бірдей тұтынған-дығын, ешкімге қиянат жасамағанды-ғын (әрине, заң бұзып, қоғам мүлкіне қол сұққандарға кешірімсіз болған), бұл тұрғыда ол арын да, жүзін де, қо-лын да таза сақтап кеткендігі аңыз боп ел есінде қалды. Ол сонымен қатар та-за большевиктік, сталиндік рухта тәр-биеленген тұлға ретінде ерекшеленді.
«Мадияр киім өзгертіп кимейтін қарапайым болған. Жаз кезінде «тік жаға жағасы мен екі өңіріне кесте төк-кен» украиндық көйлек, аяғына кәдімгі ботинка, шевелет киіп жүретін», - дейді өзімен бірге істейтін хатшылар Қалау-бай Жұмақұлов, Көбдік Байқұтов де-гендер. «Промартельге, живсырьеге келген сапалы материалдардан етікші Зинолла Әбежановтың әкесі Әбежанға етік тіктіріп киетін. Тіпті қарапайымды-лығы сондай, ол кісі Қазақстан Компар-тиясы орталық комитетінің Пленум мү-шесі бола жүріп, қыс кезінде Алматыға жүрерде жөнді бас киімі болмай, кө-мекші хатшы Бәдел Ихдановтың бөркін киіп барып келді», - деп айтып отыру-шы еді Ғатих ағамыз.
Аудан басқарған жылдардағы ха-лық құрметіне ие болған М. Қостам-баев өзі сұранып, Орал облысындағы шаруашылыққа директорлық жұмысқа ауысып, көшерде ауылдастары онымен қимай қоштасып, Новобогаттың арғы бетіндегі «Ащықұлақ» сайына дейін жаяулап-жалпылап шығарып салған. Мадияр ағаның қарапайым өмір кеш-кендігі сондай, 1948 жылы Орал облы-сына көшердегі үй-мүлкі аудандық ат-қару комитетіндегі «полуторка» деп аталатын ағаш кабиналы «12-99 ШЖ» деген автомашинаға сыйып кеткенді-гін, қазіргідей «қоңыраулаутып, шеру-летіп» шығару болмағандығын ел ақса-қалы Төремұрат ақсақал тебірене әңгі-мелейді.
Айта кету керек, М. Қостамбаев Новобогат ауданының бірінші хатшы-лығынан кейін Батыс Қазақстан облы-сы Жымпиты ауданындағы №117 жыл-қы зауытының директоры, ал 1960 жы-лы зейнет демалысына шыққанға де-йін сол облыстағы Чапаев орман шар-уашылығының директоры болып қыз-мет атқарды. Атырау–Орал тасжолы-ның екі бетіне өсірілген шоқ-шоқ те-ректер асыл ағамыздың көзіндей болып өсіп тұр.
Мадияр ағамыздың адалдығы сөз бола қалғанда облыс басшылары зей-неткерлікке шығарда үкімет пен партия алдындағы еңбегін елеп, төрт бөлмелі бұрынғы кеңсе үйін берген кезде одан бас тартып, «Отбасым шағын, сондық-тан да барға қанағат» деп, екі бөлмелі пәтер алған екен.
1960 жылы М. Қостамбаев еңбек демалысына шығып, 1965 жылдың сә-уір айында 69 жасында дүниеден өте-ді. Жерлеу рәсімін Чапаев аудандық партия ұйымының бірінші хатшысы
Н. Байболатов және атқару комитетінің төрағасы А. В. Мартиянов басқарды. Атпал азаматты сол тұста бүкіл аудан халқы аза тұтып, соңғы сапарға шыға-рып салды. Мәңгілік мекені – Чапаев ауылындағы қауым. Ағайдың жары Ажар апай 1975 жылы дүниеден өткен.
Ардагер аға тұрмыста да қарапа-йым қоңыр тіршілік күй кешкен. Қара-пайым халықтың қысқы отынсыз қал-мауын үнемі қадағалап жүруінің өзі ха-лыққа қамқорлығы ғой. Қысқы отынды үйіне ең соңынан түсіріп қана көңілі жайланатын. Жоқ-жетімдерді үнемі на-зарынан тыс қалдырмаған. Аупартком отырыстарында сөздің жүйесін келтіре сөйлеп, аудан халқының мұң-мұқта-жын басшы органдарға жеткізе білуі-мен де ерекшеленді. Құдайы қосқан орыс көршісі, бес балалы Марусяға үй-дегі жалғыз сиырдың сүтін жұбайы Ажар апайдың үнемі апарып отыруын қадағалауы кең жүректі азамат екенді-гін паш еткендей.
Бүгінгі күндері Орал қаласында тұ-ратын зейнеткер Зоя апай аяулы әке-сін сағынышпен еске ала отырып, қар-балас жұмыстан кейін қызының саба-ғын уақыт тауып, өзі тексеріп қадаға-лайтын еді дейді. “Әкем аудандағы қа-зақ, орыс отбасыларының барлығының шығу тегін білген еді” деп еске алады.
Халқымызда «Өлі жебемей, тірі ба-йымайды» деген нақыл сөз бар. Зоя Мадиярқызы 2011 жылдың мамыр айында әкесінің еңбек еткен Исатай ау-данында болып, әке аруағына арнап ас берді. Бұл тағылымды шараға аудан халқы ризашылығын білдірді. Қазіргі таңда ағамыз еңбек еткен бұрынғы ау-дан орталығы Новобогат, қазіргі Хамит Ерғалиев ауылында көше аты және ау-дандық партия комитеті болған үйге ескерткіш тақта орнатылған.

Қаралым саны 1533

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463