Телекөпір өзінің жұмысын аяқтаған-нан кейін құрамында Сырым ауданы-ның зиялы қауымы және Батыс Қазақ-стан өңірінің тарихшы ғалымдары бар топ «Алаш жолымен...» атты Жымпиты – Семей бағытындағы экспедицияға ат-танды. Экспедиция Жымпиты – Қара-төбе – Ойыл – Ақтөбе – Астана – Семей бағытындағы жолды 8 күннің ішінде жү-ріп, айналып келді. Мен осы топтың құ-рамында болып едім. Экспедиция күн-деріндегі жол-жөнекей жазған күнделі-гімді оқырман назарына ұсынуды жөн көрдім. Кейбір тұстардың індеп жазыл-мағанын мойындаймын, бірақ әуелгі қалыпқа өзгеріс жасауды жөн деп таппа-дым. Қалай жазылды, солай бердім. Барымен – базар.
Бірінші күн. Қаратөбе
(16 мамыр, 2017 жыл)
Экспедициялық топ Жымпиты ауы-лынан түс ауа аттанды. Алғашқы нүкте – Қаратөбе ауданының орталығы Қара-төбе ауылы. Қаратөбеліктер мейманды ауылдың кіреберісінен дәммен, әнмен қарсылайтын жақсы әдеті бар. Бұл жолы да солай болды. «Алла сапарымыздың сәтін салсын!» деп іштей тілек айтып, алдағы сапар үшін алаңдаулы келе жат-қан бізді көршілеріміз ауылға жетер-жетпестен ағыл-тегіл ән мен аста-төк дәмнің үстінен түсірді. Аялдап, ақтан ауыз тидік. Кейін ауылдың ішіне қарай жүріп кеттік.
Алашорда үкіметінің тарихы жайлы сөз болған кезде Қаратөбе ауданы мін-детті түрде айтылады. Себебі ХХ ғасыр-дың алғашқы ширегіндегі қоғамдық-саяси оқиғалар Қаратөбе өңірін айналып өткен жоқ. Айналу былай тұрсын, үлкен саяси оқиғалар осы жақта болды десек те, артық айтқандық болмайды. Соның бірі – Қаратөбе сиезі.
«1918 жылдың 18 ақпанында қыс-тың қары мол, суық кезінде «Алаш» пар-тиясының басшылары Ойыл, Гурьев, Орал, Жымпиты, Қаратөбе өңіріндегі болыс өкілдерін шақырып, Күнбатыс Алашордаға біріктіруге мақсаттаған құ-рылтай жиналысын Қаратөбеде өткізу-ді белгілеген. Қаратөбеге таңдау түсуі сол шақтағы азамат соғысының қарса-ңы, түрлі төтенше әрекеттерден аулақ, тыныш жерде мәселені егжей-тегжейлі талдау еді» - деп жазады сиез туралы Сәкен Сейфуллин өзінің «Тар жол, тай-ғақ кешу» романында.
Сиез өткен тарихи орынға жақында-ған шамада толқып кеткеніміз рас. Өйт-кені, төгіліп тұрған қарақұрым халық бір қарағанда кешегі күндерде өткен қазақтардың құрылтайын көз алдыңа әкеледі екен. Құрылтай десе, дегендей. Ауданның үстімен экпедиция өтеді де-генді естіген қаратөбеліктер сапаршы-ларға қолдау білдіруге мүмкіндігінше мол жиналған. Келген экспедиция мү-шелерін Қаратөбе ауданының әкімі Ас-хат Шахаров әріптестерімен бірге қар-сы алды. Кейін сиез өткен тарихи орын-да «Алаш идеясы және Ұлы дала елінің мұраты» атты тарихи танымдық шара өтті. Қаратөбе ауданы сиез өткен тари-хи орынға арнайы белгі орнатқан екен. «Бұл жерде 1918 жылы 18 ақпанда Қа-ратөбе сьезі деген атпен белгілі Орал қазақтарының үшінші сьезі өткен. Осы оқиғаның 95 жылдығына орай 2013 жы-лы орнатылды» деп жазылған ескерт-кіш тастың бедерінде.
Шараның алғысөзін аудан әкімі Ас-хат Шахаров сөйледі. Әкім мырза өзінің сөзінде Алаш зиялылары көтерген мем-лекеттілік идеясының өзектілігі бүгінгі күні де, ертең де жоғалмайтынын айт-ты. Себебі мемлекеттіліктің идеясы Тә-уелсіздікпен бірдей бағалы. Шарада сөз сөйлегендердің қатарында экспедиция мүшесі, тарихшы ғалым Есқайрат Қайда-ров, журналист Ертай Бимұханов, Алаш қайраткері Бижан Жанқадамовтың ұрпа-ғы – Мақсот Жанқадамов та бар.
Шара келушілері «Алаш тағылымы және Тәуелсіздік!» атты кітап көрмесі мен «Алаштың айнасы – Әлихан!» атты театрландырылған көріністі тамашалады.
Ойылға оралу
(16 мамыр, 2017 жыл)
1918 жылдың сәуірінде Жымпиты-да өткен IV Орал облыстық қазақ сиезі-нің қарарымен Ойыл уәлаяты құрылды. Ойыл уәлаятының құрамына Ілбішін, Орал, Гурьев, Ақтөбе, Ырғыз уездерінің қазақтар мекендеген аудандары мен Маңғыстау, Ойыл және Бөкей уездері кірді. Біздің екінші нүктеміз – осы оқи-ғалардың орталығы болған Ойыл. Нақ-тырақ айтқанда, Ақтөбе облысы Ойыл ауданының орталығы – Ойыл ауылы.
...Содан кешкі сағат 21:00-ді шама-лай бергенде Ойылдың оттары көріне бастады.
Бізді Ойыл ауданы әкімінің орынба-сары Асқар Қазыбаев пен Ш. Берсиев атындағы Ойыл аудандық өнер және өлке тарихы музейінің директоры Бал-қия Рысбаева қарсылады.
Ойыл ауданының әлеуметтік көрсет-кіштері біздің Сырым ауданымен шама-лас екен. Ауданның жалпы халық саны да, аудан орталығындағы тұрғындар са-ны да бірдей. Ауданның орталығы ба-рынша жақсы абаттанған. Бір көргенде Ақсай секілді моноқалаларды еске тү-сіреді. Аудан шаруашылықтың бәріне де қырлы сияқты. Әсіресе, бақша мен дәнді дақыл өсіру жақсы дамыған.
Біздің басты келген шаруамыз – экс-педиция. Оны ұмытқан жоқпыз. Кешкі уақытта Ойыл ауылында жоспарланған «Ойыл – Алаш тарихында!» атты кезде-суге үлгере алмағанымыз өкінішті болды, әрине. Бірақ, түннің жарымына қара-мастан, Ш. Берсиев атындағы Ойыл ау-дандық өнер және өлке тарихы музейі-мен таныстық. Музей қорында 4884 жә-дігер бар екен. Музейдің өзі 8 залдан тұ-рады. Асықпай аралап, танысып шықтық.
Бір байқағанымыз – музей Алашорда үкіметіне және оның қайраткерлеріне қа-тысты жәдігерге жұтаң. Арнайы бұрышта тек Мұстафа Шоқайдың кітабы, бір хатта-маның түпнұсқасы және кейбір құжат кө-шірмелері ғана тұр. Басқа ештеңе де жоқ.
Музей директоры Балқия Рысбаева біздің сапарымызға барлық игі тілегін айтты. Балқия апамыздың өзі де Алаш тақырыбынан алыс емес екен. Тіпті өзі бірқатар дербес зерттеуді қолға алып көрген. Мәселен, осы кісі 2008 жылы Атырау облысының Қызылқоға ауданы-на барған кезде Алашорда үкіметінің Батыс бөлімшесі көсемдерінің бірі Халел Досмұхамедовтің үйінің орнын тапқан. Тайсойған құмындағы Халелдің став-касы маңынан табылған шырайы үш бөлмелі жер үйдің орыны нақты Халел-ге тиесілі екеніне музей қызметкері сенімді. Сол жерден үйдің бел ағашта-ры шыққан. Бұл белағаштар бүгінгі күні Ш. Берсиев атындағы Ойыл аудандық өнер және өлке тарихы музейінің қо-рында сақтаулы тұр.
Бүгінгі күнімізді осымен қорытын-дыладық. Құдай қаласа, ертеңгі күніміз-дің бір-екі сағатын тағы да Ойыл ауылы-на арнаймыз. Алда – әйгілі Көкжар жәр-меңкесінің орыны.
Екінші күн. Көкжар жәрмеңкесінде
(17 мамыр, 2017 жыл)
Ертесіне ертерек ояндық. Бізде жай басып, жайбарақат жүретін шама да жоқ. Оның үстіне кешегі кешіккеніміз-дің кесірінен бүгін бағдарламамызды «қуып жетуге» міндеттіміз. Таңғы асы-мызды ас қылып ішіп алдық та, Ойыл-ды аралауға шықтық. Жолбастаушы-мыз – Ш. Берсиев атындағы Ойыл ау-дандық өнер және өлке тарихы музейі-нің директоры Балқия Рысбаева.
Біздің бірінші тоқтаған нысанымыз – Ойылдағы атақты Көкжар жәрмеңкесі-нің сауда орындары. Көкжар жәрмең-кесі (кейде Ойыл жәрмеңкесі) – Ойыл бекінісінде жұмыс істеген маусымдық сауда-саттық орны. Бұл жәрмеңке – Ресейдің атақты 10 жәрмеңкесінің, Қазақстандағы атақты 3 жәрмеңкенің бірі. Жәрмеңке жұмысының ресми басталған жылы 1867 жыл деп көр-сетіледі.
Көкжар жәрмеңкесінің сауда орын-дары Ойыл ауылы орталығындағы Даңқ саябағының ауласында орналасқан екен. Келген адам ең әуелі ауланың сол жа-ғындағы корпустарды тамашалай ала-ды. Мұнда қызыл кірпіштен салынған 5 бірдей корпус бар. Корпустың әрқай-сысының 18 темір қақпасы бар. Бұл қақ-палар жаңғыртылғанға дейін ағаштан болған. Кірпіштер Ойылдың құмынан құйылып, күйдірілген. Ауланың оң жақ қанатында дәл осындай тағы 4 корпус бар. Негізі, сол қанаттағы сияқты, оң қа-натта да 5 корпус болуы керек еді. Сим-метрия деген нәрсе бар ғой. Сөйтсек, 1 корпус бұзылған екен.
Қос қанаттағы сауда қатарларының қақ ортасында қызыл кірпіштен салын-ған тағы бір көлемді ғимарат бар. Бұл ғимарат кезінде жәрмеңке комитетінің үйі болған. Комитет үйі «Е» әрпіне ұқ-сайтын бағытпен салынған. «Е» деген әріп – Ресейдің патшайымы ІІ Екатери-наның құрметіне дегенді білдіреді. Қа-зір бұл ғимарат Ойыл аграрлық кол-леджінің жатақханасы есебінде пайда-ланылады.
Осы маңда Ойыл аграрлық колледжі-нің өзі орналасқан. Колледж директоры Серік Займолдиннің айтуынша, Ойыл аграрлық колледжінде 230 студент сту-дент ветеринария, ауыл шаруашылы-ғын механикаландыру, есептеуіш тех-ника, бухгалтерия сияқты салалар бо-йынша білім алады. 110 cтудент тегін жатақханамен қамтылған.
Қорыта айтқанда, Көкжар жәрмең-кесінің әңгімесі бітпейді. Оның қазақ жерінде ізі сақталған бірден-бір жәр-меңке екені де бір бөлек әңгіме. Өзім-ді тебіренткен бір дерек, Көкжар жәр-меңкесінде ақын Кердері Әбубәкір мен атақты Молдабай, күйші Ұзақ, Құрман-ғазы, Дәулеткерей, «сөзден мүсін жаса-ған» Қашаған, Нұрым, Ақтан секілді жы-раулар, әйгілі сал Мұхит өнер көрсетке-ні болды.
Биыл Көкжар жәрмеңкесіне 150 жыл болады.
Арыстардан қалған із
(17 мамыр, 2017 жыл)
Келесі аялдаған нысан – Көкжар ме-шіті. Қызыл кірпіштен қаланған, күміс түстес жалғыз мұнаралы мешіт кеше Ойылға келіп жатқанымда көңілімді өзі-не байлап үлгерген-ді. Көрген сәттің өзінде ескі мешіттің бірі шығар деп ша-маладым. Шамалауым дұрыс екен.
Бұл мешіт 1893 жылы пайдалануға берілген. Алғашқы имамы – Сағидолла Ізтілеуов деген молда. Ол кісі 1937 жылы қуғынға ұшырап, атылып кеткен.
Алыстан шағын сияқтанғанымен, ме-шіт ғимаратында көлем бар екен. Ғасыр-дан аса уақыт тұрғанға мүлде ұқсамай-ды. Балғадай. Келбетін жоғалтпаған. Мешіт ауласына жамағат бақша салған. Бұл, бір жағынан, еңбектің үлгісі, екінші жағынан, біреулерге азық. Әсіресе, мұқ-таждарға.
Мешіт ішінде жарты сағаттай болдық та, орталық көшеге шықтық. Көкжар кө-шесі – орталық көшелердің бірі. Бұл кө-шеде де кешегі жәрмеңке кезінен қал-ған көне ғимараттар бар екен. Көбін кә-сіпкерлер жеке дүкен есебіне пайдала-нуда.
Біздің экспедицияға Көкжар көшесі мен Б. Жолмырзаев көшесінің қиылы-сындағы Ойыл аудандық білім беру бө-лімі ғимаратының да қатысы бар екен. Бұл ғимарат кезінде емдеу мекемесі болыпты. Осы жерде Алаш зиялысы Ха-лел Досмұхамедов еңбек еткен. «Бұл емдеу мекемесінде белгілі қоғам қай-раткері, ғалым, дәрігер Халел Досмұха-медұлы (1893-1939) қызмет еткен» деп жазылған ғимараттың шекесіндегі ес-керткіш тақтада.
Ойылды айнала жүріп, тағы бір қы-зыл кірпішті үйге тоқтадық. Үйдің иесіз тұрғанына біраз уақыт өткені көрініп тұр. Бұл үй бұрындары байланыс сала-сының кеңсесі болған. Бір қызығы, әуел-дегі «Еркін қазақ» газеті осы ғимаратта басылған екен. «Еркін қазақ» - Жайық сырты бөлігі земство басқармасының апталық газеті. Газеттің Орал губерна-торлығындағы уезд орталығы Ойыл кентінде бірнеше нөмірі жарық көрген. Шығарушысы (редакторы) әрі бастыру-шысы – Ахмет Мамытұлы.
Ойылдан кетерде бай көпес Краса-виннің үйін де сыртынан тамашалап үл-гердік. Ойыл сапары осы жерден аяқтал-ды. Алда – Ақтөбе қаласы!
Ақтөбе музейінде
(17 мамыр, 2017 жыл)
Біз түстен кейін Ақтөбе қаласында-ғы өнер музейінде болдық. Осы музей-де ғылыми қызметкер Бекарыстан Мыр-забаймен жүздесіп, пікірлестік. Бекарыс-тан мырзаның ауызынан Алаш зиялысы Мұстафа Шоқайдың Ақтөбе қаласына келген сапары жайлы деректерді есті-дік.
Өнер музейінен кейін Әлия музейін-де болдық. Кешкілік Ақтөбе вокзалына келіп, «Ақтөбе – Астана» бағытындағы отарбаға жайғастық. Алла қосса, ертең түс ауа Астанадамыз!
Үшінші күн. Сәкен музейінде
(18 мамыр, 2017 жыл)
Сағат түскі 13:00-де біз «артынып-тартынып» Астана қаласының вокзалын-да тұрдық. Кейін қала ішіне кірдік. Жо-лай өтіп бара жатып, Сәкен Сейфуллин-нің мұражайына тоқтадық. Бұл мұра-жайға келу – түстен кейінгі жоспардың бірі еді. Түскі асты былай қойып, әуелі жоспарды жүзеге асырғымыз келді.
Сәкен Сейфуллин мұражайы ХІХ ға-сырдың тарих және ағаш сәулет ескерт-кіші болып саналатын ғимаратта орна-ласқан.
1846 жылы Самара қаласынан кел-ген ресейлік көпес Казанцев Ақмола қаласында тұрғын және әкімшілік үйін салады. Мұражай орналасқан үйде кең-се және жергілікті аймақтан жиналған шикізат сақтайтын жертөле – қойма орыны болған. Революциядан кейін, ХХ ғасырдың 20-жылдарынан бастап бұл ғимаратта түрлі қоғамдық ұйымдар мен жергілікті әкімшілік кеңселері ор-наласқан. Сәкен Сейфуллин Ақмола уез-дік атқару комитетін осы ғимараттағы жұмыс кабинетінде отырып басқарған.
Бір разы болғанымыз, мұражай жә-дігерге бай екен. Бейімдеп, үйлестіріп, сәйкестендіріп қойған емес, бұл мұра-жайдағы жәдігерлердің дені – түпнұс-қалар. Өзімді таңқалдырған жәдігер – Сәкен Сейфуллиннің екібортты костю-мі мен қолтаяғы, ақынға 40 жасында өзбек жазушыларының жапқан ала ша-паны мен тақиясы және Сәкен Сейфул-линнің өзі тұтынған француз әтірі. Бұ-дан бөлек, құжаттар мен заттай жәді-герлер де жетеді екен мұнда. Мұражай-дың талабы бойынша, суретке түсіруге болмайды екен. Ебін тауып, бірді-екілі кадр ғана жасадық.
Мұражайдың ауызғы бөлмесінде Сәкен Сейфуллиннің «тар жол, тайғақ кешуінің» картасы тұр (картаны мұра-жай қызметкерлері жасаған. Тарихи карта емес) Сәкен қуғында жүрген ке-зінде 844 шақырым жолды жаяу, жа-дап-жүдеп жүріп өткен екен. Айтпақ-шы, жаңағы картада латын қарпімен біздің Жымпиты да белгіленген. Сәкен Сейфуллиннің Жымпитыға сапары жай-лы біз жақсы білеміз.
«...Болашақта Жымпиты Қазақстан-ның үлкен бір қаласы боларын ойла-дым. Шіркін, «Алашорда» білмей орна-ған жоқ екен...» дейтіні – Сәкеннің осы сапары.
Ұлттық музейде өткен түн
(18 мамыр, 2017 жыл)
Біздің экспедициялық топтың Астана қаласындағы белгілеген ірі нысаны – Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі. Қазақстан Республикасының ұлттық музейі – Орталық Азиядағы ба-ламасы жоқ бірегей жоба.
Біздің ҚР Ұлттық музейге баратын күніміз 18 мамыр – халықаралық музей күнімен дәлме-дәл келді. Бұл күні әдет-те барлық ірі музейлерде «Музей түні» өтеді. Осындай «тарих жәрмеңкесінен» білдей Ұлттық музейдің сырт қалмай-тыны, әрине, белгілі жайт. Осыны ойла-дық та, Елордадағы осы түнімізді му-зейде өткізетін болып келістік.
Біз барғанда музейдің ауызында кезекте тұрған халықтың қарасы өте көп екен. Бірі ауылдағы үлкен кісілерін алып келген, бірі жанұясын. Ал жастар-дың қатары тіпті көп. Бәрі ұзын-сонар кезекте тұр. Үлкен дүкендер өз тауар-ларына 50% жеңілдік акциясын жасаса да, жұрт мұнша жиналмауы мүмкін. Ал музейге жиналады екен. Елордалық-тардың (оның ішінде біз секілді Елорда қонақтары да бар, әрине) музейге, та-рихқа ықыласы жақсы екен деп түйдік осыдан.
Бір жақсысы, бізге ішке қарай өту қиын болған жоқ. «Алаш жолымен...» атты Жымпиты – Семей бағытындағы экспедицияның мүшелері екенімізді білген ұйымдастырушылар бізді өздері алып жүрді. Ұлттық музейдің ішіндегі адам саны сыртындағы адам санынан біразға көп. Атшаптырым фойе, үш қа-батқа ерсілі-қарсылы көтеріліп-түсіп тұрған эскалатор, барлық залдың іші толған адам. Солардың арасына біз де қойып кеттік. Үш қабаттағы залдың бар-лығына жуығын аралап шықтық.
«Тарих залына» келдік. Іздегеніміз – Алашорда үкіметінің жұмысы мен қай-раткерлеріне арналған бұрыш. Бар екен. Бары – 4 көрме. Оның бірінде Алашор-да үкіметінің қайраткерлері суреттері-мен бірге берілген. Олардың арасын-да Алашорда үкіметінің мүшесі, Батыс Алашорда үкіметінің төрағасы, қоғам қайраткері Жаһанша Досмұхамедов та бар.
Осы жерде Алашорда үкіметі мүше-лерінің тұтынған дүниелері қойылған. Музей келушілері бұл жерден Мағжан Жұмабаевтың портфелін, Әлімхан Ерме-ковтің сағаты мен сызғышын, көпес О. П. Куюковтың жейдесін көре алады.
Қатар орналасқан келесі кестеде Азамат соғысына қатысты жәдігерлер бар.
«Тарих залының» қабырғасында 1937 жылы Ішкі істер халық комитеті-нің (Народный комитет внутренных дел) Алаш зиялыларынан жауап алу кезіндегі суреттері жинақталған тағы бір жақтау тұр. «АЛЖИР» лагерінің тұт-қындарына тиесілі заттай жәдігердің де көрмесі бар екен. Онымен де таныстық.
Сөйтіп, түн ортасы болғанда ҚР Ұлт-тық музейінің есігін «жауып, кілттеп», түнгі Астананың әсем көшелерімен жал-дамалы пәтерімізге қайттық.
Төртінші күн. «АЛЖИР»-де
(19 мамыр, 2017 жыл)
Алланың қалауымен, Астананың арайлы таңына куә болдық. Біз бұл күні де ұйқыдан ертерек ояндық. Себеп бар. Біз бүгін «АЛЖИР» саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм мемориалдық мұ-ражай кешеніне барамыз. Бару жос-парда жоқ еді, аяқ астынан шештік. Бұл экспедиция мүшесі, тарихшы Ер-кін Мырзаның ұсынысы еді.
«АЛЖИР» саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм мемориалдық мұражай кешені Астана қаласынан 30 шақырым жерде екен. Кешен Ақмола облысы Целиноград ауданы Ақмол ауылдық округінде орналасқан. Кешеннің бұл жерде орналасуы тегін емес. Себебі дәл осы жерде Кеңес үкіметінің қанды-қол саясаты кезінде «Халық жауы» атан-ған зиялы қауымның жұбайлары азап пен қорлықтың барлық түрін көрген. ГУЛАГ-тың «азап аралы» дәл осы жерде болған.
Тарихи деректерге сүйенсек, Лагер-лердің мемлекеттік басқармасының (ГУЛАГ) лагерлері арқылы 18 мыңнан астам әйел этаппен өтті. «АЛЖИР»-де (Акмолинский лагерь жен изменников родины) бір мезгілде 8 мыңға жуық әйел отырған.
Біз кешен ауласына кіре бергені-мізде қара жамылған қалың топты көрдік. Олар Түркістан епархиясының 140 жылдығына орай Қазақстанға кел-ген христиан дінінің шетелдік дінбасы-лары екен.
Кешен ғимаратының алдында алып қақпа тұр. Бұл – қасірет қақпасы. Әрмен қарай «АЛЖИР» мұражай кешені орна-ласқан. Төменгі қабат – Алаш залы. Ке-лесі қабатта – «АЛЖИР»-дің «тірі» көрі-ністері. Бұл жерде лагерь қабырғалары, күнінде жазықсыз жандарды тар қапас-қа тұншықтырып тұрған барактың есігі (түпнұсқа), тергеу бөлмесі, барактың кө-рінісі – бәрі-бәрі де тірі. Шынайы мүсін-дер тіпті денеңді тітіркендіріп жібереді. Кешеннің ауласында кәдімгі барак пен тұтқындарды тасыған вагон тұр. Екеуі-нің ішінде де сол «тірі» көрініс. Бір қа-рағанда, «АЛЖИР» мемориалдық мұра-жай кешені азапты дәуірдің «қатып қал-ған» кадрлары секілді.
«АЛЖИР»-ден ауыр әсермен қайт-тық.
Бесінші күн. Семей кітапханасында
(20 мамыр, 2017 жыл)
Біз мінген пойыз Семейдің вокзалы-на сағат 07:18-де келіп тоқтады.
Иә, «Алаш жолымен...» атты Жым-питы – Семей бағытындағы экспеди-циясы бесінші күн дегенде негізгі нүк-теге жетті.
Біз – Семейдеміз!
Семейліктер бізді ыстық ықыласпен күтіп алды. Елдің бойжеткендері алды-мыздан дәм алып шығыпты. Дәм тат-тық. Амандық, саулық сұрастық. Алды-мыздан ақжарқын кейіпте шыққан ақ-құба ару өзін Анармын деп таныстыр-ды. Анар ханым Семей қалалық мәде-ниет және тілдерді дамыту бөлімінің маманы екен әрі бізді қарсылауға жа-уапты кісі де осы екен. Бізді вокзалдың алдында «ГАЗель» автокөлігі күтіп тұр-ды. Көлікке жүгімізді тиеп, бірден жал-дамалы пәтерге жайғастық. Шаралар басталғанша бірер сағат уақытымыз бар. Жуынып, киім ауыстырып, өзімізді қалыпқа келтіріп алуға, тіпті таңғы ас ішуге де осы уақыт жеткілікті. Біз экспе-дицияның арқасында уақытты тиімді пайдалануды үйрендік.
Күннің негізгі шарасы Шығыс Қа-зақстан облыстық Абай атындағы әмбе-бап кітапханасында басталды. Кітапха-наға барар жолда таңғы Семейді бір тамашалап өттік. Алғашқы әсерімізді айтатын болсақ, Семей қаласының біз-дің Оралға кәдімгідей ұқсайтыны бай-қалды. Ескі ғимараттар, көшелер, ағаш-тар – бәрі бәрі Оралға келіңкірейді. Сөйтіп, кітапханаға келдік. Бізді кітап-хана алдынан күтіп алған қызметкер-лер жоғары қабатқа алып жүрді. Бұл қабатта Абай оқыған әдебиет залы бар екен. Осы жерде кітапхана жайлы бір үзік тарихи дерек:
1883 жылы Е. П. Михаэлис бастаған саяси жер аударылғандардың ұйым-дастыруымен негізі қаланған қоғамдық кітапхана Семей қаласындағы алғашқы тарихи-мәдени ошақтардың бірі болды.
Кітапхананың тұрақты оқырманда-рының қатарында қазақтың кемеңгер ақыны Абай Құнанбаев болды. Абай қалаға келген сайын кітапханаға ат ба-сын тіреп, өзіне қажет кітап, газет-жур-налдарын алып, қыста қалада жатып, жазда қоржынын кітапқа толтырып, Шыңғысты жайлаған ауылына алып ба-рып, үзбей оқыды. Абайдың биікке шырқауына дем беріп, қанат бітірген, Абай ақын үшін ұлылықтың алтын ұясы болған – осы кітапхана. Қазақ оқырма-ны Абай арқылы орыстың классикалық туындыларымен, Батыс Еуропа әдебие-тінің тамаша үлгілерімен таныс болды.
Кітапхананың алтын қорында сақ-таулы тұрған Абай оқыған әдебиеттерді бізге оқу залының меңгерушісі Жаңыл-гүл Манжыбаева таныстырды. Бұл жер-де оқырманы Абай болды деп есепте-лінетін 200-ге жуық кітап бар. Олардың ішінде «Құран. Фәтуа. Парсы тілінде. Пәкістан, Нулкишвар, 1874 жыл» деп жазылған қасиетті Құран Кәрім кітабы мен Ресей императорлық академиясы-нан 1829 жылы басылып шыққан Гомер-дің «Илиадасы» сияқты ерекше кітап-тар бар. Арнайы сөреге әлем тілдерін-де жарық көрген Абай шығармалары қойылған.
Келесі бөлмеде сирек басылымдар залы орналасқан. Бұл жердегі кітап қо-ры 4500 дананы құрайды. Осы залда, негізінен, Алашорда үкіметінің мүшеле-рінің баспа көрген еңбектері түпнұсқа-да сақталған. Мәселен, дәрігер Ахмет Мәметовтың 1935 жылы «Денсаулық жолында» атты латын әліпбиімен «Қа-зақстан» баспасынан жарық көрген еңбегін көрдім. Осы сияқты, дәрігер Халел Досмұхамедовтың орыс тіліндегі «Как бороться с чумой среди киргиз-ского населения» кітабы мен «Адам-ның тән тірлігі» (төте жазумен жазыл-ған «Анатомиясы») еңбегі бар. Бұл кі-таптардың «аман қалуының» өзі бір тарих. Кезінде тыйым салынған осы кі-таптар сөрелерден сыпырылып, буы-лып, түйілген күйде кітапхананың қо-рында «тыныш» жатып қалған. Құдай-дың құдіреті болар, жарты ғасырдан астам уақыт «қамауда» болған кітаптар 2000 жылы ғана кітапхананың сөресіне қайта жайғасты. Бұл іске оқу залының меңгерушісі Жаңылгүл Манжыбаева-ның тигізген үлесі зор. Айта кетейін, «Со-циалды Шығыс», «Социалистік майдан», «Түрксіб», «Егеменді Алтай» секілді ба-сылымдардың ескі сандары да осы жерде.
Сағат 10.00-де Абай атындағы әмбе-бап кітапханасында Алашорда үкіметі-нің құрылғанына 100 жыл толуына орай «Алаш идеясы – Тәуелсіздік жолы» атты дөңгелек үстел басталды. Шараның бас-ты қонақтары – Батыс Қазақстан облы-сы Сырым ауданының «Алаш жолы-мен...» атты Жымпиты – Семей бағытын-дағы экспедициясының делегациясы. Кітапхана директорының орынбасары Гүлмира Аязбаева жүргізген дөңгелек үстелге Семей өңірінің тарихшы ғалым-дары, жалпы зиялы қауымы қатысты. Олардың ішіндегі Семей қаласында Шә-кәрім атындағы мемлекеттік универси-теттің М. Қозыбаев атындағы тарих жә-не саяси әлеуметтік зерттеулер ғылыми орталығының директоры, тарих ғылым-дарының кандидаты, профессор Мұхтар-бек Кәкімов, Шығыс Қазақстан облысын-дағы Алаштану орталығының директо-ры, филология ғылымдарының канди-даты, әдебиеттанушы Тұрдығұл Шаң-бай сияқты тұлғалардан арнайы сұхбат алынды.
Дөңгелек үстел басында түрлі пікір айтылды, тәжірибе алмасылды. Пікір әр алуан, тәжірибе де әрқилы. Бірақ идея – біреу. Ол – Алаштануды насихат-тау.
Экспедиция туралы алаштанушы, журналист, тарихшы Мұрат Кенемол-дин: «Алаш жолымен...» атты Жымпи-ты–Семей бағытындағы экспедициясы – Алаштану жұмыстарының нәтижесі!» - деген баға берді. Осы жолдардың ав-торы екі ұсыныс айтты. Оның бірі: 1 қыркүйек, Білім күніндегі тәрбие саға-тының басты тақырыбына Алашорда үкіметі қызметінің 100 жылдығын арқау ету. Екіншісі – жастар мәселесі жайлы.
Осы күні Шығыс Қазақстан облысы-ның Абай атындағы әмбебап мұража-йы «Алаш» электронды кітапханасы-ның тұсаукесерін жасады.
Бесінші күн
(20 мамыр, 2017 жыл)
Экспедиция мүшелері бүгінгі күннің түстен кейінгі бөлігін ұлы Абайдың жат-қан жері – Жидебайға арнады. Семейге бір келіп тұрып, Жидебайға соқпай кету – зиялы адам үшін ақталмайтын айып. Біз айыпты болмайық деп шештік.
Абай Алашорда үкіметінің мүше-лерінің рухани мотиваторы болғаны белгілі. Абай әуелден, жалпы ізгіліктің мотиваторы болды. Қалай болғанда да, Алашорда мен Абайдың арасында бір логикалық байланыс бар. Біз Абайды таныған сайын, Семейді таныған сайын экспедициямызға мазмұн қосамыз. Жи-дебайды жағаламақ болғанымыздың бір жөні осы.
Семей мен Жидебайдың арасы 180 шақырым екен. Түскі асқа аялдамастан, дөңгелек үстел бітісімен жолға шықтық. Астымызда – «Газель». Жанымда – cе-мейлік жазушы, замандасым Қуат Қиық-бай! Ол – гид, мен – турист. «Анау – Арқа-лық тауының сілемдері. Мынау – Абай-дың жүрген жолы». Осы қалыппен уақ-тың батыры Күшікбайдың бұлағына да жеттік. Сәл аялдап, бұлақ суын таттық. Әрі қарай – Қасқабұлақ. Сосын – Кең-гірбай бидің баласы Ералының жағы. Еңлік пен Кебектің кесенесі, міне, тұр. Осы тұсқа тоқтап, «Құрманбай» асхана-сынан түскі ас іштік. Бесін аумай Жиде-байға да жеттік. Абай мен Шәкәрімнің басына барып, Құран оқыдық. Кесене-лері алып екен. Сәулетшілер жұмыстан-ғаны көрініп тұр. Аулада төрт мұнаралы мешіт бар екен. Ішінде бір тыныштық сезіледі.
Абай Құнанбайұлының музей-үйі ту-ралы естігеніміз көп. Бүгін көзбен көр-дік. Әсер – тебіреніске толы. Кештетіп Семейге қайттық...
Алтыншы күн. Тарихи ғимараттар
(21 мамыр, 2017 жыл)
Бүгін әдеттегідей ерте тұрдық. Өйт-кені уақыт тығыз. Түске дейін әлі үш бірдей нысанға баруымыз керек.
Біз барған бүгінгі бірінші нысан – «Алаш арыстары – Мұхтар Әуезов» Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби мемориалдық қорық мұ-ражайы. Бұл мұражай қаланың ішінде орналасқан. Түсінікті қылып айтқанда, Шығыс Қазақстандағы Алаш тарихына қатысты дербес мұражай осы. Еліміз бойынша осындай мұражай Жымпиты мен Семейде ғана бар.
Мұражай тұрған ғимарат – тарихи мекен. Неге дейсіз бе?
Неге екені біздің қолымызға тиген Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби мемориалдық қорық мұ-ражайының «ABAI JOLI» атты екі айда бір жарық көретін газетінің наурыз-сә-уір айларындағы санында былай деп жазылған:
«Жалпы бұл музей-үйдің ұлтымыз үшін өзіндік үлкен тарихи маңызы бар екеніне ерекше тоқтала кетуіміз керек. Хәкім Абай кезінде осы үйді жерлесі әрі шәкірті, Алаш қозғалысына белсене қатысушылардың бірі Әнияр Молдабе-ковке сатып алып берген. Және де өзі Семейге қонақтап келгенде осында ар-найы түсетін болған.
Азаматтық қарсыласу жылдары Әнияр Молдабековтің үйінде Алаш көсемдері Әлихан Бөкейханов пен Ах-мет Байтұрсынов отбасымен тұрған. Сонымен қатар осы үйде жазушы Мұх-тар Әуезовтың да тұрғаны оның жеке анкеталық құжаттарынан белгілі болып отыр.
Абай музейінің баспасөз қызметі
«Алаш Мұхтар мұражайы жаңғыруда»,
«ABAI JOLI» газеті, 2017 жыл
Кіріп, мұражаймен танысып шықтық. Қоры бай екен. Нақты қор туралы қазір-гі күні дәл ақпарат алу қиын. Өйткені жаңағы мұражай жуырда Алашорда үкі-метінің 100 жылдығына орай құрылыс-жөндеу жұмысы жүріп, залдар түгелдей экспозициялық жаңғырудан өтпекші.
Келесі барған нысанымыз – Семей-дің қалалық тарихи-өлкетану музейі. Музей 7 залдан тұрады екен. Қорында 112 мыңдай жәдігер бар. Семейдің қа-лалық музейі экспозиция жағынан көр-кем екен.
Семей қаласында күнінде мұғалім-дер семинариясы жұмыс жасады. Бұл оқу орнын бір ғасыр ішінде 45 мың-нан астам маман бітіріп шыққан. Олар-дың арасында Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтбаев, Әлкей Марғұлан, Жүсіпбек Ай-мауытов, Әзілхан Нұршайықов, Шәкен Айманов сияқты белгілі тұлғалар көп-ақ.
Осы семинария болған тарихи ғи-маратта бүгінде М. Әуезов атындағы педагогикалық колледждің бір корпусы орналасқан екен. Колледжді директор Шағангүл Жақаева таныстырды. Кол-ледж Алаш рухына барынша адал екен. Осы колледжде Манан Тұрғанбеков, Биахмет Сәрсенов, Қазы Нұрмұхамедов сияқты Алаш қайраткерлеріне арнайы дәрісханалар бар екен. Колледждің электронды кітапханасында мәлімет із-дегендер үшін «Алаш» папкасы жұмыс жасайды.
Экспедициялық жұмысымыздың сәтті нүктесін колледж студенттерінің Алашорда үкіметінің жұмысы мен қай-раткерлерінің рухына арналған әдеби-сазды шарасы қойды.
Біз семейліктермен осы жерден қоштастық. Таныстық, білістік. Пікір алмастық. Мәлімет толықтырдық. Ға-лымдармен сұхбаттастық. Бастысы – ортақ жоспарлар құрдық. Сондықтан Жымпиты – Семей сапары сәтті болды деген ойда бара жатырмыз бәріміз. Аллаға шүкір! Семей – Астана пойызы аман болса, таңмен Астанадамыз!
Жетінші күн.
(22 мамыр, 2017 жыл)
Бұл жазбаны негізі кеше жазуым ке-рек еді. Семейге сапарымыз сәтімен аяқталғасын бойымды кішкене жайба-рақаттық басты ма, әлде кешегі күн ауыр болды ма, әйтеуір, кеше күні бойы жазу-ға отыра алмадым. Оның үстіне тербе-тілген вагон ұйқы шақыра берді. Содан, жетінші күннің жазбасын сегізінші күні жазып отырған жайдамын.
Кешегі күн, расыменен, ауыр бол-ды Астана уақытымен таңғы сағат 05:00-де Семей – Астана пойызы Астана вокзалына келіп тоқтады. Біз осы вок-залдағы қонақүйге тұрақтадық. Тұрақ-тадық та, таңғы асқа дейін сәл тынығып алуды жөн көрдік.
Біз Астана қаласына тегін аялдаған жоқпыз. Осы күні «Алаш жолымен...» ат-ты Жымпиты – Семей бағытындағы экс-педициясының мүшелері Астана қала-сындағы мемлекет тарихы институты-ның ғалымдарымен кездесті. Кездесу ҚР Ақпарат және коммуникациялар ми-нистрлігінің ғимаратындағы жаңағы институттың корпусында өтті.
Бізді әуелі Мемлекет тарихы инс-титуты директорының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты, до-цент Амангелді Қашқымбаев қабылда-ды. Амангелді мырза республика көле-міндегі осындай ірі экспедицияны ұйым-дастырып отырған Сырым ауданының жергілікті басшылығы мен аудан әкімі Абат Шыныбековке алғыс білдірді.
Мемлекет тарихы институтының құ-рылғанына осы мамырда 9 жыл Бола-ды екен. ҚР Президенті Н. Назарбаев-тың тікелей тапсырмасымен құрылған институт, негізінен, қазіргі заман тари-хын зерттеп-зерделеумен айналысады. Бізді қабылдаған Амангелді Қашқым-баевтың өзі ХІХ-ХХ ғасырлардағы қазақ-орыс қатынасын зерттеп жүр екен.
Институттың штатында 50-ге жуық адам бар. Корпуста институттың жеке кітапханасы орналасқан. Қорында 10 мың кітап бар. Институт ғалымдары еңбектерінің әуелгі нұсқасы осы жер-дегі шағын баспада басылады екен. Ол баспаны да көрдік.
«Алаш жолымен...» атты Жымпиты – Семей бағытындағы экспедиция мүше-лерінің Астана қаласындағы мемлекет тарихы институтының ғалымдарымен кездесуіне институттың директоры, та-рих ғылымдарының докторы, профес-сор Бүркіт Аяған төрағалық етті. Тарих-шылар әуелі бізді тыңдады. Экспеди-ция жұмысы туралы С. Датұлы атында-ғы тарихи-өлкетану музейінің дирек-торы Айнагүл Ойшыбаева айтып өтті. Алашорда үкіметінің қызметі мен қай-раткерлерін насихаттаудағы Сырым ау-данының елден ілгері еңбегіне Бүркіт-бай Аяғанның өзі разылық танытып отыр. Жымпитыдағы Алаш арыстарына арналған саябақ, мұражай, Шығыс пен Батысты байланыстырған телекөпірлер, онлайн жүздесулер, енді мына экспе-диция – бәрі де алақандай бір аудан-ның жасап жатқан шаруасы. Мемлекет тарихы институты біздің осы жұмыста-рымызды біліп отыр екен.
Сонымен, тарихшы ғалымдар не дей-ді? Олар Алашорда үкіметінің қызметі мен қайраткерлерінің есімін насихат-тау үшін аймақтық, республикалық дең-гей тар, бұл жұмысты халықаралық дең-гейге шығару керек деп есептейді. Әрі Алашорда туралы ғылым жұмыстар әлем тілдерінде жазылуы керек. Осындай ұсынысты институттың бөлім бастшысы, тарих ғылымдарының докторы, профес-сор Ғани Қарасаев айтты. Экспедиция мүшесі Еркін Мырза Алаш тарихын мек-тептердегі факультативтік курстарға тақырып қылып беруді ұсынды.
Кездесуден шыққан соң жерлесіміз, жосалылық Рауан Үсенов қонақасы бер-ді. Рауан Үсенов 1998 жылдан бері Ас-тана қаласында тұрады. «НАЗИ» деген құрылыс компаниясы бар. Ағамыз мық-ты құрылысшы ғана емес, мықты меце-нат та. Осымен нешінші жыл ауылының біраз баласы жазғы демалыс кезінде Астана қаласында тегін дем алады. Ра-уан ағам биыл да «ЭКСПО-2017» ха-лықаралық мамандандырылған көр-месіне ауыл балаларының келуін өз мойнына алып отыр. Осы жерде Рауан мырза мен оның әріптесі Болатқа экс-педиция жұмысына деген жәрдемі үшін де үлкен алғыс айтамыз.
Түстен кейін біз үшін Астананың көр-кіне тамсанып, серуендеуге уақыт та-былды. Негізгі жұмыс бітті. Біз серуен-демегенде кім серуендейді?!
Осы күні кешкілік жолға шықтық. Біз отырған Астана–Ақтөбе бағытында-ғы пойыз Ақтөбеге түн ортасы ауып кет-кен шамада тоқтады. 24 мамыр күні таң-да Жымпитыда болдық.
Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,
Жымпиты–Қаратөбе–Ойыл–
Ақтөбе–Астана–Семей–
Астана–Жымпиты