- Айболат Тоғайұлы, әлеуметтік желі қолданушылары сіздің газеттен жасалған бұйымдарыңызға қызығып жатады. Себеттердің жасалу тех-никасын айта кетсеңіз.
- Ол үшін бізге қарапайым газет қажет. Газетті бірнеше бөлікке бөліп, әжелеріміздің жіп тоқитын сымын пайдаланып, түтікше жасап аламыз. Бір орташа көлемді бұйым жасауға шамамен 150-дей түтікше қажет. Дайын болған газет түтікшелерін құрылыс материалдарын бояуға арналған «морилкамен» бояймыз. Бояудың да өз технологиясы бар. Оның қатты кеуіп кетпеуіне назар салуымыз қажет. Содан кейін өзіміз қалаған қалыпқа қойып, бұйымды тоқуға кірісеміз. Тоқудың да түрлі әдіс-тәсілі бар. Дайын өнімді акрилді лакпен бояп, кептіреміз. Бір бұйымды тоқуға толық екі-үш күн кетеді. Мен көбіне жұмыстан кейінгі уақытта айналысамын. Жасайтыным – көбіне балаларға ойыншық салуға арналған себеттер, той шашуға арналған себеттер, шағын бұйымдар салуға арналған қобдишалар. Бұл – менің хоббиім. Әр адам өзіне тыныштық, жанына қуаныш сыйлайтын, өзі жақсы көретін ісімен айналысуы керек. Қолөнермен айналысу арқылы өз-өзімді тәрбиелеймін, әрі демаламын. Жаңа ой ойлауға, жаңа дүние тудыруға мүмкіндік аламын. Бұдан бөлек дом-быра, баян, гитарада еркін ойнаймын. Аэродизайнмен айналысамын. Яғни мерекелерді, үйдегі қуаныштарды шармен безендіремін. Сол үшін Ресейге барып, шеберлер курсынан өтіп келдім. Шармен безендіру арқылы қуаныш пен шаттықтың әдемі ләззатын алуға мүмкіндік туады. Арасында топқа, ұжымға арналған «Жіптік курс» тренингтерін жүргіземін. Ютубтағы каналымнан осы бағыттағы жұмыстарыммен танысуға болады.
- Балаларыңызды осы өнерге баулисыз ба?
- Балаларыма білгенімді үйретуге тырысамын. Қызым газет бояуға кө-мектеседі. Ұлым арнайы аппаратпен шар үріп, байлауға жәрдемдеседі. Ең бастысы, баланың қызығушылығына байланысты қалаған үйірмесіне, қалаған ісіне бағыттау керек. Баланы еркінен тыс мәжбүрлеп үйретуге болмайды деп ойлаймын. Туған үйін, ауласын, мектебін, қаласын, ауылын, жерін жақсы көретін ұрпақ тәрбиелеп шығарсақ, бағытымыздың дұрыс болғаны.
- Алдағы уақытта қандай дүние жасау ойыңызда? Идеяны қайдан аласыз?
- Көбіне бала ойыншықтарын са-латын себетке ұсыныс түсіп жатады. Әлі де сол бағыттан шыға алмай жа-тырмын. Кішкентай сәбидің фото-сессиясына арналған себет немесе сәбиді шығарып аларда қолданатын себет тоқу ойда бар. Әріптестердің жұмыстарын көрген кезде жаңа идея туып жатады.
- Әлеуметтік желі арқылы түрлі отбасылық конкурстар ұйымдасты-расыз. Қатысушылардың белсенділігі қандай? Осы бағыттағы жоспар-ларыңызбен бөліссеңіз.
- Отбасылық байқауларды ұйым-дастырудағы басты мақсат – отбасы бірлігін, татулығын насихаттау. Үлгілі отбасыларды көрсету. Алда осы ба-ғытта «Отбасыммен мұражайда», «От-басыммен театрда» фотосурет бай-қауларын ұйымдастыру ойда бар. «Ата-әжем ауылында» деген тақы-рыпта жазғы каникул кезінде түскен фотосуреттер сайысын жүргізсек дей-мін.
- Байқайтынымыз, бала тәрбие-сіне ерекше мән бересіз.
- Баланы еңбекке баулу деп жата-мыз ғой. Әсіресе, отбасында әке тәр-биесі керек. Осы бағытта облыста «Әке-лер форумын» өткіздік. «Facebook» желісінде «БҚО ата-аналар клубы» де-ген тобым бар. Топтың мақсаты – өңір-де отбасылармен жүргізіліп жатқан жұмыстарды топтастыру. Жанұяға қатысты мәліметтермен бөлісу. Өлке-міздегі үлгілі отбасыларды насихаттау. Әр бала бақытты болуға лайық. Ба-қытты болуы үшін отбасының беріктігі маңызды. Берік отбасын сақтап қалу еліміз үшін маңызды. Сондықтан да теңіздің тамшысындай болса да, отбасы туралы кеңестер мен ақпа-раттарымыз пайдаға асып жатса, қуа-ныштымыз.
- Әңгімеңізге рақмет, еңбегіңізге табыс тілейміз!
Әңгімені жүргізген
Айдана ХАМИДУЛЛИНА