Ол тарих сонау Алтын Орда заманында шулы шаһар, айбатты астана болған Сарай Батудың бүгінгі келбетін көріп қайтқан Нұртастың жазбасында.
Ол – Сарайшықтың орнынан табылған көне тиындар, ол – туған жерінің тылсым құпиясын зерттеп, бірнеше күн жол жүрген кішкентай Нұрсәуленің күнделігі.
Ол – небәрі 28 жасында қан майданда қыршын кеткен күйші жерлесіміз, бүгінде туған жерінде мүлдем ұмытылған дерлік Ғабдұлман Матов...
Журналымыздың әр санының әрін кіргізіп, тың шығарма, тосын жаңалықпен бөлісіп отырған авторларымызбен мақ-танамыз!
Басылымның жаңа нөмірін асыға күтіп, алаңдап жүретін оқырмандарымыздан айналамыз!
Бар болыңыздар!
Қазыбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,
журналдың бас редакторы