«Келешекте Қазақстанда екі жобаны жүзеге асырмақпын»

Еділ ДӘУЛЕТИЯРОВ, 

«HAMK» қолданбалы ғылымдар университетінің студенті, Финляндия

...Мен Финляндияда, жалпы, шет елде оқимын деп ойламаппын. Мүмкін еместей көрінді. Қалталы болу керек шығар деген де ой болды. Мен білім алған Назарбаев зияткерлік мектебін-дегі ұстаздарым Тампере қаласындағы университетте білімін жетілдіріп келді.

Қазақстанда ол кезде бұл оқу орны он-шалықты танымал болмады. Тек сол жылдары ғана аталған университет біз-дің елімізбен келісімшартқа отырып бастады. Содан мектептегі мұғалімде-ріміз осындай университет бар екенін, ондағы білім беру жүйесі туралы айт-ты. Мен де көп ойланбастан, құжатта-рымды тапсырып, барлық талаптарын орындадым. Кейін Санкт-Петербург қа-ласында емтихан тапсырдым. Сөйтіп, қолданбалы ғылымдар университетінің студенті атандым. Арманым деп айта алмаймын, шет елде жақсы оқу орнын-да оқуға мүмкіндік туды. Мен соны тиімді пайдалануға бел будым. Бұнда-ғы білім беру жүйесі негізінен практи-каға бағытталған, топтық жұмыс көп. Университеттің әлем бойынша серіктесі көп. Сондықтан өзге елден қосымша мамандық игеріп шығуға болады. Са-бақ кестесі өте ыңғайлы. Негізгі сабақ-пен қатар өзіңе ұнаған саланы таңдау еркіндігі бар. Мәселен, кей кредиттерді өзіме ұнайтын бизнес курстармен ал-мастырдым.

«Финдармен дос болу өте қиын»
Финляндия – тарихы бай ел. Бес жүз жыл бойы Швецияның қарамағын-да болған финдер 1809 жылы Ресей империясына өткен екен. Ресей импе-риясынан тәуелсіздігін 1917 жылы ал-ған. Биыл аталған елдің егемендігінің 100 жылдығы тойланып жатыр. Халық саны – 5,5 миллион. Мемлекеттің ау-мағы түгел дерлік орман-сумен қор-шалған. Территорияның 70 пайызы орманды алқаптан тұрады. Бұнда 190 мыңға жуық көл бар, яғни әр қаладан көл таба аласыз. Ауасы өте таза. Өмір сүру деңгейі жоғары, экономикасы тұрақты. Алайда ауа райы өте суық. Түні ұзақ. Күздің қазан айынан бастап қараңғы ерте түседі. Бұл көңіл күйге әсер етпей қоймайды. Себебі қала қа-раңғы болып тұрады. Бұндағы ауа ра-йы Санкт-Петербург қаласына ұқсас. Суы таза. Финдер өзге мемлекеттердің су мәселесін шешіп отыр. Фин халқы мәдениетті, жинақы, салмақты болып келеді. Оларда кешігу деген ұғым жоқ. Жалпы финдармен дос болу өте қиын. Тұйықтау келеді. Егер қарым-қатынасы-ңыз жарасса, мәңгілік дос боласыз деп ойлаймын. Себебі достыққа адал. Фин-ляндияда халық саны аз болғандықтан, әлеуметтік көмектер жақсы көрсетіле-ді. Айына екі рет тегін тамақ беріледі. Тегін білім беру жүйесі жолға қойыл-ған. Жұмыс істеп жүріп, оқуға ауысуға болады. Бұнда студент болып жүрген егде адамдар өте көп.

«Аяз атаның отанына бару жоспарда»
Журналдың оқырмандарына Фин-ляндияның тарихи жерлерін айтып өтейін. Мәселен, Сибелиус монументі – туристер жиі баратын тарихи орын. Хельсинки қаласында орналасқан мону-мент 1967 жылы атақты композитор Ян Сибелиустің құрметіне қойылған. Ян – финдердің II Николай кезінде тыйым са-лынған бейресми әнұранының авторы. Әрине, Аяз атаның отаны Лапландияны айтпай кетуге болмайды. Бұл жерге 1950 жылы Рузвельттің әйелі алғаш рет турист ретінде келген екен. Мен әлі ол жерде болмадым. Менің тұрып жатқан қаламнан өте алыс орналасқан. Ақысы да қымбат болуы мүмкін. Бұйырса, осы қыста барамын деген жоспар бар. Со-нымен қатар туристер орыс-швед со-ғысы кезінде тұрғызылған Свеаборг қа-малына, әлемге әйгілі Сенат алаңына соқпай кетпейді. Финляндияның ең үл-кен алаңында Хельсинки университе-тінің ең басты кампусы, шіркеу, Алек-сандр II арналған монумент орналасқан.

«Газет таратушы болып жұмыс істеймін»
Мен білім алып жатқан инженеринг саласы бірнеше бағытты қамтиды. Бұн-да алған білімді автоматтандыру бағы-тында, механикалық инженерия, IT ма-ман, бизнес бағытында да қолдануға болады. Бұл саланы таңдау себебім Қазақстанда потенциалы жоғары, енді дамып келе жатыр. Мені қоқыстарды утилизациялау, суды тазарту, балама-лы энергияны қолдану мәселелері қы-зықтырады. Келешекте елге барып, осы бағытта жұмыс жасамақпын. Қызықты жобалар жетерлік. Қа- зір Тампере қаласында тұрып жа-тырмын. Шағын қалада 200 мың адам бар. Өте таза, өмір сүруге қо-лайлы. Заң бойынша студенттік виза-мен аптасына 25-30 сағаттай жұмыс жасай аламыз. Өзім газет таратушы болып жұмыс істеймін. Жергілікті халық кітап-газет оқуға құмар. Бос уа-қытымда спортзалға барамын. Доста-рыммен кездесемін. Ән айту, би би- леу – хоббиім. Актерлық қабілетімді де байқап көргенмін. Қазақтың жігіті бол-ған соң, сол атқа лайық болуға тыры-сып жүрмін!

«2020 жылы Дубайда өтетін «EXPO» көрмесіне қатысқым келеді»
Жазда Астанада өткен «EXPO» көр-месінде Финляндия павильонында жұ-мыс жасадым. Іріктеуден өту үшін өті-нім бердім, түрлі тренингтерден өттім. Сыннан сүрінбей қабылдандым. Жал-пы жоба қатты ұнады. Тәжірибе жина-дым. Фин павильоны таза энергия, ақылды қала, суды тазалау, сапалы бі-лім бөлімдері бойынша дайындалды.
Финляндияның ұлттық күнінде екі елдің Президентімен, бизнес өкілдері, беделді адамдармен жүздестім. Алда-ғы уақытта да осындай ірі жобалардан қалыс қалмаймын деп отырмын. Мә-селен, 2020 жылы Дубайда өтетін көр-меге қатысқым келеді. Айта кетейін, біздің павильон кіші павильондар ара-сында бірінші орын алды. Бұл – ортақ жетістік. Көрмеде өткен күндер есімде сақталады деп ойлаймын...

«Көктемгі семестрде Бельгияда оқымақпын»
Көктемгі семестрде ауысып оқу бағ-дарламасы бойынша Бельгия қаласы-на аттанғалы жатырмын. Онда бір се-местр білім аламын. Кейін оқуды біті-ріп, магистратураға тапсырғым келеді. Негізінен мақсатым – бизнес бағытын-да білім жинау. Ол үшін Германия, Вен-грия елдері қолайлы сияқты. Адам бa-ласы оқудан, үйренуден жалықпауы ке-рек. Қазір әлемнің алты тілін меңгеріп жүрмін. Келешекте де бұнымен тоқтап қалмаймын. Құдай бұйыртып, тәжірибе жинағаннан соң, еліме келемін. Бұнда-ғы басты арманым – екі жобамды жү-зеге асыру. Олар – қоқыстарды утили-зациялау, индустриалды суды тазарту жобалары. Сонымен қатар қазақ-фин арасындағы дипломатиялық, эконо-микалық қарым-қатынастарды нығай-туға үлес қосамын. Ол үшін барлық мүмкіндігім бар!

Жазып алған
Айдана ХАМИДУЛЛИНА

Қаралым саны 1237

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463