ҒАЛАМАТ КҮЙШІ ҒАБДҰЛМАН

Мүсілім ӘМЗЕ,

Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының PhD докторанты, Алматы

Қазақ музыка мәдениеті үшін 1934 жылы басталған халық өнерпаздары- слетінің орны ерекше болды. Дом-бырашылар ансамблі, кейіннен КазЦИК оркестрінің негізгі бөлігін осы слет өнерпаздарынан жасақтаған. Дири-жерлік өнердің қазақ даласына кәсіби түрде келуі осындай қажеттіліктен туды.

Дирижер пультінде алғаш акаде-мик Ахмет Жұбанов тұрса, одан кейін ізін жалғап, қазақ халық аспаптары оркестрі дирижерлігінде ісін ілгері-леткен көмекші ассистенттері – күй-шілер Ғабдұлман Матов пен Мәлік Жаппасбаев еді [1, 191]. Бұл екі ассис-тент туралы мәліметтер әзірге аз. Ал-ғашқы күйші-дирижердің туған өңірі-нен сұратқан сауалымызға облыстық архив пен музей мардымды мәлімет бере алмады. Матов туралы кезіккен Батыс Қазақстан облыстық энцикло-педиясы мен Жәнібек ауданының анық-тамалығындағы қысқа ғана материал [2, 382]. Бұл мәліметтермен Ахмет Жұ-бановтың еңбектері арқылы жақсы таныспыз. Десе де, қолдағы қосымша ақпаратпен ғаламат күйші, дирижер Ғабдұлман Матовтың шығармашылық портретіне аз-кем штрих тастап ба-ғалық.
Күйші әрі дирижер Ғабдұлман Ма-тов 1914 жылы Батыс Қазақстан облы-сының Жәнібек ауданы Күйгенкөл се-лолық советіне қарасты қазіргі Тайыр Жароков атындағы совхозда дүниеге келген. Бұл өлкенің аты әйгілі күйші өнерпаздарымен, күйшілік өнерді құрмет тұтуымен қазақ даласына мәш-һүр еді. Ата-анасынан ерте жетім қал-ған Ғабдұлман домбыраны төрт жасы-нан жанына серік етіп, шешесі Жұма-ханымнан көптеген күй үйренеді. Ай-маққа белгілі шебер домбырашы, сол өңірдің өнерпазы Арыстан Баталов та Ғабдұлманның шеберлігіне оң әсерін тигізген [3, 216]. Әкесі Мат әйгілі күйші Сейтекпен дос-жар болған. Құрманғазы, Түркеш, Сейтек, Соқыр Есжан, Мүсірәлі күйлерін шебер тарт-қан. Оқап Қабиғожиннен әйгілі Мәмен күйшінің күйлерін үйренген Ғабдұл-ман тарқата келгенде, Құрманғазы-ның шөбере шәкірті болып шығады (Құрманғазы – Көкбала – Оқап – Ғаб-дұлман). Ахмет Жұбановқа Құрман-ғазының өмірбаяны мен кейбір ма-ңызды оқиғаларға байланысты құнды мәліметтерді жеткізуші-информатор [1, 59].
1932 жылы Қызылорда қаласын-дағы кендір техникумының даярлық курсына оқуға түскен. Келістіріп ән де салған. Сейтектің «Бала Сейтек» деген әнін автордың өз аузынан үйренген екен. Жақын ағасы болып келетін Мұстафа Ысмағұловтың айтуынша, Қызылорда қалалық партия комите-тінің хатшысы болған Ғалымжан Са-ғатовтың үйіндегі басқосу соңын осы әннің:
«Мен едім бала Сейтек жасымдағы,
Жарасқан қайың-құрақ қарымдағы.
Зауқатта осындай бір тап келгенде,
Әндетіп айтатұғын барым-дағы...

Атандым мен жасымнан бала Сейтек,
Төреден ұл туған жоқ мендей ерек.
Жамандап жала жапқан правитель,
Деп жұр ғой «Елді бұзған ұры-тен-тек» – деп түйіндепті [4, 24].
Осы кеште Ғабдұлман тартқан Сей-тектің «Жантаза» күйіне үй иесі Ға-лымжанның ықыласы ерекше ауыпты. Тек Сыр өңірін жайлаған жұттың кесі-рінен оқуын аяқтай алмай, қайта еліне оралып, еңбек етті.
Ауыл тіршілігіне араласып, өнері-мен жұртқа танылған өнерпаз 1934 жылы Алматыда өткен Бүкілқазақстан халық өнерпаздарының І слетінде өнер көрсетіп, жүлдегер атанды. Ал-ғаш құрылған халық аспаптары оркес-трінің мүшесі болды. Екінші домбыра тобының концертмейстері. Күйшілігі ерен Ғабдұлманның Алматыға келіп алғаш тартқан күйі – Құрманғазының «Перовский маршы» [5,13]. Кейіннен бұл күй жиі тартылатын болып, талай композитордың жаңа шығармаларына арқау болды.
Мұстафа Ысмағұловтың жеткізуін-ше, 1934 жылы Алматы қаласындағы Интернациональная көшесіндегі қара-пайым пәтерде қазақтың үздік күйші-лері – Науша Бөкейханов, Оқап Қабиғо-жин, Қали Жантілеуов, Әли Құрманов, Ғабдұлман Матов бас қосқан керемет өнер кеші өтеді. Құрманов әйгілі Мол-дабайдың әнін шарықтата шырқап, Төкен әншінің «ән-күйін» қоса төгілді-ріп тартыпты. Күй аңызы, орындау мәнері, жеткізуші күйшілер шежіресі, шалыс қағыс пен жаңсақ перне тура-лы Науша айтқан ескертулер Ғабдұл-ман көкейіне жатталып қалыпты [6, 33]. Алғаш Алматыға келіп жұртты күйшілігімен таң қалдырса, кейіннен оркестр пультіне шығып, дирижерлік өнерге ден қойды. Кейіннен оркестр дирижері қызметінде көрінген.
Ғабдұлман Матов жайлы «Ән-күй сапары», «Құрманғазы», «Өскен өнер» сынды еңбектерінде құнды естелік қалдырған Ахмет Жұбанов күйшінің мінезін, ойнау техникасы мен мәне-рін, жалпы шығармашылық келбетін былайша суреттеген. Мысалы, «от-жалындай», «техникасы ешкімде жоқ», «қолы темірдей», «күйді бұл-жытпай құйқылжыта тартқан»,«екі көзі оттай жанған, бет әлпетінде қай-рат күштің белгісі бар»,«саусақтары тіпті әлді, қаққан қолы темірдей», «жанған оттай лаулап тұрған жас», «талантты домбырашы» деген тіркес-теңеулер оның қандай шебер орын-даушы екенін білдірсе, «қол сілтеуі, аппараты, есіту күші, әсіресе, темпе-раменті ағыл-тегіл», «музыкаға деген қабілеті мен жігері бірдей келген жас» деп табиғи жаратылысын айшықтаған сөздерінен қандай дирижер болғанын байқаймыз [7, 135-137].
Сол кезеңде оркестр тізгінін ұста-ған композитор Латиф Хамидидің ең-бегін Ахмет Жұбанов жоғары бағалап, «Латифтің маңызды еңбегінің бірі, ол – оркестрдің орындаушылары: Мәлік Жаппасбаев, Жаппас Қаламбаев, Сма-ғұл Көшекбаев, тағы басқаларды ком-позиторлық өнерге үйрете бастады. Оркестрдің негізгі құрылысын, репер-туарын сақтады. Хамидимен қатар сол оркестрдің ішінен шыққан талантты дирижерлар Ғабдулман Матов, Мәлік Жаппасбаев, Ғылман Әлжанов сияқты-лар өздерінің оркестр коллективін басқара алатындықтарын көрсетті» дейді [7, 148-149]. Осы кітапта ғана алғашқы дирижерлар тізімінде бірін-ші рет күйші Ғылманның аты атала-ды. Бұл жас композиторлардың жаңа туындылары сол замат оркестр репер-туарына қосылып, тыңдарман наза-рына ұсынылып, көптің бағасын алып отырған.
Ұйымдастырушылық қабілеті көзге түскен кез – 1935 жылы жаңа ашылған Балқаш қаласындағы мыс қорыту ком-бинатында көркемөнер жетекшісі бо-лып, әріптестері Махамбет Бөкейха-нов, Тәңірберген Бітімбаев, Мұхит Битенов, Ақын Битенова т.б өнерпаз-дармен халық аспаптары оркестрін ашуы. Оркестр жұмысын дөңгелеткені сонша, аз уақытта Жетісу, Балқаш, Ақ-төбе, Шалқар, тіпті өзі туған Жайық өңіріне гастроль сапарын ұйымдас-тырады [8, 2]. Осы аз ғана ақпараттан дирижер қабілетімен қатар ұйымдас-тыру жұмыстарын да тез меңгергенін аңғарамыз. Ғабдұлман Батыс өңірін-дегі сапарда оркестр мүшесі, он бес жасар күйші баланың Жайық суына кетіп мерт болуына байланысты қай-ғырып, өзінің «Қарабас» күйін шы-ғарды.
Ғабдұлман Матовтың 1935 жылы қалалық парк сахнасында өткен ор-кестр концертінде төрт күйге жетек-шілік етіп, дирижер пультіне шыққа-нына Мұстафа Ысмағұлов куәлік етсе, Тәмті Ибрагимова 1938 жылы радио-комитетте өткен концертте алғаш кө-ріп риза болғанын жазады [9, 12]. Репрессия жылдарының салқыны Ма-товқа да тиіп, бас дирижер Ахмет Жұ-бановтың туған ағасы Құдайберген Жұбановтың ұсталуына байланысты «Жұбановтың шәкірті» деген сылтау-мен жұмыстан шығарылған. Мұстафа туысының айтуымен, сол кездегі Қа-рағанды облысы мәдениет басшысы рұқсат етіп, 1939 жылы Қарағанды облыстық радиокомитеті жанынан домбырашылар оркестрін құрды. Жиырма сегіз домбырашы қыз-келін-шектен (Зәбира Битенова, Қапан Бай-жанова, Ақын Битенова т.б) құралған өнер ұжымының белортасында Ғаб-дұлман Матов пен Мұхит Битенов жүрді. Қарағанды қаласының орталық клубы оркестрдің жиі өнер көрсететін киелі орнына айналды [8, 6]. Бұл екі оркестрдің жұмысын қадағалап жүр-ген сол кезде мәдениет қайраткері Темірбек Жүргенов пен Ахмет Жұба-нов жоғары бағалаған. Ел тарихында-ғы айтулы мерекелерге байланысты концерттерге Ғабдұлман оркестрін арнайы қосып отырған. Нәтижесінде, 1940 жылы Алматыға шақырту алып, республикалық радиокомитет ұлт ас-паптары оркестрінің бас дирижері қызметіне кіріскен.
Алматыдағы жаңа қызметін ерек-ше шабытпен, өзгелерді соңына үйіріп ерте бастағанда... «соғыс басталды» деген хабар жетті. 1941 жылы Екінші дүниежүзілік соғысқа Алматыда құ-рылған панфиловшылар дивизиясы-ның құрамымен аттанып, Калинин, Невель қалаларын жаудан азат етті. Майданда ержүрек жауынгер ретінде танылып, 1942 жылдың қыркүйек айында Украина жерінде, Харьков ма-ңында ерлікпен қаза тапқан.
Қазақ дирижерлік өнерінің алғаш-қы қарлығашы, күйші, жауынгер-ком-позитор Ғабдұлман Матов небәрі жиырма сегіз жыл қысқа ғұмыр кешіп, қазақ музыкасы тарихында «Жауды жеңеміз» әнімен, «Қарабас» атты күйімен, өнер майданы мен соғыс майданындағы жанкешті еңбегімен кейінгі ұрпаққа үлгі болып қалды. Бұл ретте құнды мәліметтерді тірнектеп жинап, радио мен телевизияда тал-май насихаттап, бірнеше жинаққа бастырған, қалған мұрасын архивке тиянақтап тапсырып кеткен оралдық әнші-диктор Тәмті Ибрагимованың еңбегі өлшеусіз деп білеміз.

Әдебиеттер:

1. Жұбанов А. // «Ән-күй сапары» – А.: «Ғылым», 1976. – 478б
2. Батыс Қазақстан облысы // Энциклопедия. – А.: «Арыс», 2010 – 580б
3. Жәнібек ауданы // Тарихи-танымдық анықтамалық. – О.:«Полиграфсервис», 2012– 416б
4. Ибрагимова Т. // «Жас қазақ» – А.: «Жалын», 1979. – 120б
5. Жұбанов. А. «Құрманғазы» Алматы - «Жалын», 1978. – 368б
6. Ибрагимова Т. // «Песня, рожденная в битвах» – А.: «Өнер», 1985 – 148б
7. Жұбанов А. // «Өскен өнер» – А.: «Ғылым», 1985. – 248б
8. ҚР ОМА // №2186 қор, №2 тізбе, №37 іс, 7б.
9. ҚР ОМА // №2186 қор, №1 тізбе, №18 іс, 56б.

Қаралым саны 2151

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463