Ортағасырлық монеталар

Қазақстан аумағында ақша айналы-мының мыңдаған жыл бұрын пайда болғанына көптеп табылған тиындардың соғылымы куә.

Сарайшық қаласы Алтын Орда дә-уірінде Ұлы Жібек жолы бойындағы маңызды діни және саяси-экономика-лық орталық болды. Қала тұрғындары саудамен айналысып, қолөнер бұйым-дарын жасап, қала шеберханаларында қышшы, металл ерітушілер, ұста, зер-герлер т.б жұмыс жасаған. Әр жылдары жүргізілген археологиялық зерттеу жұмыстарының барысында қалашық қазбаларынан сол кезде билік құрған хандардың тұсында соғылған мыс, күміс тиындар көптеп табылған. Бұл тиындар арнайы ақша сарайларында соғылып, сауда айналымында қолданылған.
Археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде Сарайшық қаласынан табылған нумизматикалық деректер ХІІІ ғасырдың соңы мен ХІV ғасыр аралығын қамтиды. Осы Сарайшық қаласының төменгі мәдени қабатынан табылған ең көне тиын – Батый ханның немересі Меңгү-Темірдің (1266-1282 жылдары) билігі кезінде соғылған дирхем. Бұл дирхем х.ж.с бойынша 694 жылы Еділ бойындағы Үкек қаласының ақша сарайында соғылған. Меңгү-Темірдің тұсында соғылған тиындарда алғаш рет Алтын Орда хандарының аттары жазыла бастаған. Кейін де Меңгү-Темірдің атымен Бұлғар, Қырым, Сарай, Биляр, Хорезм қалаларында соғылған.
Сарайшықтан табылған тағы бір тиын түрі XIII ғасырда соғылған Меңгү-Темірдің ұлы Тоқты немесе Тоқтоғұнның атымен байланысты. Хорезмде со-ғылған күміс ақшаның бірінші бетіне хижраның 694 (1295-1296) жылы, ал екінші бетінде «Әділ Тоқта» деп арабша жазу жазылған. Сонымен қатар Тоқ-тының билік құрған кезінде Сарайшықтан табылған хұлағұд елхандардың (ирандық) тиындары Иранмен жүр-гізілген саяси-әскери қатынастары мен сауда-экономикалық байланыстар нә-тижесінде келген. Хұлағұд елхан (иран-дық) тиындарында көбіне атып келе жатқан күн мен арыстан бейнелері, геометриялық торлар секілді кескіндер бейнеленген.
Алтын Орда мемлекетінде 1311-1341 жылдары билік құрған Өзбек ханның кезінде империя гүлденудің ең жоғары деңгейіне жетіп, көптеген қала бой көтеріп, сауда-керуен жолдары қалпына келтірілді. Мемлекеттің әр түрлі өңірлерімен тығыз қарым-қатынас орнап, Еуропадан Азияға дейінгі керуен жолдары өз дамуының шегіне жетіп, Сағыз, Жем өзендері бойында, Үстіртте мықты дамыған көптеген қоныс, керуен-сарайлар, елдімекендер пайда болды. Өзбек хан билігінің алғашқы жылдарында Сарай қаласында соғылған күміс теңгелерде ислам дінінің енуі, орнығуы күміс теңге-дирхемдердегі сунниттік сенімнің белгісі мен Құранның алғашқы жолдарының жазылуынан көрінеді. Теңгелерде түрік тілінде «кутлуг булсун», яғни «құтты болсын», «қолыңа түскен ақшаң құт болсын» деген мағынаны білдіретін сөздер жазылғанын аңғаруға болады, әрі Жошы ұлысында алғаш рет исламды қабылдаған да осы Өзбек хан болды. Соғылған тиындарға өз есімдерімен қатар кәлиманы да жазып отырған. Мұхаммед Өзбек ханның (1313-1341 ж.ж) тұсында соғылған күміс тиынның аверс жағының нүктелі дөңгелек шеңбер және сызықты сегізұшты шеңбер ішінде: «Алладан басқа, Мұхаммед/ Алланың елшісі», келесі жағында «сұлтан/ағзам/Өзбек» деп жазылып, тиынның соғылған жері (Сарай соғылымы) көрсетілген.
Сондай-ақ Сарайшықта соғылған тиынның бірінде «Сұлтан әділетті Жәнібек хан» деп жазылған, яғни «патша әділ болса, халық та әділ болады» деген мағынаны білдіретін сөздер жазылған. Соғылған ақша беттерінде көбіне жылқы, барыс, балық, жыртқыш аңдар мен құстардың суреттері, арабша жазылған жазулар, геометриялық өрнектер мен жапырақты гүл өрнектерінің бейнеленгендігін көруге болады. Өзбек ханның ұлы Жәнібек ханның тұсында да империяның сауда-экономикалық өркендеуі жалғасын тауып, Жәнібек хан билік құрған кезде соғылған тиындарда екі басты қыран мен гүлді өрнектің салынуы басым болған. Олардың бәрі орталық астаналық қалаларда соғылған. Қалаларға сауда жасау үшін Хорезмнен, Қырымнан, Қажы-Тарханнан, астаналық Сарай қаласынан әкелінген теңгелер, негізінен, күміс, мыс тиындар кеңінен пайдаланылған.
Сарайшық қаласына әр жылдары жүргізілген зерттеу жұмыстары бары-сында қаланың мәдени қабаттарынан табылған және тіркеліп өңделген, жалпы саны 700-ге жуық ортағасырлық мыс, күміс тиындар күні бүгінде облыс-тық музей қорында сақтаулы. Өзбек, Тоқтамыс және Жәнібек хандардың кезіндегі Хорезм мен Азақ қалаларында соғылған тиындар Сарайшықта көптеп кездеседі. Табылған тиындардың көп бөлігі әлі де анықтауды, зерттеуді қажет етеді. Ортағасырлық монеталарды кө-рермен назарына насихаттау барысында музей қызметкерлерінің ұйымдастыруымен танымдық сабақтар, экспозициялық көрмелер өткізілді. Музейдің экспозициялық залында орын алған Сарайшықтан табылған күміс тиындарды өлкетанушы В. К. Афанасьев музей қорына 1995 жылы тапсырған. Тапсырылған күміс тиындардың сақталуы нашар, тиынның 70 пайызы сақталған десе де болады. Тиынның бетінде арабша жазылған жазулары бар, бірақ жазулары анық көрінбейді.
1. Мамлюктердің алтын тиыны (1-су-рет). Алтын монетада «Алладан басқа Құдай жоқ, Мұхаммед – оның елшісі» деп арабша жазылған жазу бар. Бұл алтын монетаны арнайы 2000 жылы ҚР-ның бұрынғы Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құлмұхаммед мырза Каирге барған сапарында Сұлтан Бей-барыс қабірінен алынған тастың бөлігі-мен бірге арнайы алып келіп, кейін об-лысымыздың бұрынғы әкімі, жерлесіміз И. Тасмағамбетов облыстық музейге 2003 жылы салтанатты түрде тапсырған болатын. Күні бүгінде музейдің экспо-зициялық залында орын алған.
2. Елхан Махмұд Ғазанның алтын тиыны (2-сурет). Шираз соғылымы. Х.ж.с 690 жыл (1291-1292 жж). Алтын тиын бе-тінде «Алладан басқа Құдай жоқ, Мұ-хаммед – Алланың елшісі» деп арабша жазылған жазу бар. Бұл алтын монета XIIІ-XIV ғасырларда төменгі Волгадан Орталық Азияға өтетін керуен жолының бойында орналасқан алтынордалық қалалардың бірі – Ақтөбе Лаэти қалашығынан табылған.
3. Тоқты ханның күміс тиыны (3-сурет). Сарай-әл-Махруса соғылымы. Х.ж.с.710 жыл (1310-11 жж). XIIІ-XIV ғасырларда Тоқтамыс хан тұсында соғылған тиын-дарда айқасқан екі балықтың, құстың, жануардың суреттері салынып отырған.
4. Өзбек ханның күміс, мыс тиындары (4-сурет). Сарай соғылымы. Х.ж.с. 714 жыл (1314-15 жж). Суретте көрсетілген тиындар облыстық музейге 2010 жылы тапсырылған. Ортағасырлық ақ түсті металдан жасалған тиындар Есбол се-лосының солтүстік-батысына қарай 22 шақырым жердегі Жартөбе деген жерден табылған. Тиын бетінде «Алла-дан басқа Құдай жоқ, Мұхаммед – оның елшісі» деп арабша жазылған жазулар жазылса, екінші жағында: «Сарай әл Жа-дид» деп тиынның соғылған жері жа-зылған. Тиын беттерінің екі жағы да та-заланған.
5. Ортағасырлық мыс, қола тиындар жиынтығы (5-сурет). XIII-XVғғ. Жошы Ұлы-сы хандарының мыс тиындары. Алтын Орданың әр қаласында соғылған. Жергілікті өлкетанушы В. К. Афа-насьевтің 1958-1976 жылдары Сарайшық қалашығына жүргізген қазбасы кезінде табылған. Атырау облысы, Махамбет ауданы.
Болған БАЛАБАЙҚЫЗЫ,
Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің маманы

Қаралым саны 2712

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463