Ауғанға қашқан қазақтың хикаясы

Жастайынан Ауған қазақтарының арасында бас болып жүрген ағала-рымыздың бірі – Әжі Нәби Қаратамыр. Ауғанстанда туған. Қазақстанға Түркиядан көшіп келген. Руы – шөмекей, қаратамыр. Бір кездескенімізде бабалардың Ауған жеріне қалайша, не себептен барғандығы әңгімеге арқау болған еді. 

Әжі ағамыздың айтуына қарағанда, әкесі Досмырзадан «Сіз бай болдыңыз ба, молда болдыңыз ба, Қазақстаннан шығып кетулеріңізге не себеп болды?» деп сұраған. Сонда марқұм әкесі: «Сол 1926-28 жылдары қызылдар Сыр бо-йындағы барлық қазақтың, байлардың малын кәнпескелеп алды. Бір жерге жинап сақтады. Сол малға біз қарадық, мен бастықтан кейінгі орынбасар бол-дым. Ол кезде менің онша сауатым жоқ, сауатым болмаса да, бір жүзікке атым-ды жазып қойған, жаңағы жүзікті мөр етіп басып отыратын едім. Сонда менің Қазақстаннан шығып кетуіме себеп болған жай – жұрттан малды жинаған, сонымен қатар елде аштық бар, елде жейтін еш нәрсе қалмады, қиналды. Сондай болғасын ағайын-туыс, тамыр-таныс, дос-жарандар, қысқасы, елдің арасында тарыққандар түнделетіп келеді. Оларды босқа қайырмай, қасым-дағы бірге істейтін үш-төрт азаматпен бірігіп, келгендерге қойдай, жылқылай беріп отырдық. Екі-үш үй болып бөліп алып, күнелтіп жүретін еді. Сүйтіп аза-маттық борышымызды орындаған бо-лып, елге қарасып жүрдік. Оның есебін тапсырғанда әр түрлі сылтау айтып, ауырғанын, ақсап қалғанын, яки бал-шыққа батқанын айтып, сылап-сипап жауып отырдық. Бір күні түнде өзімнің жақын достарымның бірі «Бізге не бе-ресің?» деп айтты. Біз «Не берейік, қой керек пе?» десек жоқ, ірі қара бер» - деді. Сол күні біздің қорада ірі қара мал жоқ еді. Қанша айтсақ та сенбеді, «Ірі қара мал әлі ауылға келген жоқ» - дедік. Содан ұсақ малдан да алмай кетіп қалды. Негізінде, ол бізді тексеруге келген адам екен. Сонымен, түннің сегіздер шамасын-да кетіп қалған болса, сол түннің 12-1-лерінде қасына қызыл әскерлерді ертіп әкеліп, дым да демей, бірден қолымды алдыма байлады да, қос атты арбала-рына салып алды да, баяғы тексеретін жерге алып барып тастады. Өзім шар-шап жүрген адаммын, ұйықтап қалып-пын, бір кезде сағат төрттердің шама-сында оятып алды да, отырғызып, тер-геп бастады. Не болып жатқанын енді білдім. Бірнеше күн түрмеге тастады. Қармақшыда болдық. Жай түрме. Ауыл-дағы бір танысымыз бар еді, «Мен қа-шам» деп айтты. «Ей ешқақайда қаша алмайсың» - десекте тыңдамады, «Есіктің алдында солдат тұр, жан «жағымыз пітелген» - дедік, «Жоқ туалетке барам, отырған адам құсаймын да ішіне өзімді тастаймын, ар жағынан шығып кетемін, ары қарай да Сырға жетсем болды» деді. Ол туалетке өзін тастап, артына қарай қайта шықты. Үсті-басы боқ-боқ, сасып кеткен. Шыққасын жақсылап жы-лады. «Қой, жылама» деп өзіміз қайта тазартып алдық. Бір елу күн дегенде біз оны ақыры қашырып шығарып жібер-дік. Арадан біраз уақыт өткесін бізге үкім кесілді. Бірнеше кісіні, ішінде мен де бармын, Сібірияға айдайтын болды. Содан пойыз келді, мал артатын вагон-дар екен, мал болғанда сиыр, қой, анау-мынау. Пойыздың төрт жағы темір бол-ғанымен, асты пол, яғни тақтай екен. Бізді пойызға тиеп, Сібірияға жіберейін деп тұрғанда ағам Мырзаш келіп, қо-лындағы көмеш нанды» ұстатып үлгер-ді, «Жолда жейсіңдер, жеңгелерің берді» деп. Шүберекке оралған. Алғаннан кейін бір солдат келді да нанға жа-бысты, «алмайсың» деп. Ол алып қойғысы келді, мен өзіме қарай тарттым, «менің жейтін наным ғой» деп едім жіберді, пойызға кіріп кеттім. Жарты сағаттан кейін пойыз жүрді дейді. Вагонда адам тола дейді, нығыздап артқан, малды да өйтіп артпайды, іші тастай қараңғы. Жү-ріп кетті. Біраз жүргесін баяғы нанды жан-жағымдағы кісілерге бөліп берейін деп сындырсам, арасынан қанжар шықты. Ә, бұны босқа салмаған шығар, керегіне жаратып қашсын дегені ғой деп ойладым. Іш тас қараңғы. Бір-бірі-міздің түрімізді білмейміз. Бірақ сол пойыздың есігінің аузында екі солдат барын білеміз. Сыбырлап қанжар жай-лы қасымдағыларға айттым. Бір кісі «Ей, Досмырза! Үніңді шығарма, жай-жай» деп айтты. Сосын құлаққа сыбырладық. Сосын баяғы қанжармен тақтайды кеу-леп бастадық. Бір адам шығатындай қылып ойдық. Ақтөбеге жеткенше сол жұмысты бітірдік. Ойдық. Бір кісі тонын дайындап тұрды, «теуіп жіберіп» едік, сынды. Тонмен оқсатып қалқаладық. Енді қашуымыз керек, бірақ вагонда екі солдат мылтықпен отыр. Солдатты жай-ғастыру керек, мен бармын, азаматтар бар, араға кіріп жайлап солдаттарға жақындадық. Арада жарты сағат болған жоқ, қарулы жігіттер едік, төрт жігіт екі салдатты басып мылтықтарын алып екі қолды артқа байладық, вагонның іші у да шу болды. Тонды алып тастаған кез-де вагон іші жап-жарық болды. «Сас-паңдар-саспаңдар» деп айттық. Сал-даттардың мылтығын алдық, екі қолын артына байладық, енді кім қашқысы келсе қаша берсін деп айттық. Ауарайы суық емес еді, екі-екі адам қол ұста- сып екінші багон арасына барамыз, сосын қараймыз, пойыз төбеде, биік жерге келгенде өзімізді тастап жібере-міз, неге десең «пойыз тегіс жерде кетіп бара жатқанда тастасаң астына тартып алады, адам өледі», Оны ақсақалдар-дан естігенбіз. Сол суық, аяз болмаса да «екі қол» бір біріне жабысып қалды, бір сағат дегенде әрең ажыратып алдық. «Бірінші нанды тастағанбыз», қайтадан ізімізбен қайтып, нанымызды төрт сағат жол жүргеннен кейін таптық. Неше күн, неше түн дегенде қармақшыға жеттік. Он төрт адам болып келдік, қалғандары да секіріп жатты, не болғанын білмей-міз. Жұртты түгендейтін уақыт емес еді. Пойыздың астында қалғандар да болған шығар. Ақтөбенің шамасында тастаға-нымызды жақсы білем. Ауылға келдім, ағайын туыспен кездесіп, «Ойбай, сені ит жеккенге айдап еді ғой» дегендерге «Ойбай үндемеңдер» дедік. «Ауғанстан-ға кетеміз» деген шешімге келдік. Үйме-үй айттық, түнде шығамыз деп, бірақ уә-делескен түні шыға алмадық. Ауылда жүр-міз. Сол кезде жастықтың буы ма екен, Қармақшыда бір кафе бар еді, соған жан жақтан жастар келетін еді, орыстар келетін еді, жастық қой, өзімнің қылмы-сымды, қашып жүргенімді ескермей, аштықтан, өлімнен қорқу жоқ, кафеге кіріп бардым. Бір орыс, бір қазақ, бір ноғай – үшеуі үкіметтің адамдары мені көріп, танып қойды. «Іздеген адамымыз мұнда екен» деп ұстап алды. Орыс ішіп алып, мас болған екен. Қазақ пен ноғай келіп мені ұстап, баяғы қос атты арабаға апарып отырғызды. Күйме. Ноғайға айт-тым: «Бауырым, сенде мұсылман, менде мұсылман, қандаспыз. Әй, осы бізді қай-тесің, жазықтымыз, қашып-пысып жүр-ген адамбыз, өлі-тірі арасында жүрген. Босат, кетейік» - дедім. Ноғай айтты: «Дұ-рыс айтасыз, біз сізді босатар едік, ана орыс көрмегенде» деді. Қазақта сөз бар деп бір мақалды да айтты: «Орысқа сен-бе діні жоқ, суға сенбе, түбі жоқ» деп, «Жұмысымыз бір, жіберсем, кіналі бо-лып қаламын» деді. Сосын адамгершілі-гі оянып, қазақшылық жасап: «Жарай-ды, босатсам босатайын, мұсылманбыз ғой, қазір бастық келіп арбаға отырады, мынау тоқпақ, қазақ арбакеш, оны не істесең де өзің білесің, орысты оңдыр-ма, мені де ұр, бірақ онша қатты емес, жүніңді тауып кет, ендігіде көрінбейтін бол» - деді Ноғай Құдай оңдап. Орыс келіп отырды, удай мас, ноғай менің қасыма отырды, Қармақшыдан шықпай жатып, жолда орысты тоқпақпен бір періп жайғастырдым, ноғай мен қазаққа ырымын жасап, ауылға қарай қашып кеттім. Сол кетіспен үйге барып, ағайын-туыс, тамыр-танысты алып өзбекстаннан бір-ақ шықтық. Үлкенді-кішілі, жасы бар, кәрісі бар, балалы-шағалы, қыз-келінше-гі бар бәрі 400-500 үй қазақ бармыз. Ашаршылық кез. Босып жүрген қазақтар көп. Амударияны жағалап, қамыстық-тарды паналап, көшіп қонып жүріп, та-лай қиындықтарды көріп Керкі арқылы өтіп әрең дегенде Ауғанстандағы Анд-хойға елді жеткіздік» - деп отыратын әкем Досмырза марқұм. Әкем Ақмырза ишанның шәкірттерінен, руы жолай Молда Сары Садық деген кісіден, жол-дағы көрген қиындықтарын айтып, елді асырау үшін талай пендешілік жасаған-дарын, ұрлыққа дейін барғандарын, кісі ақысына кіргендерін айтып, «молде-ке, осы біздің ахиретіміз қалай болады, Алла бізді кешіре ме?» деп талай рет сұрағанын білемін. Бұл айтуға оңай, өте қатты қиындықтарды бастан кешірген. Ол кезде әкем 16-18 жастарында екен. Бастан кешірген кейбір оқиғалары:

I
Әкем: «Менің қылмысым Өзбекстан-ға келгесін көбейді, алдыңғы қылмыс-тар жолда қалды. Ұрлық жасадым. Ол былайша болды: қасыма сегіз жігітті ер-тіп алып, күн батты дегенде ұрлыққа шығатын едік. Ұрылық – жаман нәрсе. Онша мұнша нәрсеге ұрлық жасамай-сың ғой. Қарының тоқ, қайғың жоқ бол-са тіпті жасамайсың. Елден айрыл- ғалы, қолдағы барды жеп, тауыс-тық. Адам көп. Тұрақты бір жерге орна-ласқан жоқпыз. Ел аш. Қырылып қалу қаупі бар. Танымайтын жер. Сондағы жа-сайтынымыз, ұрлыққа шығып, жылқы-сиыр алып келеміз, түннің екісіне шейін ел жайғастырып алады, азанда ешқандай із қалмайтын болады. Әр әкелгенде, төрт жылқы, төрт сиырдан айдап келеміз. Елдегі үлкен ақсақал-дарға айдап әкеліп тапсырамыз. Ол кісілер таң атқанша баяғы малды сойып, еттерін бөліп, ешқандай із қалдырмай тап-таза қылып қояды. Сосын алға қа-рай жылыжып, басқа жаққа көшеміз. Қамыстардың арасында күн көреміз» деп отыратын.
Содан әкем Досмырза 18 жастарын-да «қара жалмауыз» атаныпты. Еш нарсе-ден қорықпайды екен, жүректі екен.

II
Тағы да әкем Досмырза марқұм: «сол біздің көшіп қонып жүрген амуда-рияның бойындағы қамыстықта «жеті үй қазақ» бір қамыстықта отыр екен, өзбекстанда, Керкінің ояқ-бұяғы. Қайсы ру екенін білмеймін. Кездестік, біз үш жігітпіз. Барлығы жатыр екен, тек қи-мылдап жүрген 25-30 дардағы келін-шек, шай қайнатып отыр екен.
- Қазақсыз ба?, - дедім. Ол:
- Ия, қазақпыз. Сен ағамсың ба, інімсің ба білмеймін. Менің байымды орыстар ұстап әкетіп еді, мына шал, мы-нау балдарым, қанша күн болды жейтін нәрсеміз жоқ, осындай болып жатқан күніміз – деді. Мен айттым:
- Бүгін кешке сіздерді тойғызармын, бұйырса, «айналада кімде мал бар» дедім. Ол:
- Әне жерде бір орыс бар. Соның жақсы ала сиыры бар. Өздері төрт адам. Күндіз арқандап, жетектеп бағады. Түн-де ішкі үйге кіргізіп, өздері ауыздағы бөлмеге жатады. Сиыр салған бөлмені де құлыптап қояды, деді.
Мен жолдастарыма сол сиырды «жайғастырып» берейік дедім. Доста-рым шошып кетті. Сені «Досмырза, Дос-мырза» дегенге Құдайыңды да ұмыттың ғой деді, «өлейін деген екенсің» ол мүмкін емес деп ескертті. Содан намаз-дігер шамасында, салқынымды салып бір қарап өттім, қай жерінен барамыз деп, қарасам «балықтай семірген» сиыр екен. Орыстар «шытыри- пытыри» деп әңгімесін айтып жүр екен. Баспалдақ-тың жатқанын көрдім. Келіншек «бай-лаған жерін білемін, бірге шығайық» деді. Ол кездегі үйлер ит арқа қылып жабылады, «қақ ортасынан» тесік қалдырады. Түн болды, жұрт ұйқыға кетті, орыстың үйіне бардық, төбедегі тесіктен қарасам «көзі жалтырап, пы-шылдап» сиыр жатыр. Жауып қойған төбесін екі жаққа айырып тастадым да, арқан да апарғанбыз, жуан ағаш алып арқанды беліне байлап ішке түстім. Бір балта, бір пышақ алып барғанмын. Орыстар есікті құлыптап, өздері сыртта жатыр. Келіншекке де «ұсталып қалсақ, өз басыңның қамын қыл, ұсталмасақ менің айтқанымды істей бер» деп келін-шекке ескертіп қойғанмын. Сиырға жат-қан жерінде пышақты салдым. Тамақтан қарқыратып қан кетті. Бір кезде сиыр өзіммен алсыа кетті. Үсті басым қан бол-ды, бірақ сиырдың жаны шықты. Саны-нан кесіп алдым да арқанға байлап бе-ре бердім, келіншек тартып ала берді, екі қол екі аяғын түгелімен дымын қалдырмай кесіп алдым. Қаңқиып төрт аяғымен басы қалды. Арқанмен өзім де шықтым, баспалдақтан түсіп, етті ар-қалап үйге жеткізіп бердім. Содан жа-рамсыз заттарын дарияға ағызып, түнде келіншек майға қуырды тойып алдық, сосын етті терісіне орап қызылдың құ-мына көміп, шетінен алып жеңдер деп тастап кеттік.
Азанда орыстар шайын ішеді, енді сиырды шығарайық деп барса «сиыр-дың басын ғана» көреді. Ойбайды са-лып, айқайлады дейсің, жұрт жиналып қалды. Соны қызықтап бізде бардық. Жаңағы жерде түрікпен бар, татар бар, қазақ бар. Ойбай-ау бұл қандай адам бұл, «бүйтіпті, сүйтіпті» деп жұртқа ай-тып жатты. Мен де сөзге қосылып, «ойпырмай-ау, оны қандай қатын туды екен», «Қалайша ақылына келді екен» деп. Ей біздің көргендерді сендерге көрсетпесін» - деп отыратын. Қазақтың «қара жалмауыз» дегені де осыдан шы-ғар. Кешеге дейін, өлі өлгенше кемпір-лер, «бұл жасында жалмауыз еді» деп отыратын. Бірақ қайратты адам еді. Ақылға да бүтін адам еді. 1928 жылда-ры болған оқиғалар.

III
Тағы бір әңгіме, бір бастық орыс болған Өзбекстанда. Оның «қара қасқа» аты бар екен. Оны қос жабулап қояды екен. Сол жақтағы қазақтардың бірі «дүнияда не айтқаның болса қыламын, сен сол «қара қасқа» атты шығарсаң» депті. Орыстың үйі үлкен сарай, ағаш қақпасы болған, биік дуалдармен қор-шалған, жан жағынан адам түсе ал-майтын бастырмасы болған. Ат қызға бергісіз, бәйгеге қосып жүретін болған. Досмырза айтыпты «еш нәрсе де бол-майды, мен алып қашуға алып қаша-мын, бірақ ат тұқымсыз өтеді, сендер еркек болып сойып жей алсаңдар» депті. Олар «сойып жейміз» депті. Сон-да сұраған қазақтарға айтыпты «амуда-рияның жанына орақ, балта, құралда-рыңды дайындаңдар» мен сол атты жеткіземін депті. Түстеніп жатқанда сарайға кіреді, дарбазаның екі жағында екі салдат, мылтықпен. Ішке кіріп, туа-летке шығатын адам құсап айналаны шолып шығады, қос шылбырмен бай-лап қойыпты атты, намаздігер жақын-даған. Күн ыстық кез. Әркім ар жаққа су сеуіп, қыбыр-жыбырлап жүреді. Есік-терінің алдында әйдік сарай дейді. Бүгіп-бүгіп ат жаққа барады. Жүректі қараңыз дарбазада екі әскер бар, ол іште жүр. Бірден барып атқа мініп алып пышақпен шылбырларды кеседі да қақпаға қарай шаба жөнеледі. «Төрткүл-дің базарының ортасымен қашып жө-нелдім» дейді екен Досекең. Сүйтіп жүргенде намазшам болады. «Қалың қамысқа ұрдым» деп еске алады екен. «Артымнан парта-парт мылтық атылып келе жатыр, тауып алатын болды деп қамыстың арасына кіріп кетіп атты оқ-шатып жыңғылға байладым, аузын да байладым, кісінемесін деп. Аяғын тұса-дым. Жабуларын сыпырып алдым. Өзім барып жаттым, түнімен орыстар іздеді, іздеді, таппады. Орысшаға да судай едім, орыстың үлкені айқайлады дейді қайтайық ол бұл жаққа келген жоқ деп, «не болса да қамыстың ішінде» деді. «Ертең тауып аламыз, табылмаса қа-мысты өртейміз» депті. Сол кезде Досе-кең айтады «бір қорыққаным, сонда бір қорықтым» дейді. «Қамысты өртеймін деп айтты. Өртесе ұстап алады ғой» деп. Таң алды еді тәуекел деп атты босатып, сұрағандарға әкеліп бердім дейді. Бұлар болса «құрт, көрсетпе, бәлеңді көрсет-пе» деп айнып қалыпты дейді. Бағанағы жігітке айттым дейді «я өзіңді соямын, я атты соясың, басқа әңгіме жоқ» дедім. Сол жерде сойып пұтарлап алдық. Етін терісіне орып көміп тастадық. Сосын шетінен алып жедік. Ол кездер «сасы-ды анау-мынау» деп назданатын кез емес. «Аштықтан көңнің өзін пісіріп же-ген күндеріміз болды» деп отыратын. Қай-ратты адам еді. Ондай адамды әлі еш-кім туған жоқ. Сонда айтып отыратын еді, біздің көрген өмірімізді Алла сен-дерге көрсетпесін деп. Туған жер туған жер екен ғой. Со заманда солар айтып жылап отыратын еді. Өзіміздің жері-мізге барып өлсек арман қалмас еді деп. Айтқанда көзімізге жас келеді. Көтібарбардың баласы Тоқпанбай уәкіл бабамыз айтыпты: «сыр қуаңды бір барып көрсем арманым жоқ» деп. Өлеңі да бар, ыңылдап жылап отырып айтатын еді:
Бұхардың бір базары қидуан-ды,
Кигенде қызыл жасыл қыз қуанды.
.......
Көретін болар мекен сыр қуаңды.
Сонда туған жерін еске алатын боп тұр ғой. Сол кісілер әулие екен десең де болады, солар айтып отыратын еді «мүмкін осы балдарымыз баяғы жерле-рімізді көрсе, Құдайдың құдыреті күшті ғой» деп. Сонда мен де өзіме өзім «сол мақтаған жерлерін бір көрсем» деп ойдан кешіретін едім. Міне Алланың қалауымен қалай келіп қалғанымызды сезбей да қалдық. Құдай шебер.

IV
Әкем, осы Қонаев атамыз басшылық-қа келгенде бірталай ақсақалдармен бірге, Кәбілден бір сауатты кісіні алдыр-тып, ол кісі қоңырат ағайыннан болатын еді, мен ол кезде он бестер шамасында-мын, ұмытпасам аты Қорғанбек деген кісі, орысшаға сауаты күшті екен, «бізді Қазақстанға алдыртсын» деп арыз жаз-ған. Ол арызды Айдар Кете жеткізетін болған. Ақыры, қағазға қарап біреулер әңгіме айта ма деп қағазды қалдырып «ауызша» арыз айтатын болған Қонаев атамызға. Бұл Мазар деген қалада тұ-ратын қазақтардың арасындағы әңгіме. Сонымен Айдар Кете Қазақстанға барып келеді. Сәлемді Қонаев атамызға жет-кізген екен. Қалай жеткізсе де әйтеуір жеткізген. Сонда марқұм әкелеріміз сұрап отырды, «не болды, не болды?» деп. Ол кісі Қармақшыға барған. Қонев атамен хабарласқан. Бірақ ол кісі де ауызша былай депті: «сіздерді алдыр-туға алдыртамыз, бірақ мұнда келсең-дер, қысым болады, өмірдің көбі өтіп, азы қалғанда атамекенге келіп қиналып жатса, менің де жаным қиналады ғой. Бірақ Құдай қаласа, атамекендерін көретіндері де болады сол ақсақалдар-дың, олар өздері көрмесе де ұрпағы келер» деген екен. Кешеге дейін қа-зақстан десе, жылап отыратын еді. Төрт ақсақал жинала қойса, таң атқанша әңгімелері Қазақстан болатын еді. «Қа-зақстанды сонша мақтайды, сонда неге келді екен?» деп бала сұрақ қоятын едік өзімізге. Екінің бірінде «Әй, біз көре алмаймыз, сендер көресіңдер» деп оты-ратын еді. Қалай келгенімізді біз де білмей қалдық, Құдай шебер деген осы.

V
Біздің әкемізге руы қарабазар кете жиендері «Ауғанға қашан кетеміз» де-ген екен. Ол кезде әкем Ауғанстанды көрген емес. Естуі бар. «Пәлен жұлдызды санасаң, Ауғанға шығасың, түген жұлдыз-ды санасаң, Иранға шығасың» деп айтып отырады екен үлкен кісілер. Соншама халықтың жанын аман алып қалып, бір жерге жеткізіп орналастыру үшін «Жол-ды көрдім, Ауғанға барып келдім» деген екен, тәуекелге бел байлап. Андхойдың үстінен өткен екен. Кіркінің үстінен. Ке-тейін деп жатқанда жаңағы қарабазар «ей Досмырза! сен қайда барасың» деп-ті. «Менің 20-25 тегі қызым бар еді, ашаршылық заманында «бір кесе би-дайға» кепілдікке қойғандай беріп кет-тім бір өзбекке. Ол мұнда қалды ма, «сен қандай азаматсың?» деген екен. Сонда әкем тұрып айтады, шыдамадым дейді, «қай ауылда» деп сұраған. «Пә-лен ауылда» деген. «Жақын екен ғой» деп, көшті тоқтатып, «екі күнде тірі болсам, ол да тірі болса, жеткізем» деген екен. Достарынан бір жігітті алып екеу болып баяғы ауылға барыпты. Ол ауыл-ға да себеппен кіру керек екен. Тас диір-мен болады, соны шанаш қалтаның ішіне салып, өзбектің ауылына кірдік дейді. «Жарма, бидай тартамыз» деп. Ол себеп ғана. Әр үй кезегімен екі тостаған, бір тостаған бидайларын тарттырды. Қазақ қызды іздейміз. Ауылдың орта жағындағы бір үйге барғанда қазақ қызы шыға келді дейді. Көзге көрінгеннен «көзге оттай басылды» дейді. Ол да таныды, мен де таныдым. Қасында бір өзбек әйелмен бірге бидай тарттырып алды дейді. Екіншісінде өзі жалғыз келді дейді. Аты, ұмытпасам Фатима еді. Бүгін түнде, күн батқанда ауылдан шық, ескі диуал бар, соған қарай кел, сонда боламыз дедік дейді. Тек сен үшін келдік, әке шешең еңіреп жылап отыр. «Ауғанға кетеміз» деп шындықты айттық дейді. «Ойбай келем» деп айтты дейді. Асырдың кезінде, ауыл адамдарына көрініп, ауылдан шығып кеткен адам құсап шығып кеттік. Айтқан жерде күттік. Күн батты, түн жарым болды. Екі көзіміз жолда. Бір кезде қыз келді, ауыр түйін-шегі қолында, бізге жан қайғы, ол киім-кешегін түгендеп әкеліпті. «О, Фатима жан, мұның не?» дедік те, қолымызға алып сәл жүргесін қараңғыға білдірмей тастап кеттік. Содан жүгіріп отырдық, екеуміз екі жағындамыз, ортаға алып шауып келеміз, арадан бір сағаттай өтті, қалыс-пай жүгіріп отырды. Қыз баланың қа-лыспай шапқанына қайран қалып келе-міз. Бір сағаттан кейін әлсіреді. Ең азын-да алты сағаттай жүруіміз керек. Сосын қолтығынан демеп, аяғын жерге тиер-тимес етіп алып шаптық дейді. Сау-аман ата анасына әкеп тапсырдық. Ертесі күні Ауғанға өтіп кеттік. Сондай қиындық-тарды көрдік. Алла бізді кешіре ме екен?» деп отыратын еді марқұм.

VI
Тағы бір әңгіме Досмырза әкеміз туралы: шекарадан әрі-бері өтіп жүрген кезі екен. «Андхойдың бер жағындағы құм, тас қараңғы кез, арада су бар, сол су шекара, содан өттік. Ел кетіп барады, бір ыңырсыған дыбыс естідім, өте әлсіз, болар болмас естілед. Қапталыма қа-расам үш жасар қыз екен, жаңа тілі шы-ғып сөйлеп жүрген, кіндікке дейін құмға көмілген екен, ата анасы алып жүре алмаған болса керек, көміп кетіпті, сонда қыз «апа, апа» деп «құмды аршып» отыр екен. Ол да бір көш, шұбырған қазақ, жасы бар кәрісі бар, бір қора ел, арасында мен де бармын, өтіп кеттік, ешкім «балаға» қарай алмады, мен де өтіп барамын. «Әй» дейтіндей жерге барғанда, бір кезде жүрегім айтты дейді Досекең, «әй талай істі істедің ғой, кел осындайдың шара-патынан Алла қылмыстарыңды кешер ме екен деп, «сол қызды мен алып кетейін» деп шештім. Артыма қайтып келіп қызды құмнан суырып алдым, тіп-тіке көмген екен, иығыма салып алдым. Ішетін суымыз бар, ешкімге ешкім еш- нәрсе бермейді, жан қайғы. Дереу құмға отырып, қыздың аузына, жаман шапа-ным бар, соның мақтасын жұлып алып қыздың аузына су тамыздым» дейді. Сүйтіп отқанда мен қалып кетіппін. Адамдардың бәрі кетіп қалған. Қызға жан бітті, сөйлейтін болды. Арттарынан қуып жеттім сегіздер шамасында Андхойға жеттік. Барған қазақтарды Ауғандар бір сарайға қамап жатқан екен. Зайыршаның жаңа патша болған кезі екен. Қазақтарды санап жатыр екен. Көппіз. Бір кемпірдің қолына бердім. Шәй ішіп, тамақ жедік. Қызға да нанды езіп жегіздім. Кемпір айтты дейді, «Досмырза, мұны қайдан таптың?» деп. «Ой, ағамның қызы еді ғой. Бұрыннан қолтығыма тығып келе жатыр едім» деп әзілдепті. Таныс табыла ма деп жан жағыма қарайладым. Аққұба келген келіншек сарайдың ішінде еңіреп жы-лап отыр екен. Қарасам қыздың түрі келіншекке ұқсайды. Бір шал кемпірдің қасына отырды. Шөмекейдің Сарбайы-ның әйелі екен. Сәлем бердім ата деп. Он сегіз жасар едім. Қайдан келдің деп айтты. Қазақстаннан келдім. Өзбектен келдім. «Балам, қара судың бер жағын-да бір бала көрмедің ба? Қыз бала еді. Құдайдың қарғысына ұшырадық, соны алып жүре алмай тастап кеттік. Келіннің қызы, күйеуі «байқұлаққа» ұсталып сі-бірге айдалып кетті. «Құдай төреші ғой, кім білер табылып қалар» деп айттым. «Ай табылмайтын шығар» деді. Сонда барып «ата, мен тауып әкелдім» дедім. «Балам сен егер тауып келген болсаң осы қыздың шешесін де саған бердім балам» деді. «Мен, жоқ қыздың шешесі керек емес» дедім. Құдайға берген сө-зімді орындағым келді. Қызын әкеп бергенімде, анасына маңыраған қозы-дай «қыз апа» деп ұмтылды, «анасы балам деп ұмтылып» қауышты. Досекең айтып отыратын еді, кейін үлкейгенде «сол қыздың тойын жедім-ау» деп. Егер Аллаға берген сөзім болмағанда анасын алар едім, «Құдайға жалынып едім, сол уәде бұзылмасын деп алмадым».
Ол кісінің істері айта берсе таусыл-майды. Жастайынан ел-жұртқа қамқор-шы болған. Үлкейгенде елдің ақсақалы болды. Бұл қазақ көп қиындық көрген. Құдай өзі кешірсін қазақтың осы кезі, қайтадан ес жиып келе жатқан кезі ғой. «Елге де нәубет, жерге де нәубет» депті бұрынғылар. Айналып келгенде орыс-тың қылған ісі болды. Сүттей ұйып отыр-ған елдің тым-тырақайын шығарды. Ұлынан айырылғандар қанша, қызынан айырылғандар қанша, баласынан айы-рылғандар қанша?!
Қағазға түсірген
Сайпулла МОЛЛАҚАНАҒАТҰЛЫ

Қаралым саны 1782

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463