Жаңақала жылнамасы

«Жаңақала ауданы» энциклопедия-сы 2016 жылдың соңында Алматыда- ғы «Арыс» баспасынан басылған. Осы кітапта ауданның жалпы құрылымы, эк-номикалық-әлеуметтік қарымы, көрнек-ті тұлғалары, табиғи байлығы мен тари-хи-мәдени жәдігерлері, жануарлары мен өсімдіктер дүниесі жөнінде жан-жақты мағлұмат берілген. Энциклопе-дия 480 беттік.

Энциклопедия құрылы-мы бірнеше бөлімге бөлінген. Мәселен, «Маңызды уақиғалар тізбегі», «Кіші жүз руларының таңбалары мен ұрандары», «Кіші жүз хандары», «Қамыс-Самар қи-сымының правительдері», «Социалистік Еңбек Ерлері», «Ленин орденінің иегер-лері», «Аудан бойынша «Алтын алқа» белгісімен марапатталғандар» бөлімде-рі бар. Айта кетейік, аталған жинақ Тә-уелсіздіктің 25 жылдығына шашу ретін-де шыққан.
Шежірелі Жаңақала өлкесі туралы тағы бір еңбек – «Қамыс-Самар-Жаңа-қала: өткені мен бүгіні». Кітап 2016 жы-лы «Арыс» баспасында басылған. 640 беттік. Шежіре-кітап өткен ғасырдың отызыншы жылдарынан бастап, «Жаңа-қала» деген атау алған, одан бұрынырақ «Қамыс-Самар қисымы» аталған қасиет-ті өлкенің бүгінгі болмыс-бітімін бейне-леген. Өңірдің өркендеуіне үлес қосқан адамдар өмірі осында жинақталған. Со-нымен қатар «Дүбірлі жылдар жаңғы-рығы», «Тарих тағылымы» бөлімдері оқырманға ұнайтыны хақ.
Жалпы екі еңбек те туған ел, өскен жер тарихын, мәдени құндылықтарын білуге құштар оқырманға арналған.

Қаралым саны 1962

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463