Биіктігі 130 см, ені 40 см-ге жуық құлпытастың алдыңғы жағына «Ішкі ордалық қазақ халқының ханы Жи-һангер Бөкей хан ұлы құзырында ахун, қази, қажы харрамаин, тархан Жабир Хамад ұлы рахматлы Бөкей ханға 1811 жылда имам болып, 1826 жыл ахун болды, 26 (жыл) ахундық дәуренді сүріп фаниден бақиға са-пар қылды 93 жасында 1875-нші жылда 16 саратанда бұл тасты жа-зып қойды ықыласына Қазан сау-дагері Насиболла Нығметолла ұлы» деп, артына өлең жолдары жазы-лыпты.
Құлпытастағы жазуларды тарихи деректермен, мұрағат құжаттары-мен салыстыра отырып, зерттеу нә-тижесі осы мақалаға арқау болды. Алдымен қолға алған «История Бу-кеевского ханства 1801-1852гг.» құ-жаттар жинағындағы 1840 жылы 3 маусымда толтырылған формуляр-лық тізімде:
Аты-жөні мен жасы: қази Джа-бир Хаммадов, 50 жаста.
Қызметі қандай, қай жылдан, айдан және күннен? Ордада ахун және қази атағындағы діни тұлға.
Шені, нақты қандай, медаль, сыйлық, мақтау қағаздары, алғыс алған ба, қашан және не үшін? 1824 жылы қази, яғни жоғарғы діни тұлға дәрежесін алды, ерен еңбегі мен үздік қызметі үшін 1815 жылы 10 мамырда Бөкей сұлтаннан және 1821 жылы 1 қазанда Ішкі Орданы басқарушы Шығай сұлтан Нұра-лыұлынан мақтау қағазын алған.
Орысша және татарша хат тани ма? Татарша біледі, оқиды, жазады. Араб, парсы тілдерін біледі және оны Ішкі Қазақ Ордасындағы кейбір сұлтандардың балаларына үйретуде.
Отбасын құрған ба, неше әйелі бар, есімдері кім, балалары бар ма, есімдері кім және неше жаста? Әйелі Мируфа 37 жаста, ұлы Ғабдусаттар 5 жаста, қыздары Бибиғайша 11, Гүл-жамал 3 жаста және Нұржамал 1 жаста.
Айып салынған ба, сотталған ба? Болмаған.
Марапаттауға лайық па және тәртібі қандай? Тәртібі үздік және әдепті, марапатқа лайық делінген. Яғни құлпытастағы жазумен сәйкес келіп тұр.
Жабир Хамадұлы Бөкей ханнан және одан кейін уақытша ел басқар-ған Шығай сұлтаннан марапат қаға-зын алса, Жәңгір тұсында тархан, ахун дәрежелері берілген. Мұсыл-манның бір парызы – қажылыққа екі мәрте барған. 1874 жылдың 2 жел-тоқсанында генерал-адъютант Кры-жановский Уақытша кеңес төрағасы-на Жабир Хамадовқа (құжатта Забир Хамматов) әйелімен бірге Меккеге қажылыққа баруына Ішкі Істер Ми-нистрлігінен қарсылық болмағанын, соған орай төлқұжат берілетіндігін жеткізген. Құжатта: «Управление Оренбургского генерал-губернатора декабря 2, 1874 года №5155. Госпо-дину Председателю Временного Совета по Управлению Внутреннею Киргизскою Ордою. Господин Ми-нистр Внутренних Дел, вследствие сделанного с ним сношения, уве-домляет меня, что со стороны Ми-нистерства Внутренних Дел не встре-чается препятствия к увольнению ахуна Внутренней Киргизской Орды, Забира Хамматова, с женою на бо-гомолье в Мекку с соблюдением условия, изьясненного в циркуляре Министерства от 29 прошлого ок-тября за №127. ... паспорт Ахуну Хамматову будет выслан из канце-лярии Генерал-губернатора по полу-чении о том требования Управления Внутренней Киргизской Орды, с объяснением на какой срок он отправляется за границу. Генерал-адъютант Крыжановский. Управ-ляющий канцеляриею Холодков-ский». Жасы тоқсандағы ахунның алыс сапарға шығуға қорықпай, әре-кеттенуі таң қалдырды. Бұл қажы-лыққа ахун барды ма, бармады ма, ол туралы қолымызда дерек жоқ. Тек Жабир Хамадовтың жесірі ахунша Мегри-Уфа (Мируфа) Хамма-дова (құжатта жазылуы бойынша) Ішкі Қазақ ордасын басқару жөнін-дегі уақытша Кеңеске 1875 жылдың 26 қыркүйегінде жолдаған хатында отбасы жағдайына байланысты Астрахан қаласына бару үшін бір ай мерзімге заңдастырылған куәлік бе-руін және жоғарғы басшылықтан Меккеге баруға рұқсат берілсе, Астрахандағы 3-полиция бөліміне хабарлауын өтініп хат жолдайды. Хат соңынаوفه حمادوفه مهرى (Миһри-уфа Ха-мадова) деп қол қойған.
Ахунның жоғарыда аталған тізім-дегі Бибиғайша есімді қызының құл-пытасы осы қорымда екенін бұрын-нан білетінбіз. Құлпытаста «Бұл қабір Ғұмар Абулфара баласының әйелі Бибиғайша қази Жабир тархан қызы сабғун ишрин (жиырма жеті) 1856-ншы руми жылы» деп жазылған. Жоғарыдағы құжаттарды негізге ала отырып есептегенде 27 жасында дү-ние салған. Ал ұлы Ғабдусаттар ту-ралы «Бөкей хандығының тарихы 1801-1852 жылдар» кітабында» «Габ-дусаттар (1833/1835), имам и хатиб (с 1852), сын ахуна Джабира Хамма-дова, в 1860 г. Совершил хадж в Мекку деп жазылғанымен, артық дерек, не құжат қолға ілінбей отыр. Ол да әкесінің ісін жалғап, мұсылман дінін берік ұстанып, насихаттаушы болған.
Бөкей ордасында болған А. Ев-реиновтың «Внутренняя или Букеев-ская, Киргиз-казачья орда» атты ең-бегінде Ордадағы молдалар саны хан Жәңгір билеген тұста көбейгенін баяндайды. Жәңгірге дейін 15-ке жуық молла болса, дінге басты назар аударған хан білімімен, білігімен та-нымал, тәртібі мен тәрбиесі мықты татар молдаларын шақыртып, олар-ға қазақтарға мұсылман дінін үйре-туді тапсырған. Олардың ішінен жақ-сы меңгергендерін өзі тағайындаған ахунға емтихан қабылдату арқылы молда болуға рұқсат бергізген. Ол үшін арнайы мешіт те салдырған. Бөкей ордасындағы дінбасылары туралы 1845 жылғы 13 қарашада жазылған тізімде: 1) Ахун и тархан Джабир Хаматов, живет в собствен-ном доме, жалованье не получает, а пользовался от хана весьма значи-тельными подарками, простираю-щимися до 4 тыс. руб. ассигнациями и землями, весьма обильными се-нокосными местами и всякими удоб-ностями для скотодства, с чего и получает пользы в год до 3 и более тыс. руб. ассигнациями; 2) Азянчи, молла Казанской губернии Губай-дулла Баширов, живет в собственной землянке, жалованье не получает, а пользовался от хана подарками, простирающимися до 500 и более руб. ассигнациями; 3) Мулла, необходимый во время молитвы в мечети, Казанской губернии Тажид-дин Габдуджалялов, жалованье не получает, а пользовался от хана по-дарками, простирающимися до 500 и более руб. ассигнациями, квар-тирою, отоплением, освещением и пищею – Ішкі орданы басқарушы сұлтан Әділ Бөкейханов мөрін соқ-қан бұл құжатта одан әрі әр руда қазақтардан бірнешеуден 130-ға жуық молда бар екендігі жазылыпты.
Ел ішінде Жәңгір хан қазақтарды мешітке еркінен тыс айдатып кіргіз-ген, озбырлық көрсеткен деген әң-гімелер де айтылады. Молда етіп тағайындағандарға мешіт пен оқу орындарын салдыру, жастарды сауаттылыққа үйрету, күн сайын Аллаға сыйынуды талап ету, ораза ұстауға, жұма намазын молдамен бірге оқуға үгіттеу тапсырылған. Балаларға жақсы есімдер қою, ер балаларды сүндетке отырғызу, жас-тарды некеге отырғызу, дүниеден өткендердің жаназасын шығару молдаларға міндеттелген. Бұған қо-са ұрлықпен, заңға қайшы іс-әрекет-термен айналыспауға, қарапайым қазақтарға зорлық-зомбылық көр-сетпеу, бай-манаптарға зекет беру туралы түсініктер тарату да молда-лардың міндетіне кіргізілген. Ішкі ордаға мұсылман дінінің діңгегін бе-рік қаққан хан Жәңгір мектеп ашқан кезінде де оқу процесіне діни пән-дерді енгізуді қағыс қалдырмады. Ханның жазған талаптарының орын-далып отыруын қадағалау бас ахун Жабир Хамадовқа міндеттелсе ке-рек. Фатима ханым өсиетнама жаз-ғанда мөр соғып, қол қойып куә-ландырған Жабир Хамадов пен мол-да Айтуған Мұстафин болатын.
Жәңгір ханның бұл әрекеті Ресей үкіметіне ұнамағаны соншалық, ге-нерал-адъютант В. А. Перовский Мемлекеттік мүлік министрі П. Д. Ки-силевке: «...но более всего нанесло вред России управление Джангира распространение в Орде магометан-ства ... без существования в Орде хана Джангира ... могла бы совер-шенно изгладиться и простой народ, не имевший никакой религии, тем доступнее оказывался бы к восприя-тию христианства. ... Такую вредную услугу оказал России хан Джангир» - деп жазған. (кешен қорынан)
Хан кезінде Жәңгір салдырған ел ішінде Хан мешіті болғаны белгілі, бірақ оның қай кезде жоғалғаны туралы дерек әзірге кешен қорында болмай отыр. 1870 жылы жазған бір хатында Хамадов Хан ставкасындағы соборный мешіттің ахуны деп көр-сеткен. Ордадағы қазақ мешіті 1888 жылы, татар мешіті 1895 жылы салынды деп жүрміз. Сонда ахун қай мешітті көрсетіп отыр? Бұл да тарихи зерттеуді талап ететін жайт.