Қазіргі кезде еліміздің бостандығы үшін күрескен қазақ зиялы қауымының ерен еңбегі ескерусіз қалған жоқ. Бұл туралы ҚР Президенті Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында үлгілік негізде ерекше мән берілген. Онда «Әжептәуір жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады. ...Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығы емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады. Сондықтан әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек» [1, 5б] деп көрсетеді.
Сондықтан «болашаққа бағдарлан-ған ұлттық жоспардың» табысты болуы елбасымыз айтқандай: «бұл жұмыста шығармашылық зиялы қауым .... үлкен рөл атқаруы тиіс. Біз заманауи мәдениетіміздің қандай өкілдері әлем-дік аренаға жол тартуы керектігін анық-тап алуымыз керек» [1, 24-б]. Ендеше, бүгінгі таңда қазақ елінің ертеңі үшін жан аямай қызмет еткен қоғам қайрат-керлерін, оның ішінде ХХ ғасырдың ба-сындағы ұлттық мемлекеттілік жүйенің заманауи үлгісін ұсынған, ұлттың кодына айналған Алаш қайраткерлері-нің өмірі мен қызметін ғылыми түрде зерттеу және насихаттау басты нысанға айналуы тиіс.
Рас, Алаш қайраткерлері туралы бұ-ған дейін де айтылып та, жазылып жүр. Дегенмен ХХ ғасырдағы 70 жыл үстемдік құрған Кеңес дәуірі кезеңінде денсаулық сақтау ісінің ұйымдастыры-луының басында болған, халықтың сау-лығы үшін жан аямай еңбек сіңірген қоғам қайраткерлері, білікті ағартушы-лар мен дәрігер мамандар маңызды орын алады. Әрбір маманның еңбек жолы өз алдына үлкен тарих, зерттелуді қажет ететін үлкен жұмыс екені айтпа-сақ та белгілі. Солардың бірі де бірегейі – Батыс Қазақстан өңірінің тумасы, Алаш қайраткері, білікті және қазақ даласын-дағы алғашқы дәрігерлердің бірі Есен-ғали Керейұлы Қасаболатов. Есенғали Керейұлы Қасаболатовтың өмір жолы мен қызметі туралы қазіргі кездің өзінде бірі білсе6 бірі біле бермейді. Өйткені сонау ХХ ғасырдың басында еуропалық білім алып, көкірегі ояу, зиялы азамат ел үшін қызмет жасап, мемлекеттік дең-гейдегі лауазымды жауапты қызметтер-ді атқарып, кемелденген шағында 1930-40 жылдары саяси қуғын-сүргіннің құр-банына айналды. Оның Алаш зиялыла-рымен қарым-қатынастарына қарап, өкімет тарапынан сан түрлі жауаптарға тартылды. Дегенмен ғұмырының біраз бөлігін ұлт қамқорлығына арнаған қай-раткер, дарынды дәрігер Есенғали Қаса-болатовтың өмір жолы мен қызметі – кейінгі ұрпаққа танып, үлгі боларлықтай өнегелі жол.
Е. Қасаболатов туып-өскен орта
Қасаболатов Есенғали Керейұлы 1889 жылы Орал облысы Калмыков уезінің Антоновка селосында (қазіргі Ба-тыс Қазақстан облысы Ақжайық ауд.) қарапайым ауыл қазағының отбасында дүниеге келген. Қайраткердің әкесі Ке-рей Қасаболатов Калмыковтың Анто-новка стансасындағы белгілі ауқатты қазақтарға жалшы болып жүріп, отбасын асыраған. Өзі ауыл молдасынан, кейін бастауыш білімін алған әке еті тірілігінің арқасында Калмыков уезіне қарасты 3-ауыл маңынан еншіге жер алып, шаруа-шылықпен айналысады. Мал бағумен қатар шөп шабатын, балық аулайтын, егін егетін дамыған шаруашылығы бар ауқатты шаруа дәрежесіне жетеді. Қазірде Қасаболатовтардың отбасының шаруашылық жерінен қалған «Керейдің Оры» деп аталатын атажұртының орны әлі де бар көрінеді [2, 219-б].
Есенғали Қасаболатовтың нағашы-лары – Антонов форпостында тұратын казак-орыстар. Бір деректе оны Калмы-ков уезінде туды десе, екінші бір де-ректе Ілбішін уезінде туды дейді. Екеуі де шындыққа келеді. Калмыков уезі (Тайпақ ауданы сияқты) патша заманын-да таратылып, Ілбішін (қазіргі Чапаев) уезіне қараған. Яғни бұрын уезд орта-лығы Калмыков (Тайпақ) болса, енді Іл-бішінге (Чапайға) бағынған.
Есенғали Қасаболатов 1901 жылы Калмыковтағы орыс-қазақ мектебінен сауатын ашып, кейін 1909 жылы Орал-Теке қаласындағы реальдық әскери училищеде оқиды. Орал әскери губер-наторының куәландыру анықтама-сында Есенғали Қасаболатовтың Орал әскери-реалды училищесін бітіргендігі, өрескел тәртіпбұзушылықтың болма-ғандығын растағаны тіркелген және әскери қызметтен босатылғанын жаз-ған. Есенғали Қасаболатов Орынбор оқу бөліміне жолдаған өтінішінде латын тілінен сынақ тапсыруға рұқсат сұраған. Содан кейін 1903 жылдың тамыз айын-да Орал әскери-реалды училищесіне оқуға түскен курсант оны 1909 жылдың 6 маусымында толықтай аяқтап шығады [3, 112-б].
Ал бір жылдан кейін 1910 жылы училище жанындағы жоғары оқу орны-на түсуге даярлайтын 1 жылдық курсты аяқтайды. Сол жылы Саратов универси-тетінің медицина факультетіне қабыл-данды [4, 358-б]. Ол 1910 жылы Импе-ратор атындағы Саратов медицина уни-верситетіне қабылданып және «Ерікті тыңдаушы» студент болған. Есенғали Қасаболатов 1912 жылы 27 сәуірде Са-ратов губерниясының Петровск уезінің Сулавка деревнясының Сүлеймен Ахма-летдинұлы Мұхитдивтың қызы Бибі Айшаға үйленуге рұқсат сұраған, 23 мау-сымда рұқсат берілген. Есенғали Қаса-болатов 1915 жылы чума ауруының шы-ғуына байланысты Орал облысының Гурьев, Темір, Ілбішін уездеріне іссапар-ға жіберілген. Сондағы қызмет жасаған кезінде Император атындағы Саратов медицина университетіне емтихан тап-сыруға рұқсат сұраған екен.
Алаш автономиясы, Кеңес билігі және Е. Қасаболатов
Студент кезінде мерзімді басылым-дарға бірнеше мақала жазған. «Қазақ» газетінің басқармасы 1914 жылы 1-нөмі-рінде белсене атсалысқаны үшін алғыс айтқан 16 автордың бірі. Есенғали 1915 жылы университеттің толық курсын аяқтап, дәрігер мамандығын алып елге оралды. Калмыков уезінде Жылықоныс ауылдық-дәрігерлік учаскесінде дәрігер болып қызмет етті. Бұл жөнінде «Қазақ» газеті 1915 жылы 25 маусымдағы нө-мірінде «Жас доктор» деген шағын ма-қаламен хабарлады. 1916 жылы қазақ-тан тыл жұмысына адам алуға байла-нысты туындаған толқуға қатысып, ал-ғашқы кезде еріктілер жасағын құруға атсалысты. Кейін «Қазақ» газеті бе-тіндегі түсінік жұмысынан соң Алаш қайраткерлерінің соғыс жағдайындағы уақытша үкіметке көмектесу жөніндегі үндеуін қолдады, майдандағы қазақ жасақтарына бас-көз болып, дәрігерлік көмек ұйымдастыруға шақыруын қабыл алды. М. Дулатов 1917 жылы наурызда «Қазақ» газетінде майданға шақырыл-ған дәрігерлерден Ә. Алдияров пен Е. Қа-саболатовтың Минскіге келетінін ха-барлады [2, 220-б].
1917 жылы шілдедегі І Жалпықазақ сиезіндегі Құрылтай жиналысына депу-таттыққа қосымша ұсынылған 43 канди-даттың тізіміне енді. Сол жылы жазда елде Земство Сиезін шақыру жөніндегі уездік ұйымдастыру комитетінің жұмы-сына қатысты, осы орайда И. Қашқын-баев, М. Балтанов бастаған топпен, ара-да ру алакөздігінен туған қақтығысқа араласты. Қыркүйектен бастап Ғ. Әлібе-ков тобына қосылды. Сол шамада Ғ. Әлі-бековтың қызына үйленді.
1917 жылы желтоқсандағы ІІ Жалпы-қазақ сиезінде Алаш автономиясының Уақытша Ұлт Кеңесі (Алашорда) мүшесі-не кандидат (мүше орынбасары) болып сайланды. Бұл сиезді ұйымдастырушы-лар – Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Е. Омаров, С. Досжанов, М. Дулатов. Сиезге Самарханд облысы мен Алтай губерниясы атынан 58 өкіл, әр түрлі қазақ ұйымдарынан 8 өкіл, арнайы шақырумен 15 адам, барлығы – 81 адам қатысқан. Алғаш болып баяндаманы Ә. Бөкейханов жасады [5, 26б]. Бұл туралы Сәкен Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» тарихи романында жазылған. Онда сиезд Орынборда 5-13 желтоқсан-да болды деп хабарлайды. Сиезге Қа-зақстанның барлық 8 облысынан өкіл-дер қатысқан [6, 72-б]. Сиезде қаралуға қойған мәселелер:
1. Сібір, Түркістан автономиясы және оңтүстік-шығыс одақ туралы;
2. Қазақ-қырғыз автономиясы;
3. Милиция туралы;
4. Ұлт кеңесі
5. Оқу мәселесі;
6. Ұлт қазынасы;
7. Мүптилік мәселесі;
8. Народный суд;
9. Аулное управление;
10. Азық-түлік мәселесі.
Қаралған мәселелер туралы қаулы қабылданып, әскер жинауды қолдап, «Алашорда» үкіметін сайлайды. Алашорда басшылығына мына адамдар сайланады:
1. Бөкейліктен – Уәлитхан Танашұлы.
2. Оралдан – Халел Досмұхамедұлы.
3. Ақмоладан – Айдархан Тұрлы-байұлы.
4.Торғайдан – Ахмет Бірімжанұлы.
5.Семейден – Қалел Ғаппасұлы.
6. Жетісудан – Садық Аманжолұлы.
7. Сырдариядан – Мұстапа Шо-қайұлы.
Бұдан әрі облыстардан тысқары: Әлихан Бөкейханов бастаған 8 адамның тізімі, оларға орынбасарлыққа сайлан-ғандар – Ғайса Қашқынбайұлы бастаған 15 адамның тізімі келтірілген. Олардың ішінде бесінші болып Есенғали Қасаболатов пен Сәлімгерей Нұралыха-новтың да есімі бар [6, 73-б].
Сол Орынборда болған ІІ жалпы-қазақ сиезінде қазақ зиялылары көзқа-растары екіге жарылады. Ә. Бөкейханов, М. Дулатов, А. Байтұрсынов, Х. Ғап-пасұлы бастаған топ қазақ «Біраз ми-лиция жасап алған соң жариялайық» деп ұсынады. Ал екінші топ қазақ ав-тономиясын кешіктірмей, «...Бүгіннен бастап жариялаймыз» деген Халел және Жанша Досмұхамедовтер өз ойларын білдіреді [5, 27-б]. Кейін Орынбордағы әскери қақтығыстар барысында Ә. Бөкей-ханов бастаған алаштықтар Семейге ке-ліп қаланы «Алаш қаласы», «Алаш орда-ның Шығыс бөлімі» деп атап кетеді. Ал Жанша мен Халел Досмұхамедовтар-дың жақтастары Оралға келіп орнала-сып, өз әскерін жасақтайды. Орал өңірі-не келгеннен кейін Жымпиты қаласына келіп, өздерін «Алаш Ордасының Батыс бөлімі немесе Ойыл уәлаяты» деп ата-ды. Үкіметтің тағы бір бөлігі Жетісу облы-сында әрекет етті [7, 142].
Е. Қасаболатов 1918 жылы қаңтарда алашордалықтардың Қаратөбеде өткен ІІІ Орал облысының Қазақ сиезіндегі идеялық емес, топтық жікке бөліну тұ-сында Жаһанша және Халел Досмұхаме-довтер жақтастарына қарсы шықты. Бұл жағдай туралы С. Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» романында сыни тұр-ғыда болса да, жақсы жазылған. Онда «сиезге жиналғандардың ішінде соңы-нан коммунист болған осы күнгі өзіміз-дің Кенжеұлы, Қасаболатұлы, Мырзаға-лиұлы, Қаратілеуұлы, Жолдыбайұлы, Қангерейұлы, Епмағамбетұлы, Әлібек- ұлдары бар. Бұлар онда болъшевик емес. Қаралатын мәселелердің зоры: әскер жасау, үкімет құру, қаражат ақша жинау. Ақша жинау мәселесіне келген-де сиез екі жікке бөлініп, айтысты да қалды. Бір жағы көп, бір жағы аздау. Көпшілік жағы – Досмұқамбетұлдары жағы. Бұлар: ақшаны жинағанда «үй басына, от жаққан түндік басына жүз (100) сомнан салайық» деді. Азшылық жағы Ғұбайдолла Әлібекұлы, Епмағам-бетұлы, Жолдыбайұлы және Қасабо-латұлы, Мырзағалиұлдары бар. Бұлар «байға байша, кедейге кедейше» са-лайық деді. Сөз қызды. Талас күшейді. Екі жақ та өз ұйғаруларын дәлелдеп, сиезге кезек-кезек баяндайды. «Дә-лелдер» күшті» - деп суреттейді [6, 120-121-бб]. Сонымен бірге автор сиездің мешітте өтіп жатқанын, оның іші лық толы кісі, ал ішке кіре алмаған бұқара халық ашық терезелерден бастарын сұғып, талас сөздерді тыңдайды деп жазады. «Байға байша, кедейге ке-дейше. Жарлыға тіпті салмау керек» деген сөздер терезеден сығалап тұрған кедей бұқаралардың қышыған жер-лерінен шыққандай. Кейбіреулері қош-тап, терезеден айқайлайды». Сиез мүшелері бір шешімге келе алмай, түстен кейін қайта жалғасады. Мұнда Алаш көсемдерінің бірі Петербордағы мұсылмандар кеңесінің қазақ атынан кірген мүшесі Жанша Досмұхамедов сөз алады. Оның сөзі дәлелдірек әрі өтім-дірек болып шықты. Дегенмен артынан дауысқа салған кезде Ғұбайдолла Әлі-бекұлы мен Есенғали Қасаболатұлы тұрып, сиезге және басқармаға қарап: Біз мұны дұрыс деп білмейміз. Біз бұл қарарға бағынбаймыз, - деді. Сиез ду көтерілді, опан-топан басталады. Кей-біреулері қаша жөнеледі, кейбірі аңы-райып тұрып қалады. Жанша Досмұха-медов столға секіріп шығып, қолын жайып, басым дауыспен «Уа жамағат, тоқта!. Бұларың қалай? Сабыр қыл! Тоқта!...» деді. Жұрт басылады. Енді сөз Қуанай қазіретке көшеді. Ол: - Мына мешіттің ішінде бұл қай масқараларың? Тастаңдар араздықты! Қане, татуласың-дар! Ғұбайдолла, Нұрғали, қарағым Есенғали, Молдағали, Сәлімгерей! Қане, құшақтасыңдар! Ана Жаншамен, ана Қа-лелмен! –деп басу айтып сөйлейді. Жа-ңа ғана жауласып отырған екі жақ ай-қасып, арсалақтап құшақтасты [6, 124-б].
Алайда Қаратөбе съезіндегі оқиға-дан кейін екі жақ өзара татуласқандай болғанымен, отасып кете алмайды. Алашорда мүшелері саналған Ғұбай-долла Әлібеков, Есенғали Қасаболатов, Мырзағалиев, Молдағали Жолдыбаев, Қаратілеуұлы бөлініп, өз партиясын құр-мақшы болады. Жаңа партия «Ақ жол» деп аталады. Бұл бұқарашыл, қалың ке-дей халықтың мүддесін көздейтін пар-тия деп саналады. Есенғали Қасабола-тов съезден соң құрылған құрамына 13 мүше енген осы аталған «Ақ жол» саяси партиясының (ұйымының) төрағасы болады.
«Бұлар өзара сөйлесіп, Епмағам-бетұлы, Кенжеұлы, Қаратілеуұлын Темір уезіне жібереді. Қасаболатов, Мырзаға-лиев, Әлиасқар Әлібеков Орал (Теке) қаласына жіберілді. Өзгесі Жымпиты маңайында «Алашорда» төңірегінде қалды.
Епмағамбетов, Қаратілеуов, Кенже-ұлы Темірге барып, біраздан соң орыс-тармен бірігіп, жергілікті үкіметті алып, Жымпитыдағы «Алашордаға» бағынбай, әрекет жасайды.
Ал Е. Қасаболатов, М-Х. Мырзаға-лиев, Ә. Әлібеков Орал қаласына келеді. Ол кезде, 1918 жылы жазғы уақыт бол-ған. Орал қаласында үкімет казак-орыс-тардың (атты казак, власть войскового казачьего правительства) қолында бол-ған. Бірақ ол кезде Оралда (Текеде) ка-зак-орыс үкіметімен жарыса, больше-виктер Совдеп (Кеңестік басқару ор-ганы) жасауға әрекеттеніп жатқан.
1918 жылы наурызда өткен Орал об-лысында жұмысшы, шаруа, солдат және қазақ депутаттарының І Сиезіне Е. Қа-саболатов, М-Х. Мырзағалиев, Ә. Әлі-бековтер де қатысады. Бұларда белгілі қазақ қайраткері, ақсақал Бақытжан Қа-ратаев пен Әбдірахман Әйтиев белсен-ді жетекшілік жасаған. Е. Қасаболатов, М-Х. Мырзағалиев, Ә. Әлібековтер бас-таған топ Оралда Бақытжан Қаратаев-пен кездеседі. Олардан 1-2 винтовка сатып алмақ болады. Сол жылы 29 нау-рызға қараған түні Мұфтах Меңдіға-лиевтің пәтерінде заңсыз қару сақтаға-ны үшін Е. Қасаболатов, М-Х. Мырзаға-лиев, Ә. Әлібековпен бірге жергілікті казактар үкіметі тарапынан тұтқындал-ды. Көп ұзамай Жайық сырты қазақтары Земство управасы төрағасының орынба-сары К. Жәленовтің көмегімен босатыл-ды. Бұл оқиғадан кейін Е. Қасаболатов Жымпитыға қайта оралады [6, 124-б].
1918 жылы күзде Самарадағы Құ-рылтай жиналысы мүшелері комитетті (Комуч) тарапынан мойындалып, күше-йе бастаған Батыс Алашорда үкіметінің қызметіне қайта араласты. 1919 жылы қаңтарда Қаратөбе ауданында өткен Ойыл облысы Земство управасы төра-ғасы Б. Жаңқадамовтың орынбасары болып сайланды. Сол жылы тамыз айындағы Қызыл армияның шабуылы тұсында Алаш әскер құрамаларын то-лықтыру үшін құрылған комиссияны және жүзбасы Балғымбаевтың конвой командасын бастап, Жымпиты, Калмы-ков, Тайпақ өңірінде әскерге жігіт алу жұмысын жүргізді. Батыс Алашорданы тарату кезінде Жымпитыда болды. Ба-тыс Алашорданы тарату жөніндегі ко-миссияның мүшесі, Қазәсревком өкілі С. Меңдешевке кейін «Қасаболатов тобының мәлімдемесі» деп аталған мәлімдеме тапсырылады. Онда Батыс Алашорда қызметі жөніндегі алғашқы-лардың бірі болып неғұрлым толық мәлімет берді. 1920 жылдың басында М-Х. Мырзағалиев, М. Жолдыбаевпен бірге Ә. Әлібеков төрағалық еткен Жым-питы уездік ревкомының құрамына кір-ді [8, 6-8-пп]. Сол жылғы 20 қаңтарда РКП (б) қатарына қабылданды. 1920 жылы көктемнен Орал губерниясы ден-саулық сақтау бөлімінің меңгерушісі. Қазәсревкомның 1920 жылы 24 мау-сымдағы шешімімен құрамына Чебота-ров (орынбасар), Почиталин, Қараті-леуов, Импағамбетов және. т.б. кірген Гу-батком құқындағы Орал губревкомның төрағасы болып Е. Қасаболатов тағайын-далады. Орал облысындағы қазақ ин-теллигенттерін Кеңес мекемелеріне жұ-мысқа тарту жөніндегі Струппе төраға-лық еткен айрықша комиссияға Қараті-леуовпен бірге мүше болды. Алайда сол 24 маусым күнгі мәжілісінде Қаз- әсревком шешімімен өзгеше шешім қа-былдап, Орал губкомының және оның төралқасының төрағасы қызметін атқа-рып, екі шешім бірқатар уақытқа шейін қосарланып келді. Сондықтан көптеген құжатта және әдебиетте Е. Қасаболатов Орал губревкомы төрағасы деп көрсеті-ліп жүр. 1920 жылы шілдеде айтылмыш төралқа шешімімен Бүкілқазақ Кеңесте-рінің Құрылтай сиезіне дайындық ко-миссиясына губревком тарапынан мүше болып кіреді. Осы сиезде Орал облысы делегациясының ұсынуымен ҚАКСР ОАК мүшелігіне сайланды [9, 1-20-пп]. Бүкіл-қазақ сиезінің қаулысында «Алашорда-ның Уақытша халықтық кеңесі 25 мүше-ден тұрады, оның 10 орны орыстарға және қазақтар арасында тұратын басқа халықтарға беріледі» деп көрсетілген. сиезде Алашорда үкіметінің құрамы бекітіліп, оған төмендегідей қайрат-керлер мүшелікке сайланды: Бөкей Ор-дасынан – У. Танашев, Орал облысынан сайланды – Х. Досмұхамедов, Торғай облысынан – А. Бірім-жанов т.б, ал кан-дидаттыққа: И. Қаш-қынбаев, Ж. Жа-қыпбаев, Е. Итбаев, Е. Қасаболатов т.б. [10, 285-б].
Қазақ РКП (б) облысы комитеті бюросының 1921 жылы 3 мамырдағы шешімімен Орынборға қызметке ша-қырылады. 1921-1922 жылы Қазақ РКП (б) облысы комитетінде жауапты қыз-метте, осы жылдары зайыбы қайтыс болғаннан кейін белгілі дәрігер, Батыс Алашорда қайраткері Д. Күсепқалиевтің қызы Ғайни-Жамалға үйленді. 1922 жы-лы бұрынғы Алашордашыларға қарсы науқан тұсында ІІІ Қазақ өлкелік Кеңес-тер сиезінің қаулысымен қызметтен бо-сатылды. Қазақ РКП (б) облысы коми-теті төралқасының 1922 жылғы 19 қа-зандағы шешімімен, Бақылау комиссия-сының мақұлдауымен ІІХК-ға жұмысқа жіберіледі [2, 222-б].
Кеңес билігі тұсында Е. Қасаболатов саяси-қоғамдық шараларды ұйымдас-тырушылар қатарында белсенді қызмет атқарады. Айталық, 1922-1923 жылы ҚАКСР Еңбек Халық комиссариатының алқа мүшесі, 1923-1924 жылы Қазақ кәсіпшілік бюросы президиумының мүшесі (Орынбор қаласы), 1924 жыл-дың ақпанынан 1925 жылдың маусы-мына дейін ҚАКСР қаржы халкомының орынбасары, Қаржы комиссариаты са-лық басқармасының меңгерушісі бола-ды. 1925-1926 жылы «Қазсауда», 1926-1928 жылы «Қазмедсауда» бірлестігінің төрағасы (Қызылорда қаласы), 1928 жы-лы РК(б) П ОК қарауына жіберілген. 1928-1929 жылы округтік денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі (Балашов қ.) [11,160-б] қызметтерін атқарады.
1925-1928 жылдары ҚАКСР Тұтыну-шылар кооперациясының төрағасы бо-лып тағайындалып, қызметте жүріп кооперациялау тақырыбына «К коопе-рированию казахского кочевого населе-ния» («Советская степь»,1926, 5 ноября) тәрізді бірнеше мақала жариялайды [12, 3-б].
Есенғали Қасаболатов 1925-1928 жылдары тәркілеу және ауылды күшпен отырықшыландыру науқанына батыл қарсы шыққандардың бірі болды. Сол үшін 1929 жылы қарашада «Меңдешев тобы құрамында жікшіл күреске қатыс-ты» деген айып тағылып, Ф. И. Голоще-кин жетекшілік еткен Қазақ өлкелік РК(б)П комитетінің бюросы оны қызмет-тен босатты. Сол жылғы желтоқсандағы мәжіліс Е. Қасаболатовтың өзімен келісе отырып, Қазақстаннан тыс жерге жіберу жөнінде шешім қабылдайды. Көп ұза-май РК (б) ПОК-ның қарауына шақырты-лып, әуелі Саратов, соңынан Астрахан қаласына жіберілді. 1930-1931 жылда-ры Астрахан қаласындағы РК(б)П ауда-ны комитетінің хатшысы, Астрахан ок-ругтік атқару комитеті төрағасының орынбасары болады. Ол жерде негізі-нен ұлтаралық қатынас, ұлт мәселесі-мен айналысады [11,160-б].
Жоғары оқу орнын ұйымдастырушы әдіскер
Ғалым-қаламгер Мақсат Тәж-Мұрат-тың «Батыс Алашорда» атты анықтама-лық еңбегінде айтылғандай, Есенғали Қасаболатов 1931 жылғы маусым айын-да жаңадан ұйымдастырылып жатқан Алматы медицина институтына шақы-рылып, қыркүйекте осы оқу орнының тұңғыш директоры болып тағайын-далды. Әрі аштық, әрі ұйымдық құры-лымдар төңірегіндегі текетірестер қыс-қан кезеңде мыңнан бір нұсқасы жоқ оқу орнын тақыр жерде көтеру саяси доданың қайнауынан өткен қайраткер болса да, оған оңайға тиген жоқ. Таяуда ғана тәркілеу мен ауылды күштеп оты-рықшыландыру науқанына батыл қарсы шығып, сол үшін «Меңдешев тобы құра-мында жікшіл күреске қатысты» деген айыпқа ілігеді.
Е. Қасаболатов жұмысқа кіріскенде ең басты қиындық тек жаңа оқу орны-ның материалдық-техникалық базасы-ның жоқтығы, білікті, кәсіби оқытушы-лардың тапшылығы ғана емес-ті, одан да ауыры – шым-шытыр таптық та, рулық та кереғар көзқарастардың кері ықпа-лының әлі де күштілігі болатын. Тіпті игі әрекеттің өзі осының ызғарынан суы-нып, демікпелік кеселге ұрынбай қалма-ды. Әйтпесе, саяси шыңдалған әрі осы саланың жоғары білімді маманына бұл міндет дөп-ақ жүктелгендей еді, бірақ үміт ақталмады. Бұл қызметте де бұ-рынғы Алашорда құрамында болғанын ескеріп, Е. Қасаболатовқа «Студент жас-тардан ұлтшыл-контрреволюциялық топ құрды» деген айып тағылады [13].
Оқу-ағарту халық комиссарларының, ғылыми қызметкерлердің білімін анық-тау комиссиясы 1933 жылы 17 ақпан-дағы №3 протоколынан Е. Қасаболатов-қа 1931 жылы берілген доцент атағын қайта бекітеді. 1933 жылы ол медицина институтында саяси экономия кафедра-сын меңгерген [3, 91-92-бб].
Е. Қасаболатов Қазақ мемлекеттік медицина институтының директорлық қызметін 1933 жылға дейін атқарды. Ұйымдастыру жұмыстарымен көп айна-лысты, ел-елге шығып, қазақ жастары арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүр-гізіп, оларды медициналық жоғары оқу орнына оқуға шақырды.
Ол Қаз ММИ-дағы директорлық ла-уазымын, қоғамдық ғылымдар кафед-расымен қатар меңгеріп, политэкономия курсын жүргізді. 1931 жылы жел-тоқсанда Қасаболатов Е. К. алғаш рет медицина институтының Кеңесін құра-ды. Архитектор А. И. Гагеллоның жоба-сы бойынша морфология ғимаратының (қазіргі анатомия кафедрасы) кешенді құрылыс жоспарын бекітеді [14].
Қазақстанда айтылмыш оқу орны арқылы маман дәрігерлер даярлауды жүйелі жолға қою ісі Е. Қасаболатов есімімен байланысты. Ол директор болған кезеңде әзірленген кадрлар арасынан кейін академик-эпидемиолог И. Қарақұ-лов, академик-вирусолог Ж. Жұматов, профессор-хирург Е. Өмірзақов тәрізді білікті мамандар шыққан [2, 222-б].
Соңында қалған ұрпақтары да ата жолын қуып, еліміздің қоғамдық-саяси өмірінде зор рөл атқарған. Артында Хүпби-Жамал, Шафхат, Мара, Шәміл, Бану, Нинель, Нәзір, Раиса есімді ұл-қыздары қалған. Республикалық Опера және балет театрының бұрынғы әншісі Хүпби-Жамал Есенғалиқызы 2001 жылы Алматы қаласында қайтыс болады. Жиен немерелері Ғалия мен Клара ата жолын қуып, дәрігер мамандығын игер-ген [2,222-б].
Жазықсыз айыптау
Е. Қасаболатовтың еңбек қызметінің жалындаған тұсында басқа Алаш зиялыларының кебін киіп, кеңестік құйтырқы саясаттың жазықсыз құрбанына айналады. 1933 жылы ол «Студент жастардан ұлтшыл-контрреволюциялық топ құрды» деген желеумен медицина институтында директорлықтан босатылады [1, 222-б].
Алашорда құрамында болғаны үшін қызметінен аластатылып, 1933-1935 жылдары Алматы облысындағы «Қызыл қайың» кеңшарына жер аударылады. Кейін осы ауылдың директоры қызметін атқарады. 1935 жылы қазан айында РКП(б) қатарынан шығарылады. 1936-1937 жылдары Қазақ КСР Денсаулық Сақтау халкомында экономикалық жоспарлау бөлімінің меңгерушісі, «Глав-нефть» тресті өлкелі конторы басқаушы-сының 2-орынбасары, «Нефтьторг» қо-ғамының Қазақстандағы уәкілетті өкілі-нің орынбасары болып жүріп, 1937 жы-лы 29 тамызда Алматы қаласында ІІХҚ органдары тарапынан тұтқындалады. 1938 жылы 26 ақпанда «Мемлекеттік қылмыс жасады» деген айыппен ату жазасына кесілді.
Кеңестік кезеңде КСРО Жоғарғы Со-ты Әскери коллегиясының 1957 жылғы 7 желтоқсандағы ұйғарымымен ақталады.
Е. Қасаболатовтың еңбектері және шы-ғармалары
Қазіргі кезде Есенғали Қасаболатов-тың қоғамдық-саяси науқан кезінде бел-сенді қызмет атқарғаны жөнінде оның өзі жазып қалдырған мақалаларынан білуге болады. Жас дәрігер мақалалары туралы, алашшыл қайраткерлер туралы зерттеуші, жазушы және тарихшы Мақ-сат Тәж-Мұрат өз еңбегінде «Е. К. Қаса-болатов студент кезінде мерзімді басы-лымдарға бірнеше мақала жариялаған. Тырнақалды «Қазақ жастарына» деген мақаласында жастарды ел игілігі үшін еңбек етуге, өнер-білім игеруге шақы-рады, «Басқосу турасында бір-екі сөз» мақаласында («Айқап», 1913 ж. №20) қазақ зиялылары арасындағы жалпы- қазақ сиезін шақыру туралы айтыс, ел басқару, әкімшілік іс жөнінде өз ойын білдіреді, «Баспасөзге қарсы» атты өткір мақаласында («Айқап», 1914 ж. №5) баспасөздегі сын мәдениеті, қа-зақтың басшы адамдарының арасын-да алалық кіру себебі мәселелерін кө-терді, «Кімге өкпелеуіміз тиіс» мақала-сында («Қазақ»,1915 ж. 20 мамыр) оқып жүрген қазақ жастарының мұқ-таждық көруін, бұл орайда жүйелі қамқорлық жасалмай отырғанын сөз етеді. Қазақ арасындағы етек алған ауру түрлерінің алдыналу тақыры-бында бірнеше мақала жариялады: «Чума» («Қазақ», 1913 ж. №5, 42, 44), «Күйік» («Қазақ», 1913 ж. №37), «Арақ пен темекі зияны» («Қазақ», 1914 ж. № 76, 77), «Көз ауру (Трахома)» («Қа-зақ», 1915ж. №116, 118) деген мағлұ-маттар келтіріп кеткен [15].
Есенғали Қасаболатовтың жастарды халық игілігі үшін еңбек етуге, өнер-білімге шақыруға бағытталған «Қазақ жастарына» деп аталатын мақаласына тоқталсақ.
«Басқа жұрттардың жастарына қа-расақ, бәрі де өнерпаз болып, түрлі-түрлі пайдалы істер істеп, заманның төріне қарай бірінен-бірі қалмай, білімін асыруға тырысып жатыр. Жұртта білім болса, байлық, құрмет, барша рахат та табылмақшы. Егер де білім, өнер жоқ болса, дүниедегі кеңшіліктің бәрінен де құр қалып, көрінгенге жем болып, шө-ліркеп, азып-тозып бітпекші. «Баста ақыл жоқ болса, аяққа күш түседі» де-геннің мағынасы осы. Ақсақ қойдай артқа қалған халықты қатарға кіргізетін, заманның амалына түсініп, жол көргізе-тін жаңа талап, талпынған әр жігіт, жас-тар болса керек еді. Бірақ қазақтың оқып шыққан мырзалары ондай амал-ды талап етіп, ілгері ұмтылғандары бек аз көрінеді.
Қазақтың қазақ болып, жоғары орын-дарға бара беріп, доктор, адвокат һәм ғаири кәкім болып жүргендері жоқ емес. Бірақ бүгінге шейін қазақтан пә-ленше ғалым (образованный) адам шы-ғып, қара қазаққа пайда келтіріп жүр дегенді ешкімнен естігеніміз жоқ.
Гимназия, реальный мектептерінде һәм университетте оқып жүргенде бар-шамыз да құр тілмен жұртқа пайда кел-тірмекшіміз. Қараңғыда қармалып жүр-ген жұртты қолынан ұстап, жарыққа шы-ғарып, әлдеқандай іс істемекшіміз. Бірақ оқып бітіріп шыққан соң оның бәрі де ұмыт болады. Бір жерге хакім болу қамына түсіп, еліміздің қай жақта жүр-генін де білмейтін боламыз. Ауызбір-лігіміздің жоқтығынан біріміз анда, біріміз мұнда азып-тозып жүрміз. Біріміздің айтқанымызды басқамыз тыңдап, дұрыс болса, жөн деп, бұрыс болса, мұның былай емес деп жөндеп, кеңесіп тұрмағандығымыздан, жұртқа пайдамыз тиіп, басшы бола алмаймыз. Қанша оқу оқып, ел аралап, жер кезіп, басқа жұрттың әдебиетін үйреніп, әде-тін істеп жүрсек те, бірқатарымыздың надандығымыз қалмайды.
Біздің қазақтың ілгері орындарда оқып шыққан жігіттерінің және бір ке-ліспеген ісі — қазақ ішінде тұрып қыз-мет етпей, басқа жұрттар арасында тұрғанды тәуір көреді. Мұның не се-бептен екенін білмеймін. «Алыстан арбалағанша, жақыннан дорбала» де-ген, ел ішінде хакім болып, не болмаса өзге жұмыспен тұрса да, кімде-кім күнін көрер еді. Жалпы халық арасында рет білген кісілердің жоқтығынан ел жүдеп-жадап, кім болса, соның аузына қарап, жөнін біле алмай, аңырайып тұрғаны.
Ел ішінде ауру-сырқауымыз болса, доктор жоқ, күтуші жоқ. Ауру бірінен-біріне жұғып, күшейіп елімізді қырып бара жатыр. Ел арасында заң жоқ, шариғат жоқ, теңдік бітіп, әділшілік кетіп болған. Бай кісі жарлыны жыла-тып, қарғап, барды-жоқтан бәле салып, екі бұзаулы сиырының бірін алып бала-шағасын аш тастайды. Жөн айтқан бір адам жоқ. Бозбаланың ұрлық-өтірігі аралас, жолдан тозып болды. Ақыл бер-ген бір кісі жоқ. Осындай неше түрлі пәлекетті көрмей жүруіміз, жол білген жігіттеріміздің өз халқын бұ секілді бә-леден құтқаруға еңбек етпеушіліктері зор айып деп білеміз. Осыны білу оқы-ған (образованный) дарымызға міндет деп түсінеміз!
Кел, мырзалар, жаңа талап жастар! Елімізге қызмет етелік, жұрт істегенді біз де істелік, көрінгенге күлкі болмайық! Студент Есенғали Қасаболатов» [15].
Бұл мақала «Қазақ» газетінің 1913 жылғы 1 наурыздағы №4 санында жа-рық көрген [15]. (Қосымша №1 сурет)
«Қазақ» газетінің басқармасы 1914 жылы 1-нөмірінде белсене атсалысқаны үшін алғыс айтқан 16 автордың бірі.
Есенғали Қасаболатовтың 1915 жылы Калмыков уезіндегі Жылықоныс ауылдық-дәрігерлік учаскесінде дәрігер болып алғаш орналасқаны туралы да "Қазақ" газеті 1915 жылы 25 маусымда-ғы нөмірінде "Жас доктор" деген шағын мақаламен хабарлама берген. 1916 жылы қазақтан тыл жұмысына адам алуға байланысты туындаған толқуға қатысып, алғашқы кезде еріктілер жаса-ғын құруға атсалысқан. Кейін "Қазақ" газеті бетіндегі түсінік жұмысынан соң Алаш қайраткерлерінің соғыс жағда-йындағы уақытша үкіметке көмектесу жөніндегі үндеуін қолдайды, майданда-ғы қазақ жасақтарына бас-көз болып, дәрігерлік көмек ұйымдастыруға шақы-руын қабыл алады. Алаштың белсенді мүшелерінің бірі Міржақып Дулатов 1917 жылы наурызда "Қазақ" газетінде майданға шақырылған дәрігерлерден Ә. Алдияров пен Е. Қасаболатовтың Минскіге келетінін хабарлаған екен.
ТҮЙІН
1917 жылғы Қос өкімет билігі жылдарында халықтың әл-ауқаты өте тө-менгі дәрежеде болса, мардымсыз са-тыдағы халыққа медициналық көмек көрсету ісі едәуір кейін қалған болатын. Азын-аулақ медицина қызметкерлері елді мекендерде, қалаларда жұмыс істеді. 1913 жылғы есеп бойынша, бүкіл Қазақстан өңірінде не бәрі 904 медицина қызметкер, оның бар болғаны 244 жоғары білімді дәрігер еді. Міне, осы жоғары білімді дәрігерлердің бірі Есенғали Қасаболатов болатын.
Денсаулық сақтау қызметінің үздігі Есенғали Қасаболатовтың өмірі мен қызмет жолы әлі толық зерттелмеген, яғни оны зерттеп, көпшілікке ұсыну – біздің міндетіміз деген сөз. Қайраткер ақтық демі қалғанша ұлтының бола-шағын, халқының денсаулығын ойлау-мен болды. Халыққа қызмет көрсетуде жоғары нәтиже көрсетіп, партия қызме-тінде тек жақсы жақтарынан көзге түс-кен азамат. Жазықсыз тергеуге алынып, халыққа жасаған еңбегі мадақталуының орнына өзіне кері әсерін тигізді.
Олай болса, Есенғали Қасаболатов-тың мемлекеттік және саяси қызметі ға-сырлар бойы бодандық бұғауында күн кешкен қазақ жұртын дербес ел болуға, қазақ халқының әдебиетін, мәдениетін, ғылымын көтеруге арналғандықтан, оның өмір жолдарын саралап көрсету зор міндет.
«Қазақтың бүкіл тарихы – бірігу та-рихы, тұтастану тарихы» деп Президен-тіміз Н. Назарбаев айтқандай, Күнбатыс Алашордасының тарихын жете зерттеп, ондағы ашылмаған, әлі де белгісіз де-ректерді көп болып іздеп тауып, жарық-қа шығарту – біздің міндетіміз. Сонда ғана халық үшін, ұлт мүддесі үшін еркіндік аң-сап, тәуелсіздік жолында күрескен аб-зал жандарымыздың шын бет-бейнесін анықтап көре аламыз, ұлықтай аламыз.
Ғасырлар тоғысында дүниеге келіп, өзге түгел өзінің келешегіне кепілдік бе-ре алмас, түсініксіз заманда көзі ашық, көкірегі ояу ат төбеліндей қазақ марғас-қасының тарихи-саяси өмірін, еңбекте-рін зерттеп, талдап, тың жаңалық қосып, жаңа тарихи талдау жасау біздің тарих-шы ретіндегі парызымыз деп білеміз.
Әдебиеттер:
1. Назарбаев Н. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру. – Астана, 2017. «Форма Плюс» баспасы, Қарағанды, 2017. -53-б.
2. Алаш. Алашорда энциклопедиясы/Құрастырған Ғ. Әнес, С. Смағұлова. –Алматы: «Арыс» баспа-сы, 2009. - 544 б. (219-222-беттер).
3. Әлжанов А. Алғашқы қарлығаш-тар. -Алматы, «Арыс», 2007. – 112 б.
4. Қасаболатов Е. К.//Батыс Қазақ-стан облысы энциклопедиясы. А., Ата-мұра, 2010.– 540 б.
5. Алаш қозғалысы. Движение Алаш. Құжаттар мен материалдар жинағы. Жауапты ред. – М. Қойгелдиев. 2 том. Алматы: Алаш, 2005. - 496 б.
6. Сейфуллин С. Тар жол, тайғақ ке-шу. Тарихи-мемуарлық роман. – Ал-маты, «Жазушы» баспасы, 1977. - 392 б.
7. Әлімгерейұлы Ө. Уәлитхан Тана-шев құқықтық мемлекет туралы // «Алаш идеясы – ұлттық идея» атты респ. ғылыми-практикалық конференция материалдары. –Алматы, Арыс баспасы, 2014. -320 б .
8. БҚО ММ 497 қор, 50 тізбе, 1 бай-лам, 36 іс. -18 парақ. Протоколы заседа-ний отдела Управления Уральского губ-ревкома (копии).
9. БҚО ММ 136-қор, 10-тізбе, 1-бай-лам, 42-іс. 1-58 пп. Доклады о деятель-ности отделов народного просвещения, здравохранения, труда и социального обеспечения.
10. Құл-Мұхаммед М. Алаш қайрат-керлері саяси-құқықтық көзқараста-рының эволюциясы. - Алматы, Ата-мұра, 1998. – 360 б.
11. Төлепберген Б. Мәңгі Жас-Алаш идеясы. - Алматы, «Аруна» баспасы, 2012. – 415 б .
12. Касабулатов Е. К кооперирова-нию казахского кочевого населения// «Советская степь», 1926, 5 ноября. http://www.aktobegazeti.kz
13. // Сырым Бақтыгерейұлы, журналист. («Егемен Қазақстан» газеті, 29 шілде 2009 жыл)//«Атан қомында туған адам». http://www.kaznmu.kz
14. // ҚазҰМУ ректорлары// Есенғали Қасаболатов.
http://yvision.kz/post/306458//
15. «Екпін» жобасы «Алаш» айдары.