Мемлекет басшысы «Туған жердің әр сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарих-тан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төр-кіні туралы талайталай аңыздар мен әң-гімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суық-та пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуі тиіс. Туған жердің патриоттары мен сол аймақ-тардың көрнекті тарихи тұлғаларының елі мен туған жеріне атқарған қызметтері ту-ралы танымдық-тағылымдық деректер арқылы тарихи санамыз бен ұлттық ді-ңімізді шыңдай түсетінімізге сенім мол» - деп «Туған жер» бағдарламасын жинақы-лықпен және жүйелілікпен қолға алуды тапсырғанды.
Сырым ауданындағы В. И. Шубин атындағы жалпы білім беретін орта мек-тебінің бір топ ұстаздары мен 7-9-сынып оқушылары С. Датұлының 275 жылдығы және Жымпиты ауданының Сырым деп ата-луының 25 жылдығына орай 2017 жылдың 20 қыркүйегінде «Тоғанас – Сырым төбесі – Сырым кесенесі – Жұмағазы хазірет – Ер-сары қабірі – Тоғанас» маршрутымен та-рихи-танымдық, өлкетанулық экспедиция-ға шығып қайттық. Мақсат – округ маңын-дағы тарихи орындарға тағзым ету, киелі жерлер географиясымен танысу және сол арқылы оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру.
Сонымен, бірінші аялдамамыз – «Сырым шыққан төбе».
Сырым бабамыздың артынан ми-рас болып қалған шешендік сөздері-мен қатар, «Сырым сазы» атты күйі, Атырау облысындағы «Сырым бөгеті» және біздің ауылдық округ аумағындағы осы «Сырым төбесі» қалды. Осы төбе туралы көп дерек жоқ. Бәріміз де Жайсаң Ақбайдың айтуындағы дерек-терден ғана білетініміз анық. Сонымен бірге 1923 жылы Қарағанды ауылында дүниеге келіп, 1942 жылы майданға аттанған Бегім (Бекмұханбет) Құлжа-новтың 93 шумақтық «Қара өлеңінде» айтылатын мына өлең жолдарында кездеседі.
«Ең биік сұлтан оба Сырым шыққан,
Ерлерді, батырларды талай жыққан.
Таусылып асылдары қазағымның,
Кәпірің бізді алуға қолын сұққан
Алыста «Қырық үй», «Саға» көрініп тұр,
Бұл жерлер конезаводқа беріліп тұр.
Ойласам бұдан әрі бойды билеп,
Келері жастың көзге сезіліп тұр»
Демек, сонау Ұлы Отан соғысына дейін де ел аузында Сырым шыққан оба атауы болғаны анық.
Төбе Сырым ауданы Шолақаңқаты ауылдық округі аумағындағы Тоғанас ауылының шығыс жағында, 12 км қашықтықта орналасқан. Дөңнің төңі-регі жазықтық, ашық күндері оның үстіне шығып, 10-15 км жерді шолуға болады. Шамамен 1790 жылы Сырым Датұлы осы дөңнің төңірегін қаздырып, топырақ үйген. Биіктің үстіне бекет орнатып, төңірекке шолу жасап, жау-дың қимылын алыстан бақылауға ал-ған. Қариялардың айтуынша, Сырым сарбаздары төбенің етегінен жоғары үзіліссіз көтеріліп, төмен түсіп, орасан көп қол болып көрініп, жау барлаушы-ларын жаңылыстырған. Қазір төбе мемлекет қамқорлығына алынып, ес-керткіш белгі орнатылды.
Келесі тоқтаған жеріміз – Сырым кесенесі.
«Шымкент–Самара» халықаралық тасжолы бойында орналасқан осы бір ескерткіш халық арасында «Сырым ке-сенесі» деп аталып жүр. Бұл ескерткіш 2007 жылы даласына дана, еліне пана бола білген Сырым бабамыздың 265 жылдық мерейтойына арналып ашыл-ған-ды. Ескерткіш авторы – ақтаулық Ермұхан Мәдіғұл. Ескерткіш лентасын Әбіш Кекілбай мен Қадыр Мырза Әлі қиып, бір топ ақын-жазушы қатысқан болатын. Ескерткіш төрінде арнайы капсулда Өзбекстандағы Сырым қабі-рінен әкелінген топырақ қойылып, Қа-дыр Мырза Әлінің мына өлеңінің шу-мақтары жазылған:
Осында ел ұрандасқан, айғайласқан,
Бұл жерге жау аяғын байқай басқан,
Ерліктің етегінен ұстап тұрып,
Еркіндік осы арада тәй-тәй басқан.
Ескерткішті осы жерге қоюдың жөні бар. Себебі, біріншіден, маңында «мен- мұндалап» Сырым төбесі көрініп тұр. Екіншіден, ауданымызда өткізілетін түрлі шараларға келетін қонақтарды қарсы алатын батыстағы қақпамыз жә-не сол шаралардың тұсаукесері осы жерден басталады.
Үшінші бағыт алған нысанымыз – Жұмағазы хазірет жатқан қорым.
Әулие Жұмағазы хазіреттің өмір сүрген жылдары белгісіз. Бабаның ұрпағы Ғ. Баймұратұлының айтуынша, ХҮІІІ ғасырдың аяғы мен ХІХ ғасырдың басы және оның руы – тама. Білімді, Қожа Ахмет Ясауи мешітінде оқыған. Оның басына ертеден адамдар барып, құран бағыштап, жандарына шипа сұраған. Қазір ол жерде үлкен мешіт, басқа да нысандар жұмыс жасайды. Әлеуметтік желіде С. Керімбайдың осы жерді неге «Дәдем ата» деп аталуы жайлы әңгімесі тарап кеткені мәлім. Онда ол «Правда» кеңшарының ди-ректоры болған В. И. Шубиннің «дядя» деп сыйынып, қамқорлық көрсеткені айтылады. «Дәдем» сөзі ескі түркі ті-лінде де «абыз, баба» деген мағынаны білдіреді. Бүкіл түркі халқы құрмет-тейтін Қорқыт бабамыздың кітабы түрік тілінде «Китаби дәдәм Куркуд» деп аталады.
Ерсары батыр қабірі
Қабір халық арасында «Дәдем ата» деп аталып кеткен қорымның оңтүстік-батыс жағында жатыр. Қабір қорымнан бөлек, жалғыз құлпытас болып тұр. Ол құлпытастың Ерсары батырға арнап қойылғаны соңғы кезде нақтыланды. Оған дейін халық арасында өзіне қол жұмсаған белгісіз біреудің қабірі деп айтылып келген еді. Тарихымызды тү-гендеп жүрген азаматтардың арқасын-да бұл қабірдің иесі азаттық туын көте-ріп, отаршылдарға қарсы атойлаған Сырымның қарулас батырларының бірі Ерсары Бегетайұлы екендігі белгілі болды.
Ерсары батыр туралы алғаш дерек М.П. Вяткиннің «Сырым батыр» еңбегін-де кездеседі. Кейін ол туралы ізденген сырымтанушы ғалым Ә. Мұқтар болатын. Бірақ та Ерсары батырдың дерегін анық-тауда үлкен еңбек еткен жерлесіміз, тарихшы ғалым Ж. Исмурзин болатын.
Төменде Ж. Исмурзиннің «Шолан батыр туралы не білеміз?» атты мақа-ласынан үзінді келтірейік:
«Шежіре деректері де Шолан шөбе-релері Рысалы мен Ерсарының атақты найзагер, мерген, батыр болғанын ха-барлап, Аңқаты өзеніне құятын Ерсары осы кісінің атымен аталған дейді. Жау-гершілік заманда осы сайдың жағасын-да болған бір соғыста Ерсарыға найза-ның жарасынан өмірден қоштасуға ту-ра келіп, «мені осы жерге қойыңдар!» деп найзасын шанышқан екен. Қасын-да болған Елтоқ батыр Ерсарыны:
Қайырлы болсын, Ерсеке-ау,
Найзаның кірген жарасы.
Алланың жазған тағдыры,
Болған іске не шара,
Аман-сау болғай арттағы,
Он екі ата Байұлы
Сұлтансиық баласы – деп жұбатқан.
Міне, Сырымның батырларының бірі Ерсары қабірінің ауыл іргесінде көп уақыт белгісіз болып келгенінен көріп отырғанымыздай, құлпытастарды оқып, өлкеміздің тұлғаларын тауып, тануда еңбек етіп жүрген азаматтарымыздың еңбектерінің қандай екенін. Алдағы уақытта Сырымның тойларын өткізген кезде Ерсары батырды да ұмытпай, қабіріне ескерткіш тақта, «Шымкент – Самара» тасжолы бойына «Ерсары батыр» деген жазуы бар белгі қойылса, нұр үстіне нұр болар еді.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Қаулысы
Батыс Қазақстан облысы Жымпиты ауданының атын Сырым ауданы деп өзгерту туралы
Жергілікті мемлекеттік өкімет ор-гандарының Батыс Қазақстан облысы басқармасының ұсыныстарына сәйкес және қазақ халқы ұлт-азаттық қозғалы-сының басшысы Сырым Датовтың есі-мін есте мәңгі сақтау мақсатында Қа-зақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі-нің төралқасы қаулы етеді: Батыс Қа-зақстан облысы Жымпиты ауданының аты Сырым ауданы деп өзгертілсін.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы С. Әбділдин
Алматы қаласы 1992 жыл 24 қыр-күйек
Сапарымыздың соңғы нүктесі – Шымкент–Самара халықаралық тас жолы бойындағы ауданымыздың ба-тыс қақпасы, әрі шекарасы болып ке-летін Сы-рым ауданы белгісі орнатыл-ған жерге де келіп жеттік. Бұл жерде ауданымыздың осыдан 25 жыл бұрын атының өзгеру тарихына тоқталып, ауылға қарай бет алдық.
Ғарифолла МҮТИҒОЛЛАҰЛЫ,
В. И. Шубин атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің
тарих пәні мұғалімі