Ойсылқара әулие

«Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының «Діни және ғибадат орындары» бөліміндегі тізімде Ойсылқара әулие бар. Бұл қорым Ақтөбе облысы Хромтау ауданындағы ең ірі мемориалды-діни кешен.

Қорымда әулие, түйенің және түйе шаруашылығының пірі - Ойсылқара жерленген деп есептеледі. Бұл кешенде XVIII-XX ғасырлар арасына жататын жүз елуден астам бейіт бар. Әртүрлі ғасырда салынған ескерткіштерден құралған көне қорым. Ойсылқара әулиенің өмір сүрген уақыты шамамен VII-VIII ғасырлар. Ескіден жеткен аңыз бойынша Ойсылқара әулие Мұханбет пайғамдардың тапсырмасын орындаушы, кең даладағы жеті жұртты аралаған тақуа кісі екен. Пайғамбардың тірісінде жүздесу үшін екі рет барып кездесе алмапты. Пайғамбарға құрметінің белгісі ретінде мыңдаған түйе айдап апарған екен. Пайғамбар дүниеден өтерде сахабаларының біріне «Түйенің пірі Ойсылқараға тапсыр» деп шапанын аманатқа қалдырып кеткен екен. Ойсылқара өмірден өтер алдында сүйегіне жеті жұрт таласатынын біліп, жеті түйеге жеті сандық артып, төбе басына түнепті. «Кім бұрын келсе, соның жеріне жатамын» десе керек. Жеті жұрттың өкілдері өз түйесіне теңделген сандықты ашып, әулиенің жатқанын көріп, түйелерін жетелеп кете беріпті. Яғни, жеті сандықта да Ойсылқараның денесі болған екен. Сондықтан Қазақстанның бірнеше жерінде Ойсылқара әулиенің қабірі кездеседі. Төрт түлік малдың пірлері саналатын Шопан ата әулие – Маңғыстауда жерленген, ал Жамбыл облысында Зеңгі бабаның күмбезі бар. Хромтау ауданында Ойсылқара деген жер және Ойсылқара өзені бар. Жақын маңда Түйелі ауылы бар, бірақ соңғы бірнеше ғасыр бұл аймақта ешкім түйе малын ұстамаған. Ғылымда мұны анықтайтын нақты дәлел жоқ. Тек ескі аңыздар мен діни қиссаларда ғана Ойсылқара әулие туралы мәліметтер бар.

Айшуақ Дәрменұлы

Қаралым саны 3586

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463