«Қазіргі күйшілердің көшбасшыларының бірі»

  • Галерея изображений

2020 жылдың күзінде Алматы қаласындағы «Қазақ кітабы» баспасынан Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Махамбет атындағы сыйлықтың иегері, профессор Кәрима Сахарбаева мен өлкетанушы Нұртас Набиоллаұлының «Дария-күйдің кемесі» атты кітабы жарық көрді.

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерватория-сының Оқу-әдістемелік кеңесі мақұлдаған бұл кітап-тың аннотациясында жазылғандай, «Дария-күйдің кемесі» жинағы Батыс Қазақстан облысындағы дәс-түрлі дәулескер күйші Өтеген Жұмашевтың шығар-машылығына арналған. Жинақта Ө. Жұмашевтың мамандығы басқа бола тұра, күйтанушылық қыры, күй өнеріндегі орны мен үлесі, сайыстарда иеленген жүлделі орындары, бұрын белгісіз көне жәдігерлерді асыл мұра қорына қосуы және күйшімен кездескен ғалымдар, зерттеушілердің еңбектері қақында баян-далады. Сонымен қатар күйшінің орындаушылық өнерін бағалаған ақын-жазушылар мен жергілікті тілшілердің материалдары топтастырылған. Жинақ арнайы музыкалық оқу орындарының барлық деңге-йіне, ғалымдар мен зерттеушілерге және өнерсүйер барша оқырман қауымға арналады.

Төменде осы кітаптан үзінді ұсынамыз.

 

Өтеген ЖҰМАШЕВ, Махамбет атындағы сыйлықтың  иегері, Халық күйшісі

 

Өтеген Жұмашевтың мұрағатындағы өнер адамдарымен кездесу естеліктері 1965 жыл ҚазКСР Ғылым академиясы-ның М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және Өнер институтының музыка бөлі-мінің қызметкері Тмат Мерғалиевпен кездесуден естелік. 

1965 жылдың маусым айының соң-ғы күндерінің бірі болатын. Мен Волго-град облысының Палласовка шипажа-йында демалып, емделіп жатырған кезім. Менімен бірге демалып жатқан бұрыннан таныс Қалаш деген азамат үйінен домбырасын алып келіп: «Ма-ған осыны оңдап берші, дыбысы, шы-ғымы нашарлау» деп қолқа салды. Оң-дап бердім, ауылына қайтып бара жа-тып қолында домбырасы, перронда тұрса, бір жігіт пойыздан түсіп келіп: «Аға, домбыра тартасыз ба?», – деп сұрапты. «Жоқ, мен өзім тарта алмай-мын, санаторияда демалып жатқан бір домбырашы бар еді, соған оңдатып алып бара жатырғаным», – дейді. Әлгі жігіт домбырасын алып тартып қарап: «Ағай, ол кісіні мен қайдан табамын? Мен енді сол домбырашыны табуым, кездесуім керек. Маған толық адресін берсеңіз, кездесейін деп едім. Алматы-дан келе жатырмын. Ел арасындағы өнерлі адамдарды іздестіріп жүрген ән-күй зерттеуші едім», – дейді. Содан менің мекен жайымды алып, шипажай-ға келіп, бір үйге түсіп, мені шақыртып біреуді жіберіпті. Алматыдан мені із-деп келеді деген үш ұйықтасам түсіме кірмепті, келдім. Өзім шамалас бір ыс-қаяқ қара жігіт келген жұмысын айтты. «Мен ҚазКСР Ғылым академиясының М. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының музыка бөлімінің аға ғылыми қызметкерімін. Ел арасы-нан бұрын жария болмаған ән-күй мұ-раларын жинап жүрмін. Менің алдым-да орындап берсеңіз, магнитофонға жазып аламын, сосын академияда ака-демик А. Жұманов тыңдап, кәдеге жа-райтынын бекітеді», – дегені. Содан, ойпырым-ай, ойландым, бұрын жария болмаған не жаздырамын, ескі күйлер-ді ұмыта бастадық? Сіз бүгін демалы-ңыз, ертең не ойға келеді соны жазды-рамын деп шығып кеттім. Шипажайға барып, қасымда Ордадан, Жәнібектен, Саратовтан, Волгоградтан, Казталовка-дан демалып жатқан жігіттерге айттым. Олай болса, бәріміз жиналайық, сол түскен үйінен қонақ етіп жіберейік деп 50-60 адам ұйымдасып біріге қалды. Ертеңгі күні Құрманғазының бір әнін, Махамбеттің бір күйін, Сейтектің «Бес қыз», «Бел шешпе», Өтеғалидың әнің еске түсіріп т.б. туындыларды сол үйге барып, магнитофонға жазып алды. Со-ңынаң көнілді кеш өткіздік. Өзі де кон-серватория бітірген қатты домбырашы, мықты күйші екен, Ақбикештің «Айнам қалдысы» мен «Қош аман бол, Ақби-кеш» деп тартқан Соқыр Есжанның күйлерінің шығу тарихын Зәмзәм Есжа-нованың өзінен алғандығын айтып, мен Тматтан осы күйлерді үйреніп алып едім. Бұл күйлер Т. Мерғалиевтің «Домбыра сазы» жинағында жарық көрді. (11.65-70 б.б.) Түн жарымына дейінгі ән-күйге қанған бір ғанибетті отырыс болып, қимай тарадық-ау, әйтеуір.

 Бұл 1965 жылдың шілде айы еді, сонан тым-тырыс хабар жоқ, 2-3 ай өт-кен соң, қазанның 31-ші жұлдызында «Лениншіл жас» газетінің №216 санын-да «Махамбет композитор: Қас батыр-дың біз білмейтін бір қыры» деген үл-кен көлемді мақала шықты. (12.1-2 б.б.) Авторлары: ҚазКСР ғылым акаде-миясының философия және құқық инс-титутының қызметкері М. Ысмағұлов және жоғарыда менімен кездесіп, күй жазып алған Т. Мерғалиев. Менің өне-рімді алғаш жарыққа шығарып, халық-пен таныстырған осы Тмат Мерғалиев. Сондағы берген Махамбеттің «Өкініш» күйін 1982 жылы Ғылым Академиясы-нан шыққан «Қазақтың музыкалық фольклоры» атты кітапта жариялады», – (13.172-174 б.б.) деген екен.

 Осы бір шағын естеліктерде «Өнер-лі өрге жүзеді» деген халық тәмсілінің құдіретіне тағы тәнті болып отырмыз. Өтеген ағаның күйшілігін және домбы-раны жөндеу өнерін таныған азамат аспабын оңдатпаса, ол вокзалда қо-лында болмаса, көп жолаушының бірі болып өте шығар ма еді, Тмат Мерғали-ұлының көзіне түспес те еді, күйдің құ-діреті табыстырған бұл кездесу бол-мас еді. Өтеген аға осы кездесуден ке-йін ғана барша көне күйлерін ойына тү-сірген сыңайлы. Себебі бұл кезде ау-дандық ұлттық оркестрде орындап жүрген кезі, белгілі күйлер, әйтпесе, «Айжан апай», «Ақсақ кер ат» сынды күйлерді Тмекең жазып алар еді ғой. Бұл жөнінде белгілі жазушы А. Сейдім-бек өзінің «Қазақ күй өнері» еңбегінде: «Қазақ күйлерін және Махамбет туын-дыларын ел ішінен жинап атсалысқан-дардың бірі – белгілі зерттеуші Тмат Мерғалиев» дей келе батыр күйлерін жеткізушілер қатарында «Орал облы-сының Жәнібек ауданынан Өтеген Жұмашев» (14.373 б.) деп атап өткен.

 Қожақ ұстазынан үйренген Махамбет бабамыздың бір-ақ «Өкініш» күйінің өзі Өтеген ағаның күні бүгінге дейін атақ-даңқын асырып келеді. Тмат аға-мыз өте елгезек, ізденімпаз, әңгімешіл, тіл тапқыш, бала көңілді адам еді. Ана-сы тоқсаннан асып дүние салды, үйіне барғанда кішкентай баладай еркелеп отыратын. Халық арасындағы өзі кез-декен дәстүрлі өнердің орындаушы-ларын жатқа білетін. Құрманғазы ор-кестрінде жұмыс істеп жүрген жерінен оның орыны зерттеу жұмысына және жаза білетін ыңғайын танығаннан кейін академик А. Жұбанов Ғылым Акаде-миясына жұмысқа шақырып, сонда ұзақ жыл қызмет атқарып, бірнеше күйші туралы жинақтарын шығарды. Консерваторияда халық аспатар фа-культеті құрылған кезде Ғазиза Ахмет-қызы Жұбанова Тмат Мерғалиұлын ұс-таздық қызметке шақырды. 30 жылға тарта бірге жұмыс істедік, сөзге өте ше-бер, тарихи деректерді нақты білетін, көптеген ұлылардың көзін көре қалған, әдебиет, халық шығармашылығы жө-нінде қоры мол, Асан қайғы, Қазтуған, Шалгез, Махамбет, Абай, Мөңке би сынды ойшылардың, ақын-жыраулар-дың еңбегін жатқа соғады. 1-2 жыл фа-культет деканы да болды. Қазақ музы-калық мұрасының кені еді, көз қара-шығындай қорғап, шашау шығармай-ды, өзі әкелген күйдің бір қарғысын, иірімін біреу өзгертсе, онда Тмекеңнің жел жағынан шығасыз. Өтеген аға жет-кізген «Өкініш» күйіне өзгеріс әкелдің деп, Қаршыға Ахмедиярұлымен біраз әңгімелер болғанында да бірге болып едік. Негізі, бұл жеткізушінің орындау-шылық деңгейіне байланысты күрделі жағдай, Қожақ күйші ұстазы Нақыштан үйренеді, деректер бойынша екеуі де мықты күйші, ал Өтеген аға өз ұстазы-нан үйренген, төрт ұрпақ ауысқанда онда өзгеріс болуы әбден мүмкін. Бі-рақ бізді Махамбет күйімен байланыс-тырған Өтеген күйші және өзінің орын-даушылығы өте жақсы болса, ол эталон қалуы керек екені түсінікті. Екінші жа-ғынан, Қаршыға – ғасырдың ғажайып аңыз күйшісі, оның орындаушылық техникасының шегі жоқ, әр композитор өз туындысын соның мазмұнын аша алатын орындаушыға бермей ме? Әй-гілі Н. Тілендиевтің өзінің «Аққу» күйін бірден Қаршығаға беруі жөнінде өз ау-зынан айтылған деректерде жазылған. Нұрғиса Атабайұлының өз күйін шыңы-на қондыра алатыны ақиқат, бірақ Қар-шыға күйшінің тыңнан ашатын орын-даушылық шеберлік қырларына сен-ген, зор бағалағаны. Бұдан Қаршыға күйші бабалардан жеткен мұраны өз-герткен деген ой тумауы керек, ол не-гізден еш уақытта алшақ кетпеді. Әри-не, дамытты, себебі бірнеше ұрпақ ар-қылы жеткен күйдің бастапқы негізі қандай болғанын білу мүмкін бе? Біз тек өзімізге орындаушылық шеберлігі-мен мәлім болған, тыңдарманының құлағын бұрынғылармен жеткен күй сазына иландыра алған, сендіре білген, олардың көңіл көгершініне қанат қақ-қызған күйшілерге бас иеміз. Өтеген Жұмашұлы да өз күнделігінде «Өкініш» күйінің кейбір аздаған өзгерісті тұста-рын, оның ішінде О. Сүйімбеков әкел-ген «Қайран Нарын», «Жұмыр қылыш» күйлеріне қосылған үлкен саға жөнінде де айтып өткен екен. Бұл мәселе біз консерваторияға түскен сонау 75-жыл-дары көп пікірталасқа түсті. Махамбет күйлерінің Қаршыға күйші қолына тап-сырылуында да үлкен мән бар. Ол кез-де Рысбай, Әзидолла, Бақыт Қараба-лина, Шәміл, Тұяқберді сынды сол топырақтан шыққан мықты күйшілер болды. Бірақ зиялы қауым, ғалымдар, зерттеушілер қалауы Қаршыға күйшіге түсті, Махамбет күйлеріне өміршеңдік беретініне сенді.

 Күйге жаңа тыныс беретін ол қа-шанда орындаушы! Ө. Жұмашевтың көненің көзін көрген, олардың қолда-рынан күй алған шебер орындаушы ретінде кенінен танымал болуы да

Қ. Ахмедияровтың Махамбет Өтеміс-ұлының «Шашақты найза – шалқар күй» атты күйлер жинағын баспадан шығарып және бұл туындыларды ха-лық арасында орындауымен тығыз байланысты.

 Қаршыға күйші күйлерді әуелі орындап, қолына қондырып, сезім сырын сіңіретін, сосын хаттайтын, концертін беріп, күйтабаққа, радио-теледидарға жазып, әрі қарай жина-ғын шығаратын. Кейбір күйде саға қосқанынан Махамбет күйлері кеміп қалған жоқ, керісінше, конкурстық бағдарламаларға, орындаушылар ре-пертуарына кең түрде енді. Өтеген ағаның алда берілетін концерттік бағ-дарламалары жөніндегі естеліктерінде де «Өкініш» күйінің Қаршыға мен Айгүл Үлкенбаева репертуарынан бе-рік орын алғанын келтіріп, «Мұны мен өнердегі өмірімнің жалғасы деп сезі-немін, олар – менің мақтанышым, ри-зашылығым шексіз» деп келтіріп те өт-кен. Қаршыға оқыған және өзі де күй-ші-композитор, бұдан нота сауатын-сыз халық арасындағы таланттар өз деңгейінде жеткізе алмады деген ой тумауы керек.

 Қазіргі таңда Өтеген Жұмашұлы жеткізген Махамбеттің «Өкініш» күйін орындамайтын домбырашы кемде-кем. Ө. Жұмашев 1966 жылы 15 жел-тоқсанда облыстық көркемөнер бай-қауында осы «Өкініш» күйін орындаға-ны үшін екінші дәрежелі дипломмен марапатталған екен. Тек қана бұл емес, 1979-1992 жылдар аралығында күй атасы Құрманғазының, Дәулеткерей-дің 160, «Исатай Тайманұлының ту-ғанына 200 жыл» және атақты күйші Сейтек Оразалыұлының туғанына 130 жыл, Қали Жантілеуовтің 90 жылдық-тарына арнаған әртүрлі дәрежедегі конкурстарда Бас бәйге – «Алтын домбыра» сыйлығын және жүлделі орындарды иеленіп, сонымен қатар облыста өткен республикалық, облыс-тық байқауларда қазылар алқасында қызмет еткен. Бұл жөнінде К. Ғайсин,

Б. Наурызғалиев, Б. Тоқсановтардың «Той-тойға ұласты» мақалаларында жан-жақты келтіріліп өткен. Онда: «Түс-кі үзілістен кейін сахнаға жеке күйші, термеші, ақындар шақырылды. Алды-мен күйшілер сайысы өтті. Оған 10 күй-ші қатысты. Күйшілер сайысында жәнібектік Өтеген Жұмашев ерекше көрінді. Ол қазақ күйлерінің алтын қо-рына өзі жаздырған Сейтектің «Бес қыз», Махамбеттің «Өкініш» күйлерін шабытты орындaды. Қазылар алқасы-нан тегіс ең жоғары 10 балл алып, «Ал-тын домбыра» жүлдесіне ие болды» [16] делінген. Бұл – 60 жасында болған, ел жұртты таңғалдырған бір ғана сайысы.

 Тек қана Махамбет емес, Құрман-ғазының, Дәулеткерейдің, Динаның, Соқыр Есжанның, Түркештің т.б. күй-шілер туындыларының Өтеген аға арқылы жеткен, оркестрға заманауи өңделген күйлері де бар. Кейбірін орындаушылық үрдістерге орай күр-деленген үлгіге келтірген. Әрине, ор-кестрдің орындауында дыбыс палит-расы жағынан байи түскенімен, күйдің жеке күйші тарапынан болатын еркін иірімдерінің қарабайырланатынын жоққа шығармаймыз және кейбір, тіпті ұжымдық орындауға келмейтіндері де бар. Бір ғана мысал, Динаның А. Жұбанов оркестрға өңдеген күйлері оның өз орындауында басқаша иріледі, өз сти-лінің лебінде өрбиді.

 Әнші болса, күйші және күйші болса, әнші болу – дарынды бабалар-дан жалғасқан дәстүр. Осы мақаладан Өтеген ағаның ән салғанын да байқа-дым, тағы да мазмұн барысында бай-қағандарыңыздай, Өтеген ағаның дом-быра өңдейтін шеберлік қасиеті де бар екен.

 «Дария-күйдің кемесі» атты кітап-тың жарық көруі дәулескер күйші Өтеген Жұмашевтың 90 жасқа толуы-мен тұспа-тұс келіп, құрамында жинақ авторлары К. Сахарбаева мен Н. Наби-оллаұлы, БҚО мәдениет басқармасы-ның басшысы С. Дүйсентегі, «Егемен Қазақстан» газетінің меншікті тілшісі

Қ. Құттымұратұлы, Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орта-лығының директоры Б. Халиолла, БҚО халық шығармашылық орталығының директоры М. Жұбатов, өзге де өнер адамдары бар делегация су жаңа кітап пен дискіні осы туындының бас кейіп-керіне салтанатты түрде табыс етті.

Қаралым саны 2966

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463