«Тілек ағашының құлағанын көріп, әжем жылап еді...»
Орал қаласының іргесінде орналас-қан Селекционный ауылында тұратын жазушы Жәрдем Тілековтың қызы Роза Тілековамен жүздесіп, әңгімелесуге жазушының тумасы, жымпитылық Сағынғали Айтановтың басты дәнекер-ші болғандығын мақала желісі бары-сында айта кеткеніміз жөн. Өйткені Сағынғали ағаның жолсерік ретінде біздермен болғандығы сапарымыздың да оңынан болуына әбден қолайлы болды.
Әлқисса, сонымен Сағынғали аға басшы, біздер қосшы бола Роза әженің пәтеріне келіп, есіктің табалдырығынан аттағанымызда алдымыздан 10-12 жас шамаларындағы балдырғандар жүгіре келіп амандасып, біздерді бөлме төрін-дегі орындыққа жайғасқан әжеге қарай бастады.
Алдағы жылдың маусым айында 80 жасқа толғалы отырған Роза Жәрдем-қызы біздерді жылышырайлы көңілде қарсы алды.
Сағынғали ағадан біздің келетінді-гіміз жөнінде ертелі хабардар болып, әңгіменің жөн-жосығын ұғып алған Роза әже есінде қалған әңгімелерінің де шет жақтарын суыртпақтап айта бастады.
– Өзім 1940 жылы маусым айында Семейде дүниеге келіппін. Менің ал-дымда көрінген екі сәби жастай шеті-неп кеткен екен. Көз көргендердің ай-туларынша, әкем соғысқа 1941 жылы желтоқсанда аттанып, елге 1946 жылы жаралы болып оралады. Елге келген соң әкем әдебиеттегі өміріне қызу кірісіп, Семей мен Алматы арасында дамыл таппай жол жүруші еді, – деп Роза әже ойында қалған сырларын ортаға салды.
Роза әженің сөз саптауына қараған-да, екі сыныпты Семейде оқыған соң өмірдегі өзгерістерге орай қалған сы-ныпты Жымпитының Аралтөбе ауы-лындағы мектептен жалғастыруға тура келеді.
Әлі есінде, әкесінің әйелі Майрамен дәм-тұзы жараспай, 1950 жылы башқұрт қызы Тайрамен көңіл қосқан жылдары әжесінің Розаға туған анасы Майрамен бірге болуы жөнінде жиі-жиі ақыл-кеңе-сін айтып отыратындығы көз алдында сайрап тұр. Розаның айтуынша әкесінің екінші әйелі Тайра өте байсалды, ақыл-ды, сөзді түсіне білетін жан болыпты.
Бірде қаламгерлік сапардың жәйімен Алматыда ұзақ аялдап қалған Жәрдем Семейдегі жары Тайраға хабарласып, үйдегі қызы Розаны Аралтөбе ауылына алып кеткелі анасы Майра барғалы жа-тырғандығын, қонақжайлық салтпен, жақсы көңілде қарсылап, шығарып салуды айтқанда әйелі Тайра артық сөз айтпастан, сол бұрынғы сыйластық дәс-түрдің салтымен қонақтығын атқарып-ты.
Ауылға келіп, Аралтөбеден жеті сы-ныпты аяқтаған Розаның оқуын әрмен қарай жалғастыруына жағдайы көтер-месе керек. Анасымен шаруашылық-тың науқанды жұмыстарының белорта-сынан көрінуге тура келді.
Аралтөбе ауылына қарасты Жетікөл мекені (Жымпиты ауылының іргесіндегі) жазушы Ж. Тілековтың атақонысы ме-кендеген аймақ. Ал Аралтөбе ауылына кіреберістегі сайдың ішінде көк аспан-мен таласа бой көтерген ағаш өсіп тұ-рыпты. Ол ағашты жазушының әкесі Тілек отырғызған соң ағашы бар сай «Тілек ағашы» атанып кеткен.
Осы жайқала өсіп тұрған ағаштың тамырымен опырыла құлағанын аяқ-тай келіп көрген марқұм Зейнелғырап әженің жерге отыра қалып, өксіп-өксіп жылаған сәтін де жазушының ұрпағы жиі есіне алып отырады.
«Үміттің шоғы жанғандай болды»
Жазушы Жәрдемнен қалған жалғыз тұяғы Роза 1958 жылы Алғабас ауылы-ның жігіті Қуатқалимен шаңырақ құ-рып, Мереке, Гүлсім, Жоламан атты ұрпақ қызығына бөленуде.
Бір өкініштісі, ұзақ жыл механизатор-лық салада еңбек еткен отағасы Қуат-қалидың өмірден өткендігіне 15 жыл-дың жүзі болып, бұл дәуреннің қызы-ғын көрудің дәмі бұйырмады.
1998 жылы Селекционный ауылына қоныс аударған Роза Жәрдемқызы кен-же ұлы Жоламан, келіні Талшынмен бір-ге немерелер қызығына бөленіп отыр-ған жағдайы бар. Ал Мереке, Гүлсімнің де өз шаңырақтары бар, Роза аналары-ның хәл-ахуалын білісіп, араласып тұрады.
– Қарақтарым, туған жер ыстық бо-лады ғой. Әркез ел жаққа қарап елең-деп, көңілге жағарлық жақсы хабарлар-ды күтіп отыратындығым рас. Әкем Жәрдем жөніндегі тың деректерді біл-гіміз келіп жүргенде өздеріңіз аяқтай келіп, көңілге үміттің отын жаққандай болдыңыздар.
Аудандағы зиялы қауым өкілдері бола әкем Жәрдем Тілековтың өмір жолы жөнінде әкемді жерлестеріне таныту мақсатында біраз шараларды қолға алыпсыздар.
Тіпті Қадыр Мырза Әлі атындағы об-лыстық мәдениет және өнер орталығы мен «Сырым елі» қоғамдық-саяси газе-тінің бірлесіп ұйымдастыруымен әкем Жәрдем Тілеков атындағы мектеп оқу-шылары арасындағы жас ақындар бай-қауы өткізілгелі жатқандығын естігенім-де төбем көкке жеткендей бола қуанып қалдым.
Ендігі менің бір арманым – әкем атындағы көше облыс, аудан орталығы-на беріліп, кеудетұғыры орнатылып жатса тиісті басшылар тарапына алғыс-тан басқа айтарым да жоқ, – дейді Роза әже.
«Өзегімді өртер өкініштер де бар»
Әкесі Жәрдем жөнінде әңгімесін айта отырып, Роза әже өзегін өртейтін өкініш табы бар екендігін де айтты.
Әженің айтуына ең басты кемшілігі әкесі Семей мен Алматы арасында шы-ғармашылық сапарда жүргенде ақын, жазушы достарының арақатынастары-на жастық шақтағы албырттықтың әсері ме екен, жете мән бере білмегендігі.
Егер әкесінің араласатын қаламгер достарының есімдерін жете білгенде, бәлкім, есте қаларлықтай естеліктер де жазылып қалған болар еді.
1980 жылы мамыр айында Алматы қаласында дүние салған әкесінің басы-на барып, зиратына топырақ салуға да тіршілік түйткілімен бара алмай қалған сәтіне де қызы Роза өкінеді. (Жәрдем аға дүние салғанда Сағынғали аға ұлы сырқаттанып қалуына байланысты, бара алмай, туған інісі Амантай арнайы ба-рып, аға рухына тағзым еткен).
Бұйырмыс болып, алдағы кездері ау-даннан арнайы экспедиция ұйымдас-тырылып жатса, әкесінің басына бірге барып, дұға етуді де қызы басты пары-зы санайды.
«Басталған іс баянды болып,
хабардар болып тұралық!»
Иә, жазушы Жәрдем Тілеков жөнін-дегі бастау алған іс осылайша жалғасын табуда. Жазушының қызымен жүздес-тік, көңіл тояттарлықтай әңгімелерге қанықпасақ та, демеу етерліктей сыр-ларға куә болдық.
Келер жылы 80 жасқа толғалы отыр-ған жазушының тұяғы Роза әжемен бай-ланысты үзбеген жөн деген тоқтамға келдік. Роза әженің айтуынша, әкесі Жәрдем жөнінде танымал қаламгер Мұнайдар Балмолда арнайы қалам тербесе, одан соң әкесі туралы жазба жазып, бастама көтеріп отырған аудан-дық газеттің журналистері, ауданның зиялы қауым өкілдері екен. Демек, бастысы Жәрдемді ұлықтаудың сеңі қозғалды, ағайын!
Ал жәрдемтанумен түбегейлі түрде айналысып, зерттеу, зерделеу жұмысы-на білек сыбана кіріскен жөн. Өйткені уақыттың өзі осыны талап етіп отыр.