Жазушы Жәрдемнің атына көше керек!

  • Галерея изображений

Жазушы Жәрдем Тілековтің сырымдық екенін, оның ішінде өзіміздің Аралтөбе ауылының тумасы екендігін бірі білсе, бірі білмес. Ол ол ма, біреулер оның есімін де естімеген шығар.

 

Жәрдем Тілеков емес, біз кінәліміз!

Ол кім еді?

«Жәрдем  Тілеков 1911 жылы 23 қарашасында  бұрынғы Орал облысы Жымпиты ауданы Аралтөбе aуылында дүниеге келген. Жазушы. 1932-37 ж. Орал облысы "Екпінді құрылыс" газе-тінде бөлім меңгерушісі, 1937-41, 1946-57 ж. сол кездегі Орал, Атырау, Семей облыстары бойынша Қазақстан Жазу-шылар одағының жауапты хатшысы, 1952-73 ж. Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет (қазіргі "Жазушы") баспасында бөлім меңгерушісі, "Жұл-дыз" журналында бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарған. Тұңғыш поэмасы "Атырау толқыны" 1940 жылы жарық көрген. Алғашқы өлеңдер жинағы – "Ақсұр ат" 1948 жылы  шыққан. "Жаңа жүк" (1953), "Қайнар" (1953), "Хинган асуынан асқанда" (1971), "Сақсолдат" (1975), "Жорық жылында", "Қайнар" (1958) әңгімелер мен повестері, "Темір Масин" (1966) очерктер жинағы, "Жоңғар да-ласында" (1959), "От кешу" (1967) ро-мандарының авторы. Бірқатар шығар-масы шет ел тілдеріне аударылған. Орыс жазушылары А.П. Чеховтың, М.Д. Соколовтың, М.А. Шолоховтың, А.Н. Тихоновтың шығармаларын қазақ тілі-не аударған. Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған.

1980 жылы мамыр айының 3-і күні Алматы қаласында дүние салды» – Уи-кипедия. Интернет сайттар мен кітап-тар осы деректі қайталайды.

Өз тілімізге салып айтсақ, Жәрдем Тілеков – қазақ әдебиетінің тарихында-ғы аты дардай, атағы таудай қаламгер-лердің бірі. Ол әлі сол биігінде. Егер Жәрдемді танымасақ, оның кім екенін білмесек, оған Жәрдем Тілеков кінәлі емес. Оның шығармаларын оқымаған, кітабының бетін ашпаған біз өзіміз кінәліміз.

Басқаларды қойыңыз, өзіміздің жерде, мына тұрған Аралтөбеде туып, қазақ әдебиетінің бір тұтқасын ұстаған қаламгерге айналған Жәрдемді туған елі, ауылы біледі ме? Бұл сұрақ көбі-мізді жерге қарататыны хақ. Себебі біл-мейміз, танымаймыз.

«Аралтөбеге келіп, жерді құшақтап жылап еді..»

Жазушының жерлесіміз екенін ай-тып, атын ауданына қайта таныстыру-ды көптен бері ойлап жүрген едік. Бі-рақ оның өмірбаянын қайталап жаз-ғаннан бірдеңе шыға ма? Осылай тоқ-сан толғанып жүргенде Жымпитының байырғы тумасы, зейнеткер Сағынғали Айтановтың жазушы Жәрдем Тілеков-тың  ағайындас тумасы екенін естіп, жоғымыз табылғандай, жыртығымыз жамалғандай қуандық.

Ұзақ жыл кеңшарда шопыр, меха-низаторлық салада еңбек еткен  С. Ай-танов әдебиетке жақын екен. Әрі көп-теген ақын-жазушылармен дастархан-дас болыпты. Соған қарағанда, бұл кісі-нің зердесі де мықты болды-ау. Себебі, кіммен кездескеніңді, кіммен дәмдес болғаныңды білу үшін де сауат пен зерде керек қой.

Әлқисса, сонымен Ж. Тілеков жөнін-дегі әңгіменің байыбына барар болсақ, ауданның Аралтөбе ауылында дүниеге келген Жәрдем мен Сағынғалидың  әке-лері ет жақын, ағайынды жандар бо-лып шықты. Міне, ағайын-тума болған-дықтан, өзара аралас, дастархандас бо-лудың үрдісі мықтап сақталса керек.

– Өзім Жәрдем Тілековты 1965 жыл-дан, есейген кезімнен өте жақсы біле-мін, дастархандас болдым. Әкесі ерте қайтыс болды, анасы Зейнелғырап өте әңгімешіл, мейірімді жан еді.

Оны алғаш рет көрген жылы Ж. Тіле-ковтың қасында белгілі қаламгерлер

Ғ. Мүсірепов, С. Сейітов, Ж. Молдағалиев, Қ. Мырзалиев, Х. Ерғалиев болды.

Әлі күнге есімде, Жәрдем осы са-парында әкем Нұрғали, анам Ұлжанға арнайы сәлем бергелі келіп, аурухана-дағы әйелімнің жеңілгендігі жөніндегі сүйінші хабарды  жеңгемнен естіген Жәрдем аға «Нұрағаның тұңғыш неме-ресінің бауы  берік болсын» деп сүйін-ші хабарды  жеткізген жеңгейге ақша бергендігі, немереңіздің  есімі С. Торай-ғыровтың «Қамарсұлу» поэмасындағы кейіпкерге жалғас ретінде Қамарсұлу  болсын деп атағандығы жадымда сақ-талып қалыпты дейді Сағынғали аға.

Сәкең жазушы Ж. Тілековты одан соң 1973, 1974 жылдары көріпті. Жазу-шымен бауыр болу бұйырған Сағын-ғали аға  жазушының алғашқы әйелі  Майрадан Роза атты қыз қалғандығын, Розаның бүгінде 80 жасқа толып, Орал қаласында тұратындығын, екінші қоса-ғы, башқұрт қызы Тайрадан ұрпақ бол-мағандығын айтты.

С. Айтановтың жерлес жазушы

Ж. Тілеков жөнінде айтар әңгімесі мен бөлісер құнды деректері  әлі баршылық.

– Ең соңғы рет жазушы Ж. Тілеков 1974 жылы туған өлкесі Аралтөбеге кел-ді. Келді де, жерді құшақтап жылады.  Көзі жасқа толып егілген кезі, анасын Жымпитыдағы қорымға тапсырған сәт-тері әлі көз алдымда. Тіпті жымпиты-лық азаматтар Раян Жаужиев, Макеш Қожабеков, Дәуіт Сармұқанов, Мағал Үмбетияров, Сайжан Ақтановтың ша-ңырағында болған қызықты сәттерін, кішіпейілдік таныта  шай құятын келін-дері Алмаш, Күлән, Роза, Нағимаға аға-лық ризалық сезімін айтқан сәттері ұмытылар емес – дейді С. Айтанов. 

 

«Ел жадында сақталар

жарқын бейне»

Иә, елуінші  жылдардың бас кезі-нен  түгелдей прозаға ауысқан қарым-ды қаламгердің соңында екі романы, очерктері мен әңгімелері қалды.

Ол сондай-ақ, А.Чеховтың, М.Шо-лоховтың, Н.Тихоновтың шығармала-рын қазақ тілінде сөйлеткен мықты тұлға еді.

Жуырда Қ.Мырзалиев атындағы  ЖББ орта мектептің мәжіліс залында М. Есламғалиұлы атындағы орталық кітапхана қызметкерлерінің  ұйымдас-тыруымен көрнекті жазушы, сұрапыл соғыс жылдарында  қаламын қолынан тастамаған  жерлесіміз Жәрдем Тілеков-тың шығармашылығына  арналған  «Ел жадында сақталар жарқын бейне» ат-ты тағылымды шара өтетінін естіп, сол шараға шақырту алдық. Қуана-қуана бардық!

Жазушы жайлы кешке аудан әкімі-нің орынбасары Асланбек Сарқұлов,  арнайы  шақырылған  қонақтар, оқыр-мандар, мектеп оқушылары қатысты. Аудан әкімінің орынбасары сөзінде  жазушы Ж. Тілековтың жан-жақты дарын иесі болғанын айтты.

Елбасының 2019 жылды Жастар жылы ретінде  жариялауына орай  мек-теп оқушылары  арасында  Жәрдем Тілековтың «Сырым батыр» дастанын  жатқа оқудан  тұңғыш рет аудандық жыр байқауы өткізілгендігін, алда Ұлы Же-ңістің 75 жылдығы, жазушы Ж.Тілеков-тың туғанына 110 жыл толуына орай  қаламгердің рухын ұлықтау мақсатын-дағы ауқымды шаралардың қолға алы-натынын, жоспардың сызылып-түзеліп дайын тұрғанын айтып көңілді тағы бір желпіндіріп тастады.

Жазушыға арналған «Ел жадында сақталар жарқын бейне» атты шарада мәдениет қызметкерлері ән де айтты, оқырмандар пікірлерін ортаға салды, жазушы өмірі жөнінде бейнежазба көр-сетіліп, «Қарымды қалам иесі» атты кі-тап көрмесіне шолу жасалды. 

 

«Жәрдемтанумен айналыспаса болмайды»

Осы көктемде С. Датұлы атындағы аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры Айнагүл Ойшыбаева Ж. Ті-лековтың Сырым батыр туралы даста-нын баспа бетінде жаңғырту туралы ұсыныс жасады. Өйткені «Дала кемең-гері немесе Сырым туралы сыр» атты кітаптың данасы өте аз екен. Бұл жер-де батыр туралы жырдың баспа бетін-дегі нұсқасы жойылудың қаупінде тұр-ғаны айтпаса да белгілі. «Сырым елі» газеті музейдің ұсынысын қуана қабыл-дап, жырды газеттің 4 санына басты. Сөйтіп, өзімізді тарихтың тірілуіне, жа-зушы мұрасының сақталуына аз да болса үлес қостық деп санадық.

Жыры өз алдына, Жәрдем Тілеков-тың есімі ұмытылудың аз-ақ алдында тұр десек, ешкім бізге артық айттыңдар демес. Ұмытылмағанда қайтеді? Оның аты кітабының маңдайында ғана жазу-лы тұр. Басқа жерден таппайсыз. Сосын оны кім біледі? Кім таниды?

Ауданның орталығы Жымпитыдан жазушы Жәрдем Тілековтың атына бір көше беретін уақыт болмады ма? Бұл сұрақты кімге қойсақ екен?

Аралтөбедегі кітапхананың атын да Жәрдемге қия салуға болады. Сол ауыл-дағы мектептің музейіне жәдігерлері жинақталса, ауылдағы саябаққа кеуде-тұғыры қойылса, қандай жақсы? Бізге, жерлестеріне жәрдемтанумен айналыс-паса болмайды. Тілеков тарих пен әде-биет алдындағы міндетінен құтылды, оны таныту, еңбегін жинау – біздің мін-дет.

Орталықтағы көшеге жазушы есімін беру жөніндегі әңгімені  кешегі шара кезінде зейнеткерлер С. Айтанов, ақын Е. Баймұханбетов тағы қозғады. Ойы-мыз дөп басылды.

Аудан әкімінің орынбасары А. Сар-құлов С. Айтановпен бірге жазушының анасының басына барып, дұға етті. Ал-дағы уақытта ауданнан Алматыға экс-педиция ұйымдастырылса, жазушы Жәрдемнің басына барып та дұға етер едік, оның ізі қалған жерлерді көріп, көрген адамдармен жүздессек, соның бәрін қағазға түсіріп алсақ деген ой ма, арман ба, әйтеуір, бір сезім маза бер-мейді.

Біз былайғы жұртқа «Біздің елде Сырым батыр туған! Қадыр ақын туған!» деп мақтанамыз ғой. Бұдан былай, «Жа-зушы Жәрдем туған елміз!» деп те мақ-танып жүрейікші!

Қаралым саны 960

Галерея изображений

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463