Қуанай Қосдәулетов 1937 жылы 74 жасында «халық жауы» болып тұтқын-далады. Сауатты болғасын, тергеушіге түсініктемесін орыс тілінде жазған. Бағдат қаласындағы жоғары діни оқу-ын бітірген. Уфадағы бай – мұсылман-дық ұйымның мүшесі ретінде, Батыс Қазақстан бойындағы жұртшылық ара-сында мұсылман дінін кеңінен наси-хаттау мақсатында жұмыс жасайды. Бұрын жабылып қалған мешіт, медре-селерді ашу, сөйтіп, мұсылман дінін уағыздау бойынша осылай белсенді қызмет жасайды.
1926 жылы Уфада өткен Бүкіл мұ-сылмандардың 3-съезінде негізгі баян-дамашының бірі болады. Съезден соң, Уфадағы діни ұйымның бастығы Кашаф Тәржіманов діни жұмыстарды жергілік-ті жерде насихаттау үшін мұхтасибтер Нұрмуханов Хасанды – Гурьев округіне, Ізтелеуов Самиғолланы – Ақтөбе окру-гіне, Қуанышқалиев Құрманғали мен Тобсобин Жұмағалиды – Қаратөбе ауданына, Қуанай Қосдәулетов пен Ахмеджанов Қайыржанды – Жымпиты ауданына жіберуге шешеді. Бұлар тап-сырылған бұл жұмысты 1928 жылға дейін белсенді атқарған.
(Жоғарыдағы мәліметтер Қайыржан Хасановтың Орал қаласындағы Шұғыла баспасынан 2011 жылы шыққан «Қара-төбе – өнерлі өлке, тарихи-танымдық эссе» деген кітабынан алынды).
Алаштың бірінші съезінің Қаратөбе-де өтуінің себебі – Қаратөбенің Ақтөбе-нің Ойылына, Гурьевтің Қызылқоғасы-на, Жымпитыға жақын орналасқанды-ғы. Бас қосуға шақырылғандар қыстың қыраулы күндерінде де жолдан онша көп қиындық көрмей, тез жиналатын. Екіншіден, Орал казактарының саясаты мен сілтенер қылышы жетпейтін еді.
Жоғарыда айтып өткендей, съезге «Алаштың қырық төресінің» бір тобы – Жанша Досмұхамедов пен Халел Дос-мұхамедов, Аспандияр Кенжин, Ғұбай-долла Әлібеков, Сәлімгерей Қаратілеу-ов, Мырзагереев, Есенғали Қасаболат-ов, Нұрғали Ипмағанбетов, Қуанай Қосдәулетов, Салық Омаров, Хасан Нұрмұхаммедов, Төлеген Иманғазиев, Молданияз Бекімов, Есқали Балтаұлы және басқа да бір топ алаш азаматтары қатысулы.
(Жоғарыдағы мәліметтер Қайыржан Хасановтың Орал қаласындағы Шұғыла баспасынан 2010 жылы шыққан «Қара-төбе. Алашорда сиезі – Алаштың ай-тылмаған азаматтары» деген кітабы-нан алынды).
Құрбанғали хазіреттің елден кету себебі
Өзінің елден кету себебін айтқан Құрбанғали әкемнің әңгімесінен есім-де қалғанын өзгертпей сол күйінде әкем атынан айтайын, – деді кенже баласы Мүтиғолла ағамыз:
1913-1914 жылдары Шымда мешіт салып, зиярат аштым. 1928 жылға де-йін намаз оқыдым. Елге, Жымпиты, Оралға танымал молда болдым.
1927 жылы Уфаға Діни съезге шақырды. Жымпи-тыдан түкіш Қуанай хазірет екеуміз барып, он екі күн жүріп келдік. 1928 жылы мешітті жапты. Қуанай екеу-мізді ұстап, «40 тұрба»-ға апарып қамады. Екі тама хазірет, бір Бәйсеу және біз екеуміз болып, барлығы-мыз бес адам екі ай жарым түрмеде жаттық.
Содан Бәйсеу екеумізді поезбен Переметный де-ген жерге әкеліп, бір конторға тапсырды. Отарбамен 5-6 шақырым жерде Деркөл деген судың жағасында орналасқан шошқа сарайына әкеліп, «таңертең шы-ғарып, кешке қамайсыңдар», - деп мындағыларға бізді мұқият тапсырып кетті. Басқа салған соң қалай құтыларсың?! Осылай, он бес күндей амалсыздан шошқа бақтық. Содан кері әкеліп, екі күн қамап, қыл-мысты дейтіндей,еш айып таппаған соң қамаудан босатты.
1917 жылы қыркүйек айының 11-күні Уфада өткен мұсылмандар съезіне Жымпитыдан Қуанай Қосдәу-летов, Қаратөбеден Құрбанғали Қуанышқалиев ша-қырылып, қатысады. Съезд біткеннен кейін, Мұсыл-мандардың Орталық Діни Басқармасы (ЦДУМ) мү-шесі Тәржіманов (құжатта Тарджиманов Кошаф. Шын аты-жөні Тәржіманов Кашафутдин Калимудтинович) Қошаф мешітте 50-60 діни белсенділерді жинап кон-спиратив кеңес өткізеді. Олардың ішінде Гурьев окру-гінің мұхтасибі Нұрмұхамедов Хасан, Ақтөбе облысы-нан – мұхтасиб Ізтелеуов Самдулла, Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданынан – Қуанышқалиев Құр-банғали, Тоқсобин Жұмағали, Жымпиты ауданынан – Ахмелжанов Хайыржан, Исенғалиев Келел, хазірет Қуанай Қосдәулетов, Гурьев округінің Денгиз ауданы-нан – мұхтасиб Бекбаев Мұхамедшафир, иман-хазі-рет Омаров Абдурахман қатысады.
Қуанай Қосдәулетов Оралдағы НКВД тергеушісіне берген жауабында Тәржіманов Қошаф осы жасырын жиналысқа қатысушылардың назарын құпия түрде, шамамен, мына мәселелерге аударыпты дейді:
Біз осында жиналғандар, – депті Қошаф Тәржіма-нов, – мұсылмандардың белсенді мүшелеріміз. Сон-дықтан, біздің басты міндетімізге діни әрекетіміздің белсенділігі, панисламизмді жалғастырып, мұсыл-мандардың бостандығы мен бақыты үшін күресуіміз кіреді. Біз сенген Түркия мен Жапония бізді, мұсыл-мандарды қамқорлаймыз деп отыр. Сондықтан біз-дер шынайы мұсылмандар, жергілікті жерге барға-сын панисламдық ұйымдар құрып, оның ұяларына совет үкіметінің саясатына риза еместерді, жаулық қаскүнемдік ниеттегілерді тауып, тартуларымыз ке-рек. Соларды өте сақтықпен пайдаланып, совет үкі-метінің жүргізіп отырған саясатына қарсы астыртын жаугершілік әркеттер жасау керек. Сөйтіп, саяси, ша-руашылық жұмыстарына кеселдік жа-сау қажет. Жасаған жұмыстары жайлы Мұсылмандардың Орталық Діни Бас-қармасының мүшесі Қошаф Тәржіма-новке хатпен жазып, жасырын түрде хабарлап отыруларың керек. Тәржіман-ов осы жасырын жиналысты қорытын-дылаған сөзінде мұсылман ісіне кез келген сатқындық Алланың кәрімен жазаланады. Сондықтан берген сертке адал болу керек, - деп жиналысқа қа-тысқандардың әрқайсысынан ант қа-былдады - депті.
Мен Уфадан поезбен қайтып келе жатқанда, Қаратөбе ауданыңың мол-дасы Мұхамедов Әбдрахманмен бірге келдім. Жолшыбай оған жасырын өт-кен жиналыс туралы, Тәржіманов бер-ген тапсырмалар жайлы құпиялап айт-тым. Оған контрреволюциялық әркет-терге қатыс деп үгіттегенімде, ол келіс-ті. Содан кейін мен Мұхамедовке ауыл-ға барғасын, совет үкіметін жаратпай-тындарды тауып, контрреволюциялық әрекет жасауға ұйымдастыр деп тап-сырма бердім. Әсіресе, молдалар мен ишандарды, діни белсенділерді тарт, совет үкіметіне қарсы діни саясатты белсенді жүргізсін дедім, - депті.
Уфадан келгеннен кейін жасырын жиналыста естігендерімді, Тәржіманов берген тапсырмалар туралы балам Қуанаев Зәкірге айтып, молда, ишан, белгілі байларды контрреволюциялық әрекеттерге тарт дедім.
Жымпитыдағы Батыс Алашорданың діни басшысы хазірет Қуанай Қосдәу-летов кім? Қуанай Қосдәулетов – 1859 жылы Орал округі, Жымпиты уезі №8 ауылда (Қособа) орта шаруасы бар от-басында дүниеге келген. Руы Байбақты – Түкіш. Әкесі Қосдәулет бай болды де-геннің өзінде жеке малын 20 бас ірі қарадан артық ұстамапты. 1929 жылы 29 қаңтарда НКВД тергеушісіне берген жауабында айтылғандай, Қуанайда 1917 жылы 40-50 шамалы ірі қара мал болған. 1928 жылы 27 тамыздағы Қаз-ЦИК-тің декреті алдында жеке менші-гінде 93 қойы, 11 жылқысы, 16 ірі қара-сы, 2 түйесі болғандықтан, мал-мүлкі тәркіленген. Осы кезде оның екі қыс-тауы, екі қатыны болған. Екі киіз үйін бәйбішесі мен тоқалы пайдаланған. Отбасында інісін қосқанда, алты кісі, бәйбішесі өлгеннен кейін бәрі бірге тұрған. Бай ретінде, Қуанай Жетісу жақ-қа жер аударылған.
Қуанайдың білімі қандай десек, бала кезінде әкесі Қосдәулеттен сабақ алған. Діни кітаптар мен Құранды оқитын дәрежеге жеткенде, ауыл молдасынан білімін жүйелі түрде жалғастырып отырған. Одан соң Орал қаласындағы Ғабдрафаков деген халфеден оқуын жетілдіргеннен кейін, әрі қарай Әлі халфенің курсында болады. Кейін Бұха-рада медресседе оқиды. 10 жылдай өмірін діни оқуға арнайды. 25 жасқа толған соң, молдалық жолға түседі. 20-25 жас аралығында қазақ балаларын ақы алып оқытады. Кейін оны өзінің кіндік қамы тамған №8 ауыл Қособа-дағы мешітке имам етіп сайлайды.
1914 жылдан бастап 3 жыл қатары-нан Мәдина мен Меккеге қажылыққа барады. Стамбулдағы «Айя-София» ме-шітінде имам-халфе болады. 1928 жылы Уфадағы ЦДУМ-ның ұйғаруы бойынша, оның Жымпитыдағы өкілі болып сайла-нады. Хазірет атағы беріледі.
Курск жағында айдауда жүрген Қуанай жазасын өтеп болғасын, отба-сымен бірге Орал қаласындағы ет ком-бинаты маңына келіп қоныстанады. 1937 жылғы дерек бойынша Қуанай-дың әйелі Гүлстан – 56 жаста, баласы Зәкір (Мұхамедзәкір) – 31 жаста, келіні Маржан 21 жаста екен. Маржан – Сырым Датов батырдың бауыры Дүйінбай тегінен шыққан.
РСФСР ҚК 58-2-6-7-11 баптарына сәйкес 1863 жылы туған Қуанай Қос-дәулетов 1937 жылы 5 декабрь күні БҚО УНКВД Үштіктің қаулысымен ату жазасына кесілген. Хазірет Қанатайдың Қосдәулеттен басқа Қожанай, Адна, Қайырғали деген інілері бөлек шаңы-рақ көтеріп отырса да, діни тұлғаның тумалары ретінде, қуғын-сүргін құр-бандары болған.
Қуанай Қосдәулетов БҚО соттың 1965 жылғы қаулысымен қылмысты оқиғаның болмауына байланысты ақталды.
Қуанайдың рулық шежіресі – Бай-бақты – Батақ – Шолан – Түкіш, Есем-бай, Байторы мен Дат; Түкіштен – Беге-тай, Қанатай, Борсық; Қанатайдан – Қосдәулет, Самархан, Махмет, Құрман-ғали, Жұмағали, Молданияз, Ердес, Шыңғыс, Қуаншәлі, Болатқали, Батыр-ғали, Меңдіқазы; Қосдәулеттен – Қуа-най; Қуанайдан – Зәкірмұхамед, Мар-фуға, Мүкарама, Зібайда; Қуанышқали Аманов – хазірет Құрманғалидың әкесі. Құрманғалидың моласы Ақсай қала-сындағы мұсылмандар зиратында. Ба-сына қойылған құлпытасында «руы ысық, жәдікбай бөлімі, андабай тай-пасы, Қуанышқалиұлы Құрбанғали 1890. ІV. – 1971. 14. ХІІ. Белгі қойған баласы Мүтиғолла, немерелері» деп жазылған.
Қуанышқали атамыздың алған діни білімінің жоғары болғандығы сондай, құран-хапез атаныпты. Хазірет болып, жалпы Қаратөбе өңіріндегі, соның ішін-де жәдікбай руынан шыққан ынталы балаларды оқытқан.
(Жоғарыдағы мәліметтер Қайыржан Хасановтың Орал қаласындағы Шұғыла баспасынан 2014 жылы шыққан «Хазі-рет Құрбанғали Қуанышқалиев» деген кітабынан алынды).
Орал қаласында 2011 жылы шық-қан (авторлары Қитаров Қ., Хасанов Қ.) «Саяси қуғындар тағдырлары» атты кі-тапта Алаш қозғалысының аса көрнекті қайраткері, Алашорда үкіметінің мүше-сі, Алашорданың Батыс бөлімшесінің төрағасы Жанша (Жаһанша) Досмұха-медовтың Қуанай хазыреттен бата алғаны туралы қызық мәлімет бар.
Қуанайдың батасы
1896 жылы маусымда Тана руынан, әлділерінің бірі Досмұхамбет баласы Жаһаншаны Оралдағы әскери реалдық училищеге оқуға аттандырар алдында Соналы боласының старшыны – Ақшо-лақ Сарықожаұлын, көршілес Дат тұқы-мы Сырымның баласы – Ресей әскері-нің полковнигі – тархан Қазы бидің ба-ласы – Омарды, Тайсойғаннан шақы-рылған беріш руының танымалысы – Досмұхамбетті (Халелдің әкесі ) т.б. ат-қамінерлерді батаға жинайды.
Жиналғандардың арасында Жым-питы – Қаратөбе – Тайпақ – Атырау – Манғыстау елдерінің рухани басшысы, әулиесі Қуанай қазірет ерекше болады, бата беруші тек ол ғана. Жұрт осы адам-ға табынып – аузына қарап қалған. Ақ жібек орамалды бастыра киген, құндыз бөркі, иығына жамыла салған жасыл түсті мауыт камзолы, аяқтарында өр-нектелген жылтыр мәстері, дін иесінің келбетті жүзі отырғандардың үстінен шолып қараған өткір көздері, төңірек-тегілердің назарында.
«Баяғы өткен заманда, дін мұсыл-ман аманда» – деп бастап, Мұхаммет пайғамбардың хадистерінен әңгіме жалғастырды.
Ата-тегіңді, туған-туысқандарыңды жақсы танып біл, өзара байланыс жаса-уың үшін жақсы болады.
Арам парасатсыздардан сақтанғын, жүрген ортаңда инабатты боласың. Алланың берген ризығына разы бол – басқалардан гөрі дәулеттірек өмір сү-ресің. Көршіңізге жақсылық жасасаң, ұйқыныз тыныш болады. Өзің сүйген нәрсені өзгелерге де лайықты деп біл. Сау-саламат жүресіз. Көп күлкі әлсіре-теді.
Тәңірден қорық. Жақсылықтың үлкен-кішісі болмайды, су сұрап келген кісінін шелегіне ашық қабақ танытып, су құйып беріп, тірлігін жаса. Байлық – дүние мен малдың көптігі емес, несіп-тің тоқтығы. Кеуде керіп, қыр көрсету-ден сақтан.
Тәңір тәкәппарды жек көреді. Үш нәрседен қорқындар, бірінші: нәпсіге беріліп жолдан таю, өзін-өзі жақсы кө-рушілігі, сезімқұмарлыққа беріліп кету; үшінші: ғылым-білімге ие бола тұрып, білімсіздің ісімен айналысу. Бес нәре-сені ұқ: 1. Өлімнен бұрынғы тіршілігін-ді; 2. Аурудан бұрынғы саулығынды;
- Тұтқындалудан бұрынғы еркін уақы-тынды; 4. Кәріліктен бұрынғы жастық шағыңды; 5. Кедейліктен бұрынғы бай, бардам кезіңді \олжа\ табыс деп есепте. «Адамдар бұзылып кетті» деген сөзді естісеңіз, біліп қойыңыз сол адам өзі бұзылған, дүниеден өтіп кеткендер-дің тек қана жақсы жақтарын еске алы-ңыз. Жаман жақтарына келгенде, тілі-ңізді тыйыңыз. Кім ақылды болса, сол бақытты деп айта келіп, тіпті қытайдан болса да білім алуға қаракеттену – әр-бір діндардын парызы. Білім – ақыл-дың ажар көркі, – деп сөзін аяқтады. Тым-тырыс отырғандар «бәрекелді» деп тәуба жасап, беттерін сипады.
Үй иесі – Досмұхамбет қасында отырған ұлы Жаншаның қазірет алдын-да бас иіп, екі қолын жайып құдайға құлшылық етуін тіледі. Әке ұсынысы орындалып, қонақтар қосылып ишарат жасалды.
Аллаға құлшылық етіп, отырғандар тамаққа кірісті. Ас үстінде әнгіме басы-лып, тізелесіп отырғандардың жәй кү-бірлері ғана тыныштықты бұзады. Ас қайырып бата қылғаннан кейін, әңгіме әрі қарай жалғасты, оның айтушысы құмды өлкенің түлегі – Бесқасқанын Машагінің баласы Исатайдың қандасы – Досмұхамбет болды. Ол Жаншадан 2-3 жас үлкендігі бар Текеде оқып жүрген баласы – Халелмен дос, бір кісінің бала-сындай болуларын қалайтынын айтты.
Ақыры жиналғандар Жаншаға:
«Арап ашқан қаріптің,
Жел жағына жота бәл!
Панасызға пана бол!
Кек сақтамас бала бол!
Дос сүйсініп қас силар, асу бермес дана бол!» – деп бата қылды. Еліміздің тарихынан Жанша мен Халелдің берген батаны орындағаны әлемге аян.
Қосдәулетов Қуанай қазірет туралы қалған әңгіменің бірі осылай.
Осы кітапта жазықсыз қудаланып, түрмеде отырған, жер аударылуды да бастан кешірген, 80-ге келіп қалған хазыреттің аяқ астынан қайта тұтқын-далып, өлім жазасына кесілу себебі осы қылмыстық жүргізген тергеушінің атынан баяндалады:
«1937 жылдың 29 қазан күні 79 жас-тағы төсек тартып жатқан Қуанай хазі-рет тұтқынға алынады, №2368 айыптау ісі пайда болады. Сол күні Зәкірді де ұс-тап, тінту жүргізіледі. Неліктен олар осындай жағдайға душар болды, күнә-сін толық өтеген еді ғой? – деген сұрақ-қа, сол кезде қазіреттің ісін жүргізген-дердің бірі – 1953 жылға дейін БҚО УМГБ бастығы – отставкадағы полков-ник – Абузаров Ахмет Закировичтің, 1955 жылы 26 маусымда тергеушіге берген жауабынан көруге болады:
«По существу дела могу показать следущее:
... Приблизительно в конце августа или сентября 1937 г. после организа-ций при облупр. НКВД особых троек в г. Уральск приехал замнаркома КССР – Володьзко, вызвал для доклада дел опер работников, в т.ч. и меня. В про-цессе доклада Володьзко указал, что мы до сех пор не вскрыли существую-щие в области к/р организации и необ-ходимо подобрать всем учетные мате-риалы.
Мне помнится, Володьзко, ознако-мившись с материалами по мусуль-манскому духовенству, предложил на-писать под его диктовку приказ, в ко-торым говорилось о том, что в ЗКО лик-видирована контрреволюционная байско-мулльская повстанческая орга-низация и что в связи с этим необходи-мо арестовать всех мулл, баев и т.д. и установить их причастность к этой ор-ганизации.
В процессе работы я был вызван в кабинет начупр Ромейко где Володьзко корректировал протокол допроса – по-казания одного арестованного, ведя разговор по поводу оформления он говорил: «Нужно составить один хоро-ший протокол, на оснований которого следует составлять и другие протоко-лы, поставить фамилии участников, т.е. включить в учет как участников органи-зации». Касаясь порядка рассмотрения дел, дал установку: «головку организа-ций человек 10-15 выделить в особое дело, приложить побольше показаний и направить на Военную коллегию, где пропустят их по первый категории, а всю низявку следует пропускать по первой категории через «Тройку» ... об этих фактах должны знать работники Облупр. Голованов и Испанский»».
Заңсыздық пен азап-қорлыққа толы тергеу кезінде тағылған айыптардың көрінеу жалғандығы сонша, Алашорда-ның рухани көсемі Қуанай хазырет, осы кеңес дәуірінің өзінде, Батыс Қазақстан облыстық соты президиумының 1965 жылғы 27 қазандағы қаулысымен ақ-талды. Қуанай хазырет сынды шын шәхидтердің рухы шат болуы үшін, нақақ жағылмен күйеден ақтаумен қатар, олардың ел руханияты үшін жасаған іс-қызметін үлгі-өнеге тұтып, насихаттау керек. Бүгінгі мақала – осы бағытта жа-салған бір түйір тірлік.