Бұдан жиырма жыл бұрын, яғни 1989 жылы маусымның 16-19-ы күнде-рі Жаңаөзен қаласында кешегі Кеңес үкіметінің шаңырағын шайқалтып кете жаздаған үлкен көтеріліс болды. Бұл көтеріліске бүгінгі күнге дейін лайықты тарихи баға беріле қойған жоқ.
Маңғыстаудың қасиетті топырағын-да 60-шы жылдардың басында қара мұнай атқылай бастады. «Осы мұнай-ды игереміз» деген сылтаумен Маң-ғыстауға жан-жақтан өзге ұлт өкілдері жаппай келе бастады. Жергілікті қара-пайым халық мұнай өнеркәсібіне көп тартыла қойған жоқ. Оларды көбінесе ауылдан, мал шаруашылығынан айыр-мауға тырысты. 1989 жылғы халық са-нағы бойынша Жаңаөзен қаласында 58 мың адам болды. Оның 32 мыңы қазақ, 16 мыңы кавказдықтар, 10 мыңы славян ұлт өкілдерінен құралды. Қалада барлық жылы-жұмсақты, майлы-сүбелі жерлер биліктегі шенеуніктерді алдап-арбап, сатып алған кавказдық ұлт өкілдерінің қолында болды. Өндіріс, халыққа қыз-мет көрсету, құқық қорғау орындарын-да кавказдық ұлт өкілдерінің саны ба-сым болды. Олар сол кезде Жаңаөзен-ді «екінші Грозный» деп атады. Жергі-лікті қазақтар екінші сұрыптағы халық-қа айналды. Кез келген мәселені шешу-дің өзі кавказдықтардың (әсіресе, ше-шендердің) рұқсатымен жүзеге асып отырды. Кавказдықтар мен қазақ жас-тарының арасында жиі-жиі төбелестер болып тұрды. Адам өлімі болған кез-дер де көп болды. Бірақ жергілікті би-лік бұл оқиғаларды жоғарғы жақтардан үнемі жасырумен келді. Жергілікті ха-лықтың ашу-ызасы күннен-күнге күше-йе түсті.
1989 жылдың 16 маусым күні сағат кешкі 19.00 шамасында жастардың би кешінде қазақтар мен кавказдықтар-дың арасында төбелес болды, мұның арты талай жылдардан бері сыздауық-тай сыздап тұрған жараның жарылуы-на әкеп соқты. Жаңаөзендегі толқуға 25-30 мыңдай халық қатысты. Бұл жағ-дай империялық кеңес үкіметінің төбе шашын тік тұрғызды. Мұндай көтеріліс-ті дер кезінде басып жаншып тастау үшін мұздай қаруланып, арнайы да-йындықтан өткен төрт мыңдай жаза-лаушы жасақ (спецназ) түсірілді. Ол аз-дай, екі мыңға жуық ішкі әскер мен ми-лицияны әкелді. Сол кезде Жаңаөзен қаласы соғыс орталығына айналғандай әсер берді. Көшелерде әскери техника-лар, БТР-лар, танктер, әуеде әскери тік-ұшақтар күндіз-түні шыр айналып ұшып жүрді. Олар кез келген сәтте бомбалау-ға, атқылауға дайын болатын. Қақтығыс негізінен, әскерлер мен жергілікті халық арасында өтті. Солдаттардың қару қол-данып, халыққа оқ жаудыруы жергілік-ті адайларды ашындыра түсті. Арнайы жасақпен қақтығыс кезінде 21 қазаққа оқ тиіп, олардың үшеуі қаза тапты. Елі-міздің тәуелсіздік жолында құрбан бол-ған азаматтар Нұрберген Тілеуберге-нов 36 жаста, Төлеп Жаңай 37 жаста, ал Оңдасын Отарәлиев бар болғаны 21 жаста болатын. Олар қызыл империя жендеттерінің атқан оғынан қаза тапты. Бір жігіт жарақат алып, аяғынан айырылса, енді бірі көз жанарынан айрылды. Жүздеген адам ауруханаға түсті. Осыған ашынған жергілікті халық алған бағыттарынан қайтпады. Мәскеуден арнайы келген билік өкілдерінің кө-терілісшілердің талаптарын орындаудан басқа амалдары қалмады. Олар 14 мыңнан астам кавказдық ұлт өкілдерін өздерінің елдеріне еріксіз көшіріп жіберуге мәжбүр болды.
Жәнібек ҚОЖЫҚ, Маңғыстау облысы
«Жас Алаш» газеті 2009 жыл
Иә, осындай Жәнібек Қожықтай саналы, санаулы аза-маттар болмаса, «Жаңаөзен-89» уақиғасы дейік, көтерілісі дейік, тарихымыздың айшықты бөлігіне қалам тартып жат-қандар көп емес. Жаңаөзен-89 тарих сахнасына өз батыр-ларын алып келді. Қазақта батыр мен дастан қатар туады, оны эпос деп атайды. 1989 жылғы батырнаманың айтулы тұлғасы Бақтыбаев Балтабай Башарұлымен бізді Маңғыс-тау өңірінен шыққан тағы бір елжанды азамат – Уайс Ерсайын-ұлы жалғады. Осы Балтекең жайлы жазылған батырлар жырының заманауи жалғасы деп айтуға болатын бір дас-танда Жаңаөзен-89 кезінде халықты басуға келген арнайы жасақтың сайдың тасындай екі өкілі бір қыз баланы сарай-дың артына арам оймен сүйрей жөнеледі. Олардың арты-нан жүгірген жасы жиырма беске жетер-жетпес Балтабай батырдың сөзін әлгілер құлағына қыстырмағанда Балте-кең екеуін екі ұрып есеңгіретіп, өздерін байлап, қару-жара-ғымен бірге командиріне апарып тапсырады. Командир арнайы дайындықтан өткен, автоматы бар қос сарбазын бір жас қазақтың жалаң қолмен жайпағанына сенбей, жек-пе-жекке шақырады. Сонда қарсыласын қақыратудың түр-лі тәсілдерін қанша жерден арнайы үйреніп-меңгерген болса да, спецназ офицері жиналған ел-жұрт, қаптаған солдат алдында Балтабайдан быт-шыты шығып жеңіледі. Балтабай Басарұлы осы ерлігі үшін темір тордың ар жағы-нан бір шықса да, елдің рухын көтерген бұл қайратымен бұрынғының Алпамыс, Қобыланды баһадүрлері сықылды ән-жырға арқау болды.
Жоғарыда сөз еткен осы жырдың қысқартылған нұсқа-сы (авторы – Медетбек Абдулаев) былай дейді:
«...Осы кезде бұл қақтығыс Жетібайда боп жатты,
Оқиғаның желісін мен енді солай бұрайын:
Қалың әскер – каратель мамандардан құралған,
Іріктеліп әкелінген, ең үздіктер сыналған.
Халық жағы шайқасуда қарсы келіп бетпе-бет,
Қазағыма дем бере гөр осы айқаста, бір Аллам!
Жетібайдың тарландары шегінбеді, қашпады.
Ойлағаны, бар арманы – азаттықтың ақ таңы.
Спецназ мамандарын пайдаланып, көндіру
Жүзеге аспай, әлек болды үкіметтің жоспары.
Бір кездері қалың жасақ қару атып халыққа,
Хлопушка лақтырып, халық тұрған бағытқа.
Тұмандатып, осы сәтті пайдаланып екі әскер,
Қазақ қызын сүйреп қашты, тиді әбден намысқа.
Қос әскердің жетегінде қазақ қызы барады,
Шырылдайды, жұлқынады жасқа толып жанары.
Осы сәтте бір жас жігіт қыз соңынан ілесіп,
Шапшаң басып, жетіп барды әскерлерге жаңағы.
Көз ілеспей, шапшаңдықпен екеуін де тең ұрды,
Солдаттардың құлағаны қалың жұртқа көрінді.
Мылтықтарын тартып алып, тағы ұрды шекеден,
Қазақ қызын құтқарып ап, артқа қайта шегінді.
Осылайша қара көзім қайта оралды ортаға-ай,
Әлгі жігіт кім десеңіз, дара туған арқалы-ай?!
Каратэнің қас шебері Ер Жанақтын жиені,
Батыр жігіт – Башарұлы Бақтыбаев Балтабай.
Есін жиып, бір Алла деп Жаббарына сиынып,
Ертесіне тағы шықты халық жағы бірігіп.
Малина түс кепка киген карательдік жасақтар
Қазақтардың қарсы алдында тұрды жақын жиылып.
Дауыстады командирі деп «Қаруды қайтарың,
Жақсылықпен тараңыздар, менің сізге айтарым.
Үкіметпен ойнамаңыз, үйлеріңе қайтыңыз,
Қарулы күш қолданамыз, ескертеміз байқаңыз».
Балтабай да қаруларды қалдырмады жасырып,
Алға шықты тартып алған мылтықтарын асынып.
Қадам басып жетіп барды, командирге қорықпай.
Қаруларды табыстады көрсетпеді қарсылық,
- деді сосын «Тарамаймыз, бұл халықтың таңдауы».
Осы болды – Балтабайдың қысқа ғана байламы.
Ақ-қараны күтіп тұрған бұндай үлкен шайқаста
Сөзбен шешіп ұтып еді қазағымды қай жауы?
Менсінбеген сыңай қылып сөз сөйледі командир:
«Олай болса, көрейінші қазір сенің шамаңды,
Шық менімен жекпе-жекке, осы жерде дәл қазір.
Женсең егер, сөз беремін аласың оң бағаңды,
Жекпе-жекте жеңе алмасаң, халықты алып кері қайт.
Шартым осы, келіссеңіз, уәдеме сенім арт.
Мен жеңіліп тізе бүксем, көріп тұрған ел куә.
Қарсыласпай кетіп қалам, әскерімді жиып ап».
Тұрды тыңдап батыр жігіт командирдің бұл сөзін,
Келісімін берді сосын куә қылып ел көзін.
Шығу үшін жекпе-жекке 2 метр алыппен
Керек еді намыс және батылдық пен шын төзім.
Осылайша жекпе-жектің сын сағаты басталды,
Қапияда сан соқпауға екеуі де сақтанды.
Бұл жекпе-жек – тарихи сәт ақ-қараны шешетін
Жеңіс үшін екі арыстан бар тәсілін ақтарды.
Командирдің кірді-дағы қолтығының астынан,
Жамбасымен жерге жықты Балтабайдай жас қыран.
Куә болып жиылған жұрт қарап тұрды жан-жаққа,
Ал командир қайта ұмтылды карымтасын алмаққа.
Ел-халықтың бар үміті болды жалғыз Балтабай,
Ел намысын биік қойып ойнақтады ортада-ай!
Артқа айналып, кеуде тұстан тепті, шапшаң қимылдап,
Дем жетіспей құлай берді, екінші рет шалқалай.
Үшінші рет тұрған еді, шалып жықты өкшеден,
Нүкте қояр ақырғы сәт келді енді көксеген.
Төстің астын нысана қып шынтағымен дәлдетіп,
Салмағымен құлай салды командирдің үстінен.
Командирдің демі бітіп, жатыр есін жия алмай,
Барлық халық таңырқап тұр, бұл жағдайға сене алмай.
Әскерлері көмек берді, дем алдырып, су шашып,
Ал командир әлі жатыр, өз-өзіне келе алмай.
Командирдің есі кіріп, көзін ашты бір кезде,
Балтабайды құттықтауға халқы сыйлап бұл кезде.
Балтабайға қарап тұрып бар амалы таусылып,
Деді сосын: «Қайдан ғана кезіккенсің сен бізге?»
Бірақ олар уәдеге тұра алмады жаңағы.
Бұйрық беріп, Балтабайды тұтқынға алып, қамады.
Желтоқсанда ауыр жаза арқалап ед(і) Қайратым
Осы жолы Балтабайға сондай айып тағады.
Оқиғада 9 адам тұтқындалып тұтылды,
Бірақ бізге көтеріліс берді пайда ұтымды.
Қазақтардың қайтпас қайсар мінезінен сескенді,
Батырларым жеңіл жаза алып, түбі құтылды.
Бұл оқиға оң бағасын алды асыл халқының,
Тарихында деп аталды «Оқиғасы маусымның».
Көп ұзамай тәуелсіздік таңы атты елімде,
Қадірін біл, ағайындар, бейбіт атқан әр күннің.
Жылдар өтті, қазақ елі алға басып, өрлеуде,
Бірақ билік өз бағасын әлі дұрыс бермеуде.
Толды биыл оқиғаға дәл 30 жыл уақыт
Ас беруге тиіс халқым тойлап үлкен деңгейде.
Ұмытылып бара жатыр тарихымнан осы күн,
Мемлекет қолға алса екен, азаматтар қосып үн.
Азаттықтың ақ жолына жасап халқым бір қадам,
Тербетуге қол жеткізіп тәуелсіздік бесігін.
Тарихты ашсам, тартқан қазақ тауқыметтің талайын,
Көрдік солай ақырында азат таңнын арайын.
Ерлікпенен қаза болған жігіттерді еске алып,
Көзі тірі батырларды құрметтейік, ағайын!»
Жаңаөзен-89 көтерілісін тәуелсіздік жолындағы қаһар-мандық оқиғаның бірі деп санайтын Danaqaz журналы Қазақ елінің тәуелсіздігінің 29 жылдығы қарсаңында, жоға-рыда келтірілген дастанда айтылғандай, шахидтердің есі-мін жадымыздан шығармай, Балтабай Башарұлы сынды көзі тірі батырларымызға құрмет көрсетіп, өскелең ұрпақ-қа үлгі-өнеге қылуға шақырады.
P.S.
Балтабай Бақтыбаевтың қайраткерлігі Жаңаөзен оқиға-сымен тоқтап қалған жоқ. Оның атақ-дәрежесі, еңбек жо-лын баяндауға, өз алдына бір бөлек мақала, дұрысы, бір кітап керек. Сондықтан әзірге Балтабай Башарұлы «Қазақ-станның құрметті азаматты» атты жоғары мәртебенің иегері екенін айтумен шектеле тұрайық.