Екі мыңнан аса делегат жиналып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысқан екі жыл бұрынғы Тамыз кеңесінде білім саласы бойынша  негізгі бағыт-бағдар айқындалып, алдағы жылдарға жоспар жасалғаны белгілі. Осы конференцияда Президент Қ. Тоқаев саладағы қордаланған мәселелер, оны шешу жөнінен  Үкімет пен әкімдерге, сондай-ақ тиісті министрлікке нақты міндеттер жүктеді. Соның бірін тілге тиек етсек, Қ. Тоқаев: «Тағы бір өзекті мәселе – уақыт талабы мен еңбек нарығының қажеттіліктеріне қарай арнаулы орта оқу орындарын жаңғырту.

Білім беру әлемі  – үздіксіз жаңғырып, өзгеріп отыратын динамикасы жоғары күрделі жүйе. Осы білім беру ісінде біздің елде соңғы жылдары орныққан жаңа бір элементтері - бөлім бойынша жиынтық бағалау және тоқсандық жиынтық бағалау жүйесі. Жаңа қалыптасып жатқан аталмыш жүйеге қатысты сұрақ, мәселе баршылық, сыни көзқарас та жоқ емес. Сондықтан білім тақырыбын ұдайы назарда ұстап, оған алғашқы нөмірінен бастап өз бетінен орын ұсынудан танып көрмеген DANAqaz журналы «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мектепке дейінгі және орта білімді дамыту бөлімінің бас маманы Бекжанова Жадыра Мұратқызымен амандық-саулық сұрасқан соң, БЖБ, ТЖБ мәселелері бойынша арнайы сұхбат құрды:

Хайруллина Айгуль Болатовна

 «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ «Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі

Қоғамның болашақ ресурсы болып табылатын мектеп оқушыларының психикалық саулығының сапасын қамтамасыз ету – білім беру саясатының басымдыққа ие міндеттерінің бірі. Отандық білім беруді дамытудың қазіргі кезеңі оның құрылымы, мазмұны, әдістері, оқыту мен тәрбиелеу саласындағы жаңарулармен, сапалы өзгерістермен, жаңа ұйымдастырушылық, педагогикалық, басқарушылық тәсілдермен сипатталуда. Отандық білім беру бағдарламасындағы стандарттарға, бағалауға, оқулықтар мен оқыту әдістеріне қатысты білім беру саласындағы өзекті құндылықтар мен мақсаттар мектеп оқушыларының білім сапасын арттыруды, оларында  ұлттық сананы қалыптастырып, іске асыруды және ауқымды халықаралық тәжірибемен өзара әрекеттесуді көздейді. Осы аталған міндеттерді шешудің бірден-бір жолы білім берудің жаңартылған мазмұны мен критериалды бағалау жүйесін енгізу болып табылады. 

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463