Карах-симирики (Якут халық ертегісі)

Қариялар «қайырымды жүрек,  шебер қолдар – ең үлкен байлық» деп атайды.

 Баяғыда бір бай адам қызымен өмір сүріпті. Әйелі ерте дүние салыпты, ол басқаға үйленіпті. Оның екінші рет үйленген әйелінің қызы өз қызынан сәл ересектеу.

            Аздаған уақыт өтеді. Әкесі ауырып, қайтыс болады. Әйелі туған қызымен және өгей қызымен қалады. Туған қызы күні бойы киініп, сыланып, ештеңе жасағасы келмейді. Өгей қыз үй жинап, тамақ әзірлеп, отын тасиды,киім тігеді, арасында ән айтып үлгереді. Өгей шешесінің оған бәрібір көңілі толмайды. Күні бойы қызға ұрысып, қызды ұрып – соғады.

            Өгей шешесі үлкен жалқау қызын – Сюряга–Сох  деп атайды, ал өгей кіші қызын – Юлесит–Кыыс  деп атайды. Мінезі жаман өгей шешесі туған қызымен бірге өгей қызына көп тиіседі. Ең ауыр жұмыс ойлап табады, бірақ ол бәрін көңілді жүріп жеңіл әрі тез істейді.

            Өгей шешесі қызын бірге жек көретін Юлесит–Кыысқа қалай күн көрсетпуді ойлайды, ақыры ойлап табады.Өгей шешесі өгей қызын шақырып:

  • Тайгаға барып, себет жасайтын тал теріп келші, жақсылап тазала, бұтақтары болмасын, – дейді.
  • Күн батып келе жатыр, тайгаға қалай түнеймін? – деп сұрайды қыз.
  • Бар, бар! Сөйлеме! – деп жекиді өгей шешесі, сөйтіп қызды есіктен шығарып жібереді.

Амал жоқ  Юлесит–Кыыс  тайгаға барады.  Өгей шешесі қуанып қызына сонда:

  • Оны тайгада аңдар тартып кететін болды, – дейді.

Юлесит–Кыыс  қорыққанынан дірілдеп  келе  жатады.  Аяғындағы жыртық аяқ киіміне қар толып қалады, тоңып барады. Киімінің  тесігіне суық  жел өтеді. Шыңылтыр аяз. Тайгаға жеткенше қараңғы батады. Қыз бір құшақ тал теріп алады. Кенет алыстан ескі үй көреді, терезесінде жарық көрінеді. Қыз қуанып кетеді. “Жақсы болды. Шамасы, мұнда аңшы тұратын болар. Түнеуге сұранып көрейін” , –  деп ойлайды. Талын құшақтап үйге барады. Үйге кірсе, үй бос болып шығады. Қожайын аңға кеткен болу керек. Қыз батпақтан соғылған  пешті көреді. Пештің  жанында отын  жиналыпты.  Пеште қазан тұр. Қазанның ішінде камыяк тұр екен. Бәрі дайындалған екен. «Мұнда жақсы қожайын тұратын шығар. Ұқыпты әрі қор сақтағыш»,  – деп ойлайды қыз.

Юлесит–Кыыс қол қусырып ұзақ отырмайды. Ол кішкене кезінен шаруаға үйренген ғой. Пеш жағып, ботқа пісіреді. Содан соң қожайынды  күтеді. Ол әлі жоқ. Қыздың қарны ашады.

Қожайын тайгаға түнеп қалған шығар деп ойлайды. Енді тамақ ішуге дайындалар  кезде, бұрыштан тышқан шыға келіп, қыздың  тізесіне секіріп:

–     Маған да ботқа берші! Мен  әлі ештеңе жеген  жоқпын, – дейді.

  • Келгенің жақсы болды! – деп қуанады Юлесит–Кыыс. –Бірге көңілдірек, – дейді .

Солай айтып тышқанмен бірге тамақ іше бастайды. Қасықты біресе өзіне, біресе оған береді. Бүкіл ботқаны жеп, тышқан онымен қоймай қазанды жалап қояды.

  • Жақсы тамақ іштік. Рахмет саған, қайырымдысың. Осы үшін саған көмектесем. Осы үйдің қожайыны кім екенін білесін бе? – деді тышқан.
  • Жоқ, білмеймін, – деді қыз.
  • Бұл үйде  осы тайганың қожайыны аю тұрады, – деді тышқан. – Көп ұзамай ол келіп саған «Карах – симирики» дейді. Ол жасырынбақ ойнау деген сөз. Сен келіс. Ол саған қоңырау береді, соңы алып маған бер, өзін бұрышқа жасыран, – дейді.

Тышқанның айтып  үлгергенінше  есік ашылады ішке үлкен аю кіреді. Ол Юлесит–Кыысқа арсылдай бастайды.

  • Менің тайгама не үшін келдің, менің талымды құрттың, онымен қоймай үйіме кіресің? – дейді
  • Ашуланба, қожайын. Мен басқа не істеймін? Өгей шешем тал теріп, себет жасауға оны тазартып кел депбұйырды. Оны қалай тыңдамай қоям? Қараңғы атып кетті. Осы үйді көріп кірдім, – дейді қыз
  • Егер сені жеп қойсам ше? – дейді аю. Бірақ қыз қорықпайды.

Аю таңғалып:

  • Сен қорықпаушы ма едің?
  • Жоқ, қорықпаймын. Алдымен менімен  ойна, содан срң кім ұтса сол қорқытатын көреміз, – дейді.
  • Жарайды, онда карах – симирики ойнайық. Егер сені ұстасам, онда жеймін. Ұстамасам – бай боласың, – деп күледі.

Қыз келіседі. Аюдың көзін байлайды, ал аю оның қайда еккенің білу үшін қоырау береді.

Қыз тышқанның сөзін ұмытпаған  болатын. Оған қоңырауды беріп, өзі бұрышқа тығылады. Тышқанның тісінде тұрған қоңырау шылдырлайды. Аю сол бұрышқа қарай қорбаңдап, аяқтарын қояды. “Қазір, қызды ұстаймын” – деп ойлайды. Бірақ қайдам, тышқан кішкентай, жылпыңдап, тез жүгіреді, аюдың тұмсығының астынан өтіп кетеді. Қыз бұрышта тұр, үндемейді. Маймақ әбден қиналып, шаршағаннан  әрең тыныс алады.

  • Жетер! Менің орамалымды шеш. Сен жеңдің, – деп таңғалады аю. Сөйтіп қызға: – Осы үшін саған сый тартам. Өзің тұратын үйіне бар, жақсы орын таңда, қарға өз орамалыңда қалдыр, – дейді.

Қыз аюға алғысын білдіреді. Тышқанмен ақырын қоштасып, өзінің талын алып үйге қайтады. Есіктен шыққаны сол еді, үстіндегі тоны жап – жаңа, әдемі әрі аяқ  киімі аппақ, моншақтар тігілген екен. Юлесит–Кыыс киімін жақсылап қарап алу үшін, қарға қояды, ал талдың орнына қардың үстінде өмірі көрмеген әдемі дайын себет жатады. Оларды көтеріп алып, жол бойы ән айтып келеді.

Қыз ауылына кіріп келе жатыпғ үйіне жетіп қалғанда ойланып: “Аю орамалым туралы не айтып еді? Қанекей тастап жіберейін!” – деп орамалын тастайды.

Орамалға  қарға түсіп, өсіп үйге айналады. Үлкен, әдемі үй пайда болады, іші дүниеге  толы. Киім – кешекке сан жетпейді! Үйдің жанында қорасы тұр. Оның іші сиыр мен бұзауға толы. Айтатын несі бар! Бүкіл шаруашылықты аю Юлесит –Кыысқа сыйға тартады. Ал Юлесит–Кыыстың өзі сұлуланып сала береді, ауылда ондай сұлу болмаған. Ол бұрында жақсы әдемі болатын. Тек жыртық киімнен әдемілігі көінбейтін.

Юлесит–Кыыстың  есіне өгей шешесіне себетті апару керектігі түседі. Үйден шықса, қарсы алдынан адамдар жүгіріп келе жатыр.

  • Қараңдар, жетім қыз үлкен үйдін қожайынына айналды! Ол біздің ауылдағы ең жақсы қалыңдық! – деп айғалайды.

Мұны өгей шешесі мен қызы да естиді. Олар көруге шығып, өз көздеріне сенбейді. Ал Юлесит–Кыыс оларға дайын себеттерді береді. Ыза мен таңғалыстарынан сөйлей алмай қалады. Содан соң естерін жиып, қызды сұрақтың астына алып, бұл байлыққа қалай қол жеткізгенін сұрайды. Юлесит–Кыыс ештеңені жасырмастан айтып береді.

  • Жарайды, бізде одан көп байлыққа жетерміз, – дейді өгей шешесі.

Өз қызын жиыстырып, жылырақ киіндіріп, қызын тайгаға байлық табуға жібереді.

Сюряга–Сох жолмен келе жатып  «Ол аюды алдап соғармын! Одан бір үй емес, екі үй сұраймын!» – деп ойлайды. Көп ұзамай аюдың үцін табады.

  • Ой, не деген аяз! –дейді Сюряга–Сох. Отынға қарап, жаққысы келмейді. От жағып үйренбеген. Тоңып, аюды күтіп отырады.

Ақыры шыдамайды. Еекі шүркені алып, пешке бірдеңені жағады. Сөйтіп тамақ жегісі келеді. Ашуланады, бірақ амалы жоқ. Ботқа пісіруге тура келеді. Сюряга–Сох ешқашан ештеңе істемеген ғой. Ботқасы күіп кетеді, ол тіпті ештеңе байқамайды. Қазанды алып, тамақ жегелі жатқан.

Тышқан  тізесіне секіріп шығып:

  • Бойжеткен маған да ботқа берші! – деп сұрайды.
  • Ой, жиіркенішті! – деп айғалайды Сюряга–Сох.

Сөйтіп тышқанды тізесінен итеріп тастайды.  – Еденге түс, сол жерден сөйлес менімен, – дейді.

  • Тышқан ештеңе жауап бермей, еденде күтіп отырады.
  • Тоқтай тұр, мен тамақ ішіп алайын. Содан соң қазанды жалауға берем, – дейді Сюряга–Сох.

Тышқан теріс айналып, құйрығын бір сілтеп, өз ініне қашып кіреді. Ал Сюряга–Сох  батқанын татып көріп түкіріп тастайды. Ботқасы ащы болап шығыпты. Тышқанды шақырып:

  • Мен қалжыңдаймын! Бүкіл ботқаны саған берем, – дейді.

Тышқан оған сеніп, қайтып келеді. Ботқаны татып көріп, қаздың неліктен қайрымды бола қалғанын түсінеді. Қазаннан теріс айналы, мұртын қолымен сүртіп тастайды. «Жарайды сараңдығың үшін сазайыңды берем», – деп ойлайды.

  • Неге жемейсің? – деп сұрайды Сюряга–Сох
  • Рахмет, саған аз қала ма деп қорқам, – дейді тышқан. Солай деп кетіп қалады. Есік ашылып, аю кіреді.
  • Менің тайгама кіруге, онымен қоймай үйіме кіруге кім рұқсат берді! – деп арсылдайды аю. – Не үшін келгеніңді айт! – деді аю қызға.
  • Сыйлық алуға келдім. Менің сіңіліме үй сыйға тартыпсың, маған екі үй керек. Соған келдім, – дейді Сюряга–Сох.
  • Жарайды қазір карах – симирики ойнайық. Егер сені ұстамаса – екі үй аласын, ұстасам – жеймін. Келісесің бе? – дейді аю.
  • Келістім,– дейді Сюряга–Сох, өзі іштей:«Қазір тышқан келіп, қоңырауды шылдырлатады, мен екі үй алам» – деп ойлайды.

Ал тышқан оған жүгіріп келіп:

  • Сен алдымен өзің жүгір, содан соң қазандағы қалдықты жалау үшін артыңнан жүгірем, – дейді.

Сюряга–Сох тышқанды ренжітіп алғанын түсінеді, бірақ кеш түсінеді. «Жарайды, тышқанның аяғы кішкентай, менікі үлкен одан тез жүгіретін шығармын», – деп ойлайды.

Солай ойлап тышқанды аяғымен тебе салады, ол ақсап қалады. Содан соң орамалын шешіп, аюдың көзіне байлап, қоңырауды алып жүгіреді.

Қоңырау соғылса, қыздың қайда екенің білдіреді. Аю оны бірден ұстап алады. Содан соң көзіндегі байланған орамалын шешіп:

  • Сені жемеймін. Мұндай зұлым әрі жалқаудан тағы ауырып қаларман. Саған қалағаныңды берейін. Сен үшін басқалар жасайтын болады. Сенде екі үй емес көп болады. Өз орамалыңды осы жерден шыға сала жерге таста, – дейді аю.

Сюряга–Сох орамалын алып, аюдың үйінен жүгіріп шығып, қарға тастай салады. Не болады десеңші?  Сюряга–Сох  қолын сермеп  аспанға көтеріліп кетеді.

  • Кө –кек! Кө –кек! – деп айғалайды.

Ол өзі  «Қайда ұшып барам?» – деп сұрағысы келеді, бірақ сөйлеуді ұмытып тек  «Кө –кеку, кө – кек!» дей берді. Жалқау әрі зұлым Сюряга–Сох көкекке айналып кетеді.

Көкек өз ісін істегнді ұнатпайды. Өзі балапан шығармайды: жұмыртқасын біресе бір ұяға, біресе басқа ұяға тастап жүре береді. Оның мындай көп баспанасы болады.

Сюряга–Сохтың анасы қызын күтіп отырады. Содан соң қызы аю берген сыйды көтере алмай жатқан шығар деп ойлайды. Өзі тайгаға барады.

Жолдан аюды кездестіреді.

  • Сен де келе жатырсын ба? Саған да сый керек пе? Жақсы ала ғой, – дейді. Ол мысыққа айналады. Мысыққа қанша берсенң де ол: «Аз, аз» – дей береді.

Мысық тышқанның қызына кқмектескісі келмегенін білген соң, ызаланып оны іздейді, ал тышқан қашып кетеді.

Содан бері мысық сол тышқан іздейді, әлі таба алмай жүр екен. Ал Юлесит – Кыыс  жақсы ғұмыр кешеді, өзі де бәрін жасайды әрі басқаларға да көмектеседі.

Қаралым саны 852

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463