ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КАДРЛАР БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ЖАҢА ТҰРҒЫСЫ

  • Галерея изображений

Динара ЖҰМАҒАЛИЕВА,

кафедра меңгеруші, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты», Орал қаласы, Батыс Қазақстан облысы

Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттырудың жаңа жүйесін құру мен жүзеге асыру, білім беру жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың мазмұнын отандық және шетелдік ең үздік тәжірибелер негізінде жаңғырту «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының педагогикалық қызметкерлер біліктілігін арттыру жүйесі даму жоспарының негізгі стратегиялық бағыттары болып табылады.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында» білім мазмұнын жетілдіру аясында үздік отандық және әлемдік тәжірибені ескеру арқылы педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыратын білім беру бағдарламалары 2021 жылы жаңартылып, қашықтықтан оқыту технологиялар негізінде жүзеге асырылып келеді.

Біліктілік арттыру курстарын жүзеге асырудың ерекшеліктеріне келесі қағидаттар жатады, олар:

- курстарға қажетті материалдар: курс туралы ақпараттар, топ тізімі, сабақ кестесі, ресурстар мен фотогалерея филиал сайтында курс тыңдаушыларына қолжетімді формада орналастырылады (https://zkoipk.kz/kz/kurs2021.html);

- бағдарламаның тақырыптарын қарастыру кезеңінде мұғалімдердің теорияларды түсінуіне және оларды тәжірибеде қолдануына бағытталған белсенді және практикалық оқыту жүзеге асырылады, сонымен қатар курс тыңдаушының өз бетімен оқуын қамтиды;

- теориялық алғышарттарды қарастырғаннан кейін мұғалімдер (курс тыңдаушылары) коллаборативті орта құру негізінде оқыту әдістері мен формаларын меңгереді;

- бағдарлама тақырыптарының негізгі бөлігі қашықтықтан білім беру технологияларын қолдаумен білім беру ұйымының ақпараттық-білім беру ортасын зерттеу мен құрудың әдістемелік аспектілерін қалыптастыруға және жетілдіруге бағытталған;

- сабақ барысында вебинар, аудио және видеоконференция, кеңес ұйымдастырылып, мұғалімге оқытуды тиімді жоспарлауға және жүргізуге ықпал ететін заманауи сабақтарды құрастыру үшін дизайн-ойлау дағдылары қалыптастырылады;

- оқытуды қолдау үшін оқытушы тренер әртүрлі цифрлық білім беру ресурстарын пайдаланады;

- күнделікті сабақ аяқталғаннан кейін мұғалімдер өзіндік рефлексияны жүзеге асырады және берілген Бағдарлама бойынша оқу мақсаттарына қол жеткізуге қатысты ілгерілеушілікті талдау мақсатында тренердің тапсырмаларын орындайды;

- білім беру процесін ұйымдастыру барысында тыңдаушылардың білім деңгейін бағалау және бақылау мақсатында кіріс және шығыс тестілеу, интернет-платформалар негізінде құрылған сабақ жоспарын/жобаны қорғау жүргізіледі.

Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарын біз білім беру процесінің барлық қатысушысына қолжетімді ZOOM, YouTube, Google Meet, Microsoft Teams және басқа интернет-платформалар негізінде өткізуді ұсынамыз. Алайда «Өрлеу» БАҰО» АҚ жүргізілген вебинарлар мен педагогтерге арналған біліктілік арттыру курстары барысында апробациялау нәтижелері бойынша курстарды берілген Zoom стриминг платформасы арқылы ұйымдастыру, курс жүргізу талаптарына толық сәйкес келетіндігі туралы қорытынды жасалды. Zoom – бейнеконференциялар, онлайн-кездесулер және қашықтықтан оқытуды өткізуге арналған қызмет. Zoom платформасының мүмкіндіктері курстардың білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру талаптарына толық сәйкес келеді. Оның ішінде:

  1. Сабақтарды тікелей эфирде өткізу тренерге курс тыңдаушыларымен интербелсенді режимде өзара әрекеттесуге мүмкіндік береді. Курстың әрбір тыңдаушысымен бейне және аудиобайланыс білім беру үдерісі субьектілерінің тиімді өзара әрекеті мен ынтымақтастығын ұйымдастыруға жағдай жасайды.
  2. Онлайн курсқа қатысу үшін тыңдаушылар интернет және Zoom бағдарламасына қолжетімді компьютерден немесе ноутбуктен, сондай-ақ телефоннан немесе планшеттен кіре алады.
  3. Тегін тіркеу жазбасы тренерге ұзақтығы 40 минуттық бейнеконференция өткізуге және сабақты қайталанбалы сілтеменің көмегімен қайта жаңартуға мүмкіндік береді.
  4. Тегін тіркеу жазбасы кезінде 100 адамға дейінгі қатысушының қосылуына мүмкіндік бар.
  5. Тренерде ұйымдастырушы ретінде микрофонды өшіру және қосу, сондай-ақ барлық қатысушыдан ережелерге және сабақ сценарийіне сәйкес бейнені өшіру және қосуды сұрау мүмкіндіктері бар.
  6. Онлайн сабақ барысында тренерге оқу үдерісін «экран демонстрациясы» функциясының көмегімен толыққанды басқару мүмкіндігі беріледі, оның ішінде сабаққа арналған таныстырылымды көрсету, оқу бағдарламаларын, оқу жоспарларын және оқу пәндері бойынша оқу-әдістемелік кешендерді, сондай-ақ басқа да мәтіндік, аудио және бейнематериалдарды, интернет-ресурстарды демонстрациялау, оларды ауызша және жазбаша комментарийлер арқылы басқару.
  7. Хабарламалар жазуға, барлығына файлдар жолдауға немесе бір тыңдаушыны таңдауға болатын чат бар. Чатты әр конференция сайын автоматты есте сақтауға немесе қолдан сақтап, баптауға болады.
  8. Тыңдаушыларды жұптарға және топтарға бөлуге, оларды жеке бөлмелерге-сессиялық залдарға (мини-конференциялар) бөлуге мүмкіндік бар. Оларда тыңдаушылар тек бір-бірімен оқу диалогын жүргізеді, басқалар оларды көрмейді әрі естімейді. Бөлмелер санын тренер оқу тапсырмасының мақсатына сай анықтайды. Тренердің «сессиялық залдарға» кіру мүмкіндігі бар. Фасилитатордың рөлін жүзеге асыра отырып, тренер тыңдаушылардың қойылған проблемалық сұрақтарға қатысты пікірлері мен ұстанымдарын еркін білдіруге жағдай жасайды.
  9. Платформаға мәтіндік жазбаларды бірлесе жүргізу, оқу тапсырмалары бойынша постерлер құруға арналған интербелсенді тақта орнатылған, бұл сабақты ұйымдастыру мазмұнының, әдістері мен формаларының әр тыңдаушының белсенді, өнімді, өз бетінше әрекетке енуіне бағыттылығын қамтамасыз етеді.
  10. Алынған білімдерді және қалыптасқан біліктерді ұғыну, жинақтау, жүйелеу және бағалау бойынша рефлексивті әрекетін ауызша жүзеге асыруда онлайн эфирді, ал жазбаша немесе графикалық нысанда чатты қолдануға болады. Сонымен қатар егер кері байланыста белгілі бір нысандарды толтыру қажет болса, оларды тыңдаушыларға чат арқылы файл түрінде салуға болады.
  11. Сабақтың жазбасын компьютерге де, «Облакоға» да жазуға болады. Егер тыңдаушыларда интернетпен кедергілер туындаса, онда оларда сабақтың жазбасын көруге мүмкіндік болады. Интернетпен кедергі тренерде пайда болған жағдайда конференцияның басында серіктес-ұйымдастырушы, серіктес-тренерді тағайындау ұсынылады.

Осылайша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарын қашықтықтан оқыту жағдайында Zoom стриминг платформасы арқылы өткізу білім беру процесінің барлық қатысушысы үшін қолжетімді, тыңдаушылардың курс бағдарламасының күтілетін нәтижелеріне қол жеткізу және жүзеге асыру талаптарына сай болып табылады.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ даму стратегиясына сәйкес барлық филиалдың педагогикалық қызметкерлерін алыс-жақын шетелдерге іссапарға жіберіп, тәжірибе алмасып, біліктіліктерін арттыру шаралары ұйымдастырылуда. Нәтижесінде алған тәжірибелерін курс тыңдаушыларына дәрістер мен тәжірибелік сабақтар түрінде өткізіп жүр. Мысалы, Корея Soongsil Cyber университеті мен Ұлыбританияның Рединг университетінің білім беру институты тәжірибесі негізінде курстарға арналған практикалық сабақтар үшін келесі тақырыптар бойынша бейнероликтер жасақталды: «QR Code деген не?», «Group Play», «Screen Mirroring қызметтері»; «Смартфонды интернет тарату нүктесі ретінде қолдану»; «Смартфон құрылғылардың және смартпад экранын, аудиожүйесін, бейнежүйесін проекторға, яғни үлкен экранға шығару»; «Андроид жүйесіне арналған кітап, оқулық жасау үлгілері (Android Book App Maker бағдарламасы қызметі)» (http://www.zkoipk.kz/conf-video.html). Сонымен қатар оқытушылар жасаған әдістемелік құралдардың, конференциялардың материалдар жинағының қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында филиалда жарық көрген басылымдарға QR cod жасалып, мұқабасына енгізілді. Код арқылы басылымның PDF форматындағы электрондық нұсқасын смартфонға, планшетке жүктеуге мүмкіндік алады.

Жүйелі түрде біліктілікті арттыру курстарының тиімділігін талдау мақсатында жүргізілетін мониторингтік зерттеулер нәтижелеріне сай біздің филиалдың оқыту сапасы жоғары деңгейде болып табылады. Осыған сәйкес курс тыңдаушылары пікірлерін жазбаша немесе бейнеформатта филиалдың сайты мен әлеуметтік парақшаларында бөлісіп отырады.

Сонымен қатар жыл бойына филиалда ұйымдастырылған барлық шараға облыс педагогтері үлкен қызығушылықпен қатысып, тәжірибе жинақтап, өздерінің үйренгендерін оқушыларына дарытады.

Біліктілікті арттыруға арналған білімнің мазмұнын жетілдіру мақсатында әлемдік тәжірибені ескеру, білім беру бағдарламаларын кеңейту үшін жаңа әдіс-тәсілдер мен ақпараттарды қолдану, үйрену – заманымыз алға тартып отырған қажеттілік.

Қаралым саны 1156

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463