БАҒАЛАУ - ОҚУ МЕН ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗДЫ БӨЛІГІ

  • Галерея изображений

Алина АБИШЕВА,

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы БҚО ПҚБАИ ЖжГПОӘ каф. аға оқытушысы, магистр

Қазіргі білім беру жүйесінің ерекшелігі – оның негізгі құралы – құзыреттілік. Бұл білім алушының қандай да бір іс-әрекетке деген құзыреттілігін дамыту, арттыру, қалыптастыру. Яғни оқушының білімін, біліктілігін, дағдысын бағалау арқылы оның құзыреттілігін бағалауымыз қажет. Қазіргі кезде оқушының білімділігі ғана емес, ең бастысы, оның құзыреттілігін, яғни жеке тұлғалық қасиеттерін, айналамен дұрыс қарым-қатынасын, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі реттеу, өзіндік білімін көтеру сияқты қабілеттерін бағалай отырып, оны шынайы өмірге әзірлеуге тиістіміз.

Сондықтан да қазіргі кездегі бағалау оқыту үдерісінің әрі маңызды әрі салмақты бөлігі болып табылады. Бағалау – өмір талабы. Бағалау дегеніміз – алдымызға жүйелі түрде бір мақсат қойып, оған жету жолында өз қабілетімізді дамыта отырып, кездескен қиыншылықтарды жеңу, демек адамның өмір толқынында өзін-өзі тәрбиелеуі болып табылады. Бұл үдерістің балалық шақтан бастау алып, болашаққа жол сілтері сөзсіз. Алдымыздағы оқушыны өзін-өзі бағалауға үйрете отырып, оның тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру арқылы өмірге икемдеу ұстаз атаулының негізгі міндеттерінің бірі деп түсінемін.

«Бағалау не үшін керек?» деген сұраққа дәстүрлі оқыту жүйесінде «Оқушылардың білімін тексеру үшін» деген жауап беріледі, өйткені мұнда бағалауды оқытушы тарапынан оқушының білім деңгейін анықтау деп қарастырылады. Ал қазіргі таңда: – Бағалау бірінші кезекте білімнің сапасын айқындау үшін қажет, яғни оқушы өзінің білім ахуалын білгісі келеді, ал мүғалім оқушының білімі қандай дәрежеде екендігін және өзінің оқыту әдіс-тәсілдерінің нәтижелігін анықтағысы келеді. «Бағалау» термині жақын отыру дегенді білдіреді, себебі бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін бақылауы болып табылады.

- Бағалау – оқытудың құрамдас бөлігі және қорытындылау сатысы, бір нәрсенің деңгейін, сапасын, дәрежесін белгілеу. Оны оқушының оқу-таным әрекетінде қарастырсақ, оқыту процесінің міндеттерін оқушылардың қандай дәрежеде меңгеруі, дайындық деңгейі мен дамуын, білімдерінің сапасын, білік пен дағды көлемін анықтайтын құрал.

- Бағалау – бұл оқытуды құрастыратын процесс. Бағалау үрдісі оқушылардың оқу мақсатына: білім алу үшін, икем- дағдыларын қалыптастыру мен жауапты шешім қабылдай алу үшін қажет. Бағалау оқушылардың жетістігі туралы ақпаратпен ғана қамтамасыз етілмейді, сонымен қатар жоспарлау, өзін-өзі рефлексиялау мен ынтымақтастықпен еңбек ету үшін жағдайды қалыптастыруға мүмкіндік туғызады [1:55].

«Бағалау» термині «жақын отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады [1:56]. Демек мен бұрынғыдай оқушыны, тыңдаушыларды жалғыз өзім ғана бағалаушы емеспін және де оның ішкі уәжін, яғни тілектері мен қажеттіліктерін ескере отырып, ынтылануына, өзіне-өзі сын көзбен қарауына үйрете отырып, бірін-бірі бағалауына да жол ашуға тиістімін.

Білім беру саласының жаңартылған білім беру мазмұнына көшуіне сәйкес оқушы білімін бағалау әдісі де өзгеріп, критериалды бағалау жүйесі енгізілді. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығы көмегімен өлшенеді. Бұл нормаға негізделген бағалаудан өзгеше. Нормаға негізделген бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі олардың сыныптастарының үлгерімімен салыстырылып қойылады.

Критериалды бағалау жүйесі қалыптастырушы бағалау мен жиынтық бағалаудан тұрады.

Қалыптастырушы бағалау оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады, оқушылардың дағдыларының қалыптасу және білімді меңгеру деңгейін көрсетеді, оқудағы қиындықтарды анықтап, оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізуге көмектеседі. Бағалаудың бұл түрі оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді, балл не баға қоймастан, оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді. Қалыптастырушы бағалау – бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарында өткізіліп жатқан орта білім беру ұйымдары пән мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту тақырыбындағы біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасындағы «Білім беру сапасын арттыру мәнмәтініндегі оқыту мазмұны және әдістерін жетілдіру» модулінде бағалау тақырыбы қарастырылады. Осы тақырыптың аясында тыңдаушылар пәндері бойынша қалыптастырушы бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру жолдары қарастырылады, қалыптастырушы, жиынтық бағалауға арналған тапсырмаларды құрастыру туралы теориялық білімдерін жетілдіріп, бағалау критерийлері және білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудағы дескрипторлар құрастыру бойынша тәжірибелік жұмыстар орындайды. Ұйымдастырылып жатқан біліктілікті арттыру курстары, семинар, шеберлік сабақтардың нәтижесінде педагогтар оқыту мен бағалаудың өзара байланысын, оқу бағдарламасындағы мақсаттардың күтілетін нәтижелермен тікелей байланысын, бағалау дәл, түсінікті, айқын және сенімді ақпаратты ұсынатыны, бағалау білім алушылардың оқу жетістігінің ілгерілеуін дер кезінде және жүйелі қадағалап отыруға мүмкіндік беретін үздіксіз үдеріс екендігі және бағалау нәтижелері туралы білім-білік дағдыларын пысықтайды. Қолданылатын бағалау түрі бағалаудың мақсатына байланысты екеніне мән береді. Оқыту мен бағалаудың өзара байланысын, оқу бағдарламасындағы мақсаттардың күтілетін нәтижелермен тікелей байланысын, бағалау дәл, түсінікті, айқын және сенімді ақпаратты ұсынатыны, бағалау білім алушылардың оқу жетістігінің ілгерілеуін дер кезінде және жүйелі қадағалап отыруға мүмкіндік беретін үздіксіз үдеріс екендігі және бағалау нәтижелері туралы талқылап пысықтайды. Қолданылатын бағалау түрі бағалаудың мақсатына байланысты екеніне мән береді.

Қалыптастырушы бағалау – oқушының қacындa бoлып, oны жeтicтiктeргe жeтeлeу, бaғыттaу болғандықтан, мeн біліктілікті арттыру курстарының оқытушысы ретінде өз caбaқтaрымдa фoрмaтивтi бaғaлaуды кeлeci бaғыттa жүзeгe acырдым:

  • Бaғaлaу aрқылы мұғaлiмдeрдi ынтaлaндыру жәнe өзiнe ceнiмiн aрттыру;
  • Мұғaлiмдeрдiң өздeрiнiң курc бaрыcындaғы oқу үдeрiciнe бeлceндi aрaлacуы;
  • Мұғaлiмдeрмeн үнeмi тиiмдi кeрi бaйлaныc oрнaту;
  • Мұғaлiмдeрдiң өзiн-өзi, бiрiн-бiрi бaғaлaй бiлуi.

Тыңдаушыларды өзін-өзі бағалауға немесе өзара бағалауға ынталандырудың «Қолпаштау», «Бағдаршам», «Смайликтер», «Басбармақ», «Критерий өлшемдері», «Мадақтау сэндвичі», «Eкi жұлдыз — бiр тiлeк», «Бaғдaршaм» , «Тaбыc өлшемдерi aрқылы бaғaлaу», «Эccе», «Блoб aғaшы», «INSERT», «Ойлаудың 6 қалпағы», «Табыс баспалдағы», «жaқcы», «жарайсың», «кeрeмeт» фoрмaтивтi бaғaлaу түрлeрi мен «тaғы oйлaнып көрiңiзшi» cияқты бaғыттaу және нaқтылaу cұрaқтaры тыңдaушылaрдың cыни oйлaу дaғдылaрын дaмытуғa және өздiктерiнен қoрытынды мен шешiм шығaруғa бaғыттaлады.

Қорыта айтқанда, бағалау оқушы көрсеткіші ғана емес, ол тәрбиелік мәні зор құрал болып табылады. Сыныптастарын бағалауы, жұптық, топтық бағалау арқылы ойын жинақтап, өзін-өзі реттеп, өзін және сыныптастарын тани алады. Оқушылардың өзін-өзі бағалауы оқуға деген қызығушылығын арттырып, білім алуға көп көмегін тигізеді, өздерінің оқуын қалай жақсартуға болатынын түсінеді. Тыңдаушыларымды үйрете жүріп, менің де үйренерім көп. Cтронг /2011/«Мектеп жұмыcы мен оқушы жетіcтіктерін өріcтетудегі негізгі тұлға – мұғалім» деп атап көрcеткендей, қазіргі таңда енгізіліп жатқан түрлі бағдарламалардың оқушы бойына дұрыс таралуы нағыз ұстаздың ғана қолынан келетін іс деп білемін.

Қаралым саны 2474

Галерея изображений

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463