Міне, журналымыздың 2014 жылғы жаңа саны сәл кешігіңкіреп барып қолдарыңызға тиіп отыр. Бұл үшін басылымды байланыс қызметтері арқылы жаздырып алатын, әр санымызды асыға күтетін тұрақты оқырмандарымыздан кешірім өтінеміз.

Өткен 2013 жыл тарихты зерттеп-зерделеуге тың серпін беріп, ұлттық тарихтың маңызы насихатталғанымен ұраны басым, тыңғылықты іс мардымсыз болғандай. Әйткенмен елдің болашағын шынайы ойлайтындар еш уақытта ешкіммен санаспай-ақ түбі бір, тамыры терең тарихымызды зерттеулерін жалғастырары анық.
Өткен жылы «DANA.kaz» журналының ұжымы көптеген тың жобаларға бастаушы болып еді, биыл да жалғасын табатынына сенімдіміз.

Жақында Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 3 оқытушысы Германияның Дюсельдорф қаласындағы INTAMT халықаралық басқару және технология академиясында тағылымдамадан өтіп келді. «Германия университеттеріндегі оқытудың инновациялық әдістері мен технологиялары» бағдарламасымен танысып келген Рита Сұлтанғалиеваның жолсапар мақаласын ұсынамыз.

Серік РАМАЗАНОВ,
география ғылымдарының кандидаты,
Батыс Қазақстан тарих және археология
орталығы директорының орынбасары

Біз қалай демаламыз? Табиғат аясына жиі шығамыз ба? Демалыс пен танымды ұштастыратын рекреациялық туризм туралы не білеміз? Соның ішінде өзіміз туған өлкенің әсем мүйістерін, табиғи һәм тарихи ерекшеліктеріне назар аударып көрдік пе?

«DANAkaz» тарихи-танымдық журналының тілшілері Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, Батыс Қазақстан облысы Жалпақтал ауданына қарасты Көктерек ауылында 1975 жылы тарихи-өлкетану музей ұйымдастырып, көп жыл басшылық жасаған Сейіткереев Төлеген ағаның туған ауылына барып қайтты. 

«DANAkaz» тарихи-танымдық журналын жібермей қарайтын оқырмандарымыз 2013 жылы «Бұрымды қыз» байқауы ұйымдастырылғанынан хабардар шығар. Жақында сол байқауға қатысқан аруларды марапаттау рәсімі өтті.

Жәнібек АЛЛАЯРҰЛЫ,
тарих ғылымдарының
кандидаты

(Жалғасы.
Басы журналдың өткен санында)

Түрікменмен шайқас

Бұл жылдары Науша Қайыпқали, Сүйінқара, Құлбарақ батырлармен бір-лесе қимылдады. 1831 жылдың қы-сында хиуалықтар түрікмендер арқы-лы aдайларды өздеріне зекет төлеуге мәжбүр еткен.

2013-2014 оқу жылынан бастап еліміздегі жалпы орта білім беретін орта мектептерде «Алаштану» және «Өлкетану» пәні енгізіліп, оқытыла бастады. Біз оқырмандарымыздың сұраныс-тілегін ескеріп, осы пәндер бойынша мектеп мұғалімдерінің қажетіне жарар дүниелерді үзбей жариялап тұруды жөн көрдік. Бүгін белгілі алаштанушы ғалым, тарих ғылымдарының кандида-ты Дәметкен Сүлейменова құрастырған бағдарламаны ұсынып отырмыз.

Айгүл ОМАРОВА,
М.Өтемісов атындағы
БҚМУ-дың IV курс студенті

Мына бір шолақ дүниеден
«Әулие өлмес» дер едім;
Отқа салса, күймеген,
Залымдардың өмірі
Бір шарпуы тимеген,
Арамды көңілі сүймеген;
Дін мұсылман баласын
Кереметпен билеген...

Базар жырау Оңдасұлы
(1842-1911)

Асан-Темір ҚАРШЫҒАҰЛЫ,
республикалық «Мұнайлы Астана»
газетінің тілшісі, Атырау қаласы

Асан Қаршығаұлы 1982 жылы Батыс Қазақстан облысы, Тайпақ ауданында дүниеге келген. Жергілікті облыстық мүшәйралардың жүлдегері. Бүгінде Атырау қаласында тұрады.

Ресей Федерациясының Орынбор облыстық мемлекеттік архивінде Ресей империясының қазақ даласын отарлауына қатысты мыңдаған құжат жатыр. Орыс отаршылары қазақ рулары, олардың бас адамдары – сұлтандары, билері мен батырлары туралы ақпаратты мұқият жинастырып отырған. Бұл тізім әсіресе жаңа хан сайлау тұсында ерекше хатталған. Аталған архивтің 6-қор, 10-тізбесінде сақтаулы тұрған «Кіші жүздің жаңа хандарын сайлау туралы» («Дело об избрании новых ханов Меньшой орды») атты №716 іс қалың-қалың үш кітаптан тұрады. «DANAkaz» тарихи-танымдық журналының оқырмандарын осы істе тіркелген әр рудың ықпалды адамдарымен таныстыруды бастамақпыз. Мұнда Кіші жүзге қарасты алты аталы Әлімұлы, он екі ата Байұлы және Жетірудың, төрелер мен төлеңгіттің, қожалардың өз заманындағы билеуші-басшылары қолын қойып, мөрін басқан немесе ру таңбасын салған. Журналымыздан көз жазбаңыз, ағайын!

Дәулеткерей ҚҰСАЙЫНОВ,
журналист

Журналдың бұл айдарында бүгінде қолданыста жүрген, ауыз әдебиеті үлгілерінде жиі ұшырасатын, бірақ шығу төркіні көмескілене бастаған сөздер туралы әңгіме болады. Айдарды белгілі журналист, жергілікті өлкетанушы, күйші, ақын, Батыс Қазақстан облысы әкімдігінде баспасөз қызметінің бас маманы Дәулеткерей Құсайынов жүргізеді.

Ел ішінде ата-бабасынан қалған кітап, көне жазба, тарихи жәдігерлерді көзінің қарашығындай сақтап отырғандар көп. «Қазына» айдарының мақсаты – ұрпақтан ұрпаққа аманат етіліп отыратын осындай құндылықтарды көпшілікке таныс-тыру. Бүгін белгілі өлкетанушы Қайыржан Хасанов ағамыздың кітапханасындағы көне кітап туралы сөз етеміз. 

Сүретті Ресейден алып келген Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Ахмедияр Батырханов, аудармашыға жіберген Ресей өлкетанушылар одағының мүшесі Айболат Құрымбаев Құлпытас Ресей Федерациясы, Волгоград облысы, Палласовка ауданы, Лиманный ауылдық округіне қарасты Серогородский ауылы маныңда орналасқан.

Оқылуы:

һәзәл қабр Исме ханут бинту Бабас. Раууаһуллааһә рухуһәә уә нур қабр. Уә атуһә 48 яшнде 18 хамалинде уә сәнәт 1268 мин хижри әл Мухаммадияти фи руми 1852 илда

Қазақша мағынасы:

Қабір иесі Әділ сұлтанның әйелі есімі Бабас қызы Ханут. Оның рухы мен нұрлы қабірін еске сақтаймыз 48 жасында 18 сәуірде 1852 миләди 1268 хижри.

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Строитель шағын ауданы, 35 үй

Телефон:

8 (711 2) 23-22-06

8 777 194 44 77