Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз.
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.
Мекен-жайымыз:
Орал қаласы, Жеңіс 33/1
Телефон:
+7 708 434 2463
Білім беру саласындағы іс-қызметті ақпараттық қолдауды мақсат тұтқан сұхбатымызды ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері, «Қособа мектеп-бөбекжай-балабақша» кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Жансұлтан Нұрмұхановқа арнағанды жөн көрдік. Таңдауымыз түскен жаңа буыннан шыққан жас басшының жетістік-табыстарынан хабар берейік, Жансұлтан Кайыржанұлы – ҚР Білім және Ғылым министрлігі ұйымдастырған ең үздік ғылыми жұмысқа арналған республикалық байқау дипломы, «Білім беру жүйесіне қосқан үлесі үшін», «За вклад в развитие образования» және «Мәншүк Мәметова» медальдарының иегері. Дүниежүзілік Эсперантистер Ассоциациясының мүшесі ретінде халықаралық энциклопедияға енген. Қазақстан мен Ұлыбританияда жарияланған 15 ғылыми жұмыстың авторы. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры шәкіртақысының иегері. Осындай «Тіл-көзіміз тасқа» дегізетіндей азаматпен сұхбатты амандық-саулықтан соң туған жері, ата-анасы, ұстаздары туралы сұрақтан бастадық.
ҚР Тұңғыш Президентінің бастамасымен сонау 1993 жылы бастау алған «Болашақ» халықаралық стипендиясы бүгінде Қазақстанның бірегей брендіне айналды. Түрлі сала бойынша білім алып, біліктілігін арттырып келген «Болашақ» түлектері халық игілігі үшін еліміздің барлық түкпірінде еңбек етуде. Ол салалардың қай-қайсысы да маңызды екеніне еш күмән жоқ, дегенмен осы жолы біздің таңдауымыз «Басты байлық – денсаулық» саласы бойынша білім алған «болашақтыштарға» түсті.
Мұрат САБЫР,
филология ғылымдарының докторы,профессор,
Орал қаласы
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев 2017 жылы 26 қазанда "Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы" Жарлығына қол қойды. Бұл – егемен ел тарихындағы ұлы бетбұрыс, рухани тәуелсіздікке жетудің бірден-бір жолы. Жаһандану заманында латын графикалы жаңа әліпби қабылдаудың өзіндік жақсы жақтары бар екенін көзіқарақты жанның бәрі біледі. Ол – түркі әлемімен жақындасу, әлемдік ақпараттық кеңістікке шығу, әлемнің әр қиырындағы қандастарымызбен байланыс орнату т.б. Ең бастысы, орыс тілінің ықпалынан құтылып, отарлық санадан арылып, ұлттық әліпбиге қол жеткізу болатын. Өкінішке орай, соңғы екі-үш жылдың көлеміндегі әліпби жөніндегі айтыс осы арманды алыстатып, орындалмас қиялдай етіп бара жатқан сияқты. Мәселені ушықтырып отырған өзге емес, өзіміз. Түп басында үкіметке ұсынылған әліпби жобаларының қисынсыздығы болды. Ұсынылған үш жоба да халық тарапынан қатаң сынға ұшырады. Енді орфографиялық топ жетілдірілген төртінші жобаны қайта ұсынуда.
Жүйелі жұмыстар
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының маңызды міндеттерін көпшілікке түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында облыста тілші ғалымдардан құралған арнайы жұмыс тобы құрылып, жоспарға сәйкес іргелі жұмыстар атқарылды.
Саялбек ҒИЗЗАТОВ,
ҚР Ұлттық музейінің ғылыми хатшысы,
тарих ғылымдарының кандидаты
Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі 2014 жылы ашылған уақытынан бастап тарихшы, археолог, өнертанушы, мәдениеттанушы және тағы басқа ғалымдардың басын біріктіріп, ғылыми-зерттеу институттарын құрып, еліміздің тарихи, мәдени өткенін зерделеуге өзіндік үлесін қосып келеді.
«Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» аясында жалпыұлттық қасиетті нысандардың қатарына «Бөкей ордасы» тарихи-музей кешені енген болатын. Автор мақаласында тың деректер ұсынумен қатар алдағы уақытта атқарылуы тиіс шараларға тоқталуы бұл бағытта әлі де жүйелі жұмыстың жалғасатынын аңғарамыз.
Ежелден-ақ қазақ руларына қоныс болған Еділ-Жайық өзендері аралығында орналасқан Нарын даласы – шұрайлы, жазиралы өлке. Кезінде өз үстемдігін жүргізу үшін патша үкіметі тыйым салған бұл аймаққа Кіші жүздің ханы Әбілхайырдың немересі, Нұралының ұлы Бөкей сұлтан 1801 жылы Петербордан ресми рұқсат алып, қазақ жұртын қоныстандырды. Ресей губернияларының аралығына кіре орналасқан Самар даласына (Ішкі Қазақ Ордасына) Бөкей 1812-1815 жылдары хандық құрып, кейін мұрагерлік жолмен Ішкі Қазақ Ордасына 1824 жылы хан болып Жәңгір тағайындалғаны тарихтан белгілі. Хан Жәңгір де ата-бабасынан қалған хан тағына патша үкіметінің арнайы рұқсатымен өз мұрагері етіп ұлы Сақыпкерейді бекіткен екен. Алайда жасынан білімділігімен көзге түскен Сақыпкерей хандық билікке қол жетпей, жастай дүние салды. Жәңгір ханның мұрагері Сақыпкерей туралы жазылған мұрағат құжаттарына кезек берсек.
Жәңгірдің қазақтың ұлттық мәдениетіне, оның ішінде ұлттық білім жүйесіне ерекше мән берген тұлға болғаны тарихтан белгілі. Жәңгір еуропалық үлгідегі жаңа мектептердің қазақ арасында өте қажет екенін түсінді. Оны ханның қазақ балаларын еуропалық білім жүйесімен оқытуды арман етіп, білім саласын дамытуға бағытталған бастамашыл саясатынан да көруге болады. Бұл ретте біз Жәңгір ханды Қазақстанда, оның ішінде Бөкей ордасында алғашқы болып ұлттық білім жүйесін қалыптастыру ісімен тікелей айналысқан тұлға ретінде танимыз.
Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз.
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.
Мекен-жайымыз:
Орал қаласы, Жеңіс 33/1
Телефон:
+7 708 434 2463