Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз.
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.
Мекен-жайымыз:
Орал қаласы, Жеңіс 33/1
Телефон:
+7 708 434 2463
Мінекей, жүйрік уақыт жүйткіп өтіп, журналымыздың тағы бір жаңа саны қолыңызға тиді. Бұл жолы да басылымның біраз беті Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберіндегі материалдармен толықты. Журналымыздың әуелгі темірқазық бағыты – тарих, білім, өнер тақырыбындағы дүниелерді де назардан тыс қалдырмай, мейлінше мол қамтуға тырыстық.
Бойында ұлттық рухы бар ұрпақ қана елді аман сақтап, әлеуетін арттыра алары анық. Ұлттық рух тарихты әбден түсінген адамда ғана шыңдалып, қайралады. Сондықтан жас ұрпаққа тарихты білу, ұрпаққа ақиқатын жеткізу басты мақсатымыздың бірі.
Ақбай Баржы
Қазіргі таңда білім – бәсекелестікке толы, үнемі жетілу мен өзін-өзі дамытуды, жан-жақтылық пен заман көшінен қалмауды талап ететін аламан бәйге. Ұл-қызының қатарынан қалмай, үздіктер сапынан табылуын армандамайтын ата-ана жоқ шығар. Асқақ арман-мақсатты ойға алған олар балаларының күнделікті сабағын қадағалап қана қоймай, қосымша білімін жетілдіруге де басты мән береді. Ұл-қызының болашағы үшін барын салар ата-аналар мен білімге құштар, білуге құмар шәкірттердің таңдауына ие болып, үздік көрсеткіштерімен топ жарған талапты жастарды тәрбиелеумен айналысатын Орал қаласындағы «Достық» орталығының директоры Азизжан Ташбаевпен өрбіген әңгімемізді назарларыңызға ұсынамыз.
Ішкі (Бөкей) Орда тарихындағы Хан мөрлері бұл күнде тарих сахнасына қайта оралды. Батыс Қазақстан облыстық Хан Ордасы тарихи-мәдени, архитектуралық-этнографиялық музей-қорығы қорына 2019 жылдың 6 маусымында Бөкей хан мөрінің, Шығай сұлтан мөрінің, 13 тамызында Бөкей ханның сұлтан кезінде қолданған мөрі мен Жәңгір хан мөрінің қайта қалпына келтірген нұсқалары табысталды.
Күй тақырыбында қалам тербей бастағанымызға жарты ғасырдан астам уақыт өткен екен. Өзімізге тонның ішкі бауындай жақын тақырып болған соң, батыс өңірінің қандай күйшісі туралы әңгіме, күйін тыңдасақ та елең етіп, тіпті бұрын естімеген шығармаға ерекше құлақ түріп, қызыға түсетініміз бар. Біз үшін сондай қызығушылық тудырған өнерпаздың бірі – Қауен күйші болатын.
Қаламгерлер арасында жиі айтылатын әзіл бар. Ақтөбеден пойызға мінген Ахмет Жұбанов Алматыда пойыздан түсіп жатса, келесі бір вагоннан артынып-тартынып, Ғарифолла Құрманғалиев шығып келе жатады.
Оу, қайдан келе жатырсың? — дейді Ахаң.
Кенжеғазы Байғазинді ақтөбеліктер жарнамасыз-ақ жақсы біледі. Ол бір кездері республикадағы ең үлкен балалар үйінің директоры болды. Осы жерде ширек ғасыр еңбек етіп, зейнетке шықты. Бүгінде оны мыңдаған бала «Әке» деп атайды, Кенжеғазы Байғазинге «әкеме келдім» деп маңдай тіреп іздеп келетіндердің ізі суыған емес.
Қоғамның барлық саласында ерлер мен әйел адамдардың теңдігіне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік және қоғамдық қызмет — гендерлік саясаттың стратегиясы тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап-ақ қалыптаса бастады. 1998 жылы ел Президенті жанынан Отбасы және әйелдер iстерi жөнiндегi ұлттық комиссия құрылып, 2006 жылы он жылға арналған гендерлік теңдік стратегиясы бекітілді.
Бұл кешен Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Жиренқопа ауылында орналасқан. XXI ғасырға дейін ауыз әдебиетінің ғана кейіпкері болып келген тарихи тұлғаны ғасырлар қойнауынан алып шығып, қаһарман ерліктің үлгісі ретінде көрсету тәуелсіздіктің арқасында мүмкін болды. Ал тәуелсіздіктің қайнар көзі қазақ халқының ғасырларға созылған күресінде, азаттыққа ұмтылған қайсарлығында екенін ешкім жоққа шығармас.
Тұтас қазақ елінің мақтанышына айналып үлгерген дарынды әнші Димаш Құдайбергеннің ата-әжесі Құдайберген Айтбаев пен Миуа Низамутдинова өткен жылы алтын тойларын атап өтті. Олар Ақтөбеде бес жүз отбасы қатысқан «Мерейлі отбасы - 2018» облыстық байқауының бас жүлдесін айқын басымдықпен жеңіп алды. Бұл шаңырақта үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық, өзара құрмет дәстүрге айналған.
Табын Бөкенбай батыр (1667-1742) – атақты батыр әрі би, XVIII ғ. жоңғар-қалмақ шапқыншылығына қарсы азаттық күресті негізгі ұйымдастырушылардың бірі, қазақ әскерінің Бас қолбасшысы. Әскери билеушілер әулетінен тарады, әкесі Бисембі белгілі рубасы батыр, ел арасында Қарабатыр атағына ие болған.
Оқу жылы басталар қарсаңда Ақтөбенің «Keruen City» сауда және ойын-сауық орталығында сәбилерге шаттық сыйлаған жиын өтті. Облыстық ішкі саясат басқармасы, үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығы және «Шаңырақ» қоғамдық қоры бірігіп өткізген кезекті сауапты іс «Мектепке жол» акциясына арналған екен.
Ұлт болашағының ең басты тұғыры, ең басты іргетасы — отбасы. «Отан отбасынан басталады» деген сөздің де түп-төркіні осы. Ұлттың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, тұтастай алғанда ұлт болмысын сақтайтын ең басты «қойма», оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, уақыт пен кеңістіктен аман сақтап, келешекке аманаттап тапсыратын әлеуметтік орта да — отбасы. Олай болса, отбасы — кез-келген мемлекеттің, кез-келген халықтың — бүгіні мен болашағының бүтіндігінің кепілі.
Мына назарға ұсынған суретте қолымызда ұстап отырған домбыраны Ғарифолла атамыз елу жылға жуық уақыт өнерде жан серік қылған. Осы аспаптың тарихын былайғы жұрт тұрмақ әнші шәкірттерінің өздері де біле бермейді. Сондықтан Ғарифолла атамыздың шығармашылық жолына қызығушылығы бар жандар үшін жадымызда сақталып қалған мына оқиғаны қаз-қалпында баяндап өткенді жөн көрдік.
Орал қаласында тұратын қаламгер, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Мұнайдар Балмолданың «Абадан» атты жаңа кітабы жарық көрді. Жинаққа «Абадан» атты роман, оннан аса әңгіме енген.
«Ән – Ғарифолла» - соңғы жылдар бедерінде жарық көрген салмақты да есті әндердің бірі. Қазақтың дауылпаз ақыны Төлеген Айбергеновтың «Әуен мен ырғақ» атты өлеңіне жазылған осынау әннің авторы – елімізге белгілі өнер жұлдызы, әнші-композитор, арқа ән мектебінің өкілі, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Гүлмира Сарина.
Он тоғызыншы ғасырдың екінші жартысы мен жиырмасыншы ғасырдың басы аралығында ғұмыр кешкен көрнекті ақын Әбубәкір Боранқұлұлы молдалығымен, асқан ғұламалығымен, замана жайын тап басып айтқан толғауларымен қазақ халқына мәшһүр болған тұлға. Шыққан тегіне байланысты Кердері Әбубәкір атанған. Оның аса құнды мұралары, өлең сөздері жеке кітап болып та, «Үш ғасыр жырлайды», «Бес ғасыр жырлайды» атты жыр жинақтары арқылы да кейінгі ұрпақпен қауышқаны көпке мәлім.
Орал қаласындағы №47 мектептің 2 «и» сыныбында қарындасым Нұрайым оқиды. Сыныптағы 29 оқушының татулығы, білімге құштарлығы керемет! Олардың бәрі сынып жетекшісі Эльмира Жәрдемқызын өте жақсы көреді.
Қазақ халқының мәдени, ұлттық, тарихи құндылықтарын насихаттауды өзіне жарғылық мақсат тұтқан «Ақмешіт» қоры (құрылтайшысы Сейтқалиев Жақсыбай) биылғы жаздың соңғы күндерінің бірінде Теректі ауданы, Аңқаты ауылдық округінде орналасқан Ақмешіт киелі мекенінде ас берді. Ас Ақмешіт қорымында жатқан марқұмдардың рухына Құран сүрелерін бағыштаудан басталып, шағын конференцияға ұласты.
Бөкей ордасы аумағынан табылған төмендегі құлпытастарды оқыған және түсінік жазған Мұратбек қажы Жахатов.
Ханымжан Қайыпқалиқызы
Ханымжан Қайыпқали қызы Көшекқали зайыбы
Бөкей ордасы аумағынан табылған төмендегі құлпытастарды оқыған және түсінік жазған Мұратбек қажы Жахатов.
Муфтахиддин би Жантөре баласы
Мүфті Жантөреұлы (1823-1865)
Өзбекстанның Науаи облысы Нұрата қаласында орналасқан Әйтеке би мазары - көрнекті сәулет ескерткіштерінің бірі. Бұл жерде Әлім тайпасының Төртқара руынан шығып, Кіші жүздің сөзін ұстаған атақты би Әйтеке Байбекұлы жерленген.
Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз.
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.
Мекен-жайымыз:
Орал қаласы, Жеңіс 33/1
Телефон:
+7 708 434 2463